Түйін. Кетпен жауынгердің қару-жарағының бір түрі қалқан деген мағынада жұмсалған. Кетпен қорғаныс жасағының бір түрі – қалқан деуге негіз бар. Сонымен тоқ етері: Мәшһүр-Жүсіп кетпенді жер қазатын құрал есебінде қолданған. Кетпен: 1. жер қазатын құрал. 2. қару-жарақ түрі-қалқан. Кетпен > шабуылға шыққанда алып жүретін қару-жарақтың бір түрі – қалқан.
Қорыта келгенде, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы қару-жарақ түрлерін мағынасына қарай, қолданылу мақсатына қарай: сақ ер, гүрзі, шоқпар, сота, таяқ > ұратын, соғатын; найза, сүңгі > түйрейтін, шаншып түсіретін; селебе, қылыш, балта > шабатын, кесетін; шаппа шот > үшкір оқтың ұшы және ұратын, соғатын; семсер, метін > шабатын, түйрейтін; мылтық, садақ, саржа > ататын; қорамсақ, кісе > оқ салатын қап; майдан >ұрыс, соғыс даласы, соғыс; қосын >әскер; ту қандау >жеңісті тойлау; кетпен, қалқан > қорғаныс қарулары – деп топтауға болады. Қарудың мына түрлері М-Ж. Көпеев шығармасында жиі кездеседі: семсер, пышақ, қанжар, зырылдауық, жақ, оқ, садақ; Құс кездігін суырып,. Кеудесінен тіліпті кездікпен (Алпамыс), садақ, бұқар жай (Қобыланды), Зырылдауық тартты жылқыны қуып алды (Мәшһүр-Жүсіп) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |