ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін



Pdf көрінісі
бет47/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

379 



 

13.2  11-сыныпта  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  оқу 

бағдарламасын, 

оқулықтары 

мен 

оқу-әдістемелік 

кешендерін 

апробациядан өткізу 

 

 Апробацияның  қорытындысы  бойынша  республиканың  жалпы  білім 

беретін  мектептерінің  10-ы  сыныптарына  2019-2020  оқу  жылының  1 

қыркүйегінен  бастап  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  атты  жаңа  пән 

енгізіледі. Оқу пәні инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау 

пәні  болып  табылады.  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  оқыту 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы  7 

наурыздағы  №  105  бұйрығымен  бекітілген  Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес 

жүзеге асыралады.  

«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  кәсіпкерлік  саласының  негізгі 

ұғымдары  мен  заңдарын  зерделеуге,  білім  алушылардың  іскерлік  ойлауын 

қалыптастыруға,  белсенді  өмірлік  ұстанымды  таңдауға,  қазіргі  жағдайда 

болашақта  өз  бетінше  өмір  сүруге  арналған  дағдыларды  қалыптастыруға 

бағытталған. 

Оқу  материалының  мазмұны  оқу  процесінің  геймификациясы  (ойын 

техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген. 

Геймификацияны  (ойын  техникасын)  кеңінен  қолдану  материалды 

түсінуді  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сондай-ақ  келешекте  шынайы  жағдайларға 

лайықтауға  болатын  алғашқы  пайдалы  дағдыларды  қалыптастыруға 

бейімделген. 

Кейстік  (ситуациялық)  оқыту  әдісі  бір  жағдайға  стандартты  емес 

тәсілдемелерді қолданып  креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді. 

Оқу  пәнінің  мазмұны  логикалық  модульдерге  және  төрт  тоқсанға  

бөлінген. 

 «Экономикалық  құбылыс  ретіндегі  кәсіпкерлік»  атты  1-бөлім  білім 

алушыларды    «Кәсіпкерлік  және  бизнес»  пәнімен,  қажетті  терминологиямен 

таныстырады,  экономика  және  тұлға  құзыреттілігі  призмасы  арқылы 

кәсіпкерлік  мәнін  қарастырады,  кәсіпкерлікті  бизнес  терминінен  ажыратуды 

үйретеді. 

  «Замануи  жағдайлардағы  кәсіпкерлік»  атты  2-бөлім  білім  алушыларды 

кәсіпкерліктің  әр  түрлі  формаларымен  таныстырып,    заманауи  кәсіпкерлікте 

қандай  инновациялар  мен  трендтер  бар  екенін  және 

өз  ісін  ашу  үшін  қандай 

қадамдар жасау керектігін біледі, стартап  ұғымдарымен, бизнес-модельдерімен 

және  стартап  идеологиясымен  танысады.  Бұл  бөлімде  білім  алушылар 

бәсекелестіктің  не  екенін  және  бәсекелестік  стратегияларының  түрлерін,    баға 

қалыптастыру  құрылымын  сипаттауды,  баға  саясатының  мәнін  түсінуді  және 

баға стратегияларын ажыратуды үйренеді. 

«Әрекеттегі  маркетинг»  атты  бөлім  FMCG  секторының  нақты  жұмыс 

істеп  тұрған  отандық  тауар  өндірушілері  негізінде  тауарларды  жылжыту 

маркетингін  зерделеуді    қарастырады.  Оқушылардың  біріккен  топтары  нақты 

өндірушіні  және  оның  сызығынан  белгілі  бір  өнімді  таңдайды.  Алынған  білім 

мен  дағдыларды  қолдана  отырып,  оқушылар  жаңа  тауарларды  игеру  немесе 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

380 



 

көлемін  арттыру  мақсатында  өнімді  баламалы  жылжыту  бойынша  креативті 

идеяларды қалыптастырады. 

 4-бөлім 

«Ойлау  дизайны»  бизнес-шешімдерді  іздеуге  клиентке 

бағытталған  дизайн-ойлау  сияқты  тәсілдің  ерекшеліктерін  қарастырады. 

Тоқсанның  басында  мұғалім  ұсынған  тізімнен  бизнес-мәселені таңдап, оқушы 

дизайн-ойлау  әдіснамасын:  эмпатияны,  талдау  мен  синтезді,  идеяларды 

генерациялауды,  прототиптеу  мен  тестілеуді  қолдана  отырып  бүкіл  тоқсан 

бойы жұмыс жасайды. 

Оқушылар  өндірушілермен  өзара  іс-әрекет  жасауда  және  жобалау 

жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Өндіруші үшін бұл әр жылдың  

көктемгі  үш  айында  ақпараттың  өрлеуі  және  өнімдерінің  бүкіл  Қазақстан 

бойынша  тегін  жарнамалануы.  Мемлекет  экономикасы  үшін  -  бұл    отандық 

өндірушіні қолдау. 

Тоқсандағы  бөлімдер  бойынша  және  бөлімдер  ішінде  сағаттарды  бөлуді 

мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады. 

«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  оқу  жетістіктерін 

бағалау  ауызша,    жазбаша  жұмыстары  мен  практикалық  жаттығуларды,  

бақылау  жұмыстарын  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады.    Әрбір  тоқсан 

және  оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  сынып  журналына  «есептелінді» 

(«есептелінген жоқ»)  деген белгі жазылады. 

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 

жоғары шекті көлемі 10 сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты 

құрайды.  

2019-2020 оқу жылында  17 пилоттық жалпы білім  беретін  мектептердің  

11-сыныптарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 

жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Кәсіпкерлік 

және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы  мен  оқулықтарын 

апробациядан өткізу жалғастырылады. 

Пәнді  оқытудың  мақсаты  кәсіпкерлік,  бизнес,  экономика,  менеджмент 

және  маркетинг  негіздері  бойынша  оқушыларға  базалық  білімдер  беру;  өз 

таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді 

өмірлік  ұстанымдарын  қалыптасыру;  қазіргі  заманғы  нарықтық  жағдайда 

болашақтағы  дербес  әрекетіне  қажетті  дағдылардың  практикалық  базасын 

қалыптастыру болып табылады. 

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 

- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму 

тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру

-  оқушының  өмірлік  саналы  ұстанымдарын  және  өз  әрекеті  бойынша 

жасаған  таңдауына  жауапкершілікпен  қарау  қасиетін  қалыптастыру  үшін 

коучингтік тәсілдемелерді қолдану; 

-  Қазақстандық  және  әлемдік  нарық  жағдайларындағы  кадрлық  үрдістер 

тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 

 Пән бойынша оқыту міндеттері: 

1) оқушылардың кәсіпкерліктің теориялық негіздерін  қалыптастыру

2)  оқушылардың  жеке  қаржылық  сауаттылықтың  тәжірибелік 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

381 



 

дағдыларын меңгеруі; 

3)  оқушыларда  өз  жетістіктері  мен  өмірлік  ұстанымдарына  қатысты 

жауапкершілік сезімін қалыптастыру; 

4)  оқушыларда  кәсіпкерлік  ойлауды  және  өз  әлеуетін  жүзеге  асыру 

мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру; 

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды 

кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту; 

6)  бизнес-модельдеу  дағдыларын  дамыту  және  бизнестің  өміршеңдігін 

арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу; 

7)  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  және  заманауи  ақпараттық 

технологияларды қолдану. 

11-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді құрайды. 

«Стартап  акселератор»  1,  «Стартап»  2  атты  алғашқы  екі  бөлімі  бизнес-

модельдеумен  таныстырады,  сондай-ақ  стартап  жобаның  негізінде  «өте 

қажетті»  разрядынан  әлеуметтік  дағдыларды  қалыптастырады.  Білім  алушы 

белгілі  бір  білімге  ие  бола  отырып,  өзінің  жеке  бизнес-идеясын 

қалыптастырады  және  бизнес-акселераторлар  принципі  бойынша  нақты 

бизнеске айналдыру құралдарын алады. 

«Кәсіпкердің  өзін-өзі  алға  жылжытуы»  бөлімі  оқушының  әлеуметтік 

дағдыларын  жетілдіруді  жалғастырады,  сонымен  қатар,  ол  қаржылық 

сауаттылыққа  үйренеді,  отбасы  үшін  жеке  тиімді  қаржылық  жоспарлаумен, 

банк  жүйесімен  және  халықаралық  нарықтармен  танысады.    Осы  бөлімнің 

басты  артықшылығы  демо-шотты  пайдалана  отырып,  шынайы  KASE 

мәліметтері  негізінде  ойын  платформасы  арқылы  инвестициялау  дағдыларын 

үйрену болып табылады. 

Аталған    жұмыс  білім  алушылардың  аналитикалық  қабілеттілігін 

белсендіреді, 

 

жағдайлардың 



мәнін 

және 


олардың 

экономикалық 

көрсеткіштерге әсер етуін түсінуге үйретеді. 

«Даму стратегиясы» бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың дамуы 

болжамына  аударады.  Мақсат  қою  дағдыларын,  бизнестің  ауқымымен, 

халықаралық  бизнеспен,  жеке  стратегиямен  танысуды  үйретеді.  Қазақстан 

өнімінің  халықаралық  нарықтарға  шығу  стратегиясының  жеке  пайымын 

қалыптастырады.  Бұл  бөлім  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғауға 

бағытталған  мемлекет  және  қоғамдық  қозғалыстар  жүзеге  асыратын  шаралар 

кешенімен таныстырады. 

Оқыту  орыс  және  қазақ  тілінде  жүргізілетін  жалпы  білім  беретін 

мектептердің 11- сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 

басымдықты басқа бағыттарға қоя отырып, оқыту процесіне деген көзқараспен 

едәуір  ерекшеленеді.  Академиялық  білімнің  орнына  практикалық  дағдыларды 

игеруге  үлкен  назар  аударылады,  бұл  туралы  оқушылардың  өзара  іс-

қимылдарындағы  белсенді  формаларының  басым  екенін  көрсетеді.  Оқыту 

процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына 

жауап  беретін  тұрақты  және  тиімді  мінез-құлық  үлгісін  қалыптастыра  алатын 

табиғи және үздіксіз құбылысқа  айналып келеді. 

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

382 



 

жоғары шекті көлемі 11-сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты 

құрайды.  

«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау 

өткізілмейді.  Қалыптастырушы  бағалау  пәнді  оқу  барысында  білім 

алушылардың  оқу  жетістіктеріне  мониторинг  өткізу  мақсатында    және  оқу 

процесінде оларға қолдау көрсету үшін жүргізіледі.  

«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  тоқсан  және  оқу 

жылының  сонында  журналға    «есептелінді»  («есептелінген  жоқ»)    деген  белгі  

жазылады. 

 

13.3  11-сыныпта  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық» 

пәнінің  оқу  бағдарламасын,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік  кешендерін 

апробациядан өткізу 

 

 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  31 

қазандағы  №556  бұйрығына  сәйкес  2018-2019  оқу  жылында  16  пилоттық 

мектептердің  10-шы  сыныптардың  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық 

дайындық»  пәнінің  оқу  бағдарламасы,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік 

кешендері  апробациядан  өткізілді,  2019-2020  оқу  жылында  16  пилоттық 

мектептердің  (3-қосымшасы)  11-шы  сыныптарда  «Алғашқы  әскери  және 

технологиялық  дайындық»  пәнінің  оқу  бағдарламасы,  оқулықтары  мен  оқу-

әдістемелік кешендері апробациядан өткізу жалғастырылады.  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  меншік  түрі  мен 

ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 

жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –  білім 

алушыларды  отаншылдық  рухпен  Отанды  қорғауға  дайын  болуға  тәрбиелеуге 

баса  назар  аударады.  Бұл  бағдарлама  білім  алушыларды  әскери  қызметтің 

дағдыларын  меңгеруімен  қоса  төтенше  жағдайларда  адамның  өмір  қауіпсіздік 

әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған. 

2019-2020  оқу  жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін  мектептің  10-

сыныбында және 2020-2021 оқу жылынан бастап 11-сыныпта «Алғашқы әскери 

және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша  оқыту    ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2017  жылғы  27  шілдедегі  №  352  бұйрығымен  бекітілген  үлгілік 

оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  алғашқы  әскери 

және  технологиялық  дайындықты  жастарға  ұйымдастыру  және  өткізу  үшін 

негіз болып табылады: 

1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2.  «Бастапқы  әскери  даярлықты  ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ 

оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру  қағидасы  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Қорғаныс  министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

383 



 

бұйрығының  күші  жойылды,  оны  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс 

министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен   ауыстыру қажет 

(Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы  20 

қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

3. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының 

жекелеген  түрлерін  мемлекеттік  тіркеу  және  есепке  алу,  Механикалық  көлік 

құралдарын  жүргізушілерді  даярлау,  Емтихандар  қабылдау  және  жүргізуші 

куәліктерін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 

істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  теориялық  және 

практикалық  сабақтарда  іске  асырылады:  теориялық  сабақтарды  оқытудың 

дидактикалық  материалдарын,  техникалық  құралдар  мен  инновациялық 

әдістерін  қолдана  отырып,  әңгімелесу  және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі. 

Практикалық  сабақтар  оқулықты,    қару  және  әскери-техникалық  мүлікті, 

құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана  отырып,  оқу  материалын 

игеруге бағытталады. 

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы 

ойының  қалыптасуын,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінің 

арналуын  және  түрлері  мен  ерекшеліктерін  түсіндіру,  әскери  қызметтің 

маңызын,  Қазақстан  Республикасының  әр  азаматының    қасиетті  парызы  және 

міндетін оқыту. 

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 

6)  әскери 

анттың,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің 

жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру; 

7) әскери  бөлімдердің  қару-жарағы  мен  әскери  техникасы,  жеке 

құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру; 

8) қажетті  әскери  білім  мен  практикалық  дағдыларды  ақпараттық 

технологияны  пайдалана  отырып  робототехникада,  дөңгелекті  машиналарды 

жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде 

қалыптастыру; 

9) жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін 

дарытуға тәрбиелеу; 

10) 

әскери  істерге  байланысты  мамандық  кәсібіне  оң  көз-қараста 



тәрбиелеу. 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 

11-сынып. 

«Технологиялық дайындық» бөлімі: 

1)  Дөңгелекті  машина  жүргізу  негіздері  және  ережелері.  Жол 

қозғалысына  қатысушылардың  міндеттері  –  Жол  қозғалысы  Ережелеріндегі 

негізгі  түсініктер  мен  терминдер.  Жүргізушілерді,  жол  жүргіншілері  мен 

жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;  

2) Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам 

және  жол  қозғалысын  реттеушінің  сигналдары.  Арнайы  сигналдарды 

пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр 

жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде орналасуын; 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

384 



 

3)  Қозғалыс  жылдамдығы  –  Қозғалыс  жылдамдығы.  Қарсы  қозғалыс, 

басып  озу.  Аялдама  және  автотұрақ.  Қиылыстардан  өту  бағыттары. 

Маршруттық  көлік  құралдарының  аялдамасы  және  жаяу  жүргіншілерге 

арналған жолдарды; 

4)  Әртүрлі  жағдайлардағы  қозғалыс    –  Темір  жол  өткелдері  арқылы  өту. 

Автомагистраль 

арқылы 


қозғалыс. 

Тұрғын 


аудандардағы 

қозғалыс. 

Маршруттық  көлік  құралдарының  басымдықтары.  Дыбыстық  сигналдарды 

және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды

5)  Жолаушылар  мен  жүктерді  тасымалдау  –  Механикалық  көлік 

құралдарын  сүйреу.  Көлік  жүргізуді  үйрету.  Жолаушыларды  тасымалдау. 

Жүкті  тасымалдау.  Велосипедтер,  мопедтер,  көлік-арбаларының  қозғалысы 

және  жолмен  мал  айдауға  қойылатын  қосымша  талаптар.  Тірек-қимыл 

аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді; 

6)  Жол  белгілері  –  Ескерту  белгілері.  Басымдық  белгілері.  Тыйым 

салатын белгілерді;  

7)  Жол  белгілері  –  Міндетті  белгілер.  Ақпараттық-нұсқағыш  белгілері. 

Қызмет  көрсету  белгілері  (таңбалары).  Қосымша  ақпарат  беру  (кесте  белгі) 

белгілерін; 

8)  Жол  таңбасы  және  оның  сипаттамалары  –  Таңбалардың  жіктелуі. 

Көлденең 

және 

тік 


таңбалану 

талаптарына 

сәйкес 

орындалатын 



жүргізушілердің  іс-әрекеттері.  Жұмыс  істеу  үшін  көлік  құралдарының 

рұқсатнамасының негізгі ережелерін

9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері 

–  Сабақтағы  қауіпсіздік  шаралары.  Жүргізушінің  жұмыс  орнын  дайындау. 

Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың 

басқару  элементтерін  әзірлеу.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Қозғалтқышты 

қосу.  Автомобильді  орнынан  қозғалту,  тура  жолдағы  қозғалыс,  тежеу  және 

тоқтату.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Қисық  траекториядағы  қозғалыс, 

маневр.  Қосу  қорабының  қозғалыс  жылдамдығын  ауыстыра  отырып  жүргізу. 

Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Гаражға  кіру.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу. 

Тар  кеңістіктегі  бұрылыс.  Автомобильді  көлік  тұрағына  қою.  Жағдаяттық 

міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Өрде тұрған автомобильді орнынан қозғау, 

жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді; 

10)  Күрделі  жол  жағдайында  автокөлiк  құралын  басқару  –  Қозғалысты 

бастау  және  жол  жиегіне  (тротуар  жанына)  тоқтату.  Жағдаяттық  міндеттерді 

шешу.  Қашықтықты  сақтай  отырып  лекпен  қозғалу.  Жағдаяттық  міндеттерді 

шешу.  Бір  қатардан  екінші  қатарға  өту.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу. 

Реттелмейтін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін 

жол  қиылысынан  өту.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Басып  озу.  Жағдаяттық 

міндеттерді шешуді қамтиды. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-

2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық  шараларға  көңіл  бөлу 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

385 



 

ұсынылады.  

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі  №352 

бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 

оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 

бұйрығының  7-қосымшасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын 

іске  асыру  мақсатында  2019-2020  оқу  жылында  11-шы  сынып  оқушылары 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, 

оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік  кешендерін  апробациядан  өткізу  үшін 

жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16 

мектеп тізімі қосымша тіркелген). 

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2017 жылғы «31» қазан №556 

бұйрығына 5-қосымша  

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2014 жылғы 6 қарашадағы 

№ 455 бұйрығына 7-қосымша 

(Жаңартылған білім беру мазмұнын 

пилоттық енгізу туралы) 

 

10-11 сыныптарға арналған 

 «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу 

бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін 

апробациядан өткізу үшін пилоттық мектептердің тізімі 

 

№ 



Өңірдің атауы 

Пилоттық мектептің атауы 

1. 


Астана қаласы 

№ 13 орта мектебі 

2. 

Алматы қаласы 



М. Мәметова атындағы №28 орта 

мектебі 


3. 

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы 

Н.Крупская атындағы орта мектебі  

4. 


Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы  

№ 51 мектеп-гимназиясы 

5. 

Алматы облысы, Көксу ауданы 



К. Жалайыри атындағы мектеп-

гимназиясы

 

6. 


Атырау облысы, Атырау қаласы 

№ 33 орта мектебі 

7. 

Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы 



№ 4 орта мектебі 

8. 


Батыс Қазақстан облысы,  

Орал қаласы 

№ 34 мектеп-гимназиясы 

9. 


Жамбыл облысы, Тараз қаласы 

№ 49 мектеп-гимназиясы 

10.  Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы 

№101 мектеп-лицейі 

11.  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы 

Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

386 



 

12.  Қостанай облысы, Қостанай қаласы 

№5 орта мектебі 

13.  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы 

№ 21 орта мектебі 

14.  Павлодар облысы, Павлодар қаласы 

№ 41 орта мектебі 

15. 


Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл 

қаласы  


№ 40 орта мектебі 

16.  Шымкент қаласы 

Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет