Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет14/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


17

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ә.Марғұлан  ХІV-ХV  ғасырлардағы  итальяндардың  Индия  мен  Қытайға  сауда 

жасау  мақсатында  жасалған  карталарына  (1375  ж.  Каталон  картасы;  1367  ж. 

Ағайынды Пицигани; 1459 ж. Фрамаур) талдау жасау барысында осы карталар-

да қазіргі Нұра өзені бойында Ақсикент қаласы болғандығын жазады [7,9-11]. 

Аталған өңірдің кейбір көне атаулары  ХV-ХVІІІ ғғ. Арасындағы парсы, түркі 

шығармаларын талдауға арналған еңбектерде де ұшырасады. Оны қазақ тарих-

шылары  аударып, баспадан шығарған [29,36]. Осы материалдар жинағындағы 

Мұхаммед  Қайдардың  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегінде  Көкшетеңіз  (Балқаш  кө-

лінің көне атауы) бен Иртыш (Ертіс) гидронимдері берілсе, Хафиз Тыныштың 

«шараф-намей шахи» еңбегінде Орталық Қазақстан жеріне тән Сарық-Су (Са-

рысу), Улуғ-Таг (Ұлытау), Уч-Кунгур (үшқоңыр), Иланчук (Жыланшық өзені), 

Кендірлік  (өзен),  Қырық  Қарақлар  (Қырыққарақшы),  Қызыл-Қақ  (Қызылқақ), 

Ақкөл топонимдері мен Болған ана, Талмас ата, Белең ана және т.б. некронимдері 

ұшырасты  [30,243-281;540-543].  Осы орайда ономаст ғалым Е.Керімбаевтың 

төмендегі  пікірі  түркі  ономастикасына  қатысты  аз  ұшырасатын  тарихи  мате-

риалдарға  басқаша  көзбен  қарау  қажеттігін  айғақтайтындай.  «Мы  вправе  ут-

верж дать, что то или иное собственное имя, «попавшее» в какой –нибудь исто-

рическии  письменный  (датированный)  памятник,  могло  существовать  многие 

сто летия и даже тысячалетия до момента его письменной фиксации. Это утверж-

дение в полной мере относится к истории собственных имен тюркских народов, 

не  имевших  письменных  традиций  ранней  фиксации  ономастического  мате-

риала» [31,49-50]. Келтірілген тарихи деректер Орталық Қазақстан  аймағының 

кө не дәуірлерден түркілік, одан бері де қазақ ұлысының, арғын тайпасының (бес 

мейрам) атамекені  болғандығын тарихи этникалық тұрғыдан дәлелдейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет