Баспана және үй мүлкі терминдері. Киіз үйдің жабдықтары; Ыдыс-аяқтар лексикасы – сияқты тақырыпшаларға бөлдік. Баспана атауларына: қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; орда, дуан, сарай, кент, балық, стан, тақия жатады. Бұлар өз ішінде барлығы да мағыналас сияқты болғанымен, бір-бірінен тілдің ұзақ жылғы даму барысында алшақтағаны байқалады. Айталық, қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген көшпенділер баспанасын ағаштан, киізден, қолдарына түскен материалдардан жасағаны көрінеді. Кейіннен әлеуметтік бөлініс кезінде тұрмыстары түзеліп, біреу сарай, біреу орда т.б. салған. Отырықшылықта өмір сүре бастаған көшпенділер: орда, дуан, сарай, кент, шаһар, балық, стан, тақия салған. Бірақ, кейінгі орда, стан, кент, балық т.б. өзінің алғашқы мағынасын жоғалтқан да кейінгі хан ордасы, ақ орда, қыздың отауы сияқты ұсақталған мағынаға ие болып қалған. Ә.Марғұланның археологиялық жұмыстарынан алғашқы тұрақтар мен қорғандарды көруге болады. Ор<>жар>жам>ям>ямчик (жәмшік)>жар//жәр>жәрмеңке (ярмарка) жаңа мағыналы сөздердің тууына түрткі болған. Бұл сөздер таза түркінің өз түбір тұлғасының негізінде калькалық әдіспен жасалған орыс сөздері. Қызылжар мен Үржар немесе Жамбыл (қорған) атаулары сонау көне заманның сақталып қалған белгілері болып табылады. Баспана және үй мүлкі терминдерін: Киіз үйдің жабдықтары; кереге, шаңырақ, уық, бақан, қазық, адалбақан, күлдіреуіш, ши, түндік, үзік, туырлық, киіз, текемет, сырмақ, бөстек, қазан-жабдық, ұршық; Ыдыс-аяқтар лексикасы: ас-тамақ сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже. Сұйық тағам сақтайтын ыдыстар: саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар, торсық, талыс, шөншік, мес, қауға, шелек; зат салатын: қоржын, бөктергі, қанжыға, боқжама, боқша, бойра, бүктеме; ас салатын ыдыстар: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құма, құмыра, кесе, қазан, қасық (қазықпен бірге) бөлінеді. Қазан-жабдық (ас//қазан) негізінен мағынасы жағынан «өлік жөнелту» лексикасына жатады, бірақ кейбір қағидасы ыдыс-аяққа жататыны көрінді. Сол сияқты ұршықты да үй жабдығына жатқыздық. Киіз үй жабдықтарына үй сүйектерінен басқа: тамақ – ас сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Ал, саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар, торсық, мес, қауға сұйық тамақ құйылатын, сақтайтын ыдыстар; олар өзі ішінде түрлі зат сақтайтын: қоржын, бөктергі, қанжыға, талыс, шөншік, боқжама, боқша, бойра, бүктеме болып бөлінеді. Нақты ас-тамақ ішетін ыдыс-аяқ: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құман, құмыраша, кесе, қазан, қасық. Бұларды жалпы ыдыс-аяқтан жеке бөліп алмай-ақ бірге қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |