Өткізілетін іс-шаралар


Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



бет5/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#27701
1   2   3   4   5   6   7
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

  1. «Ә» сыныбы

Әлдикенова А.А.

Тақырыбы: Тіл ұстарту. Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: а)Мәтінді талдап, негізгі ойды ашу.

ә) Мәтіннен стиль түрлерін ажыратып, талдау жұмыстарын жасау арқылы ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлеу тілдерін дамыту.

б) Отансүйгіштілікке, ұлтжандылыққа, намысшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту әдісі (сұрақ, талдау жұмысы, тест)
Көрнекілік: тест, мәтін, сызба
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасып, сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа бет бұрыс алу.

2.Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып таныстыру.Сабақты М.Шахановтың «Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңімен бастау.

3. Тапсырмалар орындау.
1-оқушылық деңгей. 3 топқа 3 түрлі мәтін таратып беру, желтоқсан оқиғасына байланысты.Мәтінді оқып танысады.
2-алгоритмдік деңгей. Әр топ өз мәтіндерінің ішінен

а) Мәтінді стильдің қай түріне жататынын анықтап дәлелдеу.

ә) 1-сөйлемге синтаксистік талдау, 2- сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
3 - қосымша деңгей тақтада орындау

а) 1-топ. «Желтоқсан»

2- топ. «Тәуелсіздік»

3-топ. «Егеменді» сөздеріне математикалық тәсіл бойынша фонетикалық талдау жасау.
ә) 3-оқушы тақтада орындайды қалған оқушылар «Желтоқсан» сөзіне фонологиялық талдау жасау.

1.Желтоқсан – аралас буынды біріккен түбір

2.3 буын бар. Жел- тоқ- сан 3-і де бітеу буын.

3. 3 жағдайда тасымалданады. Жел

тоқ

сан.

4.Екпін соңғы «а» дыбысына түседі.

5.Буын үндестігі аралас буынды, өйткені біріккен түбір.

6.Дыбыс үндестігі «қ» қатаң, қосымшаны да қатаң «с» дан қабылдайды.
б) Өздік жұмыс. тестік тапсырмалар, стиль түріне байланысты тестпен жұмыс жасау.
4-шығармашылық деңгей.

а) «Желтоқсан – ел есінде қалатын зор оқиға» тақырыбына ойтолғау жазу.

ә) Кестені толтыру.



Мәтіннің негізгі идеясы

Бүгінгі күнде бұл мәселе маңызды ма?







4.Сабақты бекіту. Кесте бойынша пікірталас ұйымдастыру.

Қайраттың бойынан қандай ерлікті көрдік?

Жастардың алаңға шыққаны дұрыс па?

Қайраттың «Еркек тоқты – құрбандық

Атам десең атыңдар !» - деген сөзінен нені көруге болады?

Жастардың көтеріліске шыққаны дұрыс па, қалай ойлайсыңдар?


5.Сабақты қорыту.

«Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты – құрбандық

Атам десең атыңдар !» -дей келе сендердің бойларыңда да әрқашанда ерлік қасиет, ұлттық намыс болсын.
6.Үйге тапсырма алу. «Желтоқсан болмағанда бүгінгі тәуелсіздік болар ма еді?» ойтолғау жазу.
7. Бағалау. Сабаққа қатысып, тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
8.Сабақты аяқтау.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Шәуенова Э.С.
11 сынып


Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Нақты мысалдар келтіре отырып, лексика

тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы

білімін сарапқа салу.

2. Оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін

дамыту.

3. Жерлес ақын Сырбай Мәуленовтің



шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып,

тәрбиелі тағылымдарынан үлгі алдыру.



Сабақтың әдісі: топтастыру, семантикалық карта, талдау, тіл

дамыту.


Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, түрлі кеспелер, семнтикалық карта, калька.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Оқушыларды топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақ «Аптаның жеті күні» деген атпен сайыс түрінде өтеді.


І. Дүйсенбі күні: Аптаның бастапқы күні өтетін тақырыбымызды топтастырып алайық. Жалпы қазақ тілінің лексикасын қалай топтаушы едік?
І топ



Қолданылу өрісі тар лексика

ІІ топ
ІІ. Сейсенбі күні. Сырағаң жырларынан үзінділер бойынша тапсырмалар.


І топқа 1. Жас қайыңда жапырақ

Күзде тоңса қалтырап,

Десең қуат, әл алсын,

Жылуын бер жаныңның,

Өйткені, сен адамсың.

Өлеңнен синоним сөздерді табу, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтау.
2. Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,

Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.

Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,

Абай айтқан масатыдай қыр түгі.

(«Ақшоқыға беттегенде»)

Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, қай түріне жататынын анықтау.

3. Абайдың қырда көне тұр қыстауы,

Ішінен байқалады тұрмыс-халі.

Көтеріп Хан тағын көк сағымменен

Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.

(«Жидебайдағы Абай үйі»)



Өлеңдегі көнерген сөздің түрін анықтау.
ІІ топ 1. Енесіне түскен ажал құрығы,

Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.

Жай оғынан жан анасы мерт болған

Кісінейді қулық бие құлыны.

(«Еңлік-Кебек зиратында»)

Өлеңдегі эвфемизмді табу.

2. Шегіп шымқай өрнекті

Ертеңгілік, кеште де,

Сыйғызасың жер-көкті

Шәйі-жібек кестені.

(«Кестеші қыз»)



Өлеңнен антоним сөздерді табу.

3. Теңізде ойнап көрмесең,

Теңізді сырттан жырлама.

Өлеңге от боп енбесең,

Өзгенің отын ұрлама!

(«Еске алу»)


Өлеңнен дисфемизмді табу.
ІІІ. Сәрсенбі күні: «Кім жылдам?»

1. Тақтадан кеспедегі сұраққа бірден жауап береді.

І топтың кеспелері:

1. Шомылған жасыл жаңбырға,

Дала иісі келген дәмінен,

Лашықтың қарсы алдында

Өсетін еді бәдірен.



Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын атаңыз.

2. Әбділданы сыйладым жалыны үшін,

Көрдім одан жанар тау жарылысын.

Көрдім жанын жалаңаш жанып тұрған



Поэзия бақыты, жарығы үшін.

Термин сөзді тауып қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Бәдірен» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІ топтың кеспелері

1. Қоясың кейде жөтеліп,

Жөтелді көше сен жүрген.

Келеміз сені көтеріп

Емханадан зембілмен.

(«Қайнекей»)



Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын анықтаңыз.
2.Өкен жандар бейіттері

Теңіз жүзіп бойлайды.

Ескі роман кейіпкері

Су бетінде ойнайды.

(«Еске алу»)

Термин сөзді тауып, қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Зембіл» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2. Орнында отырған оқушылар семантикалық картаны толтырады.


І топ

Семантикалық карта №1






Мысалдар

Кәсіби сөз

Термин сөз

Диалект сөз

Кірме сөз

1

Теңдеу













2

Биржа













3

Әңгелек













4

Ыңғыру













5

Әдебиет













6

Леген













7

Атмосфера













8

Пісте













9

Терімші













10

Раунд















ІІ топ

Семантикалық карта №2






Мысалдар

Көнер

ген сөз


Жаңа сөз

Эвфем

изм



Дисфемизм

1

Ханзада













2

Қорамсақ













3

Үнпарақ













4

Қолының қыстырмасы бар













5

Албасты













6

Ұшақ













7

Сауыт













8

Саңырау













9

Аузы жеңіл













10

Жіңішке ауру















ІV . Бейсенбі күні: Өздік жұмыс.

І топ

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

(«Өлеңнің Аманкелді батыры»)



Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.
ІІ топ
Сенсің жалғыз күндіз-түні тілегенім,

Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнремін.

(«Көгімде жалғыз сен тұрсаң»)

Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

V. Жұма күні: Топбасшылар сайысы.
«Сырағаң – сырлы ақын» тақырыбына ойтолғау жазады.

Топта отырғандар: І топ «Жас», ІІ топ «Ер» сөздері омоним болатындай тіркестер құрайды.

VІ. Сенбі күні: Қонақкәде Әр топтан бір оқушы ақын өлеңін оқиды.

VІ. Жексенбі күні: Демалу
Демалыс күн,

Мен алыспын,

Кетем кезіп қияны.

Жұрт үстінде,

Бұлт ішінде,

Ақын жанның қиялы.

Демалыс күн,

Мен алыспын,

Өлең қызбен жолығам.

Жақын дос-жар,

Ақын достар,

Жүгірмеңдер соңымнан.



Ақын өлеңімен сабақты қорытындылап, әр топтың ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтау.
Үйге тапсырма: С. Мәуленовтің 1 өлеңін жаттау.


Ұсыныстар:
1.Тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдануды жалғастыру;

2. Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру жолымен қазақ тілінің жүргізу сапасын арттыру;



Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі

Жарияланды 23-05-2015, 07:37 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Атырау облысы, Индер ауданы, Коктоғай селосы,
Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп мұғалімі
Алия Кенжеахметова Есенгелдіқызы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі


Мақсаты:
а) білімділік: ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
ә) дамытушылық: оқушының ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім, білік дағдыларын арттыру.
б) тәрбиелік: отансүйгіштікке, сыйластыққа, ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару
2. Үй жұмысын тексеру. Сәбит Дөнентаевтың қысқаша өмірбаянын сұрау.
«Ой» фельетоны
3. Жаңа сабақ: С. Сейфуллиннің өмір жолына тоқталу
Мағынаны тану. Ой қозғау.
С. Сейфуллин кім?
С. Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж - Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж - Нілді орыс - қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж - Омбы семинариясына түсті.
1916ж - Бұғалы мектебін ашты.
1922ж -«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты.
1926ж - Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж - С. Сейфуллин өмірден өтті.
1. Оқушыларға С. Сейфуллин және оның мұражайы туралы қысқаша бейнероликті тыңдату.
2. Ойларын жинақтап кластер құру.
С. Сейфуллин

Кең құлашты эпик ақын, жазушы, лирик, прозаик, драматург;
Мемлекет және қоғам қайраткері;
Ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
Қазақтың көрнекті ақыны.

«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.


1922ж - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.

2 Ой толғау:


1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру.
3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.

3 Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі


1. Авторы: С. Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2. Тақырыбы: жастарға мақсат, арман - тілектерге жетер жолында аянбай,
тынбай күресу
3. Жанр түрі: Лирика (арнау - жарлай арнау)
4. Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі
5. Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны:.. 42..
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7 - 8
9. Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) теңеу - танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет - қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс - құрақты көк өзен, аққулы - қазды шалқар көл,
б) синоним - әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу - күңіренді дала

11. Түсіндірме сөздік: жүген - құрық - ноқта -


12. Өлеңнің түйіні: өмірде қалыс қалмай, әрқашан тек биікте самғаңдар!

4 Шығармашылық тапсырмалар:


Жастар деп отырғанымыз кімдер?
Сәкен неге жастарға сенім артып отыр?
Сәкен өмір сүрген заман мен қазіргі заман қандай?
Қазіргі заман жастары мен бұрынғы кезең жастарын салыстырайық
Ол үшін білім алуымыз керек!

5 Жастарға арналған мақал - мәтелдер айтайық


6 «Далада» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

4 Сабақты бекіту: қорытынды тест


Мен бірнеше сөйлемдер оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер + келіспесеңдер - деген таңба қойылады.
1. С. Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған.
2. Оның «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет.
4. С. Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды.
5. Оның «Далада» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық.
6. Өлеңде жас баладай — теңеу болады.
7. С. Сейфуллиннің поэмалары: «Далада», «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат»

Оқушыларды бағалау.


Үйге: «Далада»өлеңінен үзінді жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы : С.Сейфуллин « Тұлпарым» өлеңі 



Мақсаты :

1. Ақынның өмірі , шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып , өлеңнің тақырыбын идеясын ашуға жағдай жасау.

2.Оқушыныңы іздемпаздық қасиеттерін дамытып , қалыптастыра отырып , ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім , білік дағдыларын арттыру.

3.Отансүйгіштікке , сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.

Түрі: Жаңа сабақты игеру .

Әдіс- тәсілдері : сұрақ - жауап , баяндау , суреттеу , топпен жұмыс .

Көрнекіліктер : интерактивтік тақта , маркер , плакат , портрет , қосымша материалдар . 

Пәнаралық байланыс : Тарих , география , қазақ тілі .

Пайдаланған әдебиеттер :

1.Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап ) С.Т Елікбаев 

2. Тарихи тұлғалар 

3. Б.Кенжебаев « Жылдар жеңісі»

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

2.Үй жұмысын тексеру . « Сыр сандық» өлеңін жатқа айту . Өлеңді құрылысына қарай талдау.( 5 мин)

3. Жаңа сабақты игеру. Ой қызығушылығын ояту кезеңі : Кластер құрыңдар 

С.Сейфуллин кім? (2мин)

Мағынаны ажырату: Оқушыларды үш топқа бөлемін.

1- топ « Ақынның өмірбаяны»

2- топ « Ақынның шығармалары»

3- топ « Ақынның достары , қоршаған ортасы» (10 мин)

Суреттеу : Сонымен оқушылар «С.Сейфуллин кім ?» кластердегі білетіңдеріне не қосамыз ? Кластерді аяқтау , толықтыру .(3 мин)

Тұлпарым өлеңін талдау . Балалар ,ақын «Тұлпарым» өлеңінде не туралы жазғанын өзімізше ойланып , елестетіп , қиялдап көрейік . (3 мин)

Өлеңді талдау :

- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы ) ;

- мазмұнына қарай баяндау ;

- өз ойларын қосып әңгімелеу ; (5мин)

Сұрақ - жауап : Слайдағы сұрақ тапсырмаларға жауап беріп көріңдер. (5 мин)

Талдауға талап болсын ! 

1. Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтаңдар .

2 Әркім өз қалаулары бойынша өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдайды.(5 мин)

Ой толғау кезеңі : Қолдау . Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма ? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.( 7 мин)

Үйге : І .Жансүгіров « Әнші» поэмасын оқу , қосымша деректер қарастыру.







Каталог: uploads -> doc -> 068f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
068f -> Сөйлемдер Дұрыс жауабы
068f -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет