Науаи мемлекеттiк педагогика институты



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі11,04 Mb.
#36711
1   2

Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi –е (э) фонемалары. Е фонемасы ауыздың орта шамамен ашылуынан, яғни тiл мен иектiң шамалы төмен тγсуiнен пайда болады. Бұл фонема өзiнiң жiңiшкелiгi жағынан ә-ге жуық айтылады. Басқаша айтқанда тiлдiң алға қарай созылуы арылы айтылады. Ерiннiң сγйiрленбей, дөңгеленбей тартылуы арқылы айтылғандықтан е фонемасы езу дыбысы деп жγргiзiледi.

Грамматикалық тұлғада е фонемасы, а фонемасына комбинаторлық тγрде ауысып отырады :

а фонемасы : қалалар,

е фонемасы : кемелер,

а фонемасы : ауылға,


е фонемасы : көлге,

а фонемасы : қалада,

е фонемасы : көлде.


Сондай-ақ бұл фонема сөздiң барлық буынында кездесетiп отырады. Е фонемасы тγбiр сөзде де, қосымшаларда да кездесе бередi. Мысалы : кеме, кемеге, кемелер, бұл фонема жұрнақтарда да кездеседi. Мысалы: сөзшең, сγзеген, көрпеше.

Сондай-ақ бұл фонема жалғауларда да ұшырайды, көптiк жалғауында кездеседi. Мысалы : сөздер, етiктер т.б.

Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi – ы фонемасы. Бұл фонема тiл мен иектiң жоғары көтерiлу қалпынан жасалады. Ауыз қуысының тарлау ашылып барып жасалуынан бұл фонема құлаққа келте естiледi. Сондықтан да ы фонемасы акустикалық жақтан қысаң дауыстылар тобына кiредi. Бұл фонема қазақ тiлiнде өте жиi кездесiп отыратын дыбыстардан саналады. Бiрнеше дауыссыздан басталған не бiрнеше дауыссызға бiткен интернационалдық сөзде де не ол сөздiң алдынан, не ортасынан, не аяғынан ы фонемасы дәнекер болып, жапсырылып отырады. Мысалы : тротуар – тыротуар, станция – ыстанция.

Ы фонемасы қазақ сөздерiнiң барлық буынында келе бередi. Тγбiр сөзде де, қосымшалы сөзде де өте жиi кездесiп отырады. Ы фонемасы жұрнақтарда да кездеседi. Мысалы : қалалық, балалық. Сондай-ақ жалғауларда да кездеседi. Мысалы : iлiк септiкте - қаланың, табыс септiкте – қаланы, тәуелдiк жалғауда – қалаңыз, қаласы, жiктiк жалғауда – колхозшысыз, барамыз.

Қазақ тiлiнде р, л дыбыстарынан басталатын сөздер өте сирек болғандықтан ауызекi тiлде бұлардың алдынан жуан ы және жiңiшке i селбесiп отырады. Мысалы : рахмет, лайық сөздерi ырахмет, ылайық болып айтылады. Езу дауыстылардың тағы бiр тγрi – i фонемасы.

I – фонемасы ы дыбысының жiңiшке сыңары. Бұл фонема тiлдiң артқа қәрай жγйткуi арқылы жасалады. I – фонемасы сөз iшiнде келуi , тәртiбi жағынан да , интернационалдық сөздерде дәнекер қызметiн атқарады. I фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында, iн, iс, аяғында келе бередi : iнi, тγтiн, бγтiн т.б.

Тγбiр сөздерде алғашқы ерiндiк дауысты дыбыстардың әсерiнен кейiнгi буындағы i фонемасы айтылуда ерiндiк дауысты дыбысқа айналады. Мысалы : өрiк, тγтiн, сөздерi өрγк, тγтγн болып айтылады.

Дифтонгоид дауыстылар

Қазiрi қазақ тiлiнде басқа тγркi тiлдерi сияқты қосынды (дифтонгоид) дауыстылар бар. Осы дифтонгойд дауыстылар мыналар:у және и. Бұл фонемалар қосынды дыбыстардың орнына жұмсалады. Мысалы: бу, буын-бγу, бұуын, ту, γу сияқты сөздерде у дыбысы ұу дыбыстарының орнына қолданылады. Дауыссыз дыбыстан кейiн келiп, дауысты фонемаға айналады. Сондай-ақ и қосынды жуан ый және қосынды жiнiшке iй дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: жиналыс, Иса, тиын сөздерiнде и дифтонгоид дыбысы жуан ый дыбыстарының орнына қолдынылып тұр. Сондай-ақ и фонемасы жiңiшке iй дыбыстарының орнына жұмсалады. Сондықтан бұл у және и дыбыстарын қосынды дыбыс немесе дифтонгоид дауыстылар деп атайды. Бұл дифтонгоид дауыстыларға тек .


Дауыссыздардың артикулияциялық ерекшелiктерi


Сабақтың жоспары.

1.Дауыссыздардың артикулияциялық ерекшелiктерi.

2.Υндi дауыссыздар туралы.

Дауысты дыбыстардың ерекшелiгi сияқты дауыссыз дыбыстардың да негiзгi мынадай қасиеттерi болады:

1.Дауыссыз дыбыстар фонациялық ауаға (iштен шыққан ауаға) кедергiге

ұшырап, тосқауылмен айтылады.

2. Тосқауылдан өту кезiнде дыбыстау мγшелерiне кγш тγседi.

3.Фонациялык ауаның шығу арыны кγштiрек болады.

4. Дауыссыздар ән салуға келмейдi.

5. Дауыссыздар буын кұрай алмайды.


Дауыс шымылдығы жағынан дауысты дыбыстарға таяу дыбыстар - γндi фонемалар. Қазiргi қазақ тiлiнде мынадай 26 дауыссыз дыбыстар бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, (у), h, ф, х, ц, ч, ш, щ, қ, ң. Осы тiзiмдегi в, ф, х, ц, ч,-қазақ тiлiне орыс тiлi әсерi арқылы енген фонемалар. Қазiргi қазақ тiлiндегi дауыссыз фонемалар өзiнiң негiзгi қызметiне қарай бғрнеше топқа бөлiнедi. Олар негiзiнен мыналар :

1. Дауыссыз фонемалар дауыс қатысына қарай 3 топқа бөлiнедi :

1.Υндi фонемалар (сонарлар): м, н, ң, р, л, (у), й.

2.Ұяң фонемалар : б, в, г, ғ, д, ж, з, h.

3.Қатаң фонемалар : п, ф, с, т, ц, ч, ш, щ, к, қ, х .

Сонар дыбыстарды γндi фонемалар деп атайды. Өйткенi γндiлердi айтқанда дауыс басым болады да, салдыр кем болады. Сондықтан γндi дауыссыздар деп атайды. Ал, ұяң және қатаң фонемаларды γнсiздер деп жγргiзедi. Мұнда дауыс қатыспайды. Салдыр басым болады. Мәселен : ұяңдарды айтқанда дауыстан гөрi салдыр басым болады. Ал, қатаң дыбыстарды айтқанда дауыстың қатысы болмайды. Қатаң мен ұяңның дауыс қатысы жағынан айырмасы γш тγрлi жолмен ажыратуға болады.

Υнсiздердiң бiрiн айтып жұтқыншаққа саусақты тигiзгенде, аздап дiрiл пайда болса, ұяң дыбыс болады да, ондай дiрiл сезiлмесе қатаң дыбыс болады. Сондай– ақ екi құлаққа екi саусақты қойып, γнсiз дыбыстардың бiрiн қаттырақ айтқанда жаңғырық естiлсе ұяң дыбыс болады да, ондай жаңғырық естiлмесе қатаң дыбыс болады. Сонымен бiрге ауызға алақанның сыртын тосып, γнсiз дыбыстарды айтқанда ауа лебi қарқынды шықса қатаң болады да, қарқынсыз шықса ұяң болады. Сондықтан қатаң дыбыстарды қарқынды немесе лептi фонема деп атайды да, ұяң дыбыстарды қарқынсыз немесе лепсiз фонема деп жγргiзедi.

2.Дауыссыз фонемалар айтылу жолына қарай 2 топқа бөлiнедi :

1.Шұғыл фонемалар (эксплозив). Оларға мынадай дыбыстар жатады : п, б, т, д, к, г, қ, ч, ц.

2. Ызың фонемалар (фрикатив). Оған мынадай фонемалар жатады : ф, в, с, ғ, ш, щ, х, з, ж, h . Осы дауыссыздардың айтылу жолына қарай бөлiнетiн топтарын γнсiздерге жатқызуға болады. Сондықтан да айтылу жолына қарай γнсiздердiң бiр тобын шγғыл, бiр тобын ызың деп ажыратуға болады. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мγшелерiнiң өзара бiрiне-бiрi жабысып (имплозия) , содан соң iле-шала кiлт ажырап кетуiнен (эксплозия) фонациялық ауа лық етiп шұғыл γзiлiп шығады. Осындай фонемаларды шұғыл немесе γзiлмелi, сондай-ақ жабысыңқы фонемалар деп атайды. Ал, ызың (фрикатив) фонемаларды айтқанда дыбысталу мγшелерiнiң жуысуынан фонациялық ауа шұғыл шықпайды. Керiсiнше, γзiлiп, ызыңдап шығады. Осыған орай дыбыс пайда болады. Ауаның осылай шығуынан пайда болған фонемаларды ызың, сγзiлмелi немесе жуысыңқы фонемалар дейдi.

Шұғыл фонемаларды айтқанда ауа γзiлiп шыққандықтан бұларды γздiктi деуге де болады. Ал, ызың фонемаларды айтқанда ауа γзiлмей шыққандықтан бұларды γздiксiз фонемалар деп айтуға болады.

Жасалу немесе артикулияциялық орнына қарай дауыссыз фонемаларды 8 топқа бөлуге болады. Олар негiзiнен мыналар:

Ерiн фонемалары (билабиаль). Олар : п, б, м, (у).

Тiс пен ерiн фонемалары (лабиаль-денталь)–ф, в.

Тiс фонемалары (денталь) : т, с, з, д, ц.

Тiл ұшы фонемалары (альвеоляр) : н, л, ч.

Тiл алды фонемалары (палатоль) : р, ш, ж, й, щ.

Тiл ортасы фонемалары (преполаталь) : к, г.

Тiл арты фонемалары (веляр) : қ, ғ, ң. х.

Көмей фонемасы (фарингаль) : h.

Сонымен γнсiздер туралы мынадай қорытынды пiкiр айтуға болады. Аздап дiрiлi, жаңғырығы бар қарқынсыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Ал, жаңғырығы жоқ, қарқыны кγштi дауыссыздар қатаң дауыссыздар деп аталады.

Υндi дауыссыздар


Υндi дауыссыздар деп аздап γнi бар фонемаларды айтады. Аздап γнi бар деген сөз γндi дауыссыздардың дауысты дыбыстарға жататындығын көрсетедi. Сондықтан да γндi дауыссыздар – дауысты дыбыстарға жақын дыбыстар. Осы дыбыстарға жеке-жеке талдау жасайық. Υндi дауыссыздарға р фонемасы кiредi. Р фонемасы тiл ұшы альвеольға нық тиiп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу рақылы жасалады. Сөз ортасында р фонемасы бiр рет дiрiлдейдi де, ол сөз аяғында екi рет дiрiлдейдi. Сондықтан да бұл фонеманы вирациялық (дiрiл) дыбыс деп атайды.

Р фонемасы сөз басында, ортасында, аяғында кездесе бередi. Мысалы: рахмет, Жарас, қарар . Сондай-ақ, рас, рахмет, рай, рет, рұқсат сөздерiнiң алдында ы,i және ұ дыбыстары селбесiп айтылады. Мысалы: рахмет-ырахмет, рас-ырас, т.б., яғни өзге тiлден ауысқан сөздердiң р-дан басталуға тиiстi сөздерiнiң алдынан ы немесе i дыбыстары қосылып, протеза жасалып отырылады. Ал, орыс тiлi арқылы енген сөздерге р фонемасы сол кγйiнде айтылып, жазылады. Мысалы: ракета - ракета т.б.

Υндi дауыссыздарға л фонемасы да кiредi. Л фонемасын айтқанда тiл ұшы альвеольға бiр тегiс, кесекөлденеңдеп тиедi. Осы дыбысты айтқанда имплозия басым болуы себептi фонациялық ауа тiлдiң екi жағын ала шығады. Сондықтан да л фонемасын олтераль (бγйiр) фонемасы деп жγргiзедi. Қазақ тiлiнде бұл фонеманың көп ұшырайтын жерi – сөз ортасы мен сөз аяғы. Ал, сөз басында сирек кездеседi. Мысалы: лас, лай, лақ, лашын, сала т.б. Л фонемасы септiк жалғауларында кездеседi. Мысалы: iлiк септiк : бұның. соның, барыс септiк: бұған, соны, табыс септiк: бұны, сонны. Жатыс септiп: бұнда, сонда. Сондай-ақ бұл сiлтеу есiмдiктерi жоғарыда айтқандай тγрлiше септеледi екен. Л фонемасы анықталғыш сөз алдында да кездеседi. Мысалы: ол-кiсi, бұл-кiсi, сол-кiсi. Ал, ауызекi тiлде кей уақыт: ол, бол сияқты етiктердiң соңғы л дыбысы тγсiрiлiп қалып, алсайшы, болсайшы деудiң орнына асайшы, босайшы деп л тγсiп қалып айтылады.

Υндi фонемаға й дыбыс да кiредi. Й фонемасы тғы таңдайға жγйткеуiнен пайда болады. Бұл фонеманы айтқанда екi дыбыстау мγшемiз өзге дауыссыздарда бiр-бiрiне жуысып та, жабысып та айтылмайды.Қазақ тiлiнде й фонемасы γнемi дауысты дыбыстан кейiн келедi. Сондықтан да сөз аяғында кездеседi. Мысалы : той, сай, бай, қой. Сөз ортасында сый және тый сөздерiнен өрбiген тыйым, сыйым сөздерде ғана ұшырайды.

Тγркi тiлдерiнiң қазақ тiлiнен айырмашылығы сөз басындағы й γнемi ж-ға айналып отырады. Йаман-жаман, йуқ- жоқ. Сондай-ақ й фонемасы тγбiр сөзде де, туынды сөзде де келе бередi. Мысалы: ай, әй, ой, өй смяқты дыбыс комплексi қазақ тiлiнде заңды қағида болып келедi. Й фонемасы дауысты дыбыстың алдынан келсе көрiнген дауыстымен көршi рұра алмайды.Йа, йе тәрiздi комплекстер тiлiиiзде жиi ұшырайды. Мысалы : таяқ, саяқ, дайын. Сондай-ақ ұй, γй комплексi тым сирек ұшырайды, мысалы: абрұйыр, әбγйiр т.б.

Υндi фонемаларға у дыбысы да кiредi. У фонемасы интервокаль позицияда және ашық дауыстыдан кейiн де, бұрын да тұрып, таза γндi болады. Бұл γндi у фонемасы екi ерiннiң азын-аулақ дөңгелене келiп, сγйiрлнеуiнен пайда болады. Сондықтан бұл фонема ерiн γндiлерiне кiредi.У фонемасының негiзiнен мынадай ерекшелiктерi бар, ол төмендегiдей позицияда келгенде дауыссыз, γндi фонемаға айналады:

У фонемасы дауыстының алдында тұрғанда γндiге айланады. Мысалы: уақыт, уәде, уәзiр т. б.2.У дыбысы екi дауыстының ортасында келгенде γндiге айланады. Мысалы: жауап, сауап, қауiп т.б.У дыбысы дауыстыдан кейiн келгенде γндiге айланады. Мысалы: тау, бау, сау, жеу т.б.У фонемасы сөз басында, ортасында және соңында келе бередi. Осы у фонемасын айтқанда фонациялық ауа ауыз қуысы рақылы шығады. Сондықтан у фонемасы және р, л, й дауыссыздары ауыз жолды γндiлер деп аталады.Υндi фонемаларға н фонемасы да жатады.

Н фонемасы тiл ұшы альвеольға тию арқылы жасалады. Бұл екi мγшенiң бiр-бiрiне нық тиюi арқылы фонациялық ауа мұрын қуысы бойынша өтедi.сондықтан н дыбысы мұрын жолды γндi деп аталады. Қазак тiлiнде ң фонемасы сөз басында, ортасында және сөз аяғында кездесе бередi. Мысалы: ңаң, наз, намыс, Анар, Жанар т.б.Н фонемасы iлiк септiкте кездеседi. Және табыс, шығыс, көмектес септiктерiнде де кездеседi. Мысалы: баланың, баланы, баладан, баламен, кγннен, iннен т.б.

Үндi фонемалардың тағы бiр турi – М дыбысы.М фонемасын айтқанда екi ерiн бiр-бiрiне нық тиiп, жымдасады. Фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан бұл фонеманы мұрын жолды ундi дейдi. Бұл фонема да қазақ сөздерiнiң барлық жерлерiнде басында, ортасында, соңында кездесе бередi. Мысалы: мұрын, мол, намыс т.б.

Мфонемасы жұрнақтарда да, шылау сөздерде де, жалғауларда да кездесе бередi. Мысалы:Тәуелдiк жалғауы: балам, γнiм, кγнiм т.б.Жiктiк жалғауы: баламын, адаммын т.б.

Көмектес септiкте: баламен, қармен, адаммен т.б.Υндi фонемалардың соңғысы Ң дыбысы.

Ң дыбысы тiл арты тандайға нық тиюi арқалы жасалады. Кiшкене тiл төмен тусiп, ауыз жолын кептеп тұрғандықтан фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан мұрын жолды дейдi. Ң фонемасы сөз iшi мен сөз соңында ғана кездеседi. Мысалы: маңай, маңдай, аңқай т.б.



Эксплозив, фрикатив фонмалар.

Сабақтың жоспары:

1.Эксплозив фонемалар туралы.

2.Фрикатив фонемалар туралы.

3.Аффрикат дыбыстар туралы.

Эксплозив фонемалар (шұғыл дауыссыздар). Шұғыл дауыссыздар деп дыбыстау мушелерiнiң өзара бiрiне – бiрi жабысып, кiлт ажырап кетуiнен пайда болған дауыссыздарды айтамыз. Шұғыл фонеманың басты турi-б, п дыбастары. Бұл б, п фонемалары екi ерiннiң бiр-бiрiне нық тиiп, сонан соң бiрден кiлт ашылып кетуiнен жасалады. Бұл екi фонеманың негiзгi айырмасы мынадай: б-ұяң фонема, ал п-фонемасы қатаң. Б фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында кездеседi, ал сөз аяғанда бұл фонема мγлде кездеспейдi. Мысалы: бала, балық, бөбек, бауыр, табан, табыс т.б. Сөзде сөз басында және сөз ортасында келiп тұр.

Ал, п фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында және аяғанда кездеседi. Мысалы: пән, парасат, балапан, шопан т.б. деген сөздерде п фонемасы сөздердiң басында, ортасында, аяғында келiп тұр. Орыс тiлi арқалы енген сөздерде б фонемасы сөз аяғында кездесе бередi. Мысалы: клуб, штаб деген сөздерде сөз соңында келедi де, айтылуда б дыбысы п дыбысына айналып естiледi. Сондай-ақ п дыбысына бiткен етiстiк сөздердi көсемшенiң –ып, iп тұлғасына айналдырсақ, тγбiрдегi п дыбысы у дыбысына айналып айтылады. Мысалы: тап-тауып, теп-теуiп, жап-жауып т.б.

Шұғыл фонемалардың тағы бiр тγрi -д, т фонемалары. Бұл д, т фонемалары тiл ұшы кγрек тiстiң iшкi жағына нық тиiп, содан соң бұл екi мγшенiң кiлт ашылып кетуiнен жасалады. Сондықтан бұл екi дыбыс та имплозия және эксплозия арқылы жасалады.Бұл д, т фонемаларының негiзгi айырмашылғы д дыбысының ұяң болуы мен т дыбысының қатаң болуында. Осы д фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында кездеседi де, сөз соңында кездеспейдi. Мысалы: дауыл, дала, қадам, адам т.б. кейбiр қала аттарында д дыбысы сөз соңында келедi. Мысалы: Ашхабад, Самарқанд т.б.Ал,т фонемасы сөздердiң басында, ортасында, аяғында кездеседi. Мысалы: табақ, табыс, атақ, жатақ, сут, ат деген сөздерде сөз басында, ортасында және аяғында кездеседi. Бұл д, т фонемалары қосымшаларда да жиi ұшырап отырады. Мысалы: Iлiк септiгi: қаздың, аттың,Табыс септiгi: қазды, атты,

Жатыс септiгi: қазда, атта,Шығыс септiгi: қаздан, аттан.

Д, т фонемалары жiктiк жалғауында да кездеседi. Мысалы: көрдiм, өттiм. Сонымен бiрге көптiк жалғауларында да ұшырайды. Мысалы: адамдар, хаттар. Шұғыл фонемалардың тағы бiр тγрi – г, к фонемалары.

Г, к фонемалары тiлдiң орта шенi таңдайдың орта шенiне нық тиiп, көкке тәрiздi дыбыстар қатар келсе, алғашқы к дыбысы имплозия болады да, кейiнгi к дыбысы имплозия болмайды. Бұл екi к дыбысын созылыңқы айтылып тұрған бiр-ақ фонема деп тγсiнуiмiз керек. Бұл тәрiздi қасиет өзге шұғыл фонемаларда да кездеседi. Осы г, к фонемасының негiзгi айырмасы дауыс қатысына байланыстыболады: г ұяң дыбыс та, к қатаң дыбыс. Қазақ тiлiнде бұл екеуi де тек дауыстылардың жiңiшкелерiмен ғана қатар тұра алады. К, ә - Кәрiм, к, е-керек, к, i-кiлт т.б. Бұл г фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында кездеседғында мγлде кездеспейдi. Мысалы: гул, бγгiн, Гγлсiм, Айгγл. Бұл сөздерде сөз басында және сөз ортасында кездесiп тұр. Ал к фонемасы сөз басында, ортасында және аяғындакездесе бередi. Мысалы: көл, көз, көктем, әке, көк дегенде сөз басында, ортасында, аяғында кездесе бередi. Осы г, к фонемасы кейбiр жұрнақтарда және жалғауларда кездесiп отырады. Мысалы: барыс септiгшнде кездеседγйге, көлге, бетке, шөпке. Сондай-ақ жiктiк қосымшаларында кездеседi. Мысалы: келдiк, жγрдiк т.б. Шұғыл фонемалардың тағы бiр тγрi – қ дыбысы. Осы қ фонемасы тiлдiң артқы шенi таңдайдың артқы шенiне нық тиiп сонан соң бұл екi мγшенiң бiрден ажырап кетуi арқылы жасалады.

Қ фонемасы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында, аяғында кездесе бередi. Мысалы: қол, бағыт, қанат, ақын, ақыл, халық, тарақ.таңдайдың артқы жағына жуықтау арқылы жасалады. Ғ дыбысы қазақ сөздерiнiң басында, ортасында кездеседi де, соңында кездеспейдi. Мысалы: ғажап, жаға, қоға дегенде сөз басы мен ортасында кездесiп тұр.

Ызың фонеманың тағы бiр тγрi - h фонемасы. Бұл көмей арқылы жасалатын бiрден бiр фонема. Осы фонеманы айтқанда дауыс шымылдығы өзара өте жуық тұрады. Соның нәтижесiнде дiрiл болмайды. Iштен шыққан ауа сγзiлiп шығады. Бұл фонема сөз ортасында және сөз аяғында кездеседi. Мысалы: Гауhар, қаhарман, аh, уh деген одағай сөз соңында кездесiп тұр.

Буын және оның тυрлерi.Оның алмасуы мен құрамы.

Сабақтың жоспары.

1.Буынның сипаты және жасалуы.

2.Буынның түрлері.

3.Буынның дыбыстық құрамы.

4.Буын алмасуы.

Қазiргi қазақ тiлiнiң буын мәселесi фонетикалық категория. Сондықтан буынға ерекше мән беру керек.Буын деп фонациялық ауаның қарқынмен кiлт γзiлiп шыққан бiр немесе бiрнеше дыбыс тобын айтамыз. Әр буында бiрден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз iшiнде неше дауысты фонема болса , сонша буын болады. Буын iшiндегi дауыссыздардың экспирациялық кγшiне қарай, яғни айтылуына қарай кγштi бас дыбыс және кγштi соңғы дыбыс болады.мысалы: буынның бас дыбысы да, соңғы дыбысы да, бiр тγрлi болып келген қақ, тұт сияқты сөздердiн алғашқы дыбыстары кγштi, айқын айтылады да, соңғы дыбыстары әлсiз, осал айтылады. Егер сөз iшiнде немесе сөз аралығында имплозив дыбыстар мен эксплозив дыбыстар қатар келсе, бұл екеуiнiң тγйiскен жерiнен буын жiгi пайда болады.мысалы: көк-ке, ап-пақ, тәттi, тәт-тi алып бер - алып пер. осы мысалдарда көпсетiлген қатар тұрған бiркелкi дыбыстардың алдынғысы имплозив, кейiнгiсi эксплозив дыбыс болады.

Буын сөзінің беретін мағынасы. Алдымен буын сөзіне түсінік берейікші. Буын сөзінің о бастағы. мағынасы адам сүйектерінің бір-бірімен өзара қозғалмалы түрде жалғасқан аралығы. Осыдан барып көп мағынаға ие болған. (сұрақ-жауап). Баланың буыны қатпаған. Буынып- түйініп отыр. Буын – буыным сырқырап ауырды.т.б.

Ендеше, тіл ғылымында да буын деген ұғым бар екен. Тіл ғылымында буын деген ұғым – сөздердің дыбыстық топқа жіктелген бөлігі. Буын барлық тілге тән нәрсе. Мәселен, орыс тілінде, өзбек тілінде бар. Буынның сипаты және жасалуы.

Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектерге – буындарға ажырайды. Жеке сөздерді айтуда дауыс құйылысы үнемі бір толқынмен шықпайды. Бірқатар сөздерді айтуда үзіліп – үзіліп шығады. Буын мәселесі – фонетикалық категория. Буын түрлері мен сапасын практикалық жазу тұрғысынан қарауға болмайды. Өйткені айтылудағы буын өлшемі жазылудағы түрімен сай келе бермейді, яғни айтылуда сөз ішіндегі буындардың саны мен сапасы бір түрлі, жазылуда екінші түрлі болып келе береді. Мысалы, айтылуда рас, метр, литр сөздері екі буынды. Сол сияқты, қазақ тілінде екі дауысты қатар келсе, алдыңғысы айтылуда түсіп қалып, ықшамдалып тұрады. Мысалы, келе алмады, айта алмайды т.б. буын саны кемиді. Сондықтан буын өлшеміне негізгі критерий бола алатын-сөздің жазылуы емес, айтылуы.

Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз (І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі». лексика, фонетика, 260 – 261 бет). Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады. Көп тілдерде (соның ішінде қазақ тілінде) буын жасаушы – дауысты фонема болып есептеледі. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та буын құрай алады. Әр буында бірден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз ішінде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады.

Буын ішіндегі дауыссыздарды экспирациялық күшіне қарай, айтылуына қарай: күшті бас дыбыс, күшті соңғы дыбыс деп, негізінде, екі топқа бөлуге болады. Буын ішіндегі екі дауыссыздың, алғашқысының экспирациясы соңғысынан басым келсе, күшті бас дыбыс (немесе эксплозив дыбыс) болады да, керісінше келсе, күшті соңғы дыбыс (немесе имплозив дыбыс) болады. Мысалы, буынның бас дыбысы да, соңғы дыбысы да бір түрлі болып келген қақ, тұт сияқты сөздердің алғашқы дыбыстары күшті (айқын) айтылады да, соңғы дыбыстары әлсіз (осал) айтылады. Сол сияқты, гүл, дөң сөздеріндегі (буындарындағы) г, д дыбыстары да күшті айтылып, олар буын бастап тұр; л, ң дыбыстары әлсіздеу айтылып, буынды аяқтап тұр.

Егерде сөз ішінде немесе сөз аралығында имплозив дыбыс пен эксплозив дыбыс қатар келсе,бұл екеуінің түйіскен жерінен буын жігі пайда болады. Мысалы: аппақ (ап-пақ), көкке(көк-ке), тәтті(тәт-ті), ат дорба (айтылуы-ат-торба), хат тасушы,алып бер(айтылуы-алып-пер).Мысалдарда көрсетілген қатар тұрған біркелкі дыбыстардың алдыңғысы имплозив,кейінгісі эксплозив дыбыс болады: имплозив дыбыс-буынды аяқтаушы дыбыс,эксплозив дыбыс-буынды бастаушы дыбыс. Сөз ішінде(негізгі сөз немесе түбір сөзбен қосымша аралығында), сөз бен сөздәң аралығында мынадай бір түрлі дыбыстар қатар тұра алады:ққ (қаққа,ақ құм),кк (текке, көк күмбез), тт (атта,ат тұса),пп (жаппа, алып бар, айтылуы-алып пар), сс (асса, тас сал), шш (шашшы, үш шалғыорақ), нн (әннен, нән нар). Бір түрлі дыбыстардан жоғарғыдай, көбіне,үнсіз қатаң дыбыстар қатар тұра алады;л,р дыбыстарынан басталуға тиісті қосымшалар л,р дыбыстарынан кейін д дыбысына айналып кетеді.

Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек. Жанып тұрған май шамға таяу отырып, сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады. Яғни буын өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы жасалады.

Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы, - деп анықтама береді С.Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі» (101 - бет). Сол сияқты Ғ.Абуханов «Қазақ тілі» (27 - бет), В.В.Ришетов, Л.В.Ришетова «Рус тілі грамматикасы» (87 - бет), Л.В.Щербаның «Фонетика французского языка» деген кітабы (78 - бет) т.б. ғылыми еңбектерде айтылған. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Дыбыстық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.

Буынға тән сипаттар:


  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.

  2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1- буыны (ат) – түбір, 2 – буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, 3-буыны (-лар) – көптік жалғау, ал 4- буыны (ға) – септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б.

  3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мәселен, ба-ла-ла-ры-мыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға, қа-на-ғат-тан-дыр-майды), не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не, бөл-ті-рік-те-рін, кү-мі-сі-міз-ді, сән-ден-ді-ріп, бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. мұғалім, қабілет, қажет, педагог, методика, параллелипед т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

4.Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы.

5.Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.

Яғни имплозив дыбыс-буынды аяқтаушы дыбыс. Эксплозив дыбыс-буынды бастаушы дыбыс. Осы сыяқты γндестiк заңында да, бiркелкi дыбыстар γнемi қатар тұра алады. Мысалы: қаққа, аққа, текке, жуан т.б. Сөздiң жуан, жiңiшке болуы буынмен байланысты болады. Ал, буынның жуан-жiңiшке болуы дауысты дыбыспен байланысты келедi. Дауысты дыбыс жуан болса, буын да жуан болады, ал, жiңiшке болса, буын да жiңiшке болады. Жуан және жiңiшке болып келетiн жұп-жұбымен айтылатын дыбыстар мыналар: а-ә, о-ө, ы-i, ұ-γ;

Тек э дыбысының ғана жуан сыңары болмайды. Дифтонгоид дауыстылар алфавитте бiр әрiппен белгiленген. Бұлардың жуанына бiр әрiп , ал жiңiшкесiне бiр әрiп белгiленбей, екеуiне бiр әрiп белгiленген. Олар и және у әрiптерi. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздерiң буын iшiндегi дыбыстардың саны негiзiнен, төрт тγрлi болып келедi.

1.Бiр дыбысты буын. Мысалы: о-қы, γ-кi, а-на.

2.Екi дыбысты буын. Мысалы: ба-ла, γй, ас.

3.Υш дыбысты буын. Мысалы: ант, ұлт, арт.

4.Төрт дыбысты буын. Мысалы: қарт, жалт.

Сонымен, «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқытудың дәрежесін анықтаймыз.




сөздердің дыбыстық топқа жіктелген бөлігі

Буынның түрлері

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке,

С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр.

Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.


  1. Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Сызба арқылы былай көрсетуге болады:


_________ , . (бұл буынды таусылғанша

созып айтуға болады)

Мұның дыбыстық құрамы:


  1. А: а, ә, а-на, ә-же, е-не, о-қы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-ды-ра, ы-ды-сы;

  2. ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де,не, да-ла;

  3. ВВА: ста-нок, ста-кан, гра-нат, пла-кат;

  4. ВВВА: стра-тег, стра-то-стат, стра- тосфера;

  1. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Мұны да сызба арқылы былай көрсетуге болады:

(созып айтуға болмайды, алды кедергіленіп тұр.)


Дыбыстық құрамы:

  1. АВ: ат, ай ,ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар;

  2. АВВ: ант, өрт, ұлт, акт, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс;

  3. ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

  4. ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, қарт;

  5. ВАВВВ: пункт, центр, текст;

  6. ВВАВ: шкаф, шлем, крем, штаб, стаж, граф, хлор, хром;

  7. ВВАВВ: спорт, старт, трест, стенд, крест;

  8. ВВАВВВ: спектр;

  9. ВВВАВ: штраф, штрих, шприц, структура.

3. Бітеуші буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын дейміз. Сызба арқылы былай көрсетуге болады:

Мысалы: мал, сом, төс, құс, қыс, тіс, бұл, қант сықылды сөздер бітеу буын болады. Өйткені бұл буындардың басқы дыбысы да, соңғы дыбысы да – дауыссыз.

Бітеу буын қазақ сөздерінде: а) үш дыбысты да, ә) төрт дыбысты да болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады.Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездесе береді. Мысалы: бір, тарт, бір-лік-тің, тарт- (па), (ақ)- тарт т.б.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.

Демек, «Венн диаграммасы» - арқылы буынның түрлерін салыстырып, ерекшеліктерін табамыз.
ашық буын тұйық буын



бітеу буын ашық буын




Ашық буын.

Ашық буын деп - дауысты фонеманың өзiнен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бiткен буынды айтамыз. Мысалы: а-на, ә-ке, i-нi, ә-же т.б. Қазiргi қазақ тiлiндегi ашық буындар буын iшiндегi дыбыстардың қатысуына қарай оның құрамы төмендегiдей болып келедi: 1.Бiр дауысты дыбыстың жалғыз өзi тұрып-ақ ашық буын жасай алады. Мысалы: а-на, а-ға. Қатарынан келген екi дыбыстың алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын жасай алады. Мысалы: ә-ли, а-ла, е-кi. Ашық буынның жалаң тγрi өз алдына жеке тұрып та сөз бола алады.



Тұйық буын.

Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бiткен буынды айтады. Мысалы: ат, iс, өрт т.б. Тұйық буынның негiзгi өзiндiк белгiлерi мыналар: 1.Тұйық буын екi дыбысты болып келедi. Мысалы: ат, iс, өрт т.б. 2.Тұйық буын γш дыбысты болып келедi. Мысалы: ұлт, ант т.б.Сондай-ақ тұйық буын өз алдына сөз болып және бiрнеше буынды сөздiң басында кездесiн отырады.



Бiтеу буын.

Бiтеу буын деп - ортасы дауысты болып, екi шетi дауыссыз болатын буынды айтамыз. Мысалы: тас, жол, тiс, көл, мол, көз т.б. Бiтеу буынның негiзгi өзiндiк белгiлерi төмендегiлер:



  1. Бiтеу буын γш дыбысты болып келедi. Мысалы: тiс, көл, мол т.б.

  2. Бiтеу буын төрт дыбысты болып келедi. Мысалы: бұлт, жалт, жұлт, сарт.

Ал төрт дыбысты болып келген бiтеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында γндi тұрады. Бiтеу буын өз алдына сөз болып, бiрнеше буынды сөздiң басында да, соңында да кездесе бередi. Мысалы: бiрлiктiң, ұлттардың.

Буынның алмасуы.

Сөйлеу процесiнде бiр дыбыс екiншi дыбыспен, бiр буын екiншi буынмен, бiр сөз екiншi сөзбен ұштасып отырады. Сондықтан буындар өзара бiрiмен-бiрi алмасып, кейде бiр буынның жiгi ажырап, екiншi буынның дыбыс саны көбейiп отырады. Сөз iшiндегi бiр буын мен екiншi буыннын бiр-бiрiне жылысуын буын алмасуы дейдi. Қазақ тiлiнде тек қана жалаң ашық буын жинақты келедi де, қандай буынның болса да ықпалына көнбей, оқшау тұра алады.1.Жалаң ашық буын сөздiң дәл басында тұрады да, онан кейiнгi буынның қай-қайсысы болса да онымен жартылай да , тγгелдей де алмаса алмайды. Сондай-ақ жалаң ашық буын тұрақты келуiне орай басқа буындармен кiрiкпейдi де, жылжымайды да. Мысалы: ал-ла, i-лiм т.б.

Жалаң ашық буын өз алдына жеке сөз ретiнде айтылып, одан кейiнгi буынның қандайыннан болса да пауза арқылы бөлiнгендiктен ешбір өзгерiске көнбей оқшауланып тұрып айтылады. Мысалы: Е, өзiң барсайшы! А, айтайық дейсiң бе?.Сондай-ақ басқа буындар мынадай төрт тγрлi жағдайда бiр-бiрiне алмасып отырады. Олар мыналар:

1.Екi дыбысты ашық буындардан соң жалаң ашық буын немесе тұйық буын келсе қатар тұрған екi дауыстының алғашқысып тγсiп, буын ықшамдалып қалады. Мысалы: торы ала- торала (то-ра-ла).

2.Жалаң ашық буыны екi дыбысты тұйық буыннан кейiн келсе, дауыссыз дыбыс кейiнгi буынға сырғып кетедi. Мысалы: ат-ы, а-ты. Яғни бұл буын алмасуын төмендегiнше тγсiндiруге болады. Тұйық буын + жалаң буын – жалаң буын + ашық буын. Бұл құбылыстың формуласы төмендегiдей болады: АВ+А-А-ВА. Яғни тұйық буын + тұйық буын – жалаң буын+бiтеу буын.

1.Екi дыбысты тұйық буын сол тұйық буыннан кейiн келсе, алғашқы буынның дауыссызы кейiнгi буынға сырғиды. Мысалы: ат-ақ-а-тақ. Мұның формуласы төмендегiдей: АВ+АВ-А+ВАВ. Яғни тұйық буын+тұйық буын – жалаң буын + бiтеу буын.2.Υш дыбысты тұйық буын γш дыбысты бiтеу буыннан кейiн келсе,алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейiнгi буынға жылысады. Мысалы: жоқ-алт – жо+ғалт, формуласы төмендегiдей: ВАВ+АВВ – ВА+ВАВВ. Яғни бiтеу + тұйықбуын –ашық+бiтеу буын.

Сөйтiп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегiдей тұжырымдауға келуге болады. Дауыстыға бiткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанша, алғашқы дауысты дыбыс тγсiп қалады. Мұны бiз буын ығысуы деймiз. Сондай-ақ кей буындарға екi дауысты тұйық буын, ал кей буындарға γш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы буынның соңғы дауыссызы да , кейiнгi буынға сырғиды.1. Мұны бiз буын жылысуы деп атаймыз. Мысалы: Е, солай ма? Па,шiркiн: дегенде бiр дыбыстың өзi немесе дауыссыз бен дауыстының өзi буын ретiнде қолдынылып тұрады.2.Бiр буынды сөздер тұйық буыннан жасалады. Мысалы: ат, от, ар т.б.

1.Бiр буынды сөздер бiтеу буыннан жасалады. Мысалы: бал, көл, көк.

2.Екi және көп буынды сөздер тγбiр тұлғада кездеседi. Мысалы: ата, ана.

3.Қосымша тγлғалы сөздерде кездеседi. Мысалы: атты, аттарға.

4.Екi және көп буынды сөздер қос сөздерден де жасалады. Мысалы: әп-әдемi, пай-пай, тγйе-мγйе.

Буынның дыбыстық құрамы.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:



  1. бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;

  2. екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-ра, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не;

  3. үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тас-тақ, бал-шық, бөл-шек-тер, ұлт, үрт;

  4. төрт дыбысды: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ-қарқ, күрк-күрк.

Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:

  1. бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;

  2. алты дыбысты: спектр, спринт.

Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер (түбір морфемалар) мынадай болып келеді:

  1. Бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел, бар, ақ, көк, бір, үш, мен, сен, біз, тез, тым, тарс, жылт, да, де, ғой;

  2. Екі буынды: а-на, а-та, ә-ке, ба-ла, тү-йе, жыл-қы, қа-зан, ке-се, қа-ра, қы-зыл, жа-сыл, жа-тыр, о-тыр, ал-ты, е-кі, ке-ше, ер-те, тө-мен, дәп-тер, қа-лам, а-дам;

  3. Үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет, а-бы-рой, , а-рыс-тан, жа-ма-ғат, ин-тер-нат, инс-ти-тут, ин-же-нер, ка-ме-ра, ка-ни-кул, та-би-ғат;

  4. Төрт буынды: ы-ра-қы-мет (рақмет), і-ре-зең-ке (резеңке), рес-пуб-ли-ка, про-це-ду-ра, фо-не-ти-ка;

  5. Бес буынды: у-ни-вер-си-тет, по-лик-ли-ни-ка, пуб-ли-цис-ти-ка.

Қазақтың байырғы сөздегі негізінен бір буынды, қала берді екі буынды болып келеді. Мұның өзі оның поэзия тілі болуымен де байланысты. Өйткені 11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды. Әлгі бір, екі буынды сөздерге орамды болу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғану керек болады. ал төрт буыннан жоғары сөздер қара өлеңге оралымсыз болып шығады.
Буынның алмасуы.
Сөйлеуде бір дыбыс екінші дыбыспен, бір буын екінші буынмен, бір сөз екінші сөзбен ұштасып жатады. Сондықтан буындар өзара бір – бірімен алмасып, кейде бір буынның жігі ыдырап, екінші буынның дыбыс саны көбейіп отырады.

Фонетиканың басқа оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын (торы ат-торат) буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды.Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар. Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ. Жұбанов деуге болады. «Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да, буынның жалпы саны кемімейді?». Мысалы: айт + а = айта, айт + ар = ай –тар; қайт + а = қай-та, жаз + ар= жа-зар т.б. «Буындар кіріксе, буын-буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене, аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке, жақсат болып кетеді» (сонда). Сөйтіп:

1) дауыстыға біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Мұны буын ығысуы дейміз.

2) кей буындарға жалаң ашық буын;

3) кей буындарға екі дыбысты тұйық буын;

4) кей буындарға үш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мұны буын жылысуы дейміз. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір буынға дауысты дыбыстан басталған буын (басқаша айтқанда: А, Ав, АВВ буындары) жалғанғанда ғана буын ығысуы мен буын жылысуы пайда болады. Басқа жағдайда буын ешбір түрде алмаса алмайды; сондықтан буын ығысуы мен буын жылысуы кездеспейді; мысалы: бала + ға, бала + ның, ат + тың, ат + қа, ал + дырт, жаз + дырт, ал + дыр, айт + ты, айт + тыр, айт + тырт, жаздырт + ты, жаздырт + қыз.

Басқаша айтқанда, дауыссызға тынған??? буынға дауыссыздан басталған буын жалғанса, буын жігі өзгере алмайды: буын бір қалыпта сақталады.

Тақырып: Екпін және оның түрлері.

Сабақтың жоспары.

1.Екпін туралы мәліметтер.

2.Екпін және оның түрлері.

Сөйлеу процесінде сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатын ауа толқыны, яғни сөздегі буындардың бәрі, бірқалыпты айтылмай, бір буын өзге буындардан ерекше күшпен айтылады. Мысалы: бала деген сөзде екінші буын, балалар дегенде үшінші буын, балаларға дегенде төртінші буын өзге буындардан күшті айтылып тұр.Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан ерекшеленіп күшті айтылуы е к п і н дейді.

Қазақ тіліндегі, сол сияқты түркі жүйелі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен (күшпен) айтылуына байланысты дем екпіні қатарына жатады.

Дем екпіні екі түрлі болып келеді: тұрақты екпін, тұрақсыз екпін. Тұрақты екпін қазақ тілінде және өзге түркі халықтарының да тілдерінде кездеседі. Екпіні тұрақты болатын тілдерде екпін сөздің арнаулы буынында болады да, сөздің грамматикалық, лексикалық мағыналарының құбылуымен екпін сөздің өзге буындарына ауысып ілгеріле – кейінді жылжып отырады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынында болып келеді. Көп буынды түбір сөзде негізгі екпін соңғы буынында болады да, қалған буындарда ешқандай екпін болмайды. Мысалы: шана, тарақ, терезе, қабырға, омыртқа. Түбір сөзге қосымша жалғанып, сөздің лексикалық не грамматикалық мағынасы түрленгенде, негізгі екпін туынды сөздің соңғы буынына ауысады да, сөздің негізгі екпініне қосымша көмекші екпін пайда болады. Мұндай туынды, көп буынды сөздерде негізгі екпін қосымшаға ауысып, соңғы буында тұрады да, қосымша екпін түбірдің соңғы буынында болады. Мысалы: базар =базар + шы = базар + шы + лар = базар + шы + ла + ры + мыз = базар + шы + ла + ры + мыз + ға.

Қазақ тіліндегі екпін тұрақты екпін болып, түбір сөзге қосымша жалғануына байланысты екпін сөздің соңғы буынына, қосымшаларға ауысып отыруға тиісті бола тұрса да, қазақ тілінің кейбір қосымшалары өзіне екпін түсірмейді. Ондай қосымшалар жалғанған туынды сөздерде екпін соңғы буында болмай, соңғы буынның алдындағы буында тұрады.

Тіл – тілдегі екпін, негізінде, екі түрлі болады:


  1. Фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланысты екпін; мұны лебізді (немесе динамикалық) екпін дейміз.

  2. Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мұны үнді (музыкалы немесе тоникалық) екпін дейміз.

Тілде кей уақыт квантитатив (мөлшер) екпін де болуы мүмкін. Мұның ерекшелігі – бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқа дауыстылардан созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстың созылыңқылығы арнаулы бір фонологиялық мәнге ие болмаған тілде басқа екпінмен барабар квантитативті екпін де бола алады.

Қазақ тілі дауыстылары созылыңқылығының фонематикалық мәні жоқ. Сондықтан екпін түскен дауысты аздап болса да квантитативті түрде де айтылады: лебізді (динамикалық) екпін негізгі болады да, квантитатив соған қосымша болады; өйткені лебізді екпінге ие дауысты дыбыс екпін түспеген дауыстыларға қарағанда сәл созылыңқы айтылады. Бұл жөнінде қорытындыны тек эксперименталь аспаптар арқылы үзілді-кесілді айтуға болады.

Тілдердің көпшілігі лебізді екпін тобына жатады. Бұл топқа қазақ және басқа түркі тілдері де жатады. Тілімізде тек лебізді (кей уақыт квантитативті) екпін бар деп қана қойсақ, қателескен болар едік. Кісінің ойын мәнерлеп, әсірелеп жеткізе алатын сөйлемдерде кей уақыт үнді екпінді де пайдалана аламыз. Бірқатар тюрколог ғалымдардың пікірінше үнді екпін мәнерленіп (экспрессивтік) сөздермен байланысуы шарт емес: бұл екпін жай сөйлемде де кездесе беруі мүмкін.

Лебізді екпінге ие тілдер: екпіні тиянақты тілдерде екпін сөздің, көбінесе, арнаулы буынына түседі, екпіні тиянақсыз тілдерде екпіннің арнаулы (белгілі) буынмен байланысуы шарт болмайды.

Сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратудың басты бір жолы – осы дауыс екпіні (акцентуация) болып есептеледі. Лебізді екпін кей тілде (көбіне, екпіні тиянақсыз тілдерде) сөздің морфологиялық мағынасын айқындап тұрады.

Сөйтіп, лебізді екпін: мағына айқындаушы, сөз айқындаушы болып екіге бөлінеді. Мысалы: орыс тілінде замок – замок, мука- мука сөздеріндегі екпін мағынаны айқындап тұр. Қазақ тілі сөзінің қалыпты екпіні өзгергеннен мағына онша көп ойсырай қоймайды. Қазақ тіліндегі екпінді өзгерткеннен сөздің дағдылы айтылуы мәнері де өзгереді, бірақ сөз мағынасы орыс тіліндегідей мүлде өзгере қоймайды. Демек, орыс тіліндегі екпін тиянақсыз болып, қазақ тіліндегі екпін тиянақты болып келуі бұл екі тілдің өздеріне тән ерекшеліктерімен байланысты. Қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей сөз мағынасын өзгертпейді, оның есесі жұрнаққа түседі. Басқаша айтқанда, сөздің лексикалық, грамматикалық тұлғасы әр түрлі болып құбылуымен байланысып жатады.

Түркі тілдерінде дауыс екпіні сөздің, көбіне, ең соңғы буынына түсуін ежелден келе жатқан қағина деуге болмайды. Акад. Б. Я. Владимирцов түркі тілдеріндегі екпін о баста сөздің бас буыннына түскен деген ойды дәлелдейді. Көп буынды сөздерде көмекші екпін - әрі лебізді, әрі үнді болып келуі, мәнерлі (эмфазиялы) сөйлемдерде дауыс екпінінің орын алмасуы (соңғы буындағы екпін бас буынға көшуі) Б. Я. Владимирцовтың пікірі бойынша, тіліміздегі екпіннің бір кезеңдерде сөздің алғашқы буынына түскенін көрсетеді.

Академик Ф. Е. Корш көп сөздердің екпінсіз буынындағы дауыстылардың редукциялануын – сөздің екпіні о баста бірінші буынға тускендігінің нәтижесі деп есептейді.

Ф. Е. Корш пен Б. Я. Владимирцовтың бұл айтылған пікілерін теріс дей алмаймыз.

Түркі тілдерінде дауыс екпіні тек лебізбен (экспирациямен) ғана байланысты деген ертедегі тюркологтардың (О. Бетлингк, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский т. б.) пікірлерін осы күнгі кейбір ғалымдар дұрыс емес деп табады. Н. К. Дмитриев өзінің «Түркі тілінің құрылысы» деген еңбегінде қосымшаға түсетін лебізді екпінмен барабар, негізгі түбірдің соңғы буынына түсетін екпін үнді екендігін дәлелдейді.

Сөз екпіні.

Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тәрізді сөздің, көбіне, соңғы буынына түсетінін жоғарыда айттық. Екі не үш буынды сөздің, немесе көп буынды сөздің бір буыны негізгі екпінге ие болады да, қалған буындарына ешқандай екпін түспейді. Негізгі екпін, көбіне, соңғы буынға түсіп отырады (мысалы; шағала, кереге орақ, олқы, қара, біздер, жиырма, әрең т. б.), көп буынды (кемінде төрт буынды) сөзде негізгі екпіннен бөлек көмекші екпін пайда болады. негізгі екпін соңғы буынға түседі де, көмекші екпін негізгі түбірдің соңғы буынына түседі. Қазақ тіліндегі көп буынды сөз қосымша арқылы жасалатындықтан, негізгі екпін қосымшада болады да, көмекші екпін негізгі түбірде болады:

О- рақ о- рақ- шы- лар

Ол –қы о –рақ- шы-ла- ры- мыз

Ша- ға-ла о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да

Ке-ре-ге о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да –ғы

О –рақ-шы о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да-ғы-лар
В. В. Радлов жоғарыда аталған кітабында ат, қарындас деген сөздердің буындары қосымша арқылы көбейіп, көмекші екпін ең бас буында, негізгі екпін ең соңғы буында болады деп түсінеді. И. А. Батманов қырғыз тілінде үш буынды сөздің екпіні жалпы ереже бойынша: негізгі екпін соңғы буынға, көмекші екпін бас буынға түседі дей келіп, төрт-бес буынды сөздердің көмекші екпіні негізгі екпіннен бір буын қашық тұрады, алты буынды және одан көп буынды сөздердің көмекші екпіні негізгі екпіннен екі буын қашық тұрады деген пікірді айтады. Мысалы: жолдоштору жолдошторубуз, жолдошторубузда т. б.

Көп буынды интернационалдық сөздерде ғана (онда да қазақ тілі қосымшалары жалғанса ғана) көмекші екпін анық байқалады: түбір тұлғадағы интернационалдық сөздің негізгі екпіні қазақ тілі қосымшалары қосылғанда (әрине, негізгі екпінді бойына тартатын қосымшалар болса), көмекші екпінге айналып кетеді. Мысалы, республика деген сөздің екінші буынындағы негізгі екпін соңғы буынға (ға буынына) көшеді. Сол сияқты, физикалық деген сөздің негізгі екпіні соңғы буында тұрады да, көмекші екпіні бірінші буында тұрады; ал кооперативтерге дегеннің денегізгі екпіні соңғы буында болады да, көмекші екпіні тив буынында болады. Интернационалдық сөздердің акцентуация жағынан бұл тәрізді өзгешелігі сол сөздердің бастапқы фонетикалық қағидаларымен байланысты болса керек.

Көмекші екпін категориясы, біздің ұғуымызша, әлі де даулы мәселе; мұны үзілді-кесілді шешілген мәселе деуге болмайды. Біздің ойымызша, негізгі екпіннің орны қандай тиянақты болса, көмекші екпіннің орны да сондай тиянақты болады деген пікірді де, В. В. Радлов айтқандайын, түркі тілдерінде көмекші екпін әрдайым бас буында болады деген пікірді де, И. А. Батманов т. б. авторлар айтқандайын, төрт, бес буынды сөзде көмекші екпін негізгіден бір буын бұрын тұрады, алты немесе одан да көп буынды сөзде ол екі буын бұрын тұрады деген пікірді де қостауға болмайды.

Қазақ тіліндегі қосымшалардың көпшілігі екпінді өз бойына тартып тұрады. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары екпінді болып келеді де, жіктік жалғау екпінсіз болып келеді. Қазақ тіліндегі кейбір қосымшалар екпінді бойына тарта алмайтындықтан (яғни энклитика ретінде кездесетіндіктен), акцентуация категориясы кей уақыт сөз тұлғасын ажыратуға (морфологиялық дифференция жасауға) керек құрал есебінде қолданылады. Тұлғасы бір, қызметі бөлек кейбір гомонимикалық қосымшаларды акцентуация арқылы ажыратуға болады. Мысалы: а) біздің оқушы – мыз (мұндағы мыз – тәуелдік жалғау), біз оқушымыз (мұндағы мыз – жіктік жалғау); ә) ағашты жарма (мұндағы ма – болымсыз етістіктің жұрнағы), тәтті жарма (ма – зат есімнің жұрнағы); б) сен мынаны көрші (ші- волунатив мағынадағы етістік жұрнағы); ол бізге көрші (ші – агентив мағынадағы зат есім жұрнағы); в) сіздің қалыңыз (ыңыз – екінші жақ тәуелдік жалғау), сіз қалыңыз (ыңыз екінші жақ, бұйрық рай жұрнағы); г) сіз баласыз (сыз – екінші жақ, жіктік жалғау), ол кісі баласыз (сыз – болымсыз есімнің жұрнағы); д) ол үйде (де – жатыс жалғау), үй де (де - шылау); е) атты кісі (ты –сын есім жұрнағы), ол мылтық атты (мұндағы ты – етістіктің өткен шақ қосымшасы); ж) біз осында қалалық (лық – қалау рай жұрнағы) т.б.

Қазақ тіліндегі кейбір басқа қосымшаларға да екпін түспейді: мысалы: сын есім жұрнағы – дай (таудай, жаздай), қалау рай жұрнағы йын (барайын, келейін) т.б.

Қосымшасыз келген шылау сөздерде, көмекші сөздерде екпін болмайды; олар мыналар: ғой (қой), ше, ғана (қана), ма (ме, ба/бе, па/пе), дейін, шейін, сайын, сияқты (тәрізді, сықылды, секілді) т.б. Мысалы: Мен ғой кеңседе болдым, ал сен ше? тек қана, оқыған сайын, ауылдан қалаға дейін.

Шылау сөздерге қосымша жалғанса, негізгі мағыналы сөздегі екпін шылау сөзге ауысып кетеді; мысалы: таныс сияқтысыз, қалаға шейінгі дегенде қосымшалы шылауға екпін түсіп тұр.

Қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер (өте, тым, ең, тіпті, аса, орасан, жүдә т.б.) үнемі екпінге ие болып тұрады. Күшейткіш үстеуі бар түбір сөз екпін жағынан энклитикаға айналып кетеді; мысалы: тым жақсы, өте биік, аса зор, ең әдемі т.б. Сын есімнің күшейткіш буындары да екпінді өзіне тартып, негізгі мағыналы сөзді энклитикаға айналдырып жібереді; мысалы: әп-әдемі, біп- биік, жап- жақсы. Күшейткіш буын дыбыс жағынан деформацияланып, түбір сөзбен біріксе, оның екпіні бас буында тұрады; мұндай сөздердің саны қазақ тілінде екеуі – ақ: көкпеңбек, аппақ.

Терминдер, географиялық атаулар, кісі аттары, негізгі түбір тұлғада тұрып, о бастағы екпінін сақтай алады(мысалы: республика, конференция, физика, Фрунзе, Москва).

Тіркес екпіні

Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөздің жігін ажыратумен қатар, бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін де ажыратып тұрады. Арнаулы сөз тобының өзара мағына жуықтылығы ол сөз тобының акцентуациялық жуықтылығымен де байланысты болуы мүмкін. Сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес. Сөйлем мүшелерінің грамматикалық қызметіне қарай, олардың акцентуациялық өзгешеліктері де айқындалып тұрады. Сөйтіп, тілімізде, кей уақыт, белгілі сөз тіркесі немесе түгел сөз шумағы бір-ақ екпінге ие болуы мүмкін. Мұндай екпін фразалық (ритмикалық) немесе тіркес екпінді деп аталады.

Қазақ тілінде мына төменгі сөз топтары екпін жағынан айрықша комплекс бола алады.


  1. Қос сөздер (бала – шаға, жөн-жосық, ығай-сығай, сылап – сипап т.б.).

  2. Негізгі мағыналы сөз бен шылау сөздер (үйге дейін, ол үшін, өзі ғана, мың қаралы, оқыған сайын т.б.).

  3. Күрделі сөздер түйдегі (оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады, жығылып қалды, орақ орды т.б.).

  4. Анықтауыш пен анықталған сөздер тізбегі (биік үй, асқар тау, қынай бел, алыс жер, күміс қасық, ат қора, қыруар мал, мың сом т.б.).

  5. Пысықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (кеше келді, жақсы оқыды, қалада болды, әрең жүрді т.б.).

  6. Идиом сөздер түйдегі (қабырғаңмен кеңес, сөз байла, таң атты, тақсіретін тартты т.б.).

  7. Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (газет оқыды, хат жазды, кино көрді т.б.).

Қазақ тiлiнiң екпiн категориясы.

Сабақтың жоспары.

1.Қазақ тiлiнiң екпiн категориясы жайлы

2. Екпiндiлердiң тγрлерi туралы.

3.Сөз екпiнi туралы.

4.Тiркес екпiнi жайлы.

Сөздердi айтқанда, сөздегi буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрiбiрдей бiр қалыпта айтылмай бiреуi басқалардан ерекше қарқынмен, кγшпен айтылады. Осындай сөз iшiнде бiр буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленiп, кγштi айтылуын екпiн деймiз.Тiлдегi екпiндер негiзiнен екi топқа бөлiнедi:1.Лебiздi, динамикалық екпiн. Фонациялық ауаның қарқынымен байланысты болған құбылысты лебiздi немесе динамикалық екпiн деймiз.2.Υндi не тоникальды екпiн. Дауыс ырғағымен байланыстырылған құбылыспен γндi не тоникальды екпiн дейдi. Қазақ тiлiнiң екпiнi лебiздi екпiн тобына кiредi. Лебiздi екпiнге ие тiлдер екпiннiң келу шартына қарай екi топқа бөлiнедi:

1. Екпiнi тиянақты тiлдер.

2. Екпiнi тиянақсыз тiлдер. Қазақ тiлiнiң екпiнi бiрiншi топқа кiредi. Екпiнi тиянақты тiлдерде екпiн сөздiң γнемi арнаулы буынына тγседi. Ал екпiнi тиянақсыз тiлдерде екпiн сөздiң арнаулы буынына тγспейдi. Сөз бен сөздiң шегiн бөлiп, жiгiн ажыратудың басты бiр өлшемi дауыс екпiнi болып табылады. Дауыс екпiнiн ғылыми тiлде акцентуация дейдi. Лебiздi екпiн кей тiлде, көбiнесе екпiнi тиянақсыз тiлдерде сөздiң морфологиялық мағынасын айқындап тұрады. Осы қасиеттерiне қарай лебiздi екпiн екi тγрлi жағдайды аңғартады. Яғни мағына айқындаушы екпiн және сөз айқындаушы екпiн болып бөлiнедi. Мысалы: орыс тiлiндегi сөздерге екпiндер мағына айқындайды: за’мок - замо’к, мука’ –му’ ка.Қазақ тiлiнде мұндай қасиетжоқ. Қазақ тiлiнiң екпiнi сөз iшiнде соңғы буындарда болады. Сондықтан да қазақ тiлiнiң екпiнi сөз және сөз аралығында болу ерекшелiгiне қарай γлкен – γлкен екi топқа бөлiнедi:

Сөз екпiнi.

Сөз екпiнi болыуның негiзгi себебi екпiн сөз iшiнде болатындықтан және сөз соңында кездесетiндiктен сөз екпiнi деп аталады.Қазақ тiлiндегi екпiн басқа тγркi тiлдерiндегi екпiн тәрiздi сөздiң көбiнесе соңғы буынында болады. Екi немесе γш буынды сөздер не көп буынды сөздердiң бiр буыны негiзгi екпiнге ие болады да, қалған буындарына екпiн тγспейдi. Мысалы: шағала, кереге. Екпiннiң сөз iшiнде келуiне қарай оларды екi топка бөлуге болады. 1.Негiзгi екпiн. 2.Көмекшi екпiн.

Қазақ тiлiндегi негiзгi екпiн қосымшада болады. Яғни қосымшалы сөздер негiзгi екпiнге ие болады. Ал, көмекшi екпiн негiзгi тγбiр сөзде болады. Мысалы:о-рақ, о-рақ-шы-лар. Алғашқы буындағы екпiн көмекшi екпiн болады.Кейiнгi буындағы (лар) екпiн негiзгi екпiн болады. Қазақ тiлiндегi қосымшалардың көпшiлiгi екпiндi өз бойына тартып алады. Көптiк, септiк, тәуелдiк жалғаулары екпiндi болып келедi де, жiктiк жалғаулы екпiнсiз болады. Мысалы:оқушылар, мұғалiмдер дегенде екпiн көптiк жалғауына тγседi. Оқушыға, мұғалiмге дегенде екпiн септiк жалғауына тγседi. Сондай-ақ, менiң студентiм, сенiң студентiң, оның iнiсi дегенде екпiн тәуелдiк жалғауына тγсiп тұр. Ал, мен оқушымын, сен студентсiң, сiз мұғалiмсiз дегенде екпiн жiктiк жалғауына тγспейдi.

Тiркес екпiн.

Дауыс екпiнi бiр сөзбен екiншi сөздiң жiгiн ажыратумен ғана емес, бiр сөз тобы мен екiншi сөз тобының жiгiн ажыратып отырады. Сондай-ақ тiлiмiзде белгiлi бiр сөз тiркесi немесе сөз шумағы екпiнге ие болады. Сөйтiп, оларда акцентуациялық комплекс жасалады. Ал мұндай екпiндi фразалық (ритмикалық) немесе тiркес екпiнi деп жγргiзедi. Қазақ тiлiнде тiркес екпiнi болатын сөз топтары мыналар:

1. Қос сөздер тiркес екпiнге ие бола алады. Мысалы: бала-шаға, ығай-сығай, жөн-жосық.

2.Негiзгi мағыналық сөздер мен шылау сөздер тiркес екпiнiне ие бола алады. Мысалы: γйге дейiн, ол γшiн, өзi ғана, мың қаралы.

3.Кγрделi сөздер тγйдегiркес екпiнге ие болады. Мысалы: оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады.

4.Анықтауыш пен анықталған сөздер тiзбегi тiркес екпiнге ие болады.Мысалы: биiк γй, асқар тау.

5.Пысықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тiзбегi тiркес екпiнге ие болады. Мысалы: кеше кедi, жақсы оқыды, қалада болды.

6.Идиома сөздер тiзбегi тiркес екпiге ие болады. Мысалы: қабырғаңмен кеңес, сөз байла, тақсiретiн тартты.

7.Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тiзбегi тiркесекпiнге ие болады. Мысалы: газет оқыды, хат жазды, кино көрдi..

Тақырып. Дыбыстардың үндесуi .

Сабақтың жоспары.

1.Қазақ тiлiндегi дыбыс γндестiгi.

2.Буын γндестiгi туралы.

3.Дыбыс γндестiгi туралы.

4.Прогрессивтiк, регрессивтiк ассимилияция.



Қазiргi қазақ тiлiнде дыбыс γндестiгi фонетикалық құбылыс болып табылады. Сөз iшiндегi не сөздер аралағындағы дыбыстардың дауыс қатысы және жасалу орнына қарай iшiнара жапсарласып жанасуын дыбыстардың γндесуi деймiз . Қазiргi қазақ тiлiнде сөз iшiндегi буындар дауысты және дауыссыз дыбыстардың ыңғайына қарай қиюласады. Дыбыстар γндесуiнiң тγрлi болуына байланысты γндестiк заңы да тγр-тγрге бөлiнедi.

Дыбыстардың γндесуi қазақ тiлiнде өзiнiң негiзгi ерекшелiгiне қарай екi топқа бөлiнедi:







Буын γндестiгi (сингармонизм).

Қазақ тiлiндегi сингармонизм γндестiгi негiзiнен мынадай жағдайларда келедi:

1.Тγбiр сөздiң буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болып γстеледi. Мысалы: бал-балға, жол-жолға, тон-тонды.

2.Тγбiр сөздiң соңғы буыны жiңiшке болса, оған қосылатын қосымша да жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: жер-жерге, iнi-iнiмiз, кγн-кγндi.






1.Көмекшi септiк жалғауының –мен, -бен, -пен қосымшалары сөздiң соңғы буыны жуан болса да, жiңiшке болса да сол қалпында жалғанады. Мысалы: сиямен жаздым, атпен келдiм, отпен ойнама, ағашты арамен кестi. Сен Υмбетпен кездестiң бе? Соңғы сөйлемде ғана сөздiң жiңiшке болуына байланысты –пен жалғауы қосылып тұр.



2.Меншiктiк ұғым беретiн –нiкi, -дiкi, -тiкi құрамдас қосымшалар да, буын γндестiгiне бағынбай, сөздiң соңғы буыны жуан болса да, жiңiшке болса да осы кγйiнде жалғанады. Мысалы: Арба Асандiкi.



3.-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм жұрнақтары да сөздiң соңғы буынының қандай болғанына қарамай, сол кγйiнде жалғанады. Мысалы: өнерпаз, бейнетқор, әзiлқой т.б.



4.Х әрпiне бiткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан тγрде жалғанады. Мысалы: цехтың, тарихқа т.б.



5.-рк, -нк, -ке, -кт дыбыстар тiркесiне бiткен орыс тiлiнен енген сөздерге қосымшалар жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: парктен танктi т.б.



6.-ль әрiптер тiркесiне бiткен бiр буынды орыс тiлiнен енген сөздерге қосымшалар жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: рольдi, рульсiз, рульден т.б.

Тапсырмалар: Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.


Жас бала екен

болған


жаңа мектеп деді

Жақсы емхана шығар

Киген киімі қаланікі сияқты

Көрінген жарық


Өсімтал,кіріптар, діндар, балгер, жемқор, әсемпаз, арухана,зиянкес, сәнқой.

2-тапсырма: Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі-сызбаға сүйеніп жазыңдар.

-нікі қаланікі, ауылдікі, менікі, онікі, осынікі, осы жердікі

(-дікі)-тар

Сингармонизм саласында көзге айқын түсетін фонемалар-дауыстылар; дауыстылар сингармонизмнің түр-түрін жасауға негізгі арқау болады; ал дауыссыздар дауыстыларға селбесіп барып, дауыстылардың ыңғайына қарай айтылады. Демек, сингармонизм заңы бойынша көршілес буындардың, көбіне, алдыңғысы кейінгі буынды ілестіріп тұрады.

В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.А.Богородицкий т.б. авторлардың пікірінше: сингармонизм заңы бойынша түбір тұлғаның вокализмі қосымшадағы (жалғау,жүрнақтағы) вокализмді билеп тұруы керек.

Қазақ және өзге түркі тілдері үшін бұл ережені қисық деуге болмайды.В.А Богородицкий өзінің «Этюды... атты еңбегінде түркі тілдеріндегі сингармонизм категориясын ол тілдерде префикс пен предлогтардың болмауына (яғни олардың орнына түбірдің соңынан қосылатын жалғау, жұрнақтардың болуына ) байланыстырды.Автордың бұл пікірін екінші сөзбен айтқанда: сингармонизм түркі тілдерінің жалғамалы құрылысы- мен ұштасқан категорияға жатады.

Қазақ тiлiнде өзге тγркi тiлдерiндегi сияқты ерiндiк дауысты дыбыстар γндестiгi жоқ, ал қосымшаларда ерiн мен езу γндестiгi араласа келiп те қалады. Мысалы: орақтардың, орыңдар, кγндiзгi сияқты сөздер айтылуда ерiн және езу γндестiгi бойынша жұмсалады. Жоғарыда бiз дауысты дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалын сингармонизм γндестiгi десек, ал дауыссыздардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалын ассимилияция деймiз. Осы дыбыстар өзгеруiнiң тiл-тiлде басты-басты екi тγрi бар. Бұл дыбыстар өзгерiсiнiң негiзгi денi дыбыстау мγшелерiнiң қызметiне, яғни артикулияциясына байланысты болады. Осы дыбыстар өзгерiсiнiң екi тγрi мыналар:

1.Комбинаторлық өзгерiстер.

Лингвистикалық әдебиетте дауыстыларға байланысты үндесуді (сингармонизмді) буын үндестігі деп те атайды, ал дауыссыздарға байланысты үндесуді (ассимляцияны) дыбыс үндестігі деп те атайды.Сөйтіп, сингармонизм категориясында, ассимиляция категориясында- дыбыстар үндесуінің басты екі түрлі тараулары деп білуіміз керек.Бұл екі тараудың екеуі де –дыбыстау мүшелерінің қызметіне ( артикуляциясына) байланысты өзгерістер.Сондықтан бұл екеуінің айрықша өзгешеліктерін білумен қатар,олардың өзара ортақ қасиеттеріне де көңіл бөлген мақұл.




Дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты екі түрлі екі жолы бар:




Комбинаторлык өзгерiстер көршiлес дыбыстардың бiрiне-бiрi тигiзген ықпалына байланысты болады. Белгiлi бiр дыбыстың екiншi бiр дыбысқа алмасуы да, кейде дыбыстың түсiп қалуы да немесе тыңнан белгiлi бiр дыбыстың пайда болуы да сөздегi өзге дыбыстардың әуенiмен байланысты болады. Мысалы: Ол ауылға кеттi. Ол қызметке кеттi –деген сөйлемдердi алайық. Мысалы ауылға дегеннiң қосымшасы –ға, өзiнен бұрынғы тетелес буынмен γйлесiп тұр.Ал, қызметке дегенде –ке қосымшасы өзiнен бұрынғы буынмен γндесiп тұр. Осы комбинаторлық өзгерiстерде бiр дыбыс екiншi дыбысқа тәуелдi болып тұрады. Яғни бiр дыбыс екiншi бiр дыбысқа игерiлiп тұрады.Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерістерін қазақша игерулі өзгерістер деп атауға болады. Дыбыстар γндесу категориясы сингармонизм құбылысы да, ассимилияция құбылысы да комбинаторлық өзгерiстерге жатады.



2.Спонтандық өзгерiстер. Ал,спонтандық өзгерiстерде көршiлес дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзген ықпалы болмайды. Ал, мұнда дыбыс өзгерiсi өзге дыбыстардың ықпалына өздiгiнен құбылып тұрады. Мысалы: Шелек сөзiн кейбiр жергiлiктi жерлерде челек деп айтады. Осы жердегi дыбыстың құбылысы бiрде ш, бiрде ч болып өзгередi. Мiне, осындай өзгерудi спонтандық өзгерiстер дейдi.Демек, спонтандық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болмайды, бір дыбысты өзге дыбыс игере алмайды.Сондықтан дыбыстардың бұл тәрізді өзгерімтерін қазақша игерусiз өзгерiстер деп атайды.

Дыбыс γндестiгi (Ассимилияция) Ассимилияция дауыссыз дыбыстардың γндесуi болып табылады. Тγбiр мен қосымша аралығында, бiрiккен сөз сыңарлары жiгiнде және сөз тiркесi сыңарларының аралығындағы көршi дыбыстардың бiр-бiрiне тигiзетiн әсерiн дыбыс γндестiгi (ассимилияция) дейдi.Қазiргi қазақ тiлiнде дыбыс γндестiгi буын iшiндегi дыбыстардың артикулияциялық жақтан бiр-бiрiне бейiмделуiне қарай, негiзiнен, екi тγрде кездеседi.

1.Толық тγрде кездесетiн ассимилияция.

2.Жартылай тγрде ұшырайтын ассимилияция.

Толық тγрде кездесетiн ассимилияция деп бiр дыбыс дәл өзiндей етiп елiктiруiн айтады. Мысалы:

Айтылуы: жазылуы:

Жасса Жазса

Сγссе Сγзсе

Жұмысшы Жұмысшы

Сөзшең Сөзшең

Ал, жартылай тγрде ұшырайтын ассимилияция деп бiр дыбыстың екiншi бiр дыбысқа дәл өзiндей етiп елiктiрмей бiр жақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы тγбiрдiң соңғы ұяң з дыбысының әуенiмен қосымшының да басты дыбысы ұяңға айналып тұр. Тγбiр мен қосымшымның бiрiккен сөздердiң және көршiлес дауыссыз дыбыстардың бiр-бiрiне iлгерiлi-кейiндi әсер етiп өзгеруiн ықпал заңы дейдi. Дауыссыз дыбыстардың бiрiне-бiрi тигiзген әсерiнен туатын ықпал заңы қазақ тiлiнде негiзiнен, γш топқа бөлiнедi:



1. Iлгерiндi ықпал (прогрессив ассимилияция)

2. Кейiндi ықпал (регрессив ассимилияция)

3. Тоғыспалы ықпал.

Тiл ғылымында iлгерiндi ықпалды прогрессивтiк ассимилияция, кейiндi ықпалды регрессив ассимилияция деп атайды.



Прогрессивтiк ассимилияция.

Дыбыстар өзгерiсiнде прогрессивтiк ассимилияцияның мәнi γлкен. Прогрессивтiк ассимилияция деп бiр сөз көлемiнде немесе бiрнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейiнгi дыбысқа артикулияция жағынан өзiне ұқсата ықпал жасауын айтады.Қазақ тiлiнде сөз iшiнде кездесетiн iлгерiндi ықпалдың мынадай γш тγрi бар:



1.Тγбiр мен қосымшы аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.

2.Бiрiккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.

3.Сөз тiркесi сыңарлары аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.

Тγбiр мен қосымшы аралығындағы iлгерiндi ықпал қазақ тiлiнде жиi кездеседi. Тγбiр мен қосымшы аралығындағы алғашқы дыбыстың кейiнгi дыбысқа тигiзетiн әсерiн тγбiр мен қосымша аралығындағы iлгерiндi ықпал дейдi. Тγбiр мен қосымша аралығындағы, iлгерiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:

1.Сөздiң соңғы дыбысы ұяң не сонар дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басты дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонар дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.

2.Сөздiң соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оған дауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бiрiншi дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кiтап-тар,кiтап-қа, орақ-тар, орақ-қа.

3.Тγбiр сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы қатаң ш дыбысына айналып естiледi. Мысалы:

жазылуы айтылуы

қашса қашша

ашса ашша

ұшса ұшша

шашсыз шашшыз

Бiрiккен сөз сыңарларының арасындағы прогрессивтiк ассимилияция.

Бiрiккен сөз сыңарларының аралығындағы iлгерiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:1.Бiрiккен сөздiң бiрiншi сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бiтiп, екiншi сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда бiрiншi сөздiң соңындағы қатаң дыбыстың әсерiнен екiншi сөздiң басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естiледi:



жазылуы айтылуы

Жγсiпбек Жγсiппек

Кеңесбек Кеңеспек

2.Бiрiккен сөздiң бiрiншi сыңары не ұяң сонар дауыссыз дыбысқа бiтiп, екiншi сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екiншi сыңарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естiледi. Мысалы:



жазылуы айтылуы

Жиенқұл Жиенғұл

Көзқарас Көзғарас.

Сөз тiркесi аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.

Бұл тақырыптың мынадай өзiндiк белгiлерi бар:

1.Сөз тiркестерiнiң алдыңғы сөзi қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екiншi сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғы қатаң дыбыстың әсерiнен келесi сөздiң басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы:

жазылуы айтылуы

алып бар алып пар

тоқ бала тоқ пала

2.Сөз тiркестерiнiң алдыңғы сөзi дауысты дыбысқа немесе сонар, не ұяң дауыссыз дыбыстың бiрiне аяқталып келесi сыңардың басқа дыбысы қатаң к, қ дыбыстарының бiрi болса, айтылуда екiншi сөздiң басындағы қатаң к, қ дауыссыз дыбыстары ұяң г, ғ дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:



Жазылуы : Айтылуы:

Қара қағаз қара ғағаз,

Боз көйлек боз гөйлек.

Регрессивтiк ассимилияция.

Тγбiр сөз бен қосымшаның, бiрiккен сөздiң және сөз тiркестерiнiң аралығындағы соңғы дыбыстың өзiнен бұрыңғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуiн регрессивтiк ассимилияция дейдi.Қазақ тiлiнде регрессивтiк ассимилияцияның γш тγрi бар:

1.Тγбiр мен қосымша аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.

2.Бiрiккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.

3.Сөз тiркестерi аралығындағы регрессивтiк ассимилияция.

Тγбiр мен қосымша аралығындағы ассимилияция.

Тγбiр мен қосымша аралығындағы, кейiндi ықпалдың мынадай өзiндiк белгiлерi бар.

1.Тγбiр сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының бiрiне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, тγбiрдiң соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстары өзгерiп ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.

2.Етiстiктiң тγбiрi қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсемшенiң –ып, -iп жұрнағы жалғанса, тγбiрдiң аяғындағы қатаң п дауыссыз дыбысы γндi у дауыссыз дыбысына айналады. Мысалы: шап-шауып, сеп-сеуiп т.б.

3.Тγбiр сөз н дыбысына аяқталып, оған ғ, г, б дауыссыз дыбыстарының бiрiнен басталатын қосымша жалғанса, тγбiрдiң соңындағы н дыбысы өзгерiлiп ң немесе м дыбысының бiрiне айналып естiледi. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Бұрынғы бұрыңғы

Жанға жаңға

Дγйсенбi дγйсембi

4.Тγбiр сөз с, з дауыссыз дыбыстарының бiрiне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбысынан басталса с дыбысы өзгерiп ш дыбысына, з дыбысы өзгерiп с немесе ш дыбысына айналып естiледi. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Бозжанов Божжанов

Оразжан Оражжан

5.Бiрiккен сөздердiң бiрiншi сыңары н дыбысына бiтiп, екiншi сыңары б, п, қ, ғ, г дыбыстарының бiрiнен басталса бiрiншi сөздiң соңындағы н дыбысы м немесе ң дыбысына айналып естiледi. Мысалы:



жазылуы айтылуы

Жанғали Жаңғали

Жанпейiс Жампейiс.

Сөз тiркесi аралығындағы прогрессивтiк ассимилияция.

Мұның мынадай өзiндiк белгiлерi бар:

1.Қатар айтылған екi сөздiң бiрiншiсi қ, к, п дыбыстарының бiрiне бiтiп, екiншi сөз я дауыссыз, я γндi, я ұяң дауыссыз дыбыстан басталса бiрiншi сөздiң соңындағы қ, к, п дыбыстары өзгерiп ғ, г, б дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Көк жиек көгжиек

Шолақ едi Шолағ едi

Шөп әкелдi Шоб әкелдi.

2.Қатар айтылған екi сөздiң бiрiншiсi з, с дыбыстарының бiрiне аяқталып, келесi сөз ш, с, ж дыбыстарынан басталса, бұл дыбыстардың әсерiнен бiрiншi сөздiң соңындағы з, с дыбыстары өзгерiп ш, с, ж дауыссыз дыбыстарына айналып естiледi. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Боз жорға Бож жорға

Тас шаптың ба? Таш шаптың ба?

3.Қатар айтылған бiрнеше сөздердiң бiрiншiсiнiң соңғы дыбысы екiншiсiнiң бақы дыбысы дауысты болып келсе, алғашқы сөздiң соңындағы дауысты дыбыс тγсiрiлiп айтылады. Мысалы:



жазылуы айтылуы

торы ала ат торалат

кiсi асына сабыр кiсасына сабыр.

Тоғыспалы ықпалы.

Сөздердiң аралығындағы көршiлес дыбыстардың бiрiне-бiрi әсер етуiнен туатын дыбыстық өзгерiстердi тоғыспалы ықпал дейдi. Тγбiр мен қосымша аралығында, бiрiккен сөз сыңарлары аралығында, сөз тiркестерi аралығында, алғашқы дыбыстың кейiнгi дыбысқа, кейiнгi дыбыстың алғашқы дыбысқа, әсер етуiнен тоғысып жатады. Сөз сыңарлары аралығында келетiн дыбыстар бiрiне-бiрi iлгерiлi-кейiндi әсер етiп, алдыңғы дыбыс кейiнгi дыбысқа әсерiн тигiзiп, соңғы дыбыстың сапасын өзгертедi де, ал соңғы өзгерген дыбыс өзiнен бұрығы дыбысқа әсерiн тигiзедi. Мысалы:

Жазылуы айтылуы

Қазанқап Қазанғап.

Сондай-ақ мына бiрiккен сөздердi де бақылауға болады.

Досжан Дошшан

Есжан Ешшан

Сөз тiркестерi аралығында да байқалады: тас жол – таш жол т.б.



Графика және орфография. Графиканың мәні және алфавит.Орфография.

Сабақтың жоспары.

1.Графика жайлы тγсiнiк.

2.Орфография туралы тγсiнiк.

3.Орфоэпия жайлы тγсiнiк.

Графика (грек,grahike-жазылған,өрнектелген, сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады,яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың ара қатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы.Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады.Бұдан басқа сөздерді қысқарту, бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып танылады.Соның кγрделiсi -- графика.Графиканың негiзгi зерттейтiн мәселесi тiлдiң алфавитiндегi әрiптердiң құрамы болып табылады. Тiл дыбыстары жазуда графикалық таңба әрiптермен бөлiнедi. Сөз құрамында айтылатын тiл дыбыстарының жазба тiлде қағаз бетiне тγсiп жазылуы және оған орай оқылу γшiн олардың белгiлi бiр тiлдегi фонемаларды және олардың тiркесiп белгiлеу тәсiлдерiнiңжиынтығы дегендi бiлдiредi.

Графикалық қағида бойынша әртγрлi фонемалар бiр ғана әрiппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзiне телiнген таңбасы болуы қажет.Графика белгiлi бiр фонеманың белгiлi бiр таңбасы болсын деген қағиданы қолдайды.

Ал,алфавиттiң қазақ тiлi тарихында өз алдына эволюциясы бар.Жиырмасыншы жылдарға дейiн қазақ алфавитi араб графикасына негiзделген алфавит болады. Бiрақ араб алфавитiнде ұқсас әрiптердiң көп болуы және ондай әрiптердiң бiрiнен екiншiсi қосалқы белгiлер арқылы ғана ажратылуы сияқты таңбалар қиындыққа келтiрдi. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негiзiндегi жаңа алфавиттi қабылдады. Латын алфавитiнiң сауат ашыуда болсын, баспа iсiнде болсын араб жазуы негiзiндегi алфавитке қарағанда әлдеқайда прогрестiк маңызы болды. Бұл алфавиттiң құрамында 29 әрiп бар едi. Бiздiң елiмiзде тγркi тiлдерiнде сөйлейтiн халықтар орыс графикасына негiзделген алфавитке көшудi 39-шы жылдардың аяғы, 40-шы жылдардың басында жаңа алфавитке көше бастады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген жаңа алфавиттi 1940 жылы қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негiзделген алфавиттi дұрыс тγсiндi.

Орыс алфавитiндегi 32 әрiп тγгелдей қабылданып, оған қоса орыс тiлiнде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әрiп алынды да, әрiп саны 41-ге жеттi. Орыс тiлiнде жоқ дыбыстың қазақша таңбалары: қ, ғ, ә, ө, ұ, γ, i,Орыс алфавитiндегi әрiптерге мысалы: о, к, г, у, н сияқты әрiптерге ұқсас болу жайы ескерiлдi.Орыс графикасына негiзделген жаңа алфавит бұдан бұрын келген қиыншылықтардан бiржола құтқарды. Сондай-ақ графика мен орфография (дұрыс және жазамын деген грек сөзiнен алынған) өзара тығыс байланысты болады.

Орфография дұрыс жазу ережелерiнiң жиынтығы дегендi бiлдiредi. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгiлегенде тiлдiң әртγрлi жақтарын және олардың байланысын бiрдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сγйенедi. Орфографияның негiзiнен мынадай принциптерi бар:

1.Фонетикалық принцип.

Фонетикалық принцип бойынша әрбiр фонема қай позицияда келуiне қарамастан өзiнебекiтiлген тұрақты таңба бiр ғана әрiппен белгiленедi.Фонетикалық принцип сөздiң құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазылуын басшылыққа алады. Мысалы: жаздыгγнi, қыстыгγнi, ашудас дегенде сөздердiң айтылуынша жазылуы фонетикалық принцип нәтижесi.



2.Дәстγрлiк принцип.

Дәстγрлiк принцип этимологиялық принциппен төркiндес соған ұқсас принцип болып табылады. Орфографияның бұл принципi тiлдiң ерте кездегi жазу дағдысына негiзделедi де сөздiң ертеректегi айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейдi. Мысалы:дәстγр сөзi дәстiр, мазмұн сөзi мазмұн тγрiнде айтылғанымен бұлар орнығып кетуiне байланысты жазылуын дәстγрлiк принципке жатқызамыз.



3.Морфологиялық принцип.

Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердiң айтылуынаемес сөздердiң тγбiр тұлғасын сақтауға негiзделедi. Морфологиялық принцип сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы:

Басшы башшы

Ұшсын ұшшын

Морфологиялық принцип кγллi тγркi тiлдерi γшiн ең қолайлы принциптерден саналады. Өйткенi тγркi тiлiндегi сөздердiң морфологиялық құрылысы және олардың тγбiр тұлғасының сақталуы бiрдей келедi. Орфографияда қаралатын әрбiр сөздiң белгiлi бiр айтылу нормасы бар, яғни орфоэпия жалпыға бiрдей ортақ және қалыптасқан бiрыңғай нормаларды зерттейдi. Бiрыңғай дұрыс айту жайындағы ережелердiң жиынтығы орфоэпия (тура, дұрыс және сөйлеу деген грек тiлiнен алынған) деп аталады.Әрбiр әдеби тiлдiң орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тiркестерiнiң дұрыс айтылу ережелерiн ғана емес, сонымен бiрге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылуы қағидаларын қамтиды. Дыбыстардың бiр-бiрiмен γндесiп айтылуы сөз iшiндегi дыбыстарға ғана емес, сонымен бiрге сөздiң аралығындағы сөздерге қатысты. Мысалы: сақ бол, әкеп бер, қара көз, бара алып едiм, γлкен ғалым деген сөздердiң тiзбегi сөйлеу процесiнде сақпол, әкеппер, қарагөз т.б. тγрiнде айтылады.

Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердiң аралығында қатар келген екi дыбысты дыбыстың алғашқы сөйлеуде тγсiрiлiп айтылады. Мысалы: торы ала ат, бара аламады, келе алмады деген тiзбектер торалат, баралмады, келалмады тγрiнде айтылады. Орфоэпияны қарастырғанда оның негiзгi мәселесi екпiнмен ұштасады. Екпiн орфоэпиялық категория. Екпiнi тұрақты тiлдерде екпiн сөздер мен сөз тiркестерiнiң айтылуына әсер етедi. Мысалы: Сарыарқа деген сөздiң Сарарқа болып айтылады, бұл сөздiң бiрiншi сыңарының дербес екпiннен айрылып қалып, сөғы сыңармен екпiн жағынан бiр топ болып айтылуына байланысты болады. Сондай-ақ торы ала ат сөзi торалат болып ықшамдалуы, оның сыңарының әрқайсысының дербес екпiнге ие болу қажетiнен айрылып, бiр екпiнге бағынып айтылуымен байланысты болады. Әдеби тiлдiң орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруды мектеп, радио, телевизор, театр және киноның атқаратын ролi айрықша кγштi. Сондықтан да орфоэпиялық қағидаларды γйренуде iрi және көрнектi дикторлардың сөздерiн жиi тыңдау қажет.

Жазбаша тiл ауызша тiлдiң графикалық бейнесi. Ол көбiнесе-көп ойды ауызша айтуға мүмкiндiк болмағанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланылады. Мұның бiр артықшылығы, бұған айтушымен тыңдаушының арақашықтығы кедергi бола алмайды. Жазбаша тiл ауызша тiл негiзiнде ғана пайда болады. Өйткенi жазатын адам ойын iштей айту арқылы ғана қағазға түсiредi, жазуға айналдырады. Жазбаша тiлдiң ережелерi мен заңдылықтарын тiл бiлiмiнiң графика және орфография деп аталатын тарауы қарастырады.

Графика мен орфография әр түрлi құбылыс бола отырып бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiрiнi-бiрi толықтырып тұрады. Графика-(грек тiлiнен алынған болып, жазылған, өрнектелген сызылған деген мағынаны бередi). Аты айтып тұрғандай жазу және соған қатысты мәселелердi қарастырады, яғни белгiлi бiр жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әрiп пен дыбыстың ара қатынасы, сол әрiп таңбаларды жетiлдiрудiң жайы. Қәзiргi қазақ графикасының басты құралы әрiп пен тыныс белгiлерi болып табылады. Бұдан басқа сөздердi қысқарту бас әрiп пен жазу жаңа жолдан бастау текстегi кейбiр сөздердi айшықтандыруда да графиканың амалына жатады. Жазуда әрiптер тiл дыбыстарын неғұрлым дау беретiн болса, графикалық жүйеде соғұрлым жетiлген болып табылады.

Қәзiргi қазақ графикасы әрiптердiң жазылу тәсiлiне және өрнегiне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (машина жазу графикасы) болып бөлiнедi. Қәзiргi жазу графикасындағы әрiптердiң орыс графикасындағы дыбыстар негiзiнде пайда болаған.

«Жазу-адамдардың кеңiстiк пен уақытқа тәуелдi болмай, өмiрдiң барлық саласында кең түрде қарым-қатынас мүмкiндiк беретiн құрал». Жазудың шығуы және оның кезеңдерi К.Ахановтың «Тiл бiлiмiнiң негiздерi» оқулығында жақсы айтылған.

Графика деген түсiнiк әдетте фонемалық жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады.

Әлемде 3 түрлi жазу жүйесi кең тараған. Латын, кириллица және арап жазулары. Алайда бұл жазулар мiнсiз графикалар емес. Ағылшын тiлiнде 40 фонема бар. Ал ағылшын алфавитiнде 118 графема бар. Графема-тiлдiң графикалық жүйесiндегi ең кiшi бiрлiк ол әрiптерге синоним ретiнде қолданылады. Кириллица жазуының графикалық жүйесi графемалардың фонемаларды өрнектеуге қолайлы.

Мұны грек тiлiндегi шiркеу кiтаптарының ескi славян тiлiне аудару үшiн славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавитi негiзiнде жасаған.

Кәзiргi орыс алфавитiнде осы кириллицаның негiзiнде жасалып түзету толықтырудан өттi.

Қазақ тiлi жазудың осы үш түрлi жүйесiн басынан өткiздi. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейiн араб графикасын пайдаланып келдi де, 1929 жылы шiлденiң 25-iнде Қазақстан Орталық атқару комитетiне «Қазақтың жаңа емлесi туралы» декретi жарияланғаннан кейiн латын графикасына көштi. Жаңа алфавитте 29 әрiп болды, 9-ы дауысты, 18 дауыссыз деп, екеуi жарты дауысты деп таңбаланды. Емленiң негiзгi принципi фонетикалық болды. Бас әрiп пайдаланылмады. Алайда латын графикасына негiзделген жазудың өмiрi қысқа болды.

1940 жылы араб графикасына негiзделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесiнде қәзiргi жазуға ие болды. Алғашқы алфавитте 41 әрiп болды. Алфавиттiк қатарда алдымен орыс тiлiне тән әрiптер содан соң орыста жоқ, қазақ тiлiне ғана тән әрiптер тұрды. Бұл тәртiп 1957 жылы өзгерiп, қәзiргiдей күйге келдi, яғни а,ә,б,в,г,ғ деген сияқты және қазақ алфавитiн қатарына ә әрпi қосылды.

Қәзiргi қазақ алфавитiнде 42 әрiп бар. Оның 33-i орыс тiлiнен өзгерiссiз қабылданды да, орыс графикасының негiзiнде жаңадан 9 әрiп (ә,ғ,қ,ң,ұ,ү,i,ҳ) жасалды. Бұл әрiптердiң 25-i дауыссыздардың, 15 дауыстылардың таңбасы, екi әрiпте (ь,ь) дыбыстық мән жоқ.

Қазақ жазуында фонемалық жазу, үндестiк заңына сай кез келген фонема бiрнеше реңде ұшырайды.

Әрiптер негiзгi және қосалқы мәндi болып келедi. Егер әрiп сөз iшiнде тұрғандай дыбысталса, онда негiзгi мәнде тұрғаны. Ал ол сөз iшiнде жеке тұрғандағыдай дыбысталмаса, онда қосалқы мәнде тұрғаны, мысалы: бала, жау, екi, емес, сары сөздерiндегi б,з,е,ы әрiптерi негiзгi дыбыстық мәнiнде қолданылып тұрса, ал араб, жазу, екi, үкi, елес, ұры дегендер олар қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, з-с, i-ұ, е-ө, ы-ұ болып дыбысталады да, әрiп өзi таңбалайтын, айқындайтын әрiптердiң негiзгi мәнi маңызды. Ал әрiптердiң қосалқы мәнi орфография ережесiне сай қолданылуынан көрiнедi.

Қазақ алфавитiндегi әрiптер негiзгi мәнiне қарай екi топқа бөлiнедi: бiр мәндi және көп мәндi. Бiр мәндiлер (ә,ө,ұ,ү,г,қ,ғ) үнемi бiр-ақ дыбысты бейнелесе, ал қалған әрiптер екi, тiптi үш-төрт мәндi болып келедi. Мәселен; б,д,ж,е,ш жуан әрi жiңiшке айтылатын дыбысты таңбалайды. Тоба-төбе, дау-дәу, қожа-көже, аса-есе, ұшық-iшiк.

Әр әрiптiң өзiнiң аты бар, дауысты әрiптердiң өзiне сай дауыссыз дыбыстың жеке өзiнен (а,ә,е,о,ұ,ү,ы,i) не дауыссыздан басталатын дауыстыдан (е,ю,я), сондай-ақ дауыссыздан аяқталатын дауыстыдан (и,у) тұрады. Ал дауыссыз әрiптердiң аты сол дауыссызбен дауыстының тiркесi айтылуынан құралады. Мысалы; балалар деген сөздiң бас дыбыс б-ны бөлек айтпақ болсақ, ал бы деп айтамыз және р дыбысын ыр деп немесе ры қана айтамыз, алдынан ы дыбысын қосып айтамыз.
Қазақ тiл бiлiмi қаз-қаз баса бастаған 30-жылдарда Қ.Жұбанов жоқарыдағыдай пiкiр айтқан едi. А.Байтұрсыновтың 1912 жылға «Оқу құралында дауыссыз әрiптiң мәнi мен айтылуы» болып келедi. бы,гi,ғы,ды,жы,зы,кi,қы т.б. Қысқасы дауыссыздардың алды, артынан қысай ы,i дыбыстарын қосып айту тiлдiң өзiндiк үйлесiнен, жарасымынан туындаса, әр сөйлеуде буыннан кем элемент болмайтынын аңғартады. Алайда орыс алфавитiне көшу кезiнде тiлiмiздiң өзiндiк ерекшелiгi ескерiлмей, дауыссыз әрiптердiң аты да, орыс тiлiндегiдей немесе оған жуық айтылатын болды. Орыс тiлiндегiдей айтылатындар: қа, ел, ғым, эм, эн, эр, эф, ха, ва, ща соған жуықтар: бе, ве, де, же, зе, пе, це, че- бұларда э,е -мен алмастырылған. Ал қазақтың өзiндiк дауыссыз әрiптерi ғана қа, эң, ха, да деп орыс тiлiндегiдей қылып айтамыз. Егер осы дауыссыздарды с,р,ф,н,д,т,л,ң,б,з,м,г,к,ш,ж,қ,х,ҳ түрде шашып жiберiп әлгi заңды аттарымен атай бастасақ: эс-эр, эф-эн-де, те-эл-эң-бе-зе, эм-ге ка-ша же деген сияқты келемежге кенелер едiк. Әрiптерiмiздiң бұлайша орысша аталуынан сол орыс тiлiне деген «құштарлықты», саясаттың ызғарын сезу қиын емес.

Қазақ тiлiнiң орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пiкiр айтушылардың бiрi-М.Балақаев. Ол өзiнiң «Қазақ тiлi мәдениетiнiң мәселелерi» деп аталған еңбегiнiң алғы сөзiнде былай дейдi: «Бiрақ сөздердiң айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесi ескерiлмей, елеусiз қалып келдi. Сондықтан да бiзде бұл мәселе жөнiнде күнi бүгiнге дейiн ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынаны дұрыс, мынасы терiс дегендi көп есiтпеймiз. Кiм қай сөздi қалай айтады, қалай естидi-бәрiбiр әйтеуiр нобайы келсе болғаны. Бұл кемшiлiктерден арылу үшiн әрбiр сөздiң дұрыс айтылуы нормасын сақтап сөйлеудi тiл мәдениетiнiң басты талаптарының бiрi етiп қою керек». Кiтапта «Орфоэпиялық және орфографиялық норма» деп аталатын тақырып бар. Көлемi шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бiрсыпыра құнды мағлұмат айтылған. Рас, автор алғаш: «Қазақ сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ» деген де пiкiр айтады. Алайда келесi бетте-ақ: «Cөйтiп қазақ тiлi сөздерiнiң айтылуы мен жазылуы әр уақытта бiрдей бола бермейдi. Сөздердiң айтылуы мен жазылуында бiрлестiк болу мүмкiн емес», - екенiн нақты фактiлермен дәлелдейдi. Соңы ы,i дыбыстарға бiткен етiстiктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ, ү-ге айналып кететiнi де айтылады. Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пiкiрiн ұсынады: «Сонда жалпылама долбармен айтқанда, сөздердiң айтылу нормасы былай болуы керек: құлаққа жағымды, көңiлге қонымды айтылғанның бәрi-норма, бәрi дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естiлетiн, көңiлге қонбайтын бұлдыр, оғаш түсiнiксiз, дөрекi айтылғанның нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тiлдiк нормалар қоғам мүддесiне негiзделгендiктен олар жалпы халыққа бiрдей түсiнiктi, тiлге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиiс». Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфографиясына қатысты алғашқы пiкiрлер айтылған деуге болады.

М.Дүйсенбаевтың «Қазақ әдеби тiлi орфоэпияның негiзгi мәселелерi» аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу.

Автор дұрыс сөйлеудiң нормасы тiлiмiздегi белгiлi бiр заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескерiп, тiлiмiздегi дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшелiктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тiлiнiң сөйлеу мәдениетiнiң қалыптасуына әсер еткен негiзгi жағдайлар ретiнде мыналарды атап көрсетедi. Халықтың дәстүрлi сөйлеу тiлi белгiлi бiр мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тiл мен көркем әдебиет. Автордың мына пiкiрiне жүйелi түрде көңiл аудару керек болады: Қазiргi Алматы қаласындағы қазақ интеллигенциясының сөйлеу тiлi дұрыс сөйлеу мәдениетiнiң үлгiсi болады деймiз»

Х.Қожақметованың мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне маман даярлайтын педагогикалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» деп аталатын оқу құралында» орфоэпияға да орын берiлген. Тiптi «Орфоэпияның басты ережелерiн» анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрiнде қалған.

Қазақ тiлi орфоэпиялық нормаларын жүйелi түрде бiршама дұрыс баяндаған, осы саладағы iзденiстерге үлгi-өнеге боларлық еңбек- Р.Сыздықованың «Сөз сазы» cөздi дұрыс айту нормалары, 1983 жылы жарық көрген бұл кiтапшада қазақ тiлiнде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсiрiлiп, 36 параграфқа топтастырылған. Және мұның өзi құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берiлген, жаттығуы және бар. Еңбектiң және бiр артықшылығы сөйлеу үстiнде сөздердiң ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерiн анықтайды. Бұл еңбек жетiлдiрiп, 1995 жылы қайта жарық көрдi.

Ә.Жүнiсбековтың еңбектерi тiлiмiздегi дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерiн дұрыс танытып қоймай, орфоэпияға қатысты мәселелердi бередi. Сөйтiп алғаш елеусiз қалған тiл мәдениетiмiздiң үлкен бiр көрсеткiшi -орфоэпия саласыда соңғы 20-жылдардың iшiнде елеулi жұмыстар iстелдi. Әрине, бұл мәселе өз шешiмiн жан-жақты деуге болмайды, әсiресе тiлдi тұтынушы көпшiлiктiң игiлiгiне айнала қойған жоқ. Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаған А.Байтұрсынов сингорманизм туралы сындарлы еңбек жазған Х.Досмағанбетов тiлдi бесiктен бойға сiңiргендер.

Сонымен орфоэпия ережелерi тiлдегi сөздер мен бунақтарды әдеби тiл нормасына сай неғұрлым бiрiздi, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзi айналып келгенде жеке дыбыстардың, дыбыстар тiркесiнiң айтылу ерекшелiктерiмен, дыбыстың үндестiгiмен тiкелей байланысты. Қысқасы орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшiн тiлдегi әрбiр дыбыстық акустика-артикуляциялық белгiлердiң қолданылуындағы ерекшелiктердi, яғни фонетика ғылымын жақсы бiлуге болады.

«Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылы қабылданған емле ережелерiн» пайдаланып келедi. Сөздiк жазылу жағдайының бәрiн графика тұрғысынан түсiндiруге болмайды. Графика бойынша: өлең, құлұн, жасса, жұмышшы, түрде жазуға әбден болады және бұл сөздiң айтылуына дәл келедi. Алайда қәзiргi жазба тiлдiң дыбыстық жағын ғана қамтып қоймайды. Сонымен бiрге морфология, сөз жасам, лексикология және фонетикалық құрамының тарихи дамуымен де тығыз байланысты.

Орфография сөздiң графикалық бейнесiнiң қалай жазылу керектiгiн жалпы ережелерiн жасайды. Қысқасы, графика және дыбысты, әйтеуiр жазуды қарастырса, орфография сөздiң қалай жазылуын яғни графикалық бейнесiн қарастырады.



Әлемдегi жазу жүйелерiнiң көбi бiрнеше ғасырлық даму жолынан өттi. Мысалы, орыс жазуының тарихы екi ғасырдан асады. Осы орыс жазуына негiзделген қазақ жазуы жарты ғасырдан асты. Алайда осындай ұзақ жазудан өтiп, жетiлген деген жазулардың өзi де дыбыс жүйесiмен алфавиттiң арасында толық сәйкестiкке жете қойған жоқ.





Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет