Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет25/58
Дата29.06.2022
өлшемі1,83 Mb.
#147193
түріКнига
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
7. Глассарий, 2-курс шпор, Maqolalar-toplami, Oraliq Qozoq tili va adabiyoti, renasans, Savolnoma Tyuter vazifasi
Óàқûò ìөëøåðі:
 7 минут.
Түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
ЖетінØі СӨз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, 
жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар бол-
маса, тән жанға қонақүй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат тап-
пайды. Біреуі – білсем екен демектік. Íе көрсе соған талпынып, 
жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін 
татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, 
дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа 
да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», 
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, 
көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. 
Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем 
екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болма-
са, денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген 
соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде 
Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, 
сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған 
ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап 
білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын 
құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


48
кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмай-
ды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазы-
намызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан 
артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай 
қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы 
боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. 
Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас 
ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы 
қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің 
де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге 
салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін 
айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің – өзіңе, өз 
білгенім – өзіме», «Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен 
жарлы бол!» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса, 
ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген 
біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы 
екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның ба-
ласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Õайуан 
білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз 
деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-
тірілерімізді білмей, күретамырымызды адырайтып кетеміз.
?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет