Ер жігіттің жеті қасиеті (суретті мәтін)
5-тапсырма:
Ер жігіттің бойындағы жеті қасиетін ретімен орналастырыңыз:
қаны – ...
қуаты – ...
сенімі – ...
сұсы –...
серті –...
оты – ...
әдіс-айласы – ...
Қажетті сөздер: мылтықта, атта, тазыда, ау-жылымда, кездікте, қақпанда, қыранда.
6-тапсырма: жоғарыдағы аталған жеті қасиетті өзгертер ме едіңіз? Өзгертер болсаңыз, қайсысын өзгертесіз? Себебін қалай түсіндірер едіңіз?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыр басты пенденің 99 пайызы ас үй мен әжетхананың арасында жүріп қартаяды екен. Өкінішті. Өкініштісі сол. Білмейді. Кімге қызмет етіп жүргенін білсе, түсінер еді. Сонда кімге қызмет қылып жүрміз? Мәселен, 11 жыл мектепте оқыдық. Не үшін? Жоғарғы оқу орнына түсу үшін. 4 жылды жоғарғы оқу орнына сарп етіп, тәмамдадық. Не үшін? Қызмет қылып, нәпақа табу үшін. Ендігі қалған өмір сол құрғырдың тояттауы үшін «Алыстың, жұлыстың, айтыстың, тартыстың...»
7-тапсырма: сіз өз өміріңіздегі бір тәулікті қалай жоспарлар едіңіз?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8-тапсырма: «Мағыналы өмір» дегенді қалай түсінесіз? Ол мағынаны қайдан іздейміз? Қалай іздейміз?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |