Ұйымдасты-рушылық –оятушылық кезеңі
|
-Сәлеметсіңдер ме! Қайырлы күн,балалар!
1.Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Көп танысты көреміз,
Алдымыздан кезіккен,
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз!
2. «Дауысын таны» дидактикалық ойыны
Үй жануарларының дауыстары жазылған үнтаспадан тыңдату.
Өткен сабақтағы ит пен мысық сөздерін қайталату.
|
-Сәлеметсіз бе!
Педагогпен бірге әнді қимылмен орындайды.
Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдайды,жануарлардың аттарын тауып, атайды.
|
Ұйымдасты-рушылық –ізденушілік кезеңі
|
3. Ит пен мысық жайлы суреттер бойынша педагог әңгімелеп береді. Және жаңа сөздермен (сиыр,қой) таныстырады.
4. «Суреттегі жануарды ата» дидактикалық ойыны
Шарты: Педагог үй жануарының суретін көрсетеді,ал балалар сол жануарды атайды.
5.Сергіту ойыны
«Ит пен мысық» қимылды ойыны. Шарты:Бір бала «ит», қалғандары «мысық»болып сайланады.
«Ит» ұйықтап жатады, «мысықтар» алға жылжып, «итке» жақындайды. «Ит» оянып, төрттағандап, «мысықтарды» алға қарай қуады, «мысықтар» төрттағандап артқа бұрылмай қашу керек.
6. «Кім қайда тұрады?»дидактикалық ойыны
Шарты: Педагог балаларға үй жануарларының мекендейтін үйшіктерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар иесін атайды.
|
Балалар қызыға ойнайды.
-Мысық
Сурет бойынша жануарлардың иесін табады.
Педагогтығ көмегімен тапсырмаларды орындайды.
|