О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы


Дәріс 27.28. Дін философиясы



бет43/54
Дата08.11.2022
өлшемі0,96 Mb.
#157052
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
Î. Á. Áåðìàõàíîâ ôèëîñ.?. ê., ?àóûì ïðîôåññîð ì³íäåò³í àò?àðóøû
181884
Дәріс 27.28. Дін философиясы
Негізгі мақсаты: Дін және оның қалыптасу тарихы. Дін функциялары мен қызметтері. Әлемдік және дәстүрлі діндер арасындағы байланысқа талдау жасау.
Негізгі түсініктер: теология, деизм, монотеизм, политеизм, пантеизм, магия, тотемизм, фетешизм, анемизм.
1.Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.
2.Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені.
3.Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев).
4.Буддизм және оның негізгі бағыттары.
5.Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Қоғам философиясы.
Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1.Философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс,
2. Қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
3. Көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
4. Діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себеп-терін талдайды;
5. Діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
6. Сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
7. Діннің адамбойында адамгершіліктіктіқалыптастырудағырөлінкөрсетеді;
8. Діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.
Діннің анықтамасы: религия - қасиеттілік, Құдайылық - Абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-қүлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.
Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастардың және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезеңде табиғи күштер Құдайлар сияқты болып көрінді; 2) заңдық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайга деген сеніміне деп таниды, "адамның өмір сүруі", "экзистенция" ұғымдарын енгізді.Екінші көзқарас Қайта Өркендеу, Жаңа Дәуір кезендеріндегі ғылымитехникалық революциядан бастау алып, ХХ-ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімніңтөмендетілуіне, дінге сенушілердің кудалануына әкелді.Үшінші көзқарас Жаңа Дәуір ғылымының өкілі Ф.Бэконның еңбектерінде кездеседі. Менің ойымша, осы "екі ақиқат" принципін құптауға болады. Қазіргі заманғы қоғам осы ұстаным бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің гармониясынан, бір-бірінетүсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, Құдайға соқыр сеніп, діни салт-дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті өмірде зүлымдық жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен ұштастырмау мүлдем қате.
Діни сенім бостандығы - адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз үзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заңтүрінде бекітеді.Сонымен қатар, әрбір адам басқа дінді ұстанған адамға да, құдайға сенбейтін адамға да түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда ғана адамдардың арасында достық, сыйластық, ынтымақтастыққалыптасып, қоғамдағы түрақтылық сақталады.Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырларымен қатар психо-логиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда түрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге, елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. Діннің функциялары:
әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.
адамгершіліктік функциясы - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.
компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа үшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.
Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар: 1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою, оны "Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат" деп түсіну;
сциентистік көзқарас сенімге негізделгеңдінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді;
"екі ақиқат" - сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау;
Бірінші көзқарас Ортағасырлық христиандық және мүсылман фило-софиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: "Сенемін, себебі абсурдты". Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіңдіруде Аквинаттың рөлі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таным объектісіннің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев XIII бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады. Бірақ қазіргі заманғы томизм аитропологияльқсипатта, Құдайды ғана емес, адамды да құндылық деп таниды, *адамның өмір сүруі, *эксизтенция* ұғымдарын енгізді.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Дін қогамдық сананың формасы ретінде.
2.Ақыл мен сенмнің арақатынасы.
3.Діни сенім бостандыгы мәселесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет