Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет9/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


12

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

қостайды. Осы аты аталған ғалымдар еңбектеріндегі ой қорытуларына сүйене 

отырып, біз орта ғасырда Орталық Қазақстанда болған (Ал Идриси еңбегінде) 

қалалардың орналасу ретін төмендегіше топтастырдық. «Нузхат ал-Муштакта» 

(Ал Идриси) Хиам қаласы Магра өзенінің (Кеңгір) жоғарғы сағасында орналасқан 

делінеді. Ал  Ж.Смайлов оны Басқамыр кешенімен байланысты қарастырады. 

Басқамыр  қазіргі  Жезқазған  қаласының  солт.-бат.-да,  Жезді  өзенінің  сол 

жағалауында  орналасқан.  Джаджан  қаласы  Руза  (қазіргі  Сарысу)  өзенінің  оң 

жағалауында,  атақты  Бетпақдаламен  шектес  алқапта  болған.  Нуджах,  Бадагах 

қазіргі Ұлытау тауының үстінде салынған [11,12-13]. Бұл қалалардың ескі орны 

қазіргі кезеңде Нөгербек дарасы және Хан Ордасы деп аталынып жүр. Осы екі 

қорғанның ортасынан Жетіқыз өзені ағып шығады. Даранда атты қала қазіргі 

Арғанатты тауында болған. Жалпы Сырдария бойынан созылған көне қалалар 

тізбегі қазіргі Ұлытау, Арғанаты таулары мен Кеңгір, Сарысу өзендері бойла-

рына орналасқандай. Әрі бұл топонимдер орта ғасырлық жазбаларда Россия та-

рапынан жарық көрген көне карталар мен түрлі басылымдарда  (ХІХ ғ. Соңына 

дейінгі) әр түрлі атаулармен беріліп отырады. Мысалы, қазіргі Ұлытау оронимі 

ХІІІ ғ. дейін Музгар, Кендыр-Таг деп аталса [12,44], ХVII ғасырда ғана Улутов 

формасында  беріліп,  Кендірлік  өзені  осы  таудан  басталады  делінген  [13,95]. 

Яғни 1627 ж. Иван IV заманда жарық көрген «Книга Большому Чертежу» деп 

аталатын еңбектен кейінгі басылымдардың бәрінде де Ұлытау оронимі Улутов, 

Улутағ, Улутау түрінде беріліп отырған, яғни қазіргі Ұлытау формасынан алшақ 

кетпейді. Оронимнің Ұлытау аталуына таудың биіктігіне қарағанда, оның орна-

ласу реті мен баурайларының орман-тоғайлы, үлкенді-кішілі бұлақ, өзен-көлді 

болып келуінің қатысы бардай. Себебі Бетпақдала шөлінен өте көп қиындықпен 

өткен жолаушы немесе көктемгі көш жолындағы халыққа алдынан ұшырасқан 

саялы, сулы тау шынында да жер жұмағы, әулиелі немесе ұлы деп атап отырған. 

Әрине, Ұлытаудың  халқымыздың ел, мемлекет болып қалыптасуына арналған, 

үш  жүздің  басын  құраудағы  саяси  орын  болғандығын  да  жоққа  шығарудан 

аулақпыз.

Орталық  Қазақстанға  тән  атаулары  VIII-IX  ғғ.  өмір  сүрген  Қарақожаұлы 

Қорқыт Атаның еңбектерінен де көреміз. Жалпы Қорқыт Ата дәуірі мен оның 

шығармаларындағы деректерді Х.Көроғлы мен Ә.Марғұлан оғыз дәуірімен бір-

лік те  қарастырады.  Х.Көроғлы  «Қорқыт  Ата  кітабында»  айтылатын  Қазылық 

тауы  [14,25]  мен  қырғыздардың  «Манас»  жырындағы  Қазылық  тауын  көне 

оғыздар мекені десе [15,132], академик Ә.Марғұлан да осы сарындас пікір айту 

барысында  «Қорқыт»  эпосында  ұшырасатын  Өгізтау  (Атасу  бойында),  Ар-

қу  (Арқа)  белі,  Ортағ  қыры  Ортау,  Көкше  теңіз  (Балқаш  көлінің  ескі  атауы), 

Қазылық  тауы  топонимерінің  қазіргі  Орталық  Қазақстанда  ұшырасатынын 

айтқан.  Ә.Марғұлан  «Ежелгі  жыр-аңыздар»  атты  кітабында  «Қарқаралының 

күншығысында,  Семейдің  күнбатысында  тұратын  биік  тауларды  (Кент,  Мыр-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет