Ортаңғы топ: «Тұлпар» Балалардың жасы



бет3/15
Дата11.03.2023
өлшемі44,04 Kb.
#171942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
13-17 наурыз
мөж №7 жоғ мект пед, шерморми, Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ , Дәуітханқызы Динара Мақала
(дене шынықтыру)

Саусақ жаттығуы. "Бір-бір кесе алайық".
Мақсат-міндеттер. Балаларды көркем сөзді айтып, білгілі қимылдарды жасауға үйрету; дыбыстық тіл мәдениетін дамыту; қуанышқа бөленуге баулу.
- Дастархан дайын болса, (алақандарды өзара уқалау)
Қонақтарға жайылса. (шапалақтау)
Бір-бір кесе алайық, (екі алақанды қырынан қосып, кесе ұқсас пішінді құру)
Суыды ма, қарайық. (жасанды кесе ішіне, алақандардың ішкі жағына үрлеу)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары.
1. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.
1.1. Екі жаққа созылған қолдарды жоғары көтеру-қолдарды түсіру.
2. Бастапқы қалып: қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, етпетімен жату.
2.1. Қолдарын алға созып, қарағай бүршіктерін нұсқаушыға көрсету; алға тік қарап, қарағай бүршіктерін иыққа қою.
Дененің жоғарғы бөлігін қатты имеуге тырысу керек.
3. Бастапқы қалып: қолды екі жанға қойып, шалқадан жату. Қол мен аяқты бір уақытта көтеру, қолды тобыққа тигізу.
3.1 Бастапқы қалыпқа оралу.
4. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.
4.1. Қарағай бүршіктерін ұстап, бір орында тұрып секіру. Баяу жүру.
(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Құралдар: сабын.
Көркем сөз
Сиқырлы ғой қасығым,
Жылдам жеймін асымды.
Міне тамақ, міне шай,
Тым асықпай, жеші жәй.
Салт-дәстүр. Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнентұратын
қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет