Оѕтїстік америка



бет16/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11
Палеозойдың аяғында Гондвананың ыдырауы және қазіргі материктердің пішінінің қалыптасуы басталды. Бүған дейін-ақ платформаның негізгі құрылымдық элементтері (массивтері мен синеклизалары) айқындалды және Африка-Аравия платформасының дамуындағы солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің айырмашылықтары белгіленді. Оның шағын, солтүстік бөлігі палеозойдың бастапқы кезінен негізінен теңіздік, ал мезозойда континентальдық ылғал жинау облысына (Сахара плитасы) айналды. Оңтүстік және шығыс, үлкен бөліктері бүкіл протерозой тарихы бойына көбінесе тұманданумен болды. Олардың арасындағы шекараны әр автор әр түрлі жүргізеді. Шамамен алғанда оның орны Камерун мен Кызыл теңіздің солтүстік бөлігінің аралығында.
Африканың солтүстік бөлігінде теңіздің барынша кеңінен жайылуы палеозойдың бірінші жартысында болған еді. Карбонның орта шенінен бастап қызыл түсті қабаттардың жинақталуымен қосарласа теңіз деңгейінің темендеуі мен аридтік жағдайлардың таралуы етек алып отыр. Карбонда Жерорта теңізі геосинклиналында тау пайда бола бастады, Сахара синеклизаларындағы тұнба қабаттардың қатпарларға жинақталуы соның жаңғырығы іспетті. Бұл кезде Африканың оңтүстік бөлігінде көтерілу басым болды. Иілу және шөгінді жиналу қалың континенттік Кап формациясы қалыптасқан Кап аймағына ғана тән болды.
Палеозойдың аяғында бүкіл платформа жаппай көтеріліп, оған мұз басуы қоса- қабат жүрді. Мұздық және су-мұз шөгінділерін құрады, оның қалыңдығы кейбір жерлерде 300 м жетті. Ол континенттің оңтүстік бөлігіндегі иіндерді - Карру, Калахари және Конго ойыстарын толтырды. Олардың үстінде каррудың қалың континенттік формациялары жиналды. Мұз басудың негізгі орталықтары Конго синеклизасынан шығысқа қарайғы ежелгі массивтер алабында, сондай-ақ Нубия-Аравия қалқанында жатты. Карру формациясының қүрылуы бүкіл триас бойына жалғаса берді. Онымен бір мезгілде

оңтүстікте Кап формациясы қабаттарының катпарларға жинақталуы мен көтерілуі және Кап тауы жүйесінің түзілуі жүрді. Жоғарғы триас пен юраның бас кезінде тектоникалық әрекет етек алды, ол Африканың оңтүстігінде, шығысында және солтүстік-батысында вулкандық әрекетпен аяқталды. Бүкіл юра бойына және бордың бас кезінде Африканың көпшілік бөлігі көтерілумен болды. Ойыстарда континенттік шөгінділер жинақталды және граниттер мен карбонатиттер жарып кіріп кимберлит түтікшелері пайда болды. Сол кезде әуелі Үнді, содан кейін Атлант мұхиты аймағындағы шөгу мен жарылуларға және мұхит шеті иіндерінің пайда болуына байланысты қазіргі Африка контурының қалыптасуы жүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет