МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Жарым сөзі есептік сандармен тіркесте қолданылып бөлшектік сан есімдер мағынасын беретін орындарда да қолданылады. Жарты



бет25/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
Жарым сөзі есептік сандармен тіркесте қолданылып бөлшектік сан есімдер мағынасын беретін орындарда да қолданылады. Жарты, ширек сөздерін олай қолдануға болмайды. Бір жарты, екі жарты (заттық мағынадағы: бір шөлмек, бір шиша, бір жүнжүн, бір жарты «арақ») деген сөздерде жұмсалады. Бөлшектің сан есімдер көптелмейді, таза сандық мағынада тәуелдік жалғауды қабылдамайды, себебі (бір жарым, ширек уақыт) өз құрылысы жетекші сөздерге тәуелді болады. Тек қана таза сандық мағынадан субстантивтік ұғымға ие болу жолымен пайда болған сөздер септік, тәуелдік жалғауын қабылдайды. Жіктік жалғауын қабылдаса, ондай тіркес сыртқы формасы жағынан ұқсас болғанымен өзгеше табиғатты сөздерге ауысып кетеді. Мысалы: төрттің бірісің десек, бөлшектік сан есімнің қасиетінен ауытқып, жеке субстантивтенген сандардың өз ара қатынасына (төрт кісінің біреуі сенсің) деген ұғымға ие болып кетеді. Айрылып бұрынғы аршын кезімізден деген өлеңнің тармағындағы аршын адьективтену процесімен (сын есімге айналған). Аршын. Ұзындық өлшемі. Түсіндірме сөздікте: Аршын - метрге тең өлшем! (Ә.Н.). Шынын айтсақ, түркі тілдеріндегі барлық деректер де, ол (аршын) метрге тең емес, не бары 0,711 метр немесе 71 см. Аршын сөзі орыс тілінде де кездеседі. М. Фасмер: аршин «мера длины», с ХVI в., Домостр. заб. и др. см. Срезн. 1, 31. Тюрк. займств.: ср. тур. , тат., кыпч., тел., бараб. aršyn «аршин», чагат. aršyn – то же; см. Радлов Л, 332 и сл; Мі. ЕW 4; ТЕL. 1, 249 (ЭСРЯ, 1964: 92). «Арш» сөзі түркі тілдеріне ауысқаннан кейін –ын қосымшасын жалғап алған да, одан әрі орыс тіліне өткен [7, 26]. Орыс тілінің «Толковый словарь русского языка» аршын сөзіне өзгешелеу түсінік беріліп, өлшем бірлігінде де айырмашылық бар. Арши’ н. –а, род. Мн. –ин и –ов, м. 1. (род. Мн. –ин). Старая русская мера длины, равная 0,71 м. Пять аршин ситца. 2. (род. Мн. –ов). Линейка, планка такой длины для измерения. Пять деревянных аршинов. Мерить на свой а. (перен.: судить о чём-н. Односторонне, со своей точки зрения). Словно (или как, будто) а. проглотил (о человеке, к-рый стоит или сидит неестественно прямо; разг.). II прил. Аршинный, -ая, -ое. (С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова, 1999: 30) . Аршын зат. 1. Метрге тең өлшем, кез (ҚТТС, 1974: 355). В. В. Радлов тағы бір де арыш – аршинь – карыш, аршинъ, локоть; аршыла мрить четвертями, аршинами – деп түсіндіреді (Том I. Часть 1. 1893: 279).
М-Ж. Көпеев аршын ұзындық өлшемін адамның тұрпатына байланысты сындық мағынаға жуықтата қолданған. Цифырын бес тиынның бес теңге деп арифметикалық термин цифра қазіргі қолданыстағы тиын, теңге неологизмдік үрдіс алған терминдер кездеседі. Біреу-ақ кем он «беске» жетті жасым дегенде бір қарағанда М-Ж. Көпеев әлі он беске толмаған деп ойлап қаласың бірақ, өлеңнің төртінші тармағы: Алып айна қарасам, сақал - шашым - деп аяқталады. Логика он бестегі балада сақал бола ма дегенге саяды. Оның үстіне 5 тырнақшаға алынған. Олай болса, он бес , елу болады да, біреуі кем болса, қырық тоғыз деп есептеледі. Цифрмен белгілесек былай болады: 10 х 5 = 50 – 1 = 49. -Ау//-еу жинақтық сан есімнің жұрнақтары екендігі белгілі. Бұл арада ( бір + еу )-у жинақтық сан есімнің қосымшасы қолдануға тиісті жыл сөзін алмастырып тұрғаны байқалады. -Еу жинақтық сан есімнің жұрнағы болғанымен қолданыстағы мәтінге байланысты даралық мағыналық сипаты айқындала оның әуелгі жинақтық мағынасы солғындап -ақ демеулігінің шек қою аясында жұтылып кеткендігі көрінеді. Жинақтық сан есімнің мағынасынан алшақтай барып, белгісіз бір субьектіні білдіру дәрежесіне яғни прономиналдану процесіне ауысуға жуық тұратын қасиеті де бар екендігін ескерген жөн. М-Ж. Көпеев өзінің інісі, аталас туысы Ж. Аймауытовқа жазған хатында: Төрт он бес, бір-ақ онда жасымыз бар - дейді (М-Ж. Көпеев, 2003: 270-273). Бұл өлең жолын: төрт он бес, бір он жасымыз бар // төрт он бес , тағы онда жасымыз бар – деп, өзгертуге болады. Матеметикалық құрылысы былай болады: 15 + 15 + 15 + 15 + 10 = 70. М-Ж. Көпеев жасым 70-те деп, хат жазып отыр. Біріншіден, М-Ж. Көпеев бір қарағанда қарсылық мән беретін сиқты болып көрінетін (бірақ) жалғаулығы емес, қолдануға тиісті -еу жинақтық сан есім қосымшасын түсіріп барып, -ақ демеулік шылауын бір + ақ ( бір + еу ) қолданып барып жас мөлшерін анықтаудың ешкімде жоқ тәсілін жасайды. Екіншіден, басқа қырынан келсек, қолданылуға тиісті (тағы) тағын//тағы ықшамдалған шылау формасының орнына да М-Ж. Көпеев бір + ақ даралық сипаттағы сандық ұғымды қолданған. Жалғаулықты да, жалғауды да түсіріп қолдануға болады. М-Ж. Көпеев адамның жас мөлшерін дәл беруде метатілді (математикалық лингвистиканы) шебер қолданған. Бұндай қолданыс көне түркі ескерткіштерінде Х-ХI ғасырларда қолданғанымен кейіннен тоқырап сандық қолданыс пайда болып, бұндай метатілдік тәсіл шығып қалған. «Метатіл (грек. meta- соңы) – «екінші қатардағы тіл», бұл тілде адамның табиғи тілі «тіл обьект» ретінде қабылданады, яғни зерттеу обьектісі болады. «М» термині алғашында математика мен логикада пайда болған. М.–ді металингвистика зерттейді. Лингвистиканың М. Күрделі құбылыс. Оның негізінде, бір жағынан термин аралық қатынастар жатса, екінші жағынан – жалпы ғылыми лексика жатады» (Лингвистикалық түсіндірме сөздік, 1998: 142). М-Ж. Көпеев шығармасында да математикалық терминдер мен лингвистикалық қолданыстағы сандық ұғымдардың лексикалық мағынасын ашуға болатындай тілдік жадығат бар. М-Ж. Көпеев шығармалары метатілдік нысан болып табылады. Бұл құбылыс көнеден жеткен. Математикалық логикалық жүйесі күшті дамыған қазақ халқы ертеден-ақ күн мен жер, ай мен жер, жұлдыз бен жер, планета ара қашықтықтарын, шексіз де , шетсіз алыс бірліктерді көзбен көріп, түйсікпен сахарада жүріп-ақ өлшеген. Ой-қиялы алыс сағымдарға, биік аспан әлеміне, терең мұхиттар мен жер қабатына бойлаған, түйсік адам қабілетінің бар мүмкіншілігін халыќтыќ өлшем бірлігіне әкеп түсірген. Сол қиялдың жемісі ретінде аспанмен таласқан ғимараттар мен пирамидалар салған. Сөйтіп, абстрак ұғымдар заттық ұғымға ұласқан. Дүниенің көріністері, түрлі құбылыстар адам санасында сәулеленіп реальді шындыққа алмасқан. Сана дүниені көрген, кейін қағазға түскен. М-Ж. Көпеев сандық мәндерді тілдік тұрғыда шешу жолдарын қарастырған. Ол сондықтан да шығармаларында нақты санның шешу жолдарын көрсетпей, түрлі нумерализатциялыќ тәсілді пайдаланған.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет