Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет33/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Жайық казактары - XV ғасырдың аяқ кезі мен XVI ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін пайдаланды.
Пугачев Емельян Иванович (1742-1775) - Дон казагы, 1773-1775 жылдардағы аса ірі шаруалар көтерілісінің басшысы.



«1773-1775 жылдары Ресейдің оңтүстік-шығыс аймағында Пугачевтың бүлікшіл әрекеттеріне байланысты наразылық толқыны пайда болды. Оралға қарай жатқан жерлер, өзеннің жоғарғы ағысынан төменгі ағысына дейінгі таяу жатқан жерлер, түгелдей дерлік аса күшті қауіпті жағдайда қалды, өйткені (Орал) Жайық казактары арам ойлы жалған Петрдің алғашқы қолдаушылары, ал башқұрттар бірінші одақтастары болды... Сыртқы жаудың Шабуылын ешкім де тоқтата алмады. Әркім аса қатерлі ішкі жаудан өз қара басын қалай қорғап қалудың қамын ғана ойлады. Жергілікті әкімшілік қырғыздар (қазақтар. - авт.) мен казактар бүлікшілерге қосылып кетіп, империяның шегіне басып кіреді, шекара шебіндегі елді мекендердің бәрін тонап, талан-таражға түсіреді, қайыршыландыра күйзелтеді деп қорықты. Бұлай деп ойлауына негіз де бар еді. Бірақ олай болып шықпады. Себебі Пугачев әскерлерінің негізін құраған Жайық казактары мен башқұрттар қырғыздардың (қазақтардың. -авт.) бұрыннан қас жаулары болатын».
Левшин А. И. Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы. Алматы, 1996, 252-бет.



& 9. Сырым Датұлы бастаған қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі


Түсіндірме сөздіктперден, энциклопедиялардан, тағы басқа да анықтамалық басылымдардан «бостандық», «тәуелсіздік» деген сөздерді тауып, олардың мәні неде екенін оқып біліңдер. Сондай-ақ бұл сөздердің нені білдіретініне тереңірек ой жіберіңдер. Осының алдындағы параграфтан қазақтардың көтерілісін басқарған Сырым Датұлы туралы айтылатын тұсты іздеп табыңдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет