Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Сөре – жарыстың басталатын жерін көрсететін орын. Мәре –



бет146/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Сөре – жарыстың басталатын жерін көрсететін орын.
Мәре – жарыстың аяқталатын жерін белгілейтін орын.
Көмбе – ат жарыстарының басталатын және аяқталатын жерін көрсететін белгі орын.
Көн – ойынның басталар жері немесе ойын заттарын қоятын жер, мысалы асықтарды тігетін орын т.б.
Жамбы ату, (Айқабақ) – атпен шауып келе жатып садақпен ілінген нысананы көздеп ату.
Күміс ілу, теңге ілу, салма алу – атпен шауып келіп жерде жатқан теңге, затты ат үстінен іліп әкету.
Сайыс адамдардың өзара, күш, өнер салыстырып сайысқа түсуі, ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу түрлері.
Аламан бәйге – алыс және өте алыс қашықтыққа жарысатын атшабыс;
Бәйге – халықтың дәстүрлі ат жарысы.
Ат ерттеуатқа ертоқым салып ерттеп, дайындау.
Ат омырауластыру – екі атты кеуделерімен итерістіріп күш сынасу.
Аударыспақ – ат үстінен адамды аударып түсіру.
Құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарысы – жылқы түліктері арасында жастарына қарай бөлінетін жарыс түрлері.
Ат жарысы – әдейі арнап жаратылған аттар қатысатын бәйге.
Жорға жарыс – жорға аттары қатысатын жарыс. Жорға жарысы спортының өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға аты оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады.
Қара жарысбәйге алдында аттың терін алу, сынау мақсатында өткізілетін жүлдесіз жарыс.
Саятшылық – құс, тазыларды, басқадай құрал-жабдықтарды қолданып аң-құс аулау.
Ұлттық спорт – этникалық ортада дамыған ойындар мен спорт түрлері.
Халық спорты – бірнеше этникалық топтардың арасында дамыған ойындар мен спорт түрлері.
Дәстүрлі спорт – этникалық топтардың салт-дәстүрлері негізінде дамыған ойындар мен спорт түрлері.
Дене тәрбиесі – адам үшін денесін шынықтыру, денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерімен айналысу мақсатында қолданылатын педагогикалық жұмыстар түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет