Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 55. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары



бет206/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 55. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары


ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымыныц өкілдері, саяси жер аударылып келгендер, сондай-ақ қазақ қоғамының өзінен шыққан білімді ғалымдар айналысты. Бұл салада шетелдіктер - ағылшындар мен немістер, француздар да елеулі із қалдырды.
1. Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рөлі. Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әртүрлі кәсіп пен мамандық иелері - ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатын ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке - Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды.
1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б. С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен құнды деректер берілген.
Белгілі тарихшы А. И. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы мәліметтер келтіреді.
Торғай облысының мал дәрігері А. И. Добросмыслов қыруар мол дереккөздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі Қазақ хандығының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, тілі жайлы В. Радлов іргелі зерттеулер жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет