Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар
(Халық даналығы)
2-тапсырма: сурет не жайлы?
Жеті атаны тарату
Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
(«Жеті қазына» кітабы, 2001ж.)
3-тапсырма: төменнен жоғары қарай атағанда ататектің жалғасын ретімен орналастырыңыз.
Берілгені: әке, шөпшек, немене, туажат, жұрағат, жат-жұрағат, жегжат, жамағайын, немере, бала жүрежат, шөбере, ата.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма: Жеті атаңызды тарата аласыз ба?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |