Н. С. Жубаназарова психол.ғ. к., доцент м а



бет24/35
Дата06.02.2022
өлшемі148,28 Kb.
#79846
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
5 Психодиагностика

Бақылау сұрақтары:

1. Қарым-қатынастың түрлі түсті тесті сөздік емес, шағын ғана диагностикалық әдіс.


2.Адамның саналы әрекетімен қоса, кейде аңғара алмайтындай да қарым-қатынасы
болуы адамның эмоциялық өмірімен тығыз байланысты.
3.Қарым-қатынастың түрлі- түсті тестінде көк -, жасыл, қызыл, сары, күлгін, қоңыр, қара түстер пайдаланылады.
14-15 тақырыптар.
Интеллект психодиагностикасы. Интеллекттің когнитивті модельдері.
Жоспары:
1. Интеллектті анықтаудағы негізгі амалдар және олардың модельдері. Интеллекттің факторлық модельдері (Спирмен, Кэттел, Терстоун, Гилфорд).
2. М.Холоднаяның менталды тәжірибе концепциясы. Психометриялық негіздер. Дж.Равеннің прогрессивті матрицалары. Д.Векслер тесті.

1. Интеллектіні анықтау тәсілдері, оны өлшеу тесттері, олардың түрлері, интеллект құрылымы, интеллект құрылымының ие-рархиялық теориялары, Терстоун, Гилфорд, Айзенк және т.б. ғалымдардың интеллект үлгісінің теориялық және практикалық тұжырымдарын зерттеу, талқылау, тәжірибеде қолдануды қалып-тастыру.


Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анықтауға арналған. Бұл жерде интеллект деп жеке даралықтың кез-келген көріністері емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ой-лау, ес, жад, зейін) туралы айтылып отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе пайда болғаны болып есептеледі.
Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалыптасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хронологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің үлкен жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жасына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анықталады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалыдқ дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады.
2. Көп тараған интеллект тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі мен валидтілігі тұрақты болып табылады.
М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы авторлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық да-муды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер.
Тестілеу нәтижесін өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің жеке дара тестілік профилін де анықтауға болады.
Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет