О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы


Дәріс 25.26. Тарих философиясы



бет42/54
Дата08.11.2022
өлшемі0,96 Mb.
#157052
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
Î. Á. Áåðìàõàíîâ ôèëîñ.?. ê., ?àóûì ïðîôåññîð ì³íäåò³í àò?àðóøû
181884
Дәріс 25.26. Тарих философиясы
Негізгі мақсаты: Тарих философиясының өзіндік ерекшеліктері, негізгі мәселелері және тарих философиясы туралы ойшылдардың ой-тұжырымдарына талдау жасау. Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүру ортасы, тіршіліктің қайнар көзі. Географиялық орта түсінігі.
Негізгі түсініктер: формация, цивилизация, қоғам, ноосфера, географиялық детерменизм, ландшафт, флора, фауна, уақыт,болмыс.

1.Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.


2.Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы.
3.Миф «уақыты». Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Табиғат философиясы.
4.Табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүру ортасы, тіршіліктің қайнар көзі. Географиялық орта түсінігі.
5.Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері, мүмкіндігі.
Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді. Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады. Бірнеше ғасырлық отаршылдық және тоталитарлық сана үстемдігі салдарынан рухани күйзелісті бастан өткізіп, саяси тәуелсіздігіне енді қол жеткізген Қазақстан бүгінгі күні әлемдік тарихтағы уақыт бағаны мен қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте өзін-өзі орналастырып айқындалу міндетімен бетпе-бет келіп отыр. Тарихи сананың деформациясынан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің біріне айналды. Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен төл мәдени мұраны игеру және оны қазіргі заманғы даму үрдісіне лайықты жаңартып үйлестіру өзекті мәселеге ай- налғандықтан ұлттық тарих пен мәдениеттің тоталитарлық идеоло- гия қысымымен ұмыт болған беттерін қайта парақтаудың маңызы зор. Болашақ дамудың айқын рухани бағдарын анықтау үшін де халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мәдени мұрасын игеру қажет, өйткені мәдениет кез-келген ұлттың бірегейлігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Жаhандану жағдайында батыстың өзі дәстүрлі еуроорталықтық көзқарастардан бас тартып, шығыстық рухани құндылықтарға иек артып жатқан тұста өз-өзінен жеріген халықтардың ұлттық апатқа ұшырауы әбден мүмкін. Уақытында бірлік пен ынтымақты қастерлеп өткен ата-бабаларымыздың осы өсиеті тарихи тағдырдың талайымен мәдени әртекті қоғамға айналған біздің елімізде өзінің көкейтестілігімен ерекше көзге түсіп отыр. Бұл мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде былай ой қозғайды: «Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейтесті сұрақтары – ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үл- гінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «МЕН» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабат- тасқан тарихтың тұңғиығымен де сабақтасып жатыр» [1, 6 б.]. Академик Ә. Нысанбаевтың айтуынша, «қазіргі күрделі де қақтығысты әлемге тән бір белгі – мемлекеттер деңгейінде де, әлеуметтік топтар мен индивидтер деңгейінде де жүзеге асып жатқан жаhандану үдерісі. Нақты өмірде іске аса отырып бұл айғақ бүгінгі күні қоғамдық сана мен мәдениет саласында пайымдалуда. Қазіргі кезде техногендік өркениеттің стереотиптерінен басқа жаңа дүниетанымдық бағдарлар мен мұраттар іздестіріліп жатыр. Бұл бағдарлар бүкіл адамзаттың XXI ғасырдағы гүлденуі мен прогресінің рухани негізі болуы тиіс» [17, 39 б.]. Келешекке бағытталған бұл бағдарларды тарихи сана қойнауынан да табуға болады. Мәселенің осындай өзектілігінен кейін тарихи сана ұғымы мен түсінігінің ғылыми арнаулы әдебиеттердегі анықталуын, оның дүниетанымдық және әдіснамалық негіздерін айқындау қажет. Тарихи санаға қатысты арнаулы ғылыми әдебиетте де, бұқара көпшілік әдебиетте де өте көп айтылғанымен, қазіргі зерттеушілік ахуал осы тарихи сана мазмұнының айқын, нақты түсінігін бере алмауымен сипатталып отыр. «Тарихи сана» ұғы- мының бұлыңғырлығы мен көпқырлылығы оны талдауға біршама қиындықтар тудырады. Бұл қиыншылықтар осы мәселені шешудің жалпы тұжырымдамалық негізінің болмауымен, бұл рухани феноменнің мазмұнын, «шектерін», уақыттық сипаттамаларын анықтаудың күрделілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда тари- хи құбылыстар мен үдерістерді талдаудың философиялық әдіс- тәсілдерін пайдалану анағұрлым тиімді көрінеді. Философиялық тәсіл тарихи сананың алуан түрлі формаларының мәнін түсіндіріп, оның қоғамдық сана жүйесіндегі орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі қырын ашуға да септігін тигізеді. Алдымен, мәселеге тікелей көшпес бұрын, «сана», «өзіндік сана», «қоғамдық сана» ұғымдарының басын ашып алу керек. Сана мәселесі де – философия тарихында шешімі осы күнге дейін нақты табылмаған аса күрделі мәселелердің бірі. Ол пайда болғалы бері ғасырлар бойы философиямен бірге жасасып келеді, өйткені философияның өзінде іздену мен күдіктену рухы бар. Сананың табиғатын дөп басып айту қиын, ол сезім арқылы қабылданатын объективті нақтылықты белгілеу және түсіну үшін біз қолданып жүрген өлшемдер мен сипаттамаларға сай келе бермейді. Физикалық объектілер сияқты болмағандықтан, оның не массасы, не энергиясы, не формасы жоқ, оны сандық сипат- тамалармен мөлшерін табу мүмкін емес. Десек те, сананың бар екеніне ешкім күмән келтірмейді. Адамның тәнін басқаратын сана (бұл ұғым ойлау, сезіну, жан, рух түсініктерімен тығыз байланыста қарастырылды) туралы көзқарастар бағзы замандағы мифологиялық дүниетанымнан-ақ басталады. Бұл құпия бастау туралы анимистік түсінік кейінірек философиялық дүниетанымда Платонның идеалистік ілімінде жалғасын тапты: адамның денесі мәңгі өмір сүретін жанның уақытша абақтысы. Ортағасырларда әлем жаратылғанға дейін өмір сүрген және ештеңеден әлемді қалыптастырған немесе жоқ- тан бар қылған дүниеден тыс тәнсіз рухани бастаудың еркі мен ойы мәселесі алдыңғы орынға шықты. Тек сол ғана адам санасын- да орын алып ойлайды, қалайды, сезеді. Адамның санасы, оның ақыл-ойы – құдай ақыл-ойының бөлігі. Жаңа заманда сана туралы ілімдер кеңейе түсті. Рене Декарт сананы ойлаумен теңгере отырып, оны «психикалықтың» жалпы ұғымынан бөліп алады және ойлаушы субстанция ретінде оны ма- териалды субстанцияға қарсы қояды. Бұл дуализм сана табиға- тын түсіндірудегі екі бағыттың қалыптасуына әкелді: біріншісі – психикалықты физикалыққа, идеалдылық пен руханилықты материалдылыққа теңгеретін материалистік бағыт (Гоббс, К. Маркс, Ф. Энгельс), екіншісі – материалдылық пен физикалықты идеалдылықтан, руханилықтан және психикалықтан тудыратын субъективті (Беркли, Юм, Фихте, Мах) және объективті (ертеректе Платон мен Ф. Аквинскийде, кейін Гегельдегі) идеализм. Филосо- фия дамуының кейінгі тарихында санаға анықтама берудің мүмкін еместігіне, ғылыми құралдармен оны танудың мүмкін еместігіне негізделген иррационалдық көзқарас басым болды. Бұл «бей- саналылық», «архетип», «ерік» ұғымдарын ашқан психоанализге (З. Фрейд, К.Г. Юнг), экзистенциализмге, неопозитивизмге тән бо- лып келеді. Дегенмен жаратылыстық ғылымдардың дамуы мен оның ней- рофизиология, биология, кибернетика мен эксперименталдық психология салаларындағы жетістіктері, компьютерлік төңкеріс пен ақпараттық жарылыс сана табиғатын аша түскендей болды. Бұл ғылымдардың түсіндіруіне сәйкес, табиғаттың барлығына тән бейнелену өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, мәні жағынан жаңа құбылыс – санаға айналатын жаңа сатысына көтеріледі. Бейнеленудің биологиялық формасы сезіну, қабылдау және елестету тәрізді сезімдік таныммен сипатталса, ал оның анағұрлым жоғары әлеуметтік формасы ұғым, пікір және ойқорыту сияқты рационалды таныммен түсіндіріледі. Ойлана алатын адамның ерекшелігі, оның өзінің санасының арқасында өзіндік «Менін» қалыптастырып, өзін өзгелерден айрық- шалай отырып, өзіндік сананы қалыптастыруымен сипаттала-ды. Эмоционалдық бояуды сіңіріп, құндылықтық бағдармен қанық- қандықтан адамның өзіндік санасы белсенді бастау болып табыла- ды. Ол өзін, өзінің болмысын игерген, өз қажеттіліктері мен мұқтаж- дықтарын, өз ниеті мен ұмтылыстарын, мақсаты мен міндеттерін өзі анықтайтын субъект болып саналады. Әрбір индивид пен адамзаттың қандай дәрежеде субъект болғанына қарай, оның са- насы да сол деңгейде кеңейеді немесе тереңдейді. Қазақ фило- софы Қажымұрат Әбішевтің пікірінше, «субъектінің даму дәрежесі неғұрлым биік болған сайын оның психикасында сананың қамтитын ауқымы да соғұрлым кең болуы тиіс. Субъектілік – адамның өзін өзі билей алатын деңгейі, ал бұл сананың даму деңгейіне байланысты, сана, ол – жанның жарығы» [18, 82 б.]. Бұл тұрғыдан алғанда сана шындығында адамның тарихи дамуының бастауы және нәтижесі болып көрінеді. Индивидуалдық сана өзінің қалыптасуы барысында адам – индивид – тұлға кезеңдерінен өтеді деп есептелгенімен, жекелеген адамдардың бір-біріне ұқсамайтындығы мен шексіз алуан түрлілігін атап өту керек. Ал тұтастай алғандағы әлеуметтік «ағза» бүтіндік ретінде тобырдан айрықшаланады, қоғамның басты ерекшелігін білдіреді және философияда «қоғамдық сана», «ұжымдық сана», «архетип» ұғымдарымен беріледі. Сондай-ақ қоғамдық санамен қатар ұлттық өзіндік сананың да адамның әлеуметтік өмірінде алар орны зор. Ұлт немесе этнос тәрізді әлеуметтік бірлік сипаттамасының маңызды өлшемдерінің бірі – менталитет (mens – латынша ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы дегенді білдіреді) ұғымы. Бұл термин қазіргі мағынасында жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылық- тық бағдары деген мәнде түсіндіріледі. Менталитет адамның руха- ни өміріндегі бүкіл құбылыстардың жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді қабылдаудың психологиялық ерек- шеліктерінен моральдық нормаларға дейінгі өте үлкен ауқымды қамтиды. Менталитет ұғымын мәдени-антропологиялық бағыттағы зерттеушілер – Л. Леви-Брюль, Л. Февр, М. Блок және т.б. ғылыми айналымға енгізіп, бұл түсінік ХХ ғасырдың екінші жартысынан кең қолданысқа түсті. Қазақ халқының менталитетіне қатысты белгілі зерттеушілер Досмұхаммед Кішібеков [19] пен Төлеуғали Бурбаев [20] көлемді монографиялар жазды. «Сана», «таным» және «білім» ұғымдарының арасында да тығыз өзара байланыс бар. Қысқаша тоқтала кетер болсақ, таным – бұл ақиқатқа жетудің үздіксіз үдерісі. Осы танымдық әрекеттің нәтижесі объективті нақтылықтың азды-көпті лайықты бейнесін білдіретін білім болып табылады. Білім, өз кезегінде қоғамдық сананың әрқилы формаларын түзеді. Кеңестік зерттеушілер қоғамдық сананың «классикалық» фор- маларын анықтауда бірауыздылық танытты: әлеуметтік әрекеттің әр алуан түрлерімен тікелей байланыстағы саяси, құқықтық, көр- кемдік, адамгершілік, діни және т.б. сана формаларының болаты- ны анық. Кеңестік әдебиетте дәстүрлі «қоғамдық сана» сөзімен қатар, «тарихи сана» термині де қолданылды, бірақ ғылыми ай- налымға анағұрлым кейін енгізілді. Маркстік теорияның негізін қалаушылардың мұрасында «қоғамдық» және «тарихи» сөздері «сана» сөзіне предикат ретінде қолданылды, көбіне мағынасы жағынан синоним түрінде көрінгенімен, оларды бір-біріне толық сәйкес келеді деп айтуға болмайды. Керісінше, кейде терминдер мағынасының өзара өте жақындығы әлеуметтік өмірдегі статикалық және динамикалық, синхрондық және диахрондық бастаулардың өзара тәуелділігі мен сәйкессіздігін жасырып тұрады. Шындығында сана тарихи айқындалған (қоғамдық сана), қашанда бар нәрсе, бірақ ол сонымен бірге жүріп өткен жолды, оның ұзақтығы мен желісін пайымдайтын рефлексия болғандықтан да ол – тарихи. Демек, «қоғамдық» және «тарихи» терминдерінің семантикалық әрқилылығы маркстік әдіснаманың мазмұндық қырларымен анық- талады. Бірақ ол бұрын өзектілігіне қатысты теориялық мәнге ие болған жоқ еді, ал кейін «тарихи сана» ұғымының және соған бай- ланысты тақырыптар топтамасының дараланып айрықшалануы әлеуетті күрделі мәселенің пайда болғанын білдірді. Соңғы ғасырларда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған ғаламат өзгерістер адамзаттың алдына ғаламдық мәселелерді қойды. Әлеуметтік дамудағы жаhандық (глобальды) және ауқымды (тотальды) тарихтың, ашық тарих пен жабық тарихтың, микро- тарих пен макротарих арақатынастары мәселелерінен барлық гуманитарлық пәндермен қатар, тарих ғылымы да тыс қала алма- ды. Теориялық тарихи ой дамуындағы ХХ ғасырдың екінші жар- тысында қалыптасқан бұл ахуал ғылыми әлемде «тарихнамалық төңкеріс» деген атауға ие болды. Бұл ұғымды тарих философия- сын терең зерттеген орыс зерттеушісі М.А. Баргтың енгізгенін айттық [2, 45 б.]. Дегенмен бұл төңкерістің ғылыми әдіснамалық төңкеріс екенін ескеру керек. Кеңестік дәуірде тоталитарлық тәртіптің қыспағына қарамас- тан, әлемдік ғылымда қалыптасқан бұл жаңа ахуалдың теориялық нышандары әлеуметтік зерттеулердің мәселелерін талдаудағы әртүрлі бағыттарда – философиялық-әлеуметтанымдық, гносео- логиялық, мәдениеттанымдық, методологиялық-тарихи бағыттар- да пайда болды. Бұл бағыттардың соңғысы тарих ғылымының танымдық және әдіснамалық мәселелерін талдау негізінде қа- лыптасты. Осы мәселелерді соңғы онжылдықтар бойы, әсіресе кеңестік және посткеңестік дәуірлердегі достастық елдері ке- ңістігінде белсенді түрде талдануы әлеуметтік шарттылық тура- лы, тарихи білімнің қызметі мен мақсаты туралы мәселелерді кеңінен қойып, оны тарихи танымға деген гносеологиялық тәсілдің шеңберінен тысқа алып шықты. Ғылымның жинақтаған бай тарихнамалық материалын игеру, арнайы мамандандырылған білім дамуының заңдылықтарын бекіту, тарихнамалық сипаттау мен түсіндірудің ғылыми бағдарламала- рының, әдістерінің, формаларының өзгеру себептерін түсіну қажеттіліктері туындады. Шын мәнінде бұл тарих ғылымының тұжырымдамалық негізін қалыптастырудың үлкен міндеттері бо- лып саналады. Оларды шешу жолында тарихнамалық жұмыстың саналы тәсілдері мен эмпирикалық қондырғыларын анықтайтын терең негізді айқындау мәселесі ретіндегі тарихи сана мәселесі пайда болды. Осыдан барып тарих ғылымының әдіснамасынан бастау алатын (сирек болса да) еңбектер гносеологиялық реңге ие болады. Соған сәйкес «тарихи сана» ұғымының екі мағынасы келіп шығады: тарихнамалық көзқарастарға сай келетін тар мағынасындағы және дүниетанымдық парадигма сипатына ие кең мағынадағы түсініктері. Мұның соңғысы нақты-ғылыми көзқарасты, оның тетігі мен нәтижесін білдіреді. Шындығында, тарихи сананың өзіндік феноменін, оның модификацияла-рын зерттеу келешек маңызы бар міндет болып табылады. Тарихи сананың тар шеңберден шығып, тарихнамалық білімдермен қатар, күрделі, жүйелі, полифункционалды құбылыс ретінде қарастырылуы, арнаулы білім формасымен қатар, алу- ан түрлі формаларда өмір сүретін әлеуметтік-мәдени феномен ретінде көрінуі, сөз жоқ, бұл мәселенің көкжиегін кеңейте түседі. Тарихи сана – қоғамдық сананың, оның барлық элементтерінің, формалары мен жүйелерінің маңызды өзгермелі қыры. Тарихи сана кез келген қоғамның, таптың немесе әлеуметтік топтың, тіпті адамзаттың өз жағдайын уақыт ағымында, өзінің осы шағын өткен шақпен және келешекпен байланыста пайымдағандықтан, мұны қоғамдық сананың ерекше қыры ретінде қарастырған аб- зал. Алайда оны мейлінше көп ұшырасатын сананың «формасы» арқылы анықтау (А.Ю. Левада, А.И. Ракитов) дәл келмейтіндей көрінеді. Шын мәнінде, тарихи өлшем адамның қоғамдық бол- мысының, оның өзгермелілігінің шешуші сипаттамасы болып та- былады. Өткен жолын белгілей отырып, адам өзінің әлеуметтік сапасын да, оның нақтылығын да аңғарады. Сонысымен ол өзін әлеуметтік үдеріспен бірегейлендіреді де, әрі одан бөліп айрық- шалайды да. Тарихи сана әлеуметтік субъектті мәдени-тарихи үдеріске енгізудің ықпалдарының бірі түрінде көрінеді. Сондықтан тарихи сананы зерттеудің бүгінгі өзектілігі тари- хи танымның өзінің сапалы өзгерісін білдіреді, тарихи танымның біржақтылықтан арылып, басқаша бағдар ұстануымен түсіндіріледі. Тарих ғылымы мен тарих философиясында жаңа тұжырымдамалық бағыттардың пайда болуы тарихтың бай да әр алуан көрінісін, та- рихи сананың тұңғиық табиғатын тиімді әрі тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Ғылыми-теориялық тарихи сана дамуының анағұрлым жоғары деңгейін тарихтың философиясы құрайды. Тарихтың соңғы жүзжыл- дықтарда алдыңғы орынға көтерілгені соншалық, қазіргі заманда оны өзінің ішкі өзегі – тарих философиясынсыз пайымдау мүмкін емес. Қоғамдық сананың барлық салаларын тарихилықтың, яғни тарихи сананың жаулап алғаны сондай, даулы да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарих философиясы талас-тартысты полемиканың өзегіне айналды. Жалпы философиялық мәселелер нақты бір та- рихи материалдарға сүйеніп шешілер болса, тарихи зерттеулердің өзінің де тамыры белгілі бір философиялық көзқарастарда жатыр. Философиялық көзқарастардың пайда болу хроникасы ретінде де, оның дамуы мен құбылуы ретінде де көзге түсетін тарих өз бойына философияның тарихын да сіңіріп алады. Адамзаттың тарихи даму үдерісімен тығыз байланыстағы философия тарихи мәліметтерге сәйкестігі арқылы да зерделене бастады. Бұл тұрғыдан алғанда, кез-келген қоғамдық ғылымдардың өзінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуын сипаттай алатын та- рих ғылымы бұрмалаушылықтан, үрдісшілдіктен, апологетикадан ада болуы тиіс, объективті айғақтар мен лайықты хронологияға сүйенуі керек. Алайда жалаң айғақтар тарихты жандандыра ал- майды, оны тірілтіп, оған дүниетанымдық және құндылықтық нәр беретін философия ғылымы болып табылады. Сондықтан тарих ғылымының түйткілді мәселелеріне философияның да «тала- сы бар». Осы орайда, тарихты зерттеудің дүниетанымдық және жалпы әдіснамалық негіздеріне қатысты кейбір жәйттердің басын ашып алудың реті келіп тұр. Тарихты әрқилы түсінуге және әртүрлі түсіндіруге болатыны рас, бірақ оның нақты бар екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Алайда онымен айналысатын ғылымның да, оның зерттеу нысанының да тарих деген бір терминмен білдірілуі бірқатар қолайсыздықтар тудырады. Сондықтан тарихи үдерістің өзін ғана «тарих» деп, ал оны зерттейтін арнайы ғылымды «тарих ғылымы» немесе сол баяғы грек тілінде «историология» деп атаған дұрыс болар еді. Ал тарих ғылымы туралы тарих «тарихнама» (историография) деп аталады. Сондай-ақ тарих ғылымында деректану (орысша источниковедение) сынды қосымша пәннің де бар екенін айта кету керек. Сондай-ақ археология мен этнография да тарихи мәліметтерді толықтыратын пәндер қатарына жатады. Бірақ тарихты зерттеумен историология ғана айналыспайды, тарихтың жалпы табиғатын, тарихи құбылыстардың мәнін, тари- хи үдерістердің негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің мәнін ашумен айналысатын жалпы теория «тарих философия- сы» немесе «историософия» деп аталады. Тарих философия- сы терминінің өзі Еуропада Ағартушылық дәуірінде пайда болды (М.Ф. Вольтер), кейінірек дами келе ол тарихтың өзін ғана емес, тарихи танымның ерекшеліктерін де зерттеумен айналысып, та- рихи таным теориясы, тарихи гносеология немесе қазіргі тілмен айтқанда, тарихи эпистемология деп те атала бастады. Историософия мен историологияның арақатынасы мейлінше күрделі сипатта екенін айта кету керек. Историология немесе өркениетті қоғамның тарихнамасы әрқашанда тарихи оқиғаларды сипаттаумен айналысып келді және әлі де солай. Тарих ғылымының бұл құрамдас бөлігін баяндаушы тарих ғылымы немесе нарративті историология деп атауға болады. Кезінде нарративті историоло- гиядан басқа тарихтың болмағанын айта кету керек және тарихшылар ең ары кеткенде, тарихи оқиғалардың себебін ашумен ғана шектелді, ал тарихи үдерісті түсіндіру олардың зерттеу аймағынан тыс жатты. Тарихтың жалпы тұжырымын историософиядан ғана іздестіруге болады. Алайда историософияның қағидалары қажеттілігіне орай, үнемі жалпы сипатта болатынын ескеру керек. Ой-қиялы жүйрік тарихшыларға бұл керек болғанымен, олар қоғамдық ғылымдар- да, әсіресе әлеуметтануда көбірек қолданыс табатын ортанқол деңгейдегі теориялар деп аталатындай типтегі тұжырымдамаларға бейім болып келді. Нәтижесінде теориялық историология деп атауға болатын тарих ғылымының жаңа бөлімі пайда болды. Нарративті та- рих ғылымы мен теориялық тарих ғылымының арақатынасын экс- перименталды физика мен теориялық физиканың арақатынасымен салыстыруға болар еді. Бірақ теориялық историология әлі мойын- дала қоймаған, бұл пән ретінде ешбір оқу бағдараламаларына ен- беген, тарих философиясы, макроәлеуметтану сияқты салалардың құрамында жүр. Мұның негізі де жоқ емес. Теориялық историология мен тарих философиясының ара- сындағы шекара шартты. Историософия өзінің тар мағынасында, яғни тарихи үдеріс туралы мейлінше жалпы идеялардың жүйесі ретінде бір жағынан, қажетті құрамдас бөлігі ретінде филосо- фияның құрамына енсе, екінші жағынан, өзегі ретінде теориялық историологияға бір мезетте енеді. Историософияның қандай да бір тұжырымын жасаған кез келген зерттеуші ешқашан да жалпы қағидалармен шектеліп қалғысы келмейді, ол осы қағидаларды нақтылауға ұмтылады да, осынысымен теориялық историоло- гия саласының өзін тереңдетеді. Тарих философиясы теориялық историологияның элементтеріне жүгінбей тұра алмайды. Екінші жағынан, теориялық тарих ғылымы мәселелерімен айналысушы тарихшы тарихи үдерістің жаратылысы туралы жалпы идеяларға, яғни тарих философиясына немесе историософияға мұқтаж бола- ды. Историософия мен жалпы тарихи историология өзара тығыз байланысты, сондықтан тарих философиясы дегенде, әдетте, тео- риялық тарих ғылымымен қоса алғандағы историософия ұғыны- лады. Тарихшылардың теориялық историологияға көңіл бөлмеуінің басты себебінің бірі нарративті историологияның ұзақ уақыт бойы тарих ғылымындағы жалғыз басым болып келуі болып табылады, сондықтан көптеген тарихшылар үшін нарративті тарих ғылымы ұғымы жалпы историология түсінігімен бірдей болып келді. Тарихи сана перспектива үшін қажет ретроспектива түрінде көрінетін, уақыт байланысын іске асыратын өткенді пайымдаушы білім, түсінік, жады ұғымын білдіргендіктен, «тарих» терминінің ма- ғынасын аша түседі. Тарих философиясында «мәңгі» сұрақтар же- терлік: тарих деген не – ол өз бетінше бар ма әлде, тарихшылардың жинаған айғақтарынан құралған конструкция ма, тарихи шындыққа жеткізетін теориялық түсіндірме бар ма, тарихтың заңдылығы бола ма, тарих құндылықтық пікірге тәуелді болса, ол қалай шынайы бо- лады, тарихты қалай бағалауға болады, тарихтың біртұтас теориясы бар ма, тарихтағы объективтілік пен субъективтіліктің арақатынасы қандай? Осындай сұрақтарды ары қарай тізе беруге болады. Тіпті, «тарих деген ғылым бар ма?» деген де сұрақ туындайды. Әрине ол зерттеу барысында жаратылыстану ғылымдары қолданылатын танымдық тәсілдер сияқты әдістерді пайдаланады, бірақ тарихтың ғылым ғана емес, әлеуметтік феномен екенін де естен шығармау керек. Дегенмен, тарихтың эпистемологиялық мәртебесі бар екенін ешкім теріске шығара алмайды. Әртүрлі сөздіктер мен әлеуметтік-философиялық әдебиетте тарих түсінігіне қатысты пікірлер молшылық, мысалы: тарих – бұл жалпы өткен шақ; тарих – бұл оқиға; тарихи өткенді баяндау; өткеннің қазіргімен және келешекпен байланысы; рухани және материалды өндіріс үдерісіндегі ұрпақтар арасында қалыптасқан сабақтастық қатынастары; әлеуметтік жады; даму үдерісі; өткен шақты зерттейтін ғылым. Десек те, тарихтың терең онтологиялық түсінігін немістің атақты философ-экзистенциалисі Карл Ясперстің еңбектерінен кездестіруге болады. Оның берген анықтамасына сәйкес, тарих – бұл белгілі бір шынайылықты қалыптастыратын әлемдік уақиғалардың уақыттық тізбегі, сондай-ақ бір оқиғаның екіншісінің артынан кәдуілгі уақыттық сабақтастығы формасындағы (яғни хроника формасындағы) жазы- луын білдіреді. Адамға ең алдымен адамзат тегінің, яғни өзінің тари- хы жақын болғанымен, әлемнің, жердің, өсімдіктер және жануарлар әлемінің пайда болу тарихын қамтитын (бұл он тоғызыншы ғасырдан бері ғана қарастырыла бастады) табиғат тарихының да бар екенін мойындау керек. Тарихи сананың табиғатын ашу тарихты зерттеумен тікелей байланысты. Тарихи зерттеудің міндеті – бізге дейін жеткен тари- хи уақиғалардың жиынтығынан мән-мағынасы барын іріктеп алу, солардың көмегімен тарихи кескінді құрастыру, қазіргі жағдай олардың нәтижесіндей болуы үшін солардың арасындағы бай- ланысты ашу.
Адамның ой-сезімін,мінез-құлқын тәрбиелеп,жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы,біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды.Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік.Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы;ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты. Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен марериалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты. Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады.
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес. Адам проблемаларының диалектикалық материализм белгіленген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір – қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді.
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі. Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, ден – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.
Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты- “сенің”болуың, басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін үйренеді. Бара –бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі марериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып шықты. Осыларды еске ала отырып адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Соңғы аталған екі бөлімнің бір – біріне ауысу мұмкіндігінің адамда негізі бар. Оның мәні мынада: түйсік, елестету, зейін қою, ес сияқты психологиялыққұбылыстар – адамныың сезім мүшелері арқылы мида қалыптасатың сыртқы дүние бейнелері.
Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзң өмір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан ерекшеліктерімен қасиеттері есепке алынады. Бұларға адамның көзілдірік киетіні, аяғында протез болуы, ашушандығы, ақырын сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды. Таза биологиялық көзқарастың қарсылықтары, негізінен гуманитарлық ғылымдардың өкілдері адам табиғатының әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекше маңызын баса көрсетуге тырысады. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстығын, бір – біріне тәуелділігін сөз еткенде еске алатын тағы бір жай бар. Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамның табиғи биологиялық – физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан тағы бір аңдардан айырмасы көп болмаған.
Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи – мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттер қосындылардың иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасанпаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған жетілген адам. Дүниеге көз қарастың әлеуметтік – психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігермен қосылмаса жансыз пайдасыз бейне болып қала береді.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөлінеді. Жігерлі адам әр қашанда өзінің түрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімімен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы батылдығы жетіспейді. Кімнің болса да жігерін теріс, қоғамның, халықтың мүддесіне қарсы келетін іске емес, адам игілігіне арналған қызметке жұмсағаны маңызды.
Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.
Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды” – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз – күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ. Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқешан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы. Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз.
Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.
Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті. Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді.
Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сүранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді. Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық отраны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайданылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышынды тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де төн болып отыр.
Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн. Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адамболса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.
Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті. Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді. Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сүранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.
Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық отраны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайданылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышынды тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де төн болып отыр. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, географиялық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес, сыртынан іздейді. Империализм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы сияқты кертартпа ағым – “геосаясат” пайда болды. Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысты. Бұл ағымды ұсынған неміс географы Ф. Ратцельдің ойы бойынша, тарихтың қозғаушы күш – “өмірге қажет кеңістік үшін күрес”. Оның пікірінше, тарих дегеніміздің өзі халықтардың “өмірлік кеңістік үшін” бір – бірімен күресі. Мәселе, “геосаясат” деген сөзде емес. Оны не үшін қолдануда. Өз жерін басқадан қорғау да – геосаясат.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым – қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, сондай – ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера – адамдардың тыныс – тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.
Биосфераның құрамына өмімдіктерден, тірі организмдер мен жануарлардан басқа адамның өзі де кіреді, яғни адамзат – биосфераның бір бөлігі. Адамның іс - әрекеті, ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаушы орыс ғылымы В. И. Вернадскийдің (1863 – 1945) пікірінше, ноосфера – адамның ақыл – ой өрісі, ойланып істеген әрі дәйекі басқарып отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі саналы түрде пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің жемісі.
Бұл айтылған мәселелер бүгінде экологиялық проблемалар деп аталып әлемдік сипатқа ие болып отыр. “Экология” деген ұғым гректің “okos – үй, мекен” және logos – ғылым деген сөздерінен құралған. Басқаша айтқанда, экология – табиғат мен қоғам байланысы туралы ғылым. Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды” талап ететін ғаламдық мәселеге айналады. Сондықтан елімізде табиғат қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды. Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да – уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау – бүгінгі танда әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Тарих түсінігіндегі уақыт категориясы
2.Тарихтың айналым ұғымы
3.Адам проблемасының философияда қойылуы.
4.Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.
5.Табиғат – философия.
6.Табиғат, географиялық орта түсінігі.
7.Экология мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет