Өркен. Бүршік. Олардың морфологиясы



Дата04.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#171055
түріСабақ
Байланысты:
Өркен Бүршік (копия)

Өркен. Бүршік. Олардың морфологиясы


Жапырағымен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркендейді.
Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі- сабақ деп аталады.Сабақтың жапырақ өсетін жуандау
жерін буын дейді.
Бір буынмен екінші буын арасын буынаралығы деп атайды. Өркен тамыр сияқты жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Өркеннің тамырдан басты айырмасы- жапырақтың болуы.
Өркендерді жіктеу
Вегетативтік өркенжапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркенрепродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Негізгі өркентұқымбүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркенжанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебіндесабақ бұтақталады.
Қосалқы өркенқосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркенніңбуанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өркенніңбуанаралығы жақын орналасқан.
Бүршік.Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршікбастапқы өркен.
Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіпшығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады. Өркен бүршіктен дамиды.
Бүршік- бастапқы өркен. Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік- төбе бүршік деп аталады.Жанама қолтығына орналасса жанама бүршік деп аталады. Өсімдіктің кез-келген мүшесінен қосалқы бүршіктер шығады.
  • Бүршіктің сыртқы қабыршақтары.
  • Алғашқы жапырақшалары.
  • Алғашқы сабақшалары.
  • Гүлшанақ (ашылмаған гүлдер).

Бүршіктің ішкі құрылысы.Көктемде кез келген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды.Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ –түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.
Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. 
Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады.Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен.Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады.Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршаққолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жерастында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).
 
 
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктендамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнеккеайналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майдақабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзшедейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендердамиды.
Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа,қызғалдақ, т.б. жатады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет