МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет54/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105
ЌАЖЫ حاج - м±сылманныњ бес парызын орындаѓан кісі. ҚАЖЫЛЫҚ - исламдағы бес парыздың ең соңғысы. Барлық күші жеткен мұсылмандарға қажыға бару парыз екендігі туралы Алла Тағала Құран кәрімдегі Бақара сүресінің 196-шы аятында былай деді: «Хаж және умраны Алла үшін толық орындаңдар». Бұл аят Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) хижраның 6-шы жылында Мәдинада түскен. Осы күннен бастап қажылық ету күллі мұсылманға парыз болды.
Қажылық - өте сауапты да маңызды құлшылық.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі бар: «Қажылық жасаған адам анасынан жаңа туғандай болады, барлық күнәсі кшіріледі».
Қажылық парызын өтеуді ниет еткен адам төмендегі 5 шартты толық орындауы міндетті әрі өте-мөте қажет.
1. Ислам дінінде болуы керек. Яғни Алла Тағала тыйған істерінен сақтанушы және бұйырған нәрселерін орындаушы – салауатты мұсылман болмағы ләзім.
2. Балиғат жасына жетуі керек.
3. Ақыл-есі дұрыс болуы керек.
4. Еркіндікте бас бостандығы болуы керек.
5. Қажылыққа баруға күші келетін, қажылыққа барып келгенше жетерлік қаржысы және ол ақшасы адал кәсібімен табылған болуы керек.
Егер осы шарттың біреуі орындалмаса, онда ол адамға қажылық ету – парыз болмайды.
Мүмкіндігі толық келетін адамға қажылық парыз екендігін Алла Тағала Құран кәрімде «Әл-Ғимран» сүресінің 96-шы аятында: «Шамасы келген кісілер Алла үшін Қағбаны зиярат етіп, хаж ету керек» - деп атап көрсетті.
Ақын Мәшһүр - Жүсіп Көпеев өз шығармаларының бірінде:
Басқаны қажы ісінен қылдың харам,
Шарттарын кітап айтқан айлап тамам.
Қарата Байтоллаға бет қойғанда,
Жөнелдің ұшқан құстай көкке таман.
- деген.
Әдеб.: Әбдіхалық Аманкелді Еренғайыпұлы «Қажылық» - Алматы, 2004. –Б. 13 . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 246.
АХМЕД ИАССАУИ حوج أحمد يسوي - Ахмет Иассауи (1904 ж. туған, қазіргі Шымкент облысы, Сайрам маңы, - 1166 ж., Түркістан қаласы) – ортағасырлық ақын, софылық-мистикалық әдебиеттің көрнекті өкілі. Жас кезінен шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. 17 жасынан бастап өзі де өлең жаза бастайды. Өлеңдерін өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Софылық поэзияның ықпалында болып, Бұхара қаласындағы парсы жұртынан келген оқымысты Иусуф әл-Хамаданиден тағылым алып, білімін молықтырады. Кейін Ясыға (Түркістанға) оралып өмірінің соңына дейін сопылықты, ислам дінін уағыздайды. 1157 жылы 63 жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік» деген оймен осы күнгі өзінің мавзолейі маңынан жер асты мешітін- хилует салдырып, сонда ғұмыр кешеді. Хилуетте өткізген 10 жылдың ішінде Ахмет Иассауи өзінің атақты «Диуани хикмет» («Даналық сөздердің жинағы») деп аталатын циклды өлеңдерін жазады. Ақын бәйіттерінде хикметтерінің 400 шумақ екенін ескертеді. Онда діни нанымдармен бірге халықты әділдікке, адалдыққа мейірімділікке шақырған гуманистік идея да арқау етілген. Бірақ бұл идея діни уағыз түрінде айтылады. Шығарманың түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткен варианттардың 15 және 16 - ғасырларда көшірілген нұсқалары ғана. «Диуани хикмет» Қазан (1887, 1901), Стамбул (1901), Ташкент (1902) баспаларында бірнеше рет басылды. Бірқатар өлеңдері орыс тілінде аударылып, «Библиотека всемирной литереатуры» сериясымен жарық көрді. Ахмет Иассауи шығармашылығы жайлы түрік ғалымы М.Ф. Копрюлюзаде, орыс шығыстанушылары А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, Е.Э. Бертельс, өзбек, қазақ ғалымдары Е. Рустанов, Х.Сүйіншалиев, Ә. Дербісілиев, Е. Келімбетовтың зерттеу еңбектері бар. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен Қожа Ахмет Иассауи шығармалары көбінесе шығыстық үлгіде сарындас болып келеді.
Мысалы:
Бес жаста ауызға алдым: «Бисмилланы!»,
Һаптиек құран оқып, білдім мә-ні!

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет