ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерамен 

түсірілген  кадрларды  тізбектей  монтаждалатын  ролик.  Кадрда  аз  қадам 

жасай    жылжи  отырып,  үздіксіз  қозғалыстағы  адамдар  мен  заттардың 

қозғалыс иллюзиясын  жасайды; әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик  – 

қоғамдағы  мәселелерге  көрермендердің  назарын  аударуға  арналған  қысқа 

жарнамалық  хабарлама;  анимация  –  компьютерлік  немесе  заттық 

техникада  орындалған,  қозғалмалы  иллюзияны  құрайтын  кез-келген 

мультипликациялық  шығарма;    видео-арт  –  компьютерлік  өңдеудің  және 

жаңа  видеотехникалық  құрылғылардың  көмегімен  түсірілген  көркемдік 

авторлық концепциясы бар видеоролик; музыкалық клип; киножурнал – елдің 

өмірі,  ішкі  және  халықаралық  саяси  оқиғалар  және  т.б.  туралы  қысқа 

ақпараты бар кинохроника түрі; «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі; 

8)  «Менің  отаным  –  Қазақстан»  туристік  экспедициялық  жасақтар 

байқауы  мына  номинациялар  бойынша  өткізіледі:  «Туған  өлке  соқпақтары» 

іздеу-зерттеу  жобасы;  экологиялық  экспедицияның  есебі;  экологиялық 

соқпақ - қатысушылар экологиялық карта жасайды; «Біріктірілген туризм»  - 

қатысушылар  кросс-жорық  жүргізеді,  оған  туристік  техника  және  тактика, 

бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу 

және құтқару жұмысының элементтері кіреді; 

9)  техникалық  шығармашылық  және  өнертапқыштық  жарыс  (әуе, 

зымыран, авто және кеме жасау) модельдердің кластары бойынша: радиомен 

басқарылатын  көлік  модельдері,  автотрассалық  модельдеу,  әуе  модельдері, 

кеме модельдері, зымыран модельдері; 

10)  «Шеберлер  қаласы:  ата-бабамыздың  мұрасын  сақтаймыз  және 

дамытамыз»  өлкетану  сәндік-қолданбалы  шығармашылығының  көрмесі 

мына 


номинациялар 

бойынша 


ұйымдастырылады: 

«Жарамсыз 

материалдардан  жасалған  бұйым»;  «Табиғи  материалдардан  жасалған 

бұйым»;  «Тұрмысқа  арналған  креативті  бұйымдар»;  «Ұлттық  колориті  бар 

интерьердің  ерекше  дизайн-жобасы:  үйдің,  бөлменің,  саяжайдың, 

ландшафтың  және  т.б.»;  «Матадан  жасалған  бұйымдар  (құрақ  техникасы, 

жұмсақ ойыншық және т.б.)»; «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері»

Байқаулар,  көрмелер  мен  жарыстардың  облыстық,  қалалық  (Нұр-

Сұлтан, 

Алматы, 


Шымкент) 

кезеңдерінің 

жеңімпаздары 

білім 


басқармаларының  өтінімдері  негізінде  республикалық  маңызы  бар  іс-

шараларға қатысады. 

Сабақтан  тыс  уақытта  балалардың  жұмыспен  толық  қамтылуын 

қамтамасыз  ету  үшін  пән  мұғалімдерінің  әлеуетін  тиімді  пайдалану  қажет. 

Пән  мұғалімдері  үйірмелер,  секциялар,  студиялар,  қызығушылықтары 

бойынша клубтар, спорт секцияларын, дайындық курстарын жүргізе алады, өз 



362 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бейіні  бойынша  сабақтан  тыс  уақытта  танымдық,  байқау,  ойын-сауық 

бағдарламаларын, экскурсияларды және т.б. ұйымдастырады. 

Мысалы,  физика  мұғалімі  «Қызықты  физика»,  «Робот  техникасы» 

немесе  техникалық  шығармашылық  (техника  түрлерін  моделдеу:  авто,  әуе, 

кеме  және  т.б.)  үйірмелерін  жүргізе  алады.  Яғни,  педагог  күннің  бірінші 

жартысында пән мұғалімі, екіншісінде – қосымша білім беру педагогі болып 

жұмыс істейді.  

Осыған  байланысты  жергілікті  атқарушы  органдар  жалпы  орта 

білім беру ұйымдары мен мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары 

үшін  қосымша  білім  беру  педагогтері  мен  ұйымдастырушы-

педагогтерінің қосымша штат бірліктерін қарастырады. 

Сабақтан  тыс  уақытты  ұйымдастырудың  басты  мақсаты  – 

оқушылардың  әлеуметтік,  моральдық  тұрақты,  шығармашылық  тұлғасын 

қалыптастыруға  және  оны  сауықтыруға  бағытталған  білім  алушылардың 

пайдалы  жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз  ететін  біртұтас  білім  беру 

жүйесін құру. 

Сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  денсаулығын  сақтауға,  білім 

алушылардың  да,  педагогтердің  де  өз  бетінше  білім  алуына  және  дамуына 

бағдарлануы,  олардың  мүдделерін  ескере  отырып,  оқушылардың  жұмыспен 

қамтылуын  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  ұжымдық  және  жеке  тақырыптық 

ғылыми-зерттеу  және  шығармашылық  жобаларды  іске  асыруға  қатысу 

арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы тиіс.   

Осылайша, жалпы білім беретін мектепте балаларға қосымша білім беру 

ресурсын  пайдалану  бірыңғай  білім  беру  кеңістігі  шеңберінде  білім 

алушылардың  бойында  әлемді  тұтас  қабылдауды  қалыптастыруға,  жеке 

қызығушылықтары  мен  жеке  басының  қажеттіліктерін  дамыту  үшін  жағдай 

жасауға мүмкіндік береді. 


363 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 

 

 

 

 

 

364 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



12 ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА БӨЛІНЕТІН 

НОРМАТИВТІК 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ 

ІСКЕ 

АСЫРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  (бұдан  әрі  –  БДМБ)  2019 

жылы  апробациялаудың  оң  қорытындысы  бойынша  барлық  қала 

мектептерінде  жан  басына  қаржыландыруды  енгізу  процесін  аяқтау 

көзделген. 

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру 

мектептерді  ондағы  білім  алушылардың  санына  қарай  қаржыландыру  тетігі 

болып  табылады  және  балалардың  МЖМБС-ның  бірыңғай  талаптарына 

сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды теңестіруге бағытталған. Жан 

басына  қаржыландыру  жағдайында  мемлекеттік  шығыстарды  жоспарлау 

бірлігі мектеп емес, білім алушы болады. 

Қазақстанда  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды  енгізу 

қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды:   

-  балалардың  МЖМБС  талаптарына сәйкес орта  білім алуына базалық 

шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;   

- өңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;  

-  мемлекеттік  шығыстарды  мектепке  емес,  білім  алушы  басына 

жоспарлау;  

-  мектептер  арасындағы  бәсекелестікті  дамыту  арқылы  білім  сапасын 

арттыру;  

-  мектептерге  қаржылық  дербестік  беру  және  менеджмент  деңгейін 

көтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету;   

- бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау;   

-  мектептердің  педагог  қызметкерлеріне  сараланған  еңбекақы  төлеу 

(лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар).   

Жан басына қаржыландырудың мақсаты – мектептердің педагогикалық 

әлеуетінің  рөлін  күшейту  және  материалдық-техникалық  базасын  дамыту 

есебінен білім беру сапасын жоғарылату.  

Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  көлемі  шығыстардың  мына 

түрлерін қамтиды:   

–  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеу,  жыл  сайынғы  төленетін  еңбек 

демалысына  сауықтыру  жәрдемақыларын  төлеу  және  салық  пен  басқа  да 

міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын; 



365 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



–  білім  беру  процесіне  қатыстырылған  қызметкерлерге  сыйлықақы 

беру;  


–  білім  беру  процесімен  байланысты  шығыстар  (мектепке  дейінгі, 

орта  білім  беру  ұйымдарын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген 

арнайы  білім  беру  ұйымдарын  Жарақтандыру  нормаларына  сәйкес  баспа 

және  экранды-дыбыстық  құралдарды,  техникалық  оқыту  құралдарын,  оқу-

көрнекі  құралдарын,  демонстрациялық  құралдарды,  мектеп  жиһазын, 

спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру және бақылау - өлшеу 

аспаптарын,  музыкалық  аспаптарды,  көркемөнер  материалдарын,  білім 

алушы  керек-жарақтарын,  қабырғаға  ілінетін  планшеттерді,  үлестіру 

материалдарын,  гербарийлерді,  топтамаларды,  нақпішіндерді,  онлайн 

сабақтар  өткізу  және  жобаларды  визуалдау  үшін  бағдарламалық 

жасақтамаларды,  әдістемелік  қорды,  сондай-ақ  бланкілерді,  табельдерді, 

сынып журналдары мен борды сатып алу);  

–  коммуналдық шығыстар; 

–  пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы 

төлеуге арналған шығыстар; 

–  ғимараттарды, 

құрылыстарды, 

техникалық 

жабдықтарды, 

компьютерлік  және  кеңсе  техникасын,  интерактивті  жүйелерді  ағымдағы 

жөндеуді  жүргізуге,  ұстауға  және  оларға  қызмет  көрсетуге  арналған 

шығыстар; 

–  білім  беру  процесінде  қолданылмайтын  тауарларды,  оның  ішінде 

жуғыш  құралдарды,  шаруашылық  тауарлары  мен  құрал-саймандарды, 

құрылыс  тауарларын,  кеңсе  тауарларын,  дезинфекциялаушы  құралдарды, 

жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу; 

–  білім  алушыларды  немесе  тәрбиеленушілерді  ғылыми,  спорттық, 

шығармашылық  және  зияткерлік  сайыстар  мен  іс-шараларға  дайындаумен 

және  қатыстырумен  байланысты  шығыстар  (сахналық  костюмдерді,  мектеп 

командасы  үшін  спорттық  форманы  сатып  алу,  білім  алушыларды  іс-

шараның  өткізілу  орнына  жеткізу  және  кері  қайтару  жолын,  қатысу  үшін 

жарналарды төлеу, ғылыми жобаларға макеттерді дайындау және басқалар);   

–  күрделі шығыстар;  

–  банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.  

Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  еңбекақы  төлеудің  жаңа 

нысаны емес, бұл мектептерге  білім беру процесін іске асыру үшін бюджет 

қаражатын  бөлу  тетігі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы 

төлеу  саласындағы  барлық  кепілдіктер  сақталады.  Мектеп  қызметкерлеріне 

еңбекақы  есептеу  және  төлеу  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік 



366 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бюджет  қаражаты  есебінен  ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне, 

қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 

№ 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі. 

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни, 1 

білім алушыны оқыту құны) бір күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  27  қарашадағы  №  597 

бұйрығымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың,  орта, 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  жоғары  және  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  білім  берудің  жан  басына  шаққандағы  нормативтік 

қаржыландыру әдістемесінің негізінде есептеледі. 

Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады: 

–  білім  беру  деңгейіне  қарай  (1-4  сыныптар,  5-9  сыныптар,  10-11 

сыныптар); 

–  білім  беру  бағдарламаларына  қарай  (жалпы  білім  беретін 

бағдарламалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар үшін 

түзету бағдарламалары); 

–  мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер); 

–  оқыту  орнына  қарай  (жалпы  білім  беретін  сыныпта,  үйде  оқыту, 

жалпы  білім  беретін  сыныпта  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  білім 

алушыларды оқыту). 

Жан 


басына 

шаққандағы 

нормативті 

және 


мектептерді 

қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде  мыналар ескеріледі: 

–  мектеп  қызметкерлерінің  еңбек  жағдайлары  үшін  қолданылатын 

барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар; 

–  қалалық  (24  адам)  және  ауылдық  (20  адам)  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  сыныптардың;  арнайы  (түзету)  сыныптардағы  –  12  білім 

алушының нормативтік толықтырылуы. 

Жан  басына  шаққандағы  нормативтің  мөлшері  мен  жергілікті  атқару 

органдарының  сыныптар  бөлінісіндегі  білім  алушылардың  саны  туралы 

деректердің  негізінде  нақты  орташа  жылдық  контингентке  байланысты 

түзету  коэффициентін  қолданумен  жан  басына  шаққандағы  нормативті 

орташа  жылдық  контингентке  көбейту  арқылы  әр  пилоттық  мектепте  жан 

басына  шаққандағы  қаржыландыруды  іске  асыруға  қаражаттың  жалпы 

көлемін есептеу жүргізіледі. 

Мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  пилоттық  орта  білім  беру 

ұйымдарында  жан  басына  шаққандағы  нормативтік  қаржыландырудың 

енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін «Қаржы орталығы» 

АҚ көрсетеді. 



367 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Орта  білім  беруді  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды 

апробациялау  2013  жылғы  1  қыркүйекте  республиканың  4  облысындағы  50 

пилоттық  мектепте  (Алматы  (4  мектеп),  Ақтөбе  (15  мектеп),  Шығыс 

Қазақстан  (12  мектеп)  және  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  (19  мектеп) 

басталды. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап апробацияға қатысушылар қатары 

Ақмола  облысынан  тағы  13  мектеппен  толықтырылды.  2017  жылдың 

қаңтарынан  бастап  пилоттық  жобаға  Астана  қ.  5  мектеп  және  Алматы  қ.  5 

мектеп қосымша енгізілді.  

Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  2016-2017  оқу  жылының 

қорытындыларын  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды  апробациялау 

кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны көрсетті.   

2016-2017  оқу  жылында  пилоттық  мектептерде  біліктілігін  арттырған 

қызметкерлер саны екі есеге дерлік көбейді (2514 адам).  

Пилоттық  мектептерде  жоғары,  бірінші  және  екінші  санатты  педагог 

қызметкерлердің үлесі 76%-ға дейін өсті (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 

58% болған).  

2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда балалардың дамуына арналған 

үйірмелер  мен  секциялардың  саны  2,2  есеге  көбейді  (бұрын  –  780,  енді  -

1734).  

Егер  2012-2013  оқу  жылында  445  бірлік  білім  алушылар  үшін 

танымдық және өнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер өткізілген 

болса, 2016-2017 оқу жылында бұл көрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.  

2016-2017  оқу  жылында  пилоттық  мектептердің  педагогтері  басып 

шығарған әдістемелік құралдар мен өзге жарияланымдар саны 2,5 еседен аса 

көбейіп, 3208 құрады.  

2016-2017  оқу  жылында  байқауларға  және  сайыстарға  қатысушы-

жеңімпаздардың,  жүлдегерлердің,  лауреаттардың  үлесі  де  2012-2013  оқу 

жылымен салыстырғанда жоғары.  

Пилоттық  мектептердегі  ҰБТ-ның  орташа  көрсеткіші  соңғы  төрт  оқу 

жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады. 

Пилоттық  мектептердегі  педагог  қызметкерлердің  орташа  айлық 

жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.  

 

№ 

№ 



Көрсеткіштің атауы 

2012-2013 

оқу жылы 

2016-2017 

оқу жылы 

2



Біліктілігін арттырған қызметкерлер  

21% 


35,2% 

2 Санаттары (жоғары, бірінші, екінші) бар педагог 

58% 

75,7% 


368 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қызметкерлердің үлесі  

3



Мектепте  құрылған  және  жұмыс 



істейтін 

балаларға арналған үйірмелер мен секциялар саны  

780 

1734 


4

Білім  алушылар  үшін  өткізілген  танымдық  және 



өнегелі  іс-шаралар  мен  оқытушылар  үшін  өткізілген 

тренингтер саны   

445 

636 


5

Педагогикалық  қызметкерлер  басып  шығарған 



(газеттерде,  конференциялар  жинақтарында,  оқу 

журналдарында,  мектеп  сайтында)  жарияланымдар, 

әдістемелік 

құралдар 

(жинақтар, 

брошюралар, 

электрондық құралдар) саны  

1251 


3208 

6



Байқауларға  және  сайыстарға  (спорттық,  пәндік, 

ғылыми, 


интеллектуалдық) 

қатысушы-

жеңімпаздардың,  жүлдегерлердің,  лауреаттардың 

үлесі 


17% 

17,2% 


7

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар) 



71 

75,9 


8

Педагогтердің  орташа  айлық  жалақысы  (мың 



теңге) 

72 


82 

 

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері  орта  білім  беру  жүйесі  күрделі 



өзгерістерге  ұшырады.  Бұл  ретте,  өкінішке  орай,  жеке  меншік  мектептер 

желісі  лайықты  түрде  дами  алмады.  Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  білім 

беру  сапасының  деңгейі  жоғары  болып  келетін  дамыған  елдерде 

мектептердің жалпы санынан жеке меншік мектептердің үлесі 12%-дан 29 %-

ға дейін, ал Қазақстанда жеке меншік мектептердің үлесі бар болғаны 1,5%-

ды иеленеді.  

Орта  білім  беру  саласын  ырықтандыру  шеңберінде  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына  толықтырулар  енгізілді.  Оларға 

сәйкес  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын  жеке  меншік  мектептерде 

орналастыруға мүмкіндік пайда болды.  

Сонымен  қатар,  жеке  меншік  мектептердің  жан  басына  шаққандағы 

қаржыландыру  көлемінде  алынған  бюджет  қаражатын  өз  бетінше  жұмсау 

құқығы бекітілді.  

Орта  білім  берудегі  жекеменшік  сектордың  дамуы  үшін  маңызды 

элемент  жан  басына  шаққандағы  нормативтің  құрамына  ғимараттың 

амортизациясына,  әрбір  жаңадан  енгізілген  білім  алушы  орны  үшін 

шығыстарды  қосу  болып  табылады,  ал  бұл  жаңа  жеке  меншік  мектептердің 


369 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



салынуына түрткі болады.  

Бұл  қадам  жеке  меншік  мектептер  желісінің  дамуына  себеп  болып, 

шамадан  тыс  толы  мемлекеттік  мектептердің  жүгін  біраз  азайтып,  білім 

алушы орнының тапшылығын төмендетеді.   

Жоғарыда  атап  көрсетілген  шаралар  мемлекеттік  мектептердің 

жоспарлы түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін 

тигізеді, бұл, өз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:    

орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның 

ішінде жаңа мектептердің құрылысына);   

білім алушылар орны тапшылығының төмендеуі;  

үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.  

Осылайша,  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды  іске  асыру 

қазақстандық  білім  беру  жүйесін  жетілдіруге,  білім  беру  қызметтерінің 

қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады.    



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

370 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 

13 

ПИЛОТТЫҚ 

ОРТА 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҰЙЫМДАРЫНДА 

ОҚУ 

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ 

 

13.1 Орта білім беру ұйымдарында үш тілді білім беруді енгізу

 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 



«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы  үш 

тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі 

–  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  – 

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» аталып өткен болатын [1]. 

Жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдері  мен  білім  алушыларының 

алдында  көпмәдениетті  тұлғаны  дамыту  мақсаты  тұр.  Білім  беру  ұйымдары 

білім  алушыларды  бірнеше  шет  тілдерін  оқуларына  жағдай  жасауы  және 

ынталандыруы  қажет.  Шет  тілін  оқу  көпмәдениетті  білім  берудің  негізі 

болып табылады. 

Тілдерді  меңгеру,  тапқырлық  және  сандық  сауаттылықпен  қатар, 

бүгінгі таңда өмірге қажетті негізгі құзыреттіліктердің бірі болып табылады. 

Адамдардың  тілдік  біліктерін  жетілдіру  үшін  мемлекет  және  білім  беру 

жүйесі  тілдік  білім  беру  саясатының  бірлігін,  орнықтылығын  және 



дәйектілігін қамтамасыз етуі тиіс. 

Ерекше  тарихы  мен  геосаяси  жағдайы  бар  Қазақстан  үшін  білім  беру 

және  қоғам  мен  жалпы  елдің  одан  әрі  дамуы  жүйесіндегі  негізгі 

басымдықтардың бірі үштілді білім беруге көшу болып табылады. 

Үш  тілді  білім  беруге  жоспарлы  түрде  көшу  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «100 нақты қадам» - Ұлт 

жоспарының 79 қадамын жүзеге асыру аясында іске асырылуда. 

Үш  тілді  білім  беруге  кезең-кезеңмен  көшу  мәселесі  бойынша 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2018  жылдың         

10  қаңтарында  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың 

жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  үш  тілді  білім 

беру  міндетін  тағы  да  атап  өткен  болатын:  «қазақстандықтардың 

болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде». 

Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  көптілділіктің  таралуы  - 

экономикадағы,  саясаттағы,  мәдениет  пен  білім  берудегі  түбегейлі 

өзгерістерге негізделген заңды процесс. ЮНЕСКО тұжырымдамасына сәйкес 

«көптілді  білім  беру»  ұғымы  білім  беруде  кем  дегенде  үш  тілді:  ана  тілін, 

ұлттық және халықаралық тілді пайдалануды көздейді. 

Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді, 

атап  айтқанда:  оқыту  қазақ  тілінде  емес  мектеп  білім  алушыларының  қазақ 

тілін, оқыту орыс тілінде емес мектеп білім алушыларының орыс тілін және 

ағылшын тілдерін меңгерулеріне қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 


371 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет