О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы


Дәріс 19.20. Еркіндік философиясы



бет39/54
Дата08.11.2022
өлшемі0,96 Mb.
#157052
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
Î. Á. Áåðìàõàíîâ ôèëîñ.?. ê., ?àóûì ïðîôåññîð ì³íäåò³í àò?àðóøû

Дәріс 19.20. Еркіндік философиясы
Негізгі мақсаты: Жеке адам мен ұлттың еркіндік философиясының маңыздылығын көрсету.
Негізгі түсініктер: гуманизм, жауапкершілік, еркіндік, парыз, ырық, бостандық, рух, тұлға, шексіздік, сүйіспеншілік.

1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.


2.Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза).
3.М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр).
4.Еркіндік және абсурд (А.Камю).
5.Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
6.Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар.
7.Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. XVІІІғ соңы- XXІғ. бас. Философия.
Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.Ф.Энгельс диалектикасының негізгі заңдары.
8.А.Шопенгауэр, С.Керькегор Философиясы. А.Камю философиясындағы абсурд мәселесі.
9.Позитивизм О.Конт,С.Милль,Г.Спенсер. Махизм және эмпириокритицизм. Неокантианттық Марбургжәне Баден мектептері. Герменевтика теориясы. Логикалық позитивизм. Аналитикалық философия. Постпозитивизм.
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз. XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашайда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді! Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап кетуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырын, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзқарастарды тудырды. Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жатқан адамдардың геноцидке құллырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сияқты болды. XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсақ, олар да қайшылықтарға толы. Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерүйығын» - коммунизмді дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен Сталиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқгы! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе экзистенциализм бағытын күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді. XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сақталуына көп көңіл бөліне бастады.Бірақ байлықтың өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің қызығына тоймай, күнбе-күнгі өмірден ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард», екінші жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылыл жатқан кедей елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп, ғасырдың аяғына қарай дессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе жатқан секілді. Ал енді XX ғасырдың рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да кеше түрлі шытырман қайшылықтарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер, мәдениет кұндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, өлі байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде сирек кездесетін ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелді.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі ғарыштың әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.Әрине, мұндай талдауларды әрі қарай жалғастыра беруге болар еді.Бірақ жоғарыда көрсетілген сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік. Неопозитивизм (нео - латын сөзі, оң, дұрыс деген мағына береді) - батыс философиясының шеңберінде қазіргі шлымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді халдап шешуге бағьпталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына тоқталу қажет. Егер неміс классиқалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер ерікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым—белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететің тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр. Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - ХІҮ-ХҮШ ғғ; 3. по-зитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизиқалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактілік алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшінші позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (езімшіл-дік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт. Жоғарыдағы көрсетілген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерімен айналысып, біршама жетістіктерге жетеді. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, тұрпайылықтан өтіп, күрделеніп жатқан құбылыс. Әрбір жаңа пайда болған ғылым саласы өзінің қажетті алғышарты ретінде өткен сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математиқа - астрономия - физиқа химия - биология - социология. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негізделгенмен, бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-бірімен ұштастыру қажеттіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты біріктіретін жана дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты қайшылықтарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа ағарган дін қажет - ол қазіргі өмір сүріп жатқан, бұрыңғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетін адамдардан тұратын адамзаттын өзі. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретінде қарап табынуға шақырды. Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені дүниеде сол адамның өзін тудырған біздін арғы анамыз «Ұлы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну -алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді. XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалық физиканың негізгі қағидаларына үлкен сокқы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», -деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп, біртұтастық дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Эрнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с. Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» дсген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардын ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөліктерін алып қарасақ, онын физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз, Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын айнад қоршаған дуние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан дүниесіңе,өтіп, оның неше турлі тебіреністерін туғызып, адамның осы дүниені телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретіңде сезінгенде ғана пайда болса керек. Сонынен қатар танымның будда жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине, субъективтік идеализм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын. Эмпириокритицизмнің негізгі қағидаларының бірі - «ойлаудын тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-өзін сақтау үшін биологиялық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», -дейді олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды. Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с. Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағынды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардын ішінен шыға алмай қалды. мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенін өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математиқалық логиқа тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логиқалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логиқалық позитивизмнің келесі өкілін Р.Карнапты алатын болсақ, ол схематикалық логиқа арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі құралы - верификация принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкес-тігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этиқа мен психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логиқалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады. Б.Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен кұштарлықтары тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады. Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистиқалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логиқалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логиқалық-философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің Шеңбері менің Дүниемнін шеңберін құрайды», дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз қазір «халықтың менталитеті» деген ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактілік ұғымдардың кұрсауына қамап адастырады. XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы саты дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 яок) Томас Самюәль Күн (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж)' Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с. К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болғаң ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардын терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкіндігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы ағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түеді. Өзінің жалпы дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі - ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектіне ұқсас). К.Поппердің ойынша, философия ғылым емес, өйткені оның негізгі қағидаларын фальсифиқациялауға болмайды. Бірақ ол адамға өмірдің мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшін ол философияны биік бағалайды. Өзінің әлеуметтік философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан ол марксизмді, әсіресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады. К.Поппердің идеялары И.Лакатосқа зор әсерін тигізді. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты танымдық методологияны ұсынады. Қайсыбір кемеліне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бір-бірін ауыстырып жатады. Ал оның өзі сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардыи біреуі (оң эвристиқа) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристиқа) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді. Қайсыбір «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ішкі бұзылмайтын «қатты өзегі» болады, оған іргетасы теріске шығарыл айтын қағидалар ғана кіреді. Ал оны қоршап тұрған «қорғайтын бірге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негізгі функциясы бағдарламаның шегін қорғау болып табылады. Бірақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкін. Онда оның орнына жаңа гипотеза келеді. «Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» әрі қарай өрлеу мүмкіндігін қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теориялық өсуі оның эмпириялық өсуінен алда жүрсе, яғни теориялық түрде болашақта ашылатын кейбір деректерді болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстінде. Ал жаңа ашылған деректерді соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсіну дегеніміз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын көрсетеді. Ғылымның даму тарихы - неше түрлі зерттеу бағдарламаларының бір-бірімен сайысқа түсуі, олардың эвристиқалық мүмкіндіктерінің ашылуы. Ғылымның ішкі және сыртқы тарихы бар. Ішкі тарихқа идеялар мен методологиялардың бір-бірін ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметі жатады. Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз - белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып біріктіретін әлеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», - дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға кадрағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория белгілі бір парадигманың шеңберінде ІІайда болады. Оны басқа парадигманың Шеңберінде түсіну қиын. Ол үшін оны қайта қарау керек. Т.Кун парадигмаға соңынан екінші ат береді — ол дисциплинарлық (пәндік) матрица (негіз). Оның негізгі әлементтері ретінде ол символдық жалпылау үлгілерін, концептуалдық (тұжырымдық) модельдерді, ғылыми қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешілген үлгілерді қарастырады. Ғылымдағы белгілі бір парадигманың үстемдігі дамуының жақсы деңгейде екенін көрсетеді: бірте-бірте тәжірибелік деректер жиналып өңделеді, зерттеудің жолдары қарастырылып жетіледі т.с.с. Бірақ ол өне бойы олай болмайды, кейбір ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберіңде түсінілмейді, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-маның құндылықтарына сенімсіздік пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бір-бірімен күреске түсуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бір жаңа парадигма жеңіске жетіп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелі зерттеулер жүргізе бастайды. Сонымен бәрі де тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнің көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші жетістігі - ол тәжірибелік деректердің неопозитивизмдегі басымдылығын теріске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсіз деректердің жоқ екенін дәлелдеді. Парадигманы игерген ғалым деректердің бәрін соның «сәулесі» арқылы көреді. Деректер теорияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді тәжірибеге енгізу керек екенін пайымдап анықтайды. Постпозитивизмнің келесі өкілі Пауль Фейерабендтің ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болып, ғылымның дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бір теориядағы терминдер екінші теорияға енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір ғалым өзінің теориясын жасауға мүмкіндік алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенінен емес, ол - соны қолдайтын қауымнын насихатының жемісі. Олай болса, ғылым - қоғам өміріндегі басқа идеологиялық институттар сиякты: оның дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрі де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымынын шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетеді. Дегенмен неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрі де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады. Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғ. келесі ағым -феноменология. Негізін қалаған Әдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Ойшыл өзінің еңбектерінде «Заттардың өзіне қарай!»деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И.Канттың ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған болатын. Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Ә.Гуссерль тағы да келесі екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр, айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық көкжиегін көре алады», -деп қорытады Ә. Гуссерль. Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология — айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрі де жатады. Таза сананың іргетасты ерекшелігі—оның интенционалдығы яғни бірдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру, тілеу, ой формалары т.с.с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады. Өзінің іс-әрекетінде адам аңқаулық көрсетіп, өзінің заттарға қалайша мән-мағына бергенін байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсіз өмір сүріп жатқан (объективті) өзіндік танылатын қасиеттері бар кұбылыстар ретінде қарайды. Ал, шынына келгенде,санадан тыс өмір сүретіннің бәрін жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткені санада объект пен субъект бір-біріне өтіп, ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгілі бір мағына беріп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседі. Бұл арада, бір жағынан, дүниетануға бағытталғаң іс-әрекет - ноэзис бар, екінші жағынан, осы таным процесінде ашылған мазмұн - ноэма бар. Ә.Гуссерльдің ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның негізінде «өмірлік дүние» жатыр. Ол - «барлық адамдарға мәлім», «тікелей анық», «адамның көзі жеткен», өмірде кең қолданылатын, ол жөнінде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан «өмірлік дүние» бүкіл адамның дүниетаным негізінде жатыр. Ол «алдын ала берілген көкжиек», адамның прақтикалық іс-әрекетінің шынайылығы мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол қайсыбір ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан барлық адамның тәжірибе мүмкіндіктерінің, дүниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдың сараптау арқылы жүретін ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал «өмірлік дүние» әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесі анағүрлым жоғары. «Өмірлік дүние» неше түрлі мән-мағынаға толы, солар арқылы біз заттарды танып, оларға мән-мағына береміз. Бірақ адамдардың көпшілігі дүниедегі санадан тыс өмір сүріп жатқан заттарды танып-біліп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам «өмірлік дүниеден» шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан феноменология осы неше түрлі мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейді. Ол үшін сананың алғашқы негізінде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшін Ә.Гуссерль «эпохе» әдісін қолданады. «Эпохе» дегеніміз - феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңістік пен уақыттын шеңберіндегі барлық өмірдегі байланыстарын «жақшаға алу». «сөндіру» кұралы. Осының арқасында, заттың «эйдосы», яғни таза идеясы, мәні ғана қалады да, ол таза санаға ашылады. Сонымен таза сананы ашқанда, біз одан «Абсолюттік Менді» (субъективтік ағымды) табамыз. Дүниедегі адамның іс-әрекетке тұсетін барлық заттары мен кұбылыстарына сана мән-мағына береді екен. Олай болса, санадан тыс өмір сүріп жатқан объективтік шындық жоқ. Ал сана өзін-өзі арқылы тұсініп, өзін феномен ретінде қарайды. Ә.Гуссерльдің феноменологиясы XX ғ. кеп ағымдарға өз ықпалын тигізді. Әсіресе, герменевтика мен экзистенциализмге. Енді сол бағыттарды талдауға көшейік. Герменевтика сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсіну өнері ретінде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библиянын негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіру өнеріне айналады. Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуірде пайда болған мәдени мұраларды қазіргі тілге аудару қажеттігі пайда болып, ол герменевтиканың негізгі ісіне айналады. Жаңа дәуірде ғана герменевтика бірте-бірте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негізін қалаған неміс діни қайраткері, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол - Платонның барлық шығармаларын алғаш рет неміс тіліне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсінудің өнері, әңгіме оның ойларының мазмұнынан гөрі, оның сөз саптау мәнерінде, үлгісінде деген пікірде болды. В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың ішкі сырын ашатын пән ретінде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын біз практикалық іс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәріс беру арқылы жеткізсек, өткен адамзат тарихының беттерін, сол заманда өмір сүрген адамдардың ішкі жан дүниесінің тебіренісін зерттеу үшін сол замандағы ахуалға өту, түйсіну, тебірену арқылы ғана жетуге болады деген пікірге келеді. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмір сүрген ұлы адамдардың өмірбаянын, ішкі рухани тебіреністерін түсініп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негізін қалаушы Ә.Гуссерльге келер болсақ, ол белгілі бір дәуірді жете тұсіну үшін, сол кездегі қоғамның «өмірлік дүниесінің» ерекшелігін зерттеу қажет деген пікірге келеді. Сонда ғана сол дәуірде өмір сүрген адамдардың өмір сезімін, мәдени мұраларының мән-мағынасын ашуға болады. М.Хайдеггердің ойынша, «болмыстың үйі - тіл». Олай болса, герменевтика ілімін тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сездердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейді. Әрине, әр халық өз тілі арқылы өзінің дүниесезімі мен дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмірлік тәжірибесі қорланады. Әсіресе бұл қағиданы көшпенді өмір салтын ұстаған қазақ халқының өткең тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал. М.Хайдеггердің ойынша, адам тіл арқылы сөйлегеннен гөрі, «тіл адам арқылы сөйлейді». «Әрбір сөздің астарын ашсақ, онда неше түрлі мән-мағына жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика ісімен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзік жақтары беріледі. Сондықтан әр ірі өлеңші -әрқашанда философ», - деп қорытады М.Хайдеггер. Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан неміс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика ілімін тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдіс ретінде тұсініп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негіздеді. Оның ойынша, тұсіну дегеніміз - адамның дүниетанымының негізгі жағы ғана емес, ол оның өмір сүруінің анықтаушы себебі, болмысының тәсілі. Г.Гадамер осы уақытқа дейін герменевтиқада кеңінен қолданылған белгілі тарихи күжатты зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсіну тәсілін үзілді-кесілді теріске шығарады. Бір дәуірден екіншіге, өзіңнен басқаға өту мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы философ 2,5 мың жылға шегініп, Платонның, я болмаса Анахарсистің тулғасына өтіп, солар сияқты өмірді сезініп, қабылдай алмайды: ол аңғырттықты көрсетумен тең болар еді. Әңгіме біреудің рухани өміріне өтуде емес, керісінше, сол замандағы мәселелерді қазіргі заманға сай етіп талдауда. Яғни өзің мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керісінше, оның жойылмайтындығын сезіне отырып, басқаның өмір тәжірибесін өз өміріңде қолданып қарауда, сондағы окиғаны өз ахуалыңмен ұштастыруда. Негізгі мақсат — өткен оқиғаны ой өрісте қайта құру (реконструкция) емес, керісінше, жаңа мән-мағынаны тудыру (конструкция) болып табылады. Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппікірлікті тудырады. Гадамердің айтуынша, герменевтиканын іргетасты ақиқаты мынада: бірде-бір адам ақиқатты танып-біліп, толығынан жеткізе алмайды. «Сондықтан өне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз беріп, оның айтқанын назар қойып тыңдап, түсінуге тырысу қажет. Міне, герменевтиканың терең өзегі осында», - деп қорытады ойшыл.Г.Гадамердін енгізген тағы бір жаңалығы тұлғаның тебіренісін зерттеуден гөрі, оның ойының мән-мағынасына өту ісеректігі. Зерттеуші жазылған мәтіннің ар жағындағы қалам иесінің тұлғасын көруге тырысудан гөрі, оның ой-тебіренісін тудырған затқа үңілуі қажет. Бұл пікірден біз Г.Гадамер ілімінің психологизмге қарсы екенін байқаймыз. Бір дәуір екіншіге ауысқан сайын жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетиқалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен, әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала береді. Ол - тіл, оны өзгерту онай шаруа емес. Тілдегі қалыптасқан мәдениет тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне ез ықпалын тигізіп, сонымен қатар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа тұсуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, түсінбеушілік - ол әр тілде сұхбаттасқанмен бірдей. Олай болса, тілге ұқыпты қарау. оны тыңдай білу, ондағы ұмыт қалған сөздерді жандандыру арқылы герменевтика өзінің негізгі мақсаты - мәдениеттегі дәнекерлік қызметін іске асыра алады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымының маңыздылығы
2.Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза).
3.М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр).
4.Еркіндік және абсурд (А.Камю).
5.Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
6.Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар.
7.Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. XVІІІғ соңы- XXІғ. бас. Философия.
Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.Ф.Энгельс диалектикасының негізгі заңдары.
8.А.Шопенгауэр, С.Керькегор Философиясы. А.Камю философиясындағы абсурд мәселесі.
9.Позитивизм О.Конт,С.Милль,Г.Спенсер. Махизм және эмпириокритицизм. Неокантианттық Марбургжәне Баден мектептері. Герменевтика теориясы. Логикалық позитивизм. Аналитикалық философия. Постпозитивизм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет