Ұлттық қол өнер лексикасын екі тақырыпшаға бөліп қарастырдық: 1. Ат-әбзелдері; 2. Зергерлік лексика; 1. Ат-әбзелдері: ауыздық, өмілдірік, жүген, айыл, тізгін, делбе, үзеңгі, тебінгі, тепкіншек, таға-доға, құйысқан, сақ ер, ыңыршақ, ершік, ашамай, ноқта-бұйда, тоқым, шылаушын, арба, қамшы (бүлдірге), қайыс-таспа-тарамыс, шылбыр, шынжыр, жіп (шыжым жіп), арқан, желі, керме, тұсамыс, шідер, бұғау (егеу), кісен, құрық, құрсақ-белбеу жатады. Бұлардың ішінде салыстырмалы түрде зерттеу мақсатында бұйда, бүлдірге, егеу, немесе о баста арқан, жіп, қайыс сияқты жеке қолданыста болып кейіннен мағынасы кеңейіп барып керме, желі екінші мағынаға ие болған лексикалар да зерттеу нысанына алынды. Ат-әбзелдері де бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түсіп, түбір тұлғалы әртүрлі болса да, қолданылуы жағынан бір мағыналы сөздер екендігі анықталды: үзеңгі~тебінгі~тепкіншек; таға~доға; ыңыршақ ~ ершік ~ сақ ер ~ ашамай; ноқта ~ бұйда; тұсамыс ~ шідер ~ бұғау ~ кісен; құрық ~ құрсақ-белбеу; арқан ~ шылбыр ~ жынжып ~ шылбыр; қамшы<>бүлдірге; керме~желі. 2. Зергерлік лексика: жүзік, білезік, сырға, алқа, сақина. Біз М-Ж. Көпеев шығармасындағы барлық зергерлік өнердің түрлерін емес, ішінен лингвистикалық талдауға түсетін, бір-бірімен тұлғалық және мағыналық жақындығы бар лексиканы ғана таңдап алып, зерттеуді мақсат тұттық. Ұлттық қол өнердің бірнеше түрі болады. Олар-ат әбзелдеріне, үй-тұрмыс шаруашылығына қатысты заттардың бәрін сәнді, әдемі қылып жасағанды әдетке айналдырған. Және заттың мәні мен мазмұнына қатты мән берген. Сыртқы дүние мен ішкі әлемінде үлкен үйлесімді байланыс болған. Мысалы, қамшы > бақсы, кісе > кісі > кіс > кісен, құрсақ > белбеу > құйысқан > құй, құйрық > құйма > құма > ұма, қанар > қанжыға > боқша, күрен > күрке > құр > құрық > құрмалдық > шалаш > құрсақ, қор > қоржын > қорамсақ, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |