Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет2/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика

Телғожа Жанұзақ

А. Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ұлы Дала атаулары

Халқымыздың  ықылым  заманнан  бергі  мәдени  мұрасының  бір  сарасы  жер 

астында  сақталып  келсе,  екінші  бір  тобы  жер  бетінде,  ашық  аспан  астында 

жарқырап тұрғаны баршаға аян. Біздің заманымыздан бұрынғы V- ІV ғасырларға 

тән  «Алтын  адам»  және  ожауға  жазылған  жазу  археологтардың  Есік  қаласы 

маңайындағы  Жуантөбені  қазғанда  табылса,  Шығыс  өлкеміздегі  Берел  қазба 

байлық ескерткіштері, Атырау облысындағы қорғанды қазғанда табылған «Ал-

тын адам», Орталық Қазақстандағы қола, тас дәуірлеріне тән алтын дүниелер, 

түрлі  мәдени  бұйымдар  жер  астында  сақталған  жәдігерлер  болса,  жер  беті, 

ашық аспан астындағы мәдени жәдігерлер де аз емес. Оған біздің дәуіріміздің 

бас  кезіне  тән  Аягөз  маңайындағы  Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу  кесенесі,  V-VІІІ 

ғасырларға тән және Талас, Сырдария, Іле өзендері бойынан, Қазақстан Алтай-

ынан, Қарқара жайлауы және Жамбыл облысынан табылған көне түркі жазба 

ескерткіштері, Іле бойындағы Таңбалытас астроглифтері, Ұлытаудағы ХІV-ХV 

ғасырларға тән Жошы хан, Алаша хан, Болған ана, Домбауыл, Түркістандағы 

Қожа Ахмет  Ясауи, Арыстанбаб, Рәбиға Сұлтанбегім, Жамбыл облысындағы 

Дәуітбек, Айша Бибі, Қарахан, Бабажы Қатын, т.б. кесенелер қаншама?!

Осылар тәрізді жер бетінде моншақтай шашылып жатқан мәдени ескерткіштің 

бір тобы, жер-су атаулары – халық тілі байлығының қайнар көзі, ғасырларға тән 

асыл қазынасы болып табылады. Біздер, кәсіби маман – ономастар ол атауларды 

бейнелі түрде «жер тілі» деп те атай береміз.

Осы жер-су атауларының құрамында ежелгі заманғы, яғни біздің дәуірімізге 

дейінгі атаулар, ерте ортағасыр, кейінгі ғасырларға тән атаулардың бары анық-

талып  отыр.  Тарих  атасы  Геродоттың  жазуы  бойынша,  б.д.д.  V  ғасырдағы  

Каспий  теңізі  атауы  болғанын  білсек,  сондай-ақ  Арал  теңізі,  Сырдария,  Ал-

тай, Хантәңірі, Ертіс, Есіл, Іле, Орал, Қарқара, Қарқаралы, Жайық, Арыс, т.б. 

атаулардың да көне дәуірден барын көреміз.

Демек, батысы Каспий теңізінен шығысы Алтайға, оңтүстігі Орта Азия, сол-

түстігі Ресей Федерациясымен шектесіп жатқан ұлан-ғайыр, кең-байтақ шек сіз 

даламыздағы атаулар мың сан, тіптен сансыз көп. Мұның бәрі – біздің атамекен, 

атажұртымызға тән тарихи-мәдени жәдігер, қымбат та құнды асыл мұра.

Атажұрт, атамекен өте кең ұғым. Халқымыздың атам заманнан бері мекен-

деп, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе жатқан кең жазира жері. Оның айдын-

шалқар көлдері мен мөп-мөлдір бастау қайнарларының, кең-байтақ, ұлан-ғайыр 

даласының атаулары – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырдан 



5

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ғасырға ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған 

мәдени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық 

зердесі мен ұлттық мінез-құлқы, барша болмыс-тірлігінің көрінісі.

Мәдениеті  мен  ғылымы  кемелденген  өркениетті  халықтар  көне  тарихының 

сыр-сипатын  ашуға,  оны  танып-білуге  септігін  тигізер  құнды  мұралардың  еш бі-

рін  назардан  тыс  қалдырмай,  мейлінше  құнттап,  зерделей  зерттеп,  ғылым  еле гі-

нен өткізіп отырады. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу сыры бар. Осы орайда 

халқымыздың  абзал  ұлы,  кемеңгер  ғалымы  Ш.Уәлихановтың:  «Көне  түркі  салт-

сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын 

тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары 

есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады», – деген ұлағатты ойы еріксіз еске 

түседі. Олай болса, осынау қасиетті де құдіретті ұлы даламыз тұтас бір шежіре – 

оның беті құпиясы әлі толық ашылмаған сырлы кітап, ғаламат маржан сөз.

«Жері байдың – елі бай» демекші, халқымыздың пешенесіне біткен жомарттық 

пен мәрттік, кеңпейілдік пен абзал адалдық куәсіндей жеріміз де – кең-байтақ, 

ұлан-ғайыр, ғажап та сұлу, көркем. Жер тарихы – ел тарихымен, оның қасиетті 

ана тілімен етене тығыз байланысты. Осы жайтқа жіті көз жіберіп, бар болмы-

сы, жан-тәнімен сезінген Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 1998 жылы наурыз айын-

да зиялы қауым алдында сөйлеген сөзінде жер-су аттарының тарихилығы мен 

көнелігіне ерекше мән беріп, оны жинап зерттеудің бүгінгі мемлекетіміздің сая-

си стратегиясы үшін де маңызының зор екендігін атап көрсетті. «Әрбір азамат 

тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-

байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын», – деп баса айтты. Еліміздің 

жер-су  атауларын,  ғылыми  тілмен  айтқанда  топонимиканы  зерттеп  жүрген 

ғалымдар үшін бұл аса құнды пікір.

Қазақ  ономастикасының  бір  бөлігі  саналатын  жер-су  аттары  (топонимдер) 

ғасырлар  жәдігері,  мәдениетіміз  бен  тарихымыздың  құнды  қазына  байлығы, 

мәдени мұрамыздың бір бұлағы деп айта аламыз. Республикамызда тек қана өзен 

аты 85 мың болса, көл аттары 50 мыңның үстінде. Олардың ең ірілері: Балқаш, 

Алакөл,  Сасықкөл,  Теңіз,  Марқакөл,  Зайсан,  Шалқар,  Индер,  Қарасор,  Шор-

танды, Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Сілеті теңіз, Құсмұрын, Шағалалы       

те ңіз, Үлкен Қарой, Сарықопа, Арыс, Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Кеңгір, 

т.б. Ал, қалалар мен кенттер, ауыл, село атауларымен қатар физика-географиялық 

атау лар дың шамадан тыс мол екені баршаға мәлім.

Топонимдердің  шығу,  пайда  болу  тарихы,  ең  алдымен  халық  тілінің  байлы-

ғына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-эко-

но микалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен 

елді мекендердің жан-жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып 

отырады.


Жеріміздегі  мыңдаған  атаулардың  шығу,  пайда  болу,  дамып  өсуі  бір  ғана 

дәуірге тән емес, талай ғасыр, тарлан дәуірлердің куәсі, біздің заманға жеткен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет