Байланысты: Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)
Ким Чжи Ханың 1970 ж. жарыққа шыққан «Сасанге», «Бес сатқын» атты поэмалары үлкен жетістікке ие болып, ақынның ең үздік шығармаларының біріне айналады. Бұл жазалу топтары мен сыбайлас басшыларды әшкерелейтін сатира ақынның түрмеге қамалуына әкеліп соқтырады. Шынайы өмірдің келеңсіз тұстары оның «Сары жер» атты бірінші жинағында шебер көрсетіледі. 1970-ші жылдары зиялылардың көпшілігі әскери диктатураға қарсы күреске шығады. Осы күрестің алдыңғы шебінде Ким Чжи Ха тұрады.
Хван Чжи У 1980 жылдардағы атақты ақындардың бірі болады. Оның «Құстар да бұл дүниеден өтеді» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1983 ж. әдеби журналда жарияланады. Хван Чжи У Кореяның қайғылы тарихына үн қосады. Оның поэзиясында өзі өмір сүрген дәуірдің мәдени және тарихи тұстары көрініс табады.