ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



− көру қабілеті бұзылған балалар үшін; 

− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін; 

− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін; 

−  психикалық  дамуы  тежелген  балалар  үшін  (бұдан  әрі  –  ПДТ)  – 

қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған; 

−  интеллектібұзылған  балалар  үшін  (жеңіл  және  орташа  деңгейдегі 

ақыл-ой кемістігі). 

Үлгілік  оқу  жоспары  оқу  жүктемесін  жалпы  білім  беретін  пәндер, 

түзету курстары, еңбекке дайындық курстары, факультативтік сабақтар және 

элективті курстар арасында бөледі. 

Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу 

тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  және  психикалық  дамуы  тежелген  білім 

алушыларға  арналған  Үлгілік  оқу  жоспарының  инвариантты  бөлігіндегі 

жалпы  білім  беретін  пәндердің  тізімі  және  олардың  негізгі  мазмұны  ҚР 

МЖМБС  1.4.002-2012  талаптарына  сәйкес.  Оқыту  білім  алушылардың 

психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып 

бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  бағдарламалары  негізінде 

әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын және жалпы білім беретін оқу 

бағдарламаларын  пайдалану  арқылы  іске  асырылады  (бағдарламалар 

www.nao.kz - Академия сайтында ұсынылған). 

Оқу  процесінде  арнайы  оқулықтар  мен  ОӘК,  сонымен  қатар,  жалпы 

бағыттағы  мектептерге  арналған  оқулықтар  мен  ОӘК  пайдаланылады. 

Мектептегі оқу ұзақтығын арттыру 0 (дайындық) және 10-сыныптар есебінен 

білім  алушылардың  даму  ауытқушылықтарына  байланысты  оқу  процесінде 

бағдарламалық  материалды  игерудің  қиындығын  ескеру  қажеттілігімен, 

сондай-ақ,  оқу  процесінде  түзету-оңалту  іс-шараларына  арнайы  уақыт  бөлу 

қажеттілігімен байланысты. 

Интеллекті  бұзылған  білім  алушыларға  арналған  Үлгілік  оқу 

жоспарындағы  бөлімдер  мен  оқу  пәндерінің  тізімі,  сонымен  қатар,  оқу 

бағдарламалардың  мазмұны  мен  оқулықтар  ҚР  МЖМБС  1.4.002-2012 

талаптарына  бағытталмаған.  Ақыл-ойы  кем  білім  алушылар  мектептегі 

барлық  оқыту  жылдары  ағымында  жеңіл  және  орташа  деңгейдегі  ақыл-ой 

кемістігі  бар  білім  алушыларға  арналған  Үлгілік  оқу  жоспарларынасәйкес, 

арнайы оқыту бағдарламалары, арнайы  ОӘК бойынша іске асырылады. 

Арнайы  мектептің  (сыныптардың)  педагогтері  сынып  құрамын  және 

білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  оқулық,  оқу 

құралдарын,  дидактикалық,  түзету-дамытушылық  материалдарды  өздері 

таңдай алады. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК 

болмаған  жағдайда,  мектептің  педагогикалық  кеңесінің  ұсынысы  бойынша 



335 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



дамуында  ауытқуы  бар  оқушылар  үшін  оқулықтар  мен  оқу-дидактикалық 

материалдарды пайдалануға жол беріледі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушыларды  оқытатын  білім  беру 

ұйымдары  білім  мазмұнының  ерекшелігі  мен  білім  алушылардың 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып  білім  алушылардың  үлгерімі  мен  аралық 

аттестациялау  формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін 

өздері белгілейді. 

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін 

олардың  мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып  Оқу  жұмыс 

жоспарын  құрастырады.  Үлгілік  оқу  жоспарының  15-20%  сағатынбілім 

алушылардың ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады 

(үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шықпай). 

Білім беру ұйымдары үйде оқитын білім алушылардың ата-аналарымен 

(немесе оларды алмастыратынтұлғалармен) бірге оқытылатын пәндер тізімін 

анықтайды,  жеке  мүмкіндіктеріне  қарай  Үлгілік  оқу  жоспарында  бөлінген 

сағат  шегіндегі  пәндер  бойынша  сыныптар  бойынша  үйде  оқытудың 

сағаттарын бөледі. 

Арнайы  мектептегі  және  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбиелік  процесі 

мектеп  штатындағы  психологиялық-педагогикалық  мамандардың  (арнайы 

психолог,  логопед)  арнайы  педагогтердің  (тифлопедагог,  сурдопедагог, 

олигофренопедагог,  ЕДШ  нұсқаушысы)  қатысуымен,  білім  алушыны 

зерделеуден  кейін  алынған  психологиялық-медициналық-педагогикалық 

мәліметтеріне  негізделе  отырып,  саралау  және  жеке  арнайы  амалдарды 

қолдану арқылы іске асырылады. 

Психологиялық-педагогикалық 

көмек 


көрсететін 

мамандардың 

жұмысы  мектеп  директорымен  бекітілген  желілік  нормативтік  актілермен 

реттеледі. 

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың білім алушылары түзету- 

педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген 

сағаттар 

аясында(түзету 

компоненті) 

психологиялық-педагогикалық 

мамандарының  қатысуымен  өткізілетін  топтық,  шағын  топтық  және  жеке 

сабақтарда  алады.  Түзету  сабақтары  барлық  типтегі  арнайы  мектептер  мен 

арнайы  сыныптарда  міндетті  болып  табылады.  Түзету  компонентінің 

пәндерін  оқу  жоспарының  инвариантты  компонентіндегі  пәндермен 

алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды. 

Арнайы  мектептердегі  және  арнайы  сыныптардағы  жұмыс  0-4 

сыныптарда  ұзартылған  күн  тәртібінде,  ал  5-9,  10  сыныптарда  -  мектеп 

басшылығының  шешіміне  қарай  ұйымдастырылады  да,  бұл  бұзылған 

қызметтердің орнын толтыруға, қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық 


336 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



режимді қамтамасыз етуге, әлеуметтік дағдыны қалыптастыруды  және жеңу 

бойынша қажетті жағдайлар туғызады. 

Ерекше  білім  беруді  қажет  ететінбілім  алушыларды  еңбекке  баулу 

жұмыс  кадрларының  қажеттілігіне  қарай  психофизикалық  дамуының  жеке 

ерекшеліктерін,  денсаулығын,  мүмкіндіктерін,  сондай-ақ  еңбек  профилін 

таңдау  негізінде  тәрбиеленушілер  мен  олардың  ата-аналарының  мүдделерін 

ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. 

Үлгілік  оқу  бағдарламалар  даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушыларға 

арналған  еңбекке  оқытудың  профилі  бойынша  немесе  білім  алушылардың 

білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін 

ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады. 

Кәсіби  еңбекке  үйрететін  сабақтар  5-сыныптан  басталады,  ақыл-ой 

кемістігі  бар  білім  алушылар  үшін  4-сыныптан  басталады,  ол  екі  топқа 

бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топтарды біріктіру олардың психофизикалық 

жағдайы  және  мүмкіндігіне  байланысты  дәрігердің  нұсқауымен  іске 

асырылады.  Паралель  және  шектес  сыныптардағы  білім  алушыларды  кіші 

топтарға  біріктіру  мүмкіндігі  бар.  Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау 

сабақтарын өткізу барысында сынып екі топқа бөлінеді. 

Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу 

тіліндекүрделі  бұзылыстары  бар,  психикалық  дамуы  тежелген  балаларға 

арналған  арнайы  мектептердің  бітірушілері  алған  білім  деңгейін  растайтын 

мемлекеттік  үлгідегі  құжатқа  ие  болады.  Жеңіл  және  орташа  ақыл-ой 

кемістігі  бар  бітірушілер  аталған  түрдегі  арнайы  білім  беру  ұйымы  үшін 

белгіленген үлгідегі куәлігін алады (ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 № 39 бұйрығы, 

№ 5 қосымша). 

1.  Есту  қабілеті  бұзылған  (естімейтін)  білім  алушыларды  арнайы 

мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 

Білім беру процесі  келесі  деңгейлерге бөлінеді: 

− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар

− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 

Мектепке  дейінгі  дайындықтан  толық  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 

сыныбына  түседі.  Дайындық  (0)  және  1-7  сыныптарда  оқыту  арнайы 

бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда оқитын 

білім  алушылар  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламалары  мен 

оқулықтары  бойынша  білім  алады,  ондағы  материал  білім  алушылардың 

білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып бейімделеді және қайта 

бөлінеді.  5-сыныптан  бастап  қазақ  әдебиеті  орыс  тілінде  жүргізіледі  (орыс 

тілді  мектептер  үшін).  «Алгебра»  және«Геометрия»  пәндерін  оқыту  8-

сыныптан  бастап  іске  асырылады,  өйткені  естімейтін  балаларға  арналған 


337 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



арнайы  оқу  бағдарламасына  сәйкес  математика  пәнін  оқыту  7-сыныпта 

аяқталады. 

Үлгілік  оқу  жоспарында  міндетті  түрде  оқытылатын  түзету  пәндері 

ұсынылған: 

1)  «Заттық  –  тәжірибелік  оқыту»  (0-4-сыныптар).  Міндеті  –  жоғары 

психикалық қызметтерді қалыптастыру,  жалпы білім  беру пәндері бойынша 

білімдерін  меңгеруге  арналған  база  ретінде  тұрмыстық  түсініктерді  игеру  

үшін тілді үйрену; 

2)  «Түзету  ырғағы»  (0-4-сыныптар).  Міндеті  –  электроакустикалық 

аппараттарды  қолдану  арқылы  естіп  қабылдауын  қарқынды  дамыту 

жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту; 

3)  «Ым-ишараттық  сөйлеу  тілі»  (4-10-сыныптар).  Міндеті  –  білім 

алушының  коммуникативтік  қызметін  қамтамасыз  ету.  Республика 

мектептерінде  естімейтін  білім  алушыларды  оқыту  есту-көру  негізінде  іске 

асырылады,  оқыту  процесіндегі  ыммен  сөйлеу  білім  алушыларға 

бағдарламалық  материалды  сапалы  меңгеруге  көмектесетін  көмекші  құрал 

ретінде пайдаланылады

4)  «Ауызекі  және  тұрмыстық  сөйлеу  тілі»  (4-10-сыныптар).  Міндеті  – 

еститін  адамдармен  қарым-қатынаста  қолданылатын  күнделікті  қатынас  сөз 

қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту

5) «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту 

(ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық 

есту арқылы сөйлеу дамиды. 

0  мен  4-сыныптарда,  сонымен  қатар  5-6-сыныптарда  ДАҚ  және  ЕҚД 

сабақтары  әр  сыныпқа  жеке  ретпен,  апталық  жүктемесі16  және  18  сағат 

көлемінде  жүргізіледі.  7-9-сыныптарда  ДАҚ  және  ЕҚД  бойынша  сабақтар 

аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде 

өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын 

түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады.  

Түзету  циклінің  сабақтары  күннің  бірінші,  сондай-ақ  екінші 

жартысында топпен, шағын топпен және жеке түрде жүргізіледі.  

Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын 

табысты меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу 

мақсатында  әрі  қарай  оқуды  кәсіптік  колледждерде,  кешкі  мектептерде 

жалғастыруға мүмкіндік бар. 

2.  Есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,кейіннен  естімей  қалған) 

білім 

алушыларды 

арнайы 

мектепте 

(сыныптарда) 

оқытудың 

ерекшеліктері 

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді: 



338 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 

Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 

сыныбына  түседі.  Дайындық  (0),  1-4-сыныптарда  оқыту  арнайы 

бағдарламалар  мен  оқулықтар  бойынша  жүргізіледі.  5-10-сыныптарда  білім 

алушылар  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламалары  мен  оқулықтары 

бойынша  білім  алады,  ондағы  материал  білім  алушылардың  білім  алудағы 

ерекше  қажеттіліктеріне  және  негізгі  мектепте  оқыту  мерзімінің  артуын 

ескере отырып бейімделеді және қайта бөлінеді. 

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және білім алушылардың 

ауызша  сөйлеу  тілін  жетілдіруге  мүмкіндік  туғызатын  есту  қабілетін 

дамытуға,  дыбыстардың  айтылуымен  жұмысқа,  еріннен  оқуға  арнайы  көңіл 

бөлінеді. 

Оқу  жоспарына  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту 

қабілетін  дамыту»  (0-10  сыныптар),  «Түзету  ырғағы»  (0-7  сыныптар), 

«Айналамен  таныстыру»  (0-2  сыныптар)  сияқты  түзету  курстары  қосылған. 

Түзету циклінің сабақтары күннің екінші жартысында топпен, шағын топпен 

жүргізіледі.  Түзету  циклінің  сабақтары  топпен  және  жеке  түрде  күннің 

бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізіле алады. 

Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын 

табысты  меңгерген  юілім  алушылар  үшін  жалпы  орта  білім  мен  мамандық 

алу  мақсатында  әрі  қарай  оқуды  кәсіби  колледждерде,  кешкі  мектептерде 

жалғастыруға мүмкіндік бар. 

3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей 

қалған)  білім  алушыларды  арнайы  мектепте  (сыныптарда)  оқытудың 

ерекшеліктері 

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді: 

− бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар; 

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар; 

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар. 

Орта  білім  алу  мерзімінің  ұзартылуы  төмендегі  себептерге:  көрмейтін 

және нашар көретін білім алушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; 

оқу  қарқынының  баяулығы  және  жалпы  білім  беру  пәндеріне  елестету 

олқылықтарын  толтыру  мен  білім  алушылардың  қоршаған  орта  туралы 

білімдеріне 

мүмкіндік 

беретін 


пропедевтикалық 

бөлімдерді 

қосу 

қажеттілігіне;  көрмейтіндермен  ақпарат  алудың  сукцессивті  тәсілін 



пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі 

бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және 

сызбаларды  оқуға;  тифлоқұрылғыларды  және  бақылау,  тәжірибелік  және 


339 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



лабораториялық  жұмыстар  жүргізу  барысында  кеңістікте  бағдарлай  алуға 

арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты. 

Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 

дайындық 

(0) 

сыныбы 


ұйымдастырылады. 

1-4-сыныптарда 

білім 

алушылардың  функционалдық  сауаттылық  негізі  және  негізгі  жалпы  білім 



берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құрылып, олардың қарым-

қатынас пен оқу еңбегінің негізгі  дағдылары қалыптастырылады. 

Екінші  сатыдағы  оқыту  6  жыл  ағымында  іске  асырылады.  Осыған 

байланысты оқыту жылдары бойынша оқу материалы әр оқу пәнінің аясында 

қайта бөлінеді. 

11-12-сыныптарда  оқыту  жалпы-гуманитарлық  және  жаратылыстану– 

математикалық екі бағытта жүзеге асырылады. 

Бір немесе екі бағытты да таңдау білім алушылардың қажеттілігін және 

ата- аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады. 

Білім  беру  процесінің  түзету  бағыты  жалпы  білім  беру  пәндері 

бойынша,  қалдық  көруін  және  көріп  қабылдауын  сақтау  мен  дамыту; 

әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістікте  бағдарлау;  мимика  және 

пантомимиканы  дамыту;  сөйлеу  тілі  дамуының  кемшіліктерін  түзету 

(логопедпен  сабақтар);  емдік  дене  тәрбиесі  және  түзету  ырғағы  бойынша 

арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі. 

Факультативтік  сабақтардың  сағаттары  жалпы  білім  беру  циклінің 

пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді,  қосымша білім  беру модульдерін, арнайы 

курстар  мен  практикумдарды  енгізуде,  жеке  және  топтық  сабақтарды 

өткізуде,  жеке  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  қолданылуы 

мүмкін.  Көру  қабілетінен  айырылған  білім  алушыларды  оқыту  Брайль 

шрифтімен  шыққан  жалпы  білім  беретін  оқулықтар  бойынша,  ал  нашар 

көретін  білім  алушыларды  ірі  шрифтімен  басылған  оқулықтар  бойынша 

оқыту іске асырылады. 

4.  Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  білім  алушыларды  арнайы 

мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді  

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;  

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;  

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.  

Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 

дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады.  

1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары 

(балалардың  барлық  қозғалыс  сферасын,  сөйлеу  тілін,  танымдық  қызметін 

қалыптастыру)  шешіледі.  Бірінші  сыныпта  жазу  қимылының  дағдысын 



340 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.  

Ана  тілін  меңгеру  оқытудың  бастапқы  сатысының  тәжірибелік 

бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын 

дамыту  ерекшеліктері,  кеңістіктік  ұғымдарының  жеткіліксіз  қалыптасуы 

ескеріледі.  

Бейімделген  дене  шынықтыру  сабақтарында  бағалау  нормативтері 

қалыптастырылмайды.  

5-10 сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз 

ететін  қимыл-қозғалыс,  ойлау,  сөйлеу  дағдылары  мен  ептілігін  дамыту 

бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.  

11-12-сыныптарда  оқыту  жалпы-гуманитарлық  және  жаратылыстану– 

математикалық  екі  бағытта  жүзеге  асырылады.  Бір  немесе  екі  бағытты  да 

таңдау  білім  алушылардың  қажеттілігін  және  ата-аналардың  сұранысын 

ескере отырып іске асырылады.  

Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  білім  алушылар  шағын  топта  және 

жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:  

1)  емдік  дене  тәрбиесі  (ЕДШ)  сабақтары  2-4  адамнан  тұратын  топпен 

немесе  жеке  өткізіледі.  Сабақтың  ұзақтығы  –  45  минут.  Сабақтар  күннің 

бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;  

2) тіл дамуының кемшіліктерін түзету бойынша өткізілетін  сабақтарды 

тіл бұзылуы ұқсас білім алушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-

3  рет  логопед  жүргізеді.  Сабақтар  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ 

екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;  

3)  танымдық  қызметті  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша  түзету 

сабақтарында  бағдарламалық  материалды  игеруге,  қоршаған  орта  туралы 

білімін  кеңейтуге,  кеңістіктік  және  уақыттық  ұғымдарын  қалыптастыруға, 

графикалық  дағдыларды  дамытуға,  алдыңғы  даму  олқылықтарын 

толықтыруға  және  оқу  материалын  игеруге,  бұзылған  психикалық 

қызметтерді  түзетуге,  күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындықты 

қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.  

Түзету  сабақтары  күнделікті  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 

қайталамауы  қажет.  Бастауыш  сыныптарда  сабақтың  бір  бөлігін  ойын 

түрінде  өткізген  дұрыс.  Топтар  (3-4  адамнан)  білім  алушылардың  сөйлеу 

тілінің,  қимыл-қозғалысының  және  өзге  де  даму  бұзылыстарының 

біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.  

Білім  алуышының  топта  болу  ұзақтығы  арнайы  қиындықтарды  түзету 

дәрежесімен  және  тапсырмаларды  сыныппен  бірге  орындау  дайындығымен 

анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір білім алушы бір жылда 

әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін.  


341 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Факультативтік  сабақтарды  анықтау  барысында  білім  алушылардың 

әлеуметтенуі  және  олардың  даму  кемшіліктерінің  алдын-алатын,  білім 

алушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды 

таңдау қажет.  



5. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар білім алушыларды арнайы 

мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері  

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:  

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;  

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.  

Арнайы  мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 

сыныбына түседі. 

Мектепте  төмендегідей  білім  алушыларға  арналған  бөлімдер  ашылуы 

мүмкін:  

−  ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 

ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу 

тілі дамымаған балалар;  

−  сөйлеу  тілінің  қалыпты  даму  барысындағы  тұтықпаның  ауыр 

формасы.  

Кохлеарлы  имплантацияға  дейін  6  айдан  кем  емес  ұдайы  есту 

аппаратын  тағып  жүрген,кохлеарлы  имплантанты  1  жастан  4  жасқа  дейінгі 

аралықта    қойылған  балалар  қабылданады.  Оқытудың  бірінші  деңгейінде 

арнайы 

бағдарламалар, 



арнайы 

әдістемелік 

және 

дидактикалық 



материалдарды  пайдалану  қарастырылады.  Негізгі  сатыда  балалар  білім 

алушылардың  мүмкіндіктеріне  бейімделетін  мектептің  жалпы  білім  беру 

бағдарламалары  бойынша  оқиды.  Негізгі  мектепте,  әсіресе,  күрделі 

бұзылыстары  бар  сыныптар  үшін  қазақ,  орыс  және  шетел  тілдерін  оқыту 

сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.  

Арнайы  логопедтік  және  түзету-педагогикалық  қолдау  барлық 

сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақыттарда  сөйлеу  тәртібін  сақтай  отырып 

көрсетіледі.  Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен 

таныстыру,  түзету  ырғағы,  дыбыстарды  айту,  сөйлеу  тілін  дамыту,  жеке-

топтық логопедтік сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні 

«Түзету  ырғағы»  сөйлеу  тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  балалардың 

моторлық  және  сөйлеу  моторлық  даму  ауытқушылықтарының  алдын-алуға 

бағытталған.  

Логопедиялық  сабақтар  белгіленген  сабақтардың  мазмұны  мен 

формасын  қайталамай,  күннің  екінші  жартысында  өткізілуі  тиіс.  Білім 

алушылар логопедиялық көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда 

алады.  


342 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Жеке  сабақтар:  сөйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылыстары  бар  және 

артикуляциялық  аппаратының  құрылымы  мен  қозғалысы  бұзылған 

(ринолалия,  дизартрия)  балалармен  өткізіледі.  Жеке  сабақтар  аптасына 

кемінде  2  рет  өткізіледі.  Сабақтың  ұзақтығы  20-25  минут.  Шағын  топтарға 

сөйлеу  тілінің  біртекті  құрылымы  бұзылған  балалар  бірігеді.  5-10  сынып 

білім алушыларымен логопедтік сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық 

формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.  

Топтық  сабақтың  ұзақтығы  (0,  1-4-сынып)  дайындық  сыныбы  мен 

бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 

минутты құрайды. Негізгі орта буын білім алушылары үшін қазақ және орыс 

тілдерін  қосымша  оқытуға  арналған  факультативтерді  ұйымдастыруға 

болады.  



6.  Психикалық  дамуы  тежелген  білім  алушыларды  арнайы  мектепте 

(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері  

Білім беру процесі келесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі:  

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;  

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.  

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі 

психикалық  дамуы  тежелген  балалар  қабылданады.  Арнайы  сыныптарға 

дамуында  ауытқушылығы  (ақыл-ойы  кемістігі  бар  балалар,  сөйлеу,  көру, 

есту қабілетіндегібұзылыстар) айқын көрінетін балалар қабылданбайды.  

Арнайы  сыныптарға  жинақтау  оқытудың  бастапқы  деңгейінде  –  0,  1 

сыныптарда  іске  асырылады,  2  сыныпты  да  кіргізуге  болады.  Білім 

алушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарға 

кіріктіру,  сондай-ақ,  психикалық  даму  тежелісі  айқын  көрінетін  екінші 

сатыдағы  арнайы  сынып  жағдайында  білім  беруді  жалғастыру  мүмкіндігі 

қарастырылады.  

Оқу  күн  тәртібі  балалардың  тез  шаршағыштығына  байланысты 

белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.  

Екінші  (қазақ  немесе  орыс)  және  үшінші  (ағылшын)  тілдерін  оқыту 

сынып  білім  алушыларының  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейін  ескере  отырып, 

бағдарламаны  бейімдеу  және  білім  алушыларды  оқыту  әдістері 

қарастырылып іске асырылады.  

Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  арнайы  бағдарламалар  мен  арнайы 

әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 

Негізгі сатыда білім алушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына 

(1  жыл)  байланысты  мазмұны  қайта  бөлінетін  жалпы  білім  беру  мектебінің 

бағдарламалары  бойынша  білім  алады,  әрбір  пән  оқытушылары  білім 

алушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.  



343 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет