Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет174/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Жаңару кезеңі (1960 жылдардан қазіргі уақытқа дейін). Бұл кезеңде бүгінгі таңдағы қазіргі корей әдебиеті қалыптаса бастады. 1960 жылдың 19 сәуіріндегі демократиялық және либералдық бағыттағы төңкеріс 60 жылдардағы корей қоғамының тарихи дамуында маңыз­ды оқиға болады. 1960 жылғы 16 мамыр­дағы көтеріліс секілді бұл төңкеріс те сәтсіз болға­ны­мен, қоғамның әрі қарай дами түсуіне ықпал етеді. Әдеби шығармаларда әлеуметтік теңсіздік туралы сыни ескертпелер көбейіп, әдебиет реалистік-сыни көзқараста дамиды.

60 жылдары 25 маусымдағы соғыстың ұзақ уақытқа созылған зардапта­рына қарамастан халықтың алаңдаушылығы басыла бастаған. 19 сәуірдегі студенттер қозғалысы мен 16 мамырдағы әскери төңкеріс қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандырып, экономиканы қайта жандандырып, демократиялық қоғам құратын уақыт жеткенін көрсетеді. И Сынг Манның диктаторлық саяси жүйесі жойылады. 60 жылдардағы корей поэзиясында «еркіндік», «тең­дік» сөздері жаңа мәнге ие болады. Поэзияның мазмұны мен мәніне қатысты түрлі көзқарас­тар мен бағыттар пайда болады. Бірінші бағыт нақты мәселелерге назар аударса, екіншісі өмір тәжірибесін қарастырып, адамның ішкі қайшылық­тарын бейнеледі, үшінші бағыт модернизм, поэтикалық тілдің қалыптасуын қолдап түрлі бағытта қарқынды дамиды.

Поэтикалық әдебиетте шындықты тарихи және сыни тұрғыда қабылдау мәселесі көтеріледі. Бұған Сәуір төңкерісі тікелей әсер еткенімен, көптеген ақындардың туындыла­рында 50 жылдарда орын алған қоғамдық қайшылықтар өткір сынға алынады. Бұған Пак Бонг Удың «Майдан шебі», Ким Су Енгтің «Бірде патша сарайына шығып», «Корея тарихы, «Шөп» өлеңдері мысал болады.

Корей поэзиясының тарихында кездесетін ағымдардан «минчжунси» жаңа дәстүрі бөлініп шықты. Бұл дәстүрді жақтаушы ақындарға Чжонг Хан Мо, Чжо Бенг, Ким Нам Чжо, Пак Чжэ Сам, Пак, Ким Квант Соби, Хванг Донг По және т.б. жатқызуға болады. 60 жылдар­дағы корей поэзиясында корей өлеңдерін дамытудың жаңа жолдарын табуға тырысқан жазушылар корей халқының дәстүрлі әрі ұлттық сипаттарын қарастыра бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет