Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет5/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Тарихи топонимика


8

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Өйткені, жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік 

тарихи  мұрасы.  Олар  ана  тіліміз  бен  ұлттық  тарихымыздың  сыр-сипатын, 

халқымыздың этномәдени құбылыстарын тереңдей зерделеп зерттеу үшін де аса 

қажетті, өте қымбат та құнды дерек болары сөзсіз.

Жер-су аттарының шығу, қалыптасып дамуында лингвистикалық факторлар-

мен қатар табиғат құбылыстарының, жер бедері мен көрік-келбетінің ерекшелік 

сипаты,  бейне  көріністері,  қоғам  өміріндегі  тарихы,  әлеуметтік-экономикалық 

және  саяси  өзгерістердің  жай-жапсарлары  тайға  таңба  басқандай  анық  та 

айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тірлік-болмысымыздың рухани 

байлығына тән мәдени ескерткіш ретінде ғана құнды емес. Заман ағымына сай 

толысып, жаңарып қазіргі өмірімізде де ерекше қызмет атқаруда.

Жеріміздегі парсы, араб тілдеріне тән атаулардың сақталуы ерекше назар ау-

дартар жайт. Ол атаулар аса көп болмағанмен, кейбір облыстардың жер-су атау-

лары құрамында ұшырап отырады. Тілімізге енген араб тілі сөздерінің жалпы 

мөлшері зерттеушілердің пайымдауы бойынша 15-20 пайыз болса, оның ішінде 

өте басым тобы – кісі есімдері, ал жер-су атаулары мүлдем аз. Өйткені, жергілікті 

тұрғын қазақ жұрты өзі өмір сүріп жатқан мекеніне өз тұсынан араб атауларын 

қоймаған.

ХІІІ-ХІV  ғ.ғ.  моңғол  үстемдігі  заманындағы  моңғол  атаулары,  ХVІІ-ХVІІІ  ғ.ғ. 

қал мақ тіліндегі жер-су атауларының ұзын-ырға саны қазақ жерінде мүлдем жұ таң.

Белгілі  ғалым  Ғ.Қоңқашбаевтың  зерттеуі  бойынша  моңғол  тіліне  тән  атау-

лардың бар-жоғы екі жүзден артық емес. Ал қалмақ атаулары аз ғана, бар-жоғы 

жүзге жетер-жетпес. Ал славян тілдеріне тән атаулардан сақталғандардың басым 

көбі – орыс тілі сөздерінен жасалған атаулар, олар негізінен антропотопонимдер 

(яғни есім-фамилиялардан қойылған елді мекен аттары) болса, украин тіліне тән 

деген атаулар тым сирек.

Орыс  тілдік  топонимдер  орыс  шаруаларын  Қазақстанға  ХІХ  ғасырдың 

60-жыл да рында қоныс аударумен, одан кейінгі жылдар патшалық ресейдің отар-

лық  саясаты  негізінде  жүзеге  асса,  кеңестік  дәуірде  оның  идеологиясына  сай 

үдей түсті. Әсіресе, Қазақстанда тың жерлерді игеру саясатымен байланысты 

келімсектер саны әлденеше миллионға жетіп, колхоз, совхоз, аудан, село, қала 

атаулары көбейе түсті. Тың жерді игерудің 25 жылдық мерекесінде «Наука мира» 

атты журналда 3,5 мың орысша жаңа атау қойылғанының мақтаныш болғаны 

белгілі.

Осыншама ұлан-ғайыр жерімізді Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Орта Азия-

ны жалғастырған әйгілі Жібек жолы да басып өтті. Сөйтіп, әртүрлі сенім мен 

нанымдағы халықтар мен ұлыстар бұл өлкеге келіп, сауда-саттық жүргізіп, өз 

тілдерінде сөйлеп, мәдени қарым-қатынас жасады. Бұл жағдай жергілікті халық 

тіліне әсер етіп – жер, адам, ел аттарының қойылуына да ықпал етпей қоймады.

Әрбір атаудың шығу, пайда болуы мен тек-төркіні, олардың бастапқы мән-

мағыналарын анықтау мәселелерін тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы-типо-





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет