Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет63/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
15-сурет
Құбырлы 
пештің құрылысы


133
дырылатын шикізат ағымдарының санымен (бір немесе екі жəне көп 
ағымды), жыланша құбырдың орналасуымен, құ 
быр дың көлденең
жəне тік орналасуымен ерекшеленеді.
Пеш жұмысының тиімділігін сипат тайтын негізгі жылу техника-
лық көр сеткіші бар құбыр бетін қыздыру мен отын кеңістігі жылу 
қуаты жəне пештің ПƏК болып саналады. 
Құбыр бетін қыздырудың жылу қуаты деп 1 м
2
бетті 1 сағ. 
қыздыруға берілетін жылу мөлшерін айтады (25-45м
2
).
Радиантты құбырлардағы бетті қыздыру жылу қуаты конвек-
циялыға қарағанда жоғары. 
Пештің ПƏК деп пайдаланған отынның 
жанғанда бөлінетін жылудың жалпы мөлшеріне қатынасын айтады.
Пештерді жасаушы конструкциялардың негізгі мақсаты пештің ПƏК 
мəнін 80-ге дейін жəне одан да жоғары көтеру болып саналады. ПƏК 
көтеру үшін пештерді тиімді шілтерлермен жабдықтайды, конвекция 
камерасынан шығатын түтін газдарының жылуын пайдалану жүйесін 
жетілдіреді.
Құбырлы пештер констркуциясының негізгі элементтеріне 
құбырлардан түсетін салмақты ұстап тұратын металл каркасы
төбесі; күмбезі; отқа төзімді арнайы қабат жəне жылу изоляциясы; 
ұзындығы 24 м-ге дейін жететін жəне диаметрі 60; 219 мм бір-біріне 
ендіртіп немесе балқытып жалғанған, жіксіз бүгіп созылған, иілген 
құбыр; радиация жəне конвекция секцияларының құбырларын ұстап 
тұратын құбырлы торлар, құбырлы алқа; отынды жағуға қажетті 
жабдық, түтін өткізгіштер, баспалдақтар жəне т.б. саналады. Отынды 
жағуға форсункаларды немесе шілтерлерді пайдаланады.
Рекуперативті жылу алмастырғыштар.
Осындай жылу 
алмастырғыштардың негізгі сипаттамасы екі жылу алмасатын 
ағындардың арасында жылу өткізгіш материалдан жасалған қабырға 
болады. Жылу алмасу беті конструкциясы жағынан əртүрлі орында-
луы мүмкін, сондықтан ол аппаратттарды былай бөледі:
1. Қаптама құбырлы жылу алмастырғыш;
2. Екі құбырлы жылу алмастырғыш;
3. Ирек құбырлы жылу алмастырғыш;
4. Спираль тəрізді жылу алмастырғыш;
5. Бүрку арқылы жасайтын жылу алмастырғыш;
6. Арнайы жылу алмастырғыш;
7. Құбырлы буландырғыштар;
8. «Құбырды-құбыр» типті жылу алмастырғыш.


134
Мұнай өңдеу технологиясында ең көп тараған жылу алмастырғыш 
аппараттың бірі – қаптама құбырлы жылу алмастырғыш. Осылардың 
ең қарапайымы – цилиндрлі қаптамалы жылу алмастырғыш. Ол қапта-
ма дан (3) тұрады. Оның екі жағынан құбырлы торлар (1) бекітілген. 
Осында шоғырланған құбырлар (4) орналасады. Олар қаптамаға фла-
нец (8) арқылы бұрандамамен бекітілген болады. Құбырлар құбырлы 
торда əртүрлі вариантта бекітіледі. Құбырларда тордың шоғыры 
орналасуы əртүрлі. Ағындардың өту жолдарының саны 1, 2, 4 рет 
жə не одан көп болуы мүмкін. 4 рет айналуы жылу алмасу жағдайын 
жақсартады. Қаптамалы құбырлы жылу алмастырғыштар мұнайды 
шығатын өнімдер жылуы арқылы қыздыруға, су конденсатор-то-
ңазытқышы ретінде қыздырғыштар ретінде жəне т.б. қолданылады. 
Айнымалы тордың болуы құбыр шоғырының корпусы ішінде 
бос қозғалуына жағдай жасайды, құбыр шоғырын тазалау жəне 
ауыстыру жеңіл іске асырылады. «Құбырда құбыр» типтес жылу 
алмастырғыштар тазалау үшін жеңіл бөлшектенеді жəне жылу 
алмастырушы ортаны кез келген температура өзгерісіне қолдана 
алады. Олар алғашқы айдау қондырғыларында мұнайды, мазут немесе 
гудрон сияқты қалдық өнімдерімен қыздыру үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет