Бала тәрбиесі – баршаның ісі
Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жайлы көптеген пікірталастар бар. Кейбіреулер «Тәрбие тал бесіктен басталады» десе, келесісі «Бала ес біліп, етек жеңін жиып ержеткен соң тәрбие ала бастайды», – дейді. Ал кейбір ғалымдар: «Бала ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады,» – деп шешеді. Нәресте анасына кіндігімен жалғасқандықтан, ана қандай күйде болса, ол да сондай халде болатын көрінеді. Мәселен, ана құнарлы ас ішіп-жесе, құрсағындағы бала да тез өсіп жетіле бастайды. Ана айқай-шусыз тыныш ортада дұрыс өмір сүрсе, бала да тыныш есейіп толысады екен. Сондықтан екіқабат әйелге қамқорлық ауадай қажет. Яғни ол ешқандай үрейсіз, көңілі көтеріңкі өмір сүруі іштегі нәрестенің өсіп-өнуіне, тәрбиесіне тікелей байланысты. Көптеген адамдар осыған жете мән бермегендіктің салдарынан, шыр етіп жарық дүниеге келгеннен дұрыс тәлім бере алмағандықтан, бала тәрбиесі барлық жағынан осалдап бара жатқанын аңғаруға да болады.
Балаға экономикалық жағдай толығынан жасалса да, рухани азық өте жетіспейді. Ол – білім мен тәрбие. Білімсіз адам өмір сүре беруіне болады. Ал тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Бұл туралы ғұлама ғалым Ибн Сина: «Балада рух, дене тәрбиесі және такамүлі /үйренуі мен ілгерлеуі/ бірге жүргізілуі қажет,» – дейді. Баланың денесін шынықтырып спортпен шұғылдандыру жағы бізде жоқтың қасы. «Балаларымызды қарындарын және ақылдарын толтырғандай рухани әлемін де толтыруымыз қажет,» – ейді Микаэл Маршалл.
11-тапсырма: «Балада рух, дене тәрбиесі және такамүлі /үйренуімен ілгерлеуі/ бірге жүргізілуі қажет» деген ойды кім айтты?
Омар Хайям
Ибн Сина
Әл Фараби
12-тапсырма: Берілген сурет нені білдіреді?
Мәтіннің екі бөлігі арасындағы әлеуетті сәйкессіздікті анықтаңыз
Рабғузи хиссасы
Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор – Рабғузи. Бұл бүркеншік ат – «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |