Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет1/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ



ОНОМАСТИКАЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№ 1 (31)

2016


Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы 

Республикалық ономастика комиссиясының бюллетені

ОНОМАСТИКАЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№1 (31)

Құрылтайшы:

Қазақстан Республикасы  Мәдениет 

және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және  қоғамдық-

саяси жұмыс комитеті

ҚР Ақпарат министрлігінде 

тіркеліп, тіркеу туралы 

2004  жылғы 11 тамызда 

 №5336 – Ж куәлігі берілген.

Редакциялық алқаның 

төрағасы:

А. Мұхамедиұлы 



Редакциялық алқа құрамы:

М. Әзілханов 

Қ. Асылов 

Ғ. Мелдешов 

Ж. Ерғалиев 

А. Смағұлов

Х. Әбжанов 

Н. Уәли 


А. Жартыбаев

С. Иманбердиева 

Д. Қыдырәлі 

С. Әбдірахманов 

Қ. Өскенбаев 

Т. Қышқашбаев

М. Серікбайұлы

Н. Жүсіп 

С. Негимов 

Б. Әбдуәлиұлы



Бас редактор

Қ.Әбіл



3

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Аңдату

Егемендікпен  келген  жаңғыру  жылдарында  еліміздегі  ономас­

тикалық ахуал ұлттық мемлекеттің саяси, әлеуметтік һәм руха­

ни  сұраныстарына  сай  өріс  алуда.  Бұл  үдеріс  стихиялы  немесе 

субьективті түрде  жүріп әділетсіздіктер мен бұрмалаушылықтар 

орын  алмас  үшін  ономастика  саласы  қолданбалы  тұрғыдан  да, 

ғылыми  тұрғыдан  да  жалпы  тәуелсіздік  мұраттары,  елдік  құн­

дылықтар  биігінен  қарастырылуы  қажет.  Елімізде  осы  бағытта 

көптеген  жұмыстар  атқарылуда  және  атқарылмақ  шаруалар  да 

жетерлік. 

Ұлттық ономастиканың өрістеуімен бірге оны жүйелейтін, сара­

лайтын ғалымдар шоғыры да қалыптасты. Бұл ретте                   Ах­

мет  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  онома­

стика бөлімінің, Астана, Алматы қалаларындағы және өңір лердегі 

жоғары оқу орындарының ғалымдарын, осылармен қатар орталық, 

жергілікті  атқарушы  органдардың  мамандары  тарапынан 

жасалған жұмыс тар айтуға боларлық.

Ономастикалық    атаулар  беруде  жалпы  ұлттың  тарихи  жа­

ды на  байланысты  маңызды  мәселелер  қозғалатыны  белгілі.  Сон­

дықтан жер­су атауларына байланысты атаулардың гене зисі, мә ні, 

мазмұны және олардың тәуелсіздік мұраттарымен са бақ  тастығы 

мәселелері  күн  тәртібінде  тұрғанда  бұл  салада  ат қарылмақ 

жұмыстарда  ғалымдардың  үлесі  көп  екені  өзінен  өзі  түсінікті. 

Сондықтан  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  Тілдерді  дамыту 

және қоғамдық­саяси жұмыс комитеті тарапынан шығарылатын 

«Ономастикалық  хабаршы»  бюллетені  осындай  жұмыстарға 

ұйтқы болады.

Журналдың  кезекті  санынан  тарихи  топонимдер  тағылымы 

жайлы, жер­су атауларының тарихы мен тағдыры жөнінде өзекті 

мақалаларды  оқи  аласыздар.  Ономастика  ортақ  ұлттық  құн­

дылықтарымызды қалыптастырумен тікелей байланыс ты болған­

дықтан  да  мамандардан,  ғалымдардан,  жалпы  ойлы  оқыр маннан 

өрісті ұсыныс, орайлы пікірлер күтеміз. 


4

ХАБАРШЫ


Ономастикалық



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет