5. №4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары-20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.
Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер санын ұсынамыз. (47-кесте).
47-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс дәптер
|
Бақылау жұмыс дәптері
|
Сөздік дәптер
|
Барлығы
|
Қазақ тілі
|
2
|
1
|
1
|
4
|
- қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарына арналған дәптері(бұл дәптерге, бақылау, тест жұмыстары орындалады);
- «Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады. Үлгі:
Қазанның тоғызы
Сынып жұмысы
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды. Жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Адам
Ара
Аю
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет.
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Дәптерлерді тексеру тәртібі:
1) 10-11-сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада 1рет тексерілуі қажет;
2) 10-11-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы тиіс).
«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:
наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
6 шілде – Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:
Білім сатылары бойынша қазақ тілін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;
Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері;
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
nao.kz (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныңресми сайты);
u-s.kz (Ұстаздар сайты);
ustaz.kz (Ашық сабақтар сайты);
testent.ru/news/uroki (Уроки казахского языка в русской школе);
sabak.ucoz.org/news (Сайт творческих учителей Казахстана);
plani.kz («Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);
agartu.com («Просвещение" – казахстанский педагогический интернет- журнал);
testent.ru (Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 - Образовательный сайт);
obrazovanie (Каталог Казахстанских ресурсов);
abiturient.kz (Сайт о современном образовании в Казахстане).
Достарыңызбен бөлісу: |