Дәріс 23.24. Қоғам және мәдениет Негізгі мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің жастар үшін маңыздылығын анық көрсету. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдарына тоқталу. Қоғам философиясының негізгі сфералары: құқық, экономика, саясат. Мәдениет және өркениет. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.
Негізгі түсініктер: прогресс, регресс, қоғам, даму, ақпараттық қоғам, ашық қоғам, инустриялды қоғам, постиндустриялды қоғам,
1.Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдар.
2.Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.
3.Қоғам философиясының негізгі сфералары: құқық, экономика, саясат.
4.«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.
5.Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам.
6.Постиндустриалдық қоғам.
7.Мәдениет және өркениет. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.
8.Мәдениет адам дамуының өлшемі.
Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған). Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.
Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі. Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл – ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі. Парасат пен ғылым жетістіктерін қалын көпшілік арасына кең тарату арқылы қоғамды адам табиғатына лайықсыз жағдайлардан арылтып, шексіз прогреске жол ашу мүмкін болып көрінеді. Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді. Қоғам туралы диалектикалық – материалистикалық ілім тұрғысынан алғанда, прогресс идеясын ғылыми жолмен негіздеу үшін: 1) қоғамдық прогрестің тарихи қажеттілігін дәлелдеу, яғни қоғам дамуы нысаналығының себебін табу керек; 2) прогрестік объективті өлшемін анықтау қажет; 3)нақтылы тарихи кезеңге сәйкес прогрестің сипаттамасын беру, яғни прогрестің тарихи үлгілерін ажырата білу керек. Даму қашанда қалыптасқан дағдыны бұзуымен, өзгертумен байланысты ол әдетте көпшілікке ұнамайды. Үйреншікті жағдайды өзгерту қашанда ауыр. Бірақ онсыз даму жоқ. Қоғамды зерттеу принциптерінің ең негізгі – қоғамдық болмыстың алғашқы қоғамдық сананың кейінгі болу яғни қоғам өмірінің негізгі материалдық өндіріс екендігі. Сондықтан қоғамдық прогресс туралы ілім нақтылы бір тарихи кезеңдегі материалдық өндіріске талдау жасаудан басталады. Ғылым тұрғысынан материалдық өндірістін екі жағының - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың арасындығы объективті диалектикалық қатынастардың сипаты, мысалы, өндіріс құрал – жабдықтарына жекеменшіктің немесе қоғамдық меншіктік болуы өндіргіш күштердің даму дәрежесіне тәуелді. Қоғамның дамуы қоғамдық – экономикалық формациялардың бір – біріне ауысу түрінде жүзеге асатын прогресс болғандықтан, қоғамдық прогресстің өлшемі бір қоғамдық экономикалық формацияны екіншісімен тұтастай салыстыруға мүмкіндік береді. Ғылыми әдіс қоғамы өндіргіш күштерінің дамуын осындай таланттарға сай келетін өлшем ретінде қарастырады. Қоғам өндіргіш күштерінің дамуы жалпы адамзат тарихының арқауы болып табылады, өйткені, тарихы дамудың қай сатысында тұрса да, қоғамның негізгі міндеті - өз қмірінің материалдық жағдайларын қамтамасыз ету, ал оның алғы шарты - өндіргіш күштер болып, олардың жетілдіріліп отырылуы. Дүниеге бірімен – бірі байланыссыз, өзінен өзі болатын жеке – дара ешбір құбылыс жоқ. Қандай бір зат болсын, ол айналадағы басқа заттармен міндетті түрде қатынаста болады. Ал өмір сүріп, бірақ ешқандай қатынаста болмайтын, басқа заттардың әсерінен ұшырамайтын не өзі әсер етпейтін зат, құбылыс әлемінде болмайды, болуы да мүмкін емес. Сонымен, қоғамның өндіргіш күштерінің даму қоғамдық прогресті қоғамның барлық салалары тұрғысынанда, адамның жеке басының даму тұрғысынанда көріне алатын объективті өлшем болып табылады. Бұл өлшем прогрестің қоғам өмірінің барлық салаларын тұтас қамтитын заңды прогресс екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы – алғашқы қауымдық қоғам. Өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с. Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам – адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты болады. Таптық қоғамның алғашқы түрі – құл иеленушілік формация. Бұл қоғамның негізгі өндіргіш күші – құл, негізгі өндірістік қатынас - өндіріс құрал жабдықтары да құл да құл иеленушінің жекеменшігінде, өндірілген өнім. Түгелдей құл иеленушіге тиеді. Алайда құл иеленушілік қоғамның бұл табыстарының көзі ең тұрпайы, аяусыз зорлыққа негізделген құлдық еңбек. Ертектегі Грецияның қоғамдық өмірін бір жағынан ұлы ғалымдардың ғажайып өнер иелерінің талантты мемлекет қайраткерлерінің, белсенді азаматтардың әрекеттері көрсеттсе екәнші жағынан, мал ретінде еңбек етуге мәжбүр болған құлдардың жағдайы сипаттайды. Құл иеленушілік қоғамдағы прогрестің мұндай қайшылықтары кездейсоқтық емес, қажетті құбылыс. Феодалдық қоғам нақты тарихи жағдайларға байланысты құл иеленушілік қоғамның ыдырауы салдарынан пайда болады немесе тікелей алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы арқасында қалыптасады. Адамға тән қажеттердің үздіксіз өсіп отыруы капитализммен бастап қана қоғам дамуының заңдылықтарына айналды. Алайда капитализм туғызған қоғам, адам дамуының мүкіндіктері шынайы өмірде қарым қатынас сипатта жүзеге асады. Қоғам даму белгілі бір заңдылықтарға бағынатын процесс болғандықтан, қоғамдық процесс те заңды құбылысқа жатады. Әрбір қоғамдық экономикалық формация даму барысында өзінен гөрі жоғары келесі қоғамдық экономикалық формацияның қалыптасу мүмкіндіктерін туғызады. Қоғамдық прогрестің заңдылығына күмән келтірудің екінші бар бағыты социализмнің теориясы мен практикасы арасындағы орын алған терең алшақтықты тілге тиек етеді. Капитализмге қарағанда социолизм объективті түрде тарихи дамудың жоғарырақ сатысы еді. Дегенмен, Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” деген кітабында бізде орнатылатын либералдық немесе халықтық капитализмде емес, не шынайы, немесе жаңартылған социолизм де емес, тек көп укладтынарықтық экономикасы бар, әдеттегі демократиялық қоғам екенін айтады. Бірақ бұл бағдарлама. Оның нақты болмысын өмір көрсететін болады. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.Мәдениет адам дамуының өлшемі. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері. Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жие пайданылады сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс қайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Көпшілікке арналға әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік саласармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады. Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан, мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орын түсінуге болады. Мәдениет тарихи процестермен үштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек. Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді. Мәдениет қандай тұр алса да адамдық мазмұнда болады. Мәдениеттегі адам қызметі өзінің субъективті мазмұны мен анықталады. Мәдениеттің ерекшелігі сол – ол тек объективті шындық тұрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғандағ оның объективті мазмұнынан. Мәдениеттің материалдылығының өзі оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісімен объективтік қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Кең мағынада алғанда, мәдериет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені, еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсібтік мамандығы бар адамдардың немесе кәсібтік одақтардың қызметі арқылы баянды болады бұл екі тұжырым да орынды. Адам қызметінің қажетті шартты ретінде табиғатпен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі қасиетінің білдіре алады. Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Мәдениет субъектісі бола отырып адам әр дайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек. Табиғаттағы бары молая түсіп, азды аялай білу адам мәдениенінің даму денгейін көрсетеді. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени – тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениетпен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды. Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратының да айту қажет. Антагонистік қоғамдарда олар жолында қиын терең қайшылықтар болады. Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісіде, объектісіде болып табылады. Бұл екі ұғым бір – біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі тұрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние . Біріншісіне – үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр, діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады. Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемді алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б. Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еккізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел. Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде – сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Дүниежүзілік мәдениеттің даму – мәдениетінің бәр сатыда екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелдә болады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары: 1.Прогресс идеясы, оның алғы шарттары, типтері.
2.Ғылыми – техникалық прогресс.
3.Әлеуметтік прогрестің алғы шарты және факторлары.
4.Мәдениет болашақты танудың жолы.
5.Мәдениет және өркениет ұғымы.
6.Мәдениет және руханият.