Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет56/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Конфуций ілімінің қытай әдебиетінде алатын орны

  2. Қытай поэзиясында «дүниеден безіну» ұғымы

  3. Тан әулеті тұсындағы ұлы ақындар

  4. Сун әулеті тұсындағы поэзия

  5. Қытай прозасының даму жолдары



Орта ғасырлардағы Жапон, корей және Вьетнам әдебиеттері
Шығыс Азия елдерінің арасында иероглиф жазуы әдеби шы­ғар­ма­шылықта алғаш рет Кореяда Когурё, Пэкче және Силла мем­ле­кеттіктері тұсында қабыл­данады. Кореяның ханмун тіліндегі жеке әдебиеті ежелгі қытай әдебиетінің жал­ғасы болады. Ең ежелдегі корей әдебиеті де бізге жетпеген (тек б.з. I ғ. жал­ғыз төрт шумақ өлең ғана). Алғашқы корейлік жазбалар сана­латын хянга өлеңдері YI-YII ғ. жатса, корей поэзиясының тарихында осы күнге дейін өз маңыздылығын жоймаған IX ғ. өмір сүрген ақын Чхва Чхивон­ның ханмун жазуымен жазылған өлеңдері кейінгі уақытта да пейзаждық лириканың дамуына әсер етеді.

Нағыз корейлік жазу XY ғ. ортасында ғана құрылған. Сондық­тан X-XII ғ. біз білетін ханмун жазуындағы поэзиямен қатар басқа да поэзия болған деп пайымдаймыз. Осы дәуірде Чон Джисан (XII ғ.), Ким Бусик (XI-XII ғ.) секілді ақындар жазған өлеңдерден фео­далдық қоғамдағы Корея­ның өмірі мен ғалым-әдебиетшілердің конфуций, буддизм, даосизм бағы­тын­дағы көңіл-күйін көре ала­мыз. Уақыт ағымымен бірге корей поэзиясының тақырыптық ауқы­мы да кеңейе түседі. XIII ғ. моңғол шапқыншылығы Корея жерінде даостық ойдың туу­ы­на және тақуа­шыл­дыққа әкеп соқтырғаны да поэзияда көрініс тапбады.

Ханмун жазуымен жазылған корей поэзиясында Ли Гюбоның (XII-XIII ғ.) шығармала­ры жоғары бағаланады. Оның өлеңдерінде ақынның еліне, табиғатқа деген махаббаты, әді­лет­сіздік жай­лы толға­ныстары, өткен күндер жайлы поэти­калық повесть те беріледі. Ханмун жазуымен жазылған корей поэзиясы Ли Гюбо шығармала­рымен аяқталады да. Ал Корё кезеңінде кең етек жайған каё өлең­дерінен 20 ғана сақталған.

Ұлттық өлең жанры сиджо – үш жолды, ұйқассыз өлеңмен жа­зыл­ған шығармалар тек XIY ғ. пайда болады. Ең бастысы ханмун /Корей/, камбун /Жапон/, ханван /Вьетнам/ иерог­лифтік поэзия айтылуындағы сыртқы ұқсас­тығына қарамастан таза корейлік, жа­пон­дық және вьетнам­дық болып бөлінеді. Олардың үлкен жетістік­ке жеткен қытай поэзиясымен қатар өмір сүруі форма­сының нәзік­ті­гі жағынан ғана емес, сонымен қатар мазмұнының күрделігі жағы­­нан да жоғары дәрежеді тұрғанын көрсетеді.

Жапония - Y ғ. Корея арқылы қабылдаған иероглифтік жазуды көп өзгеріс­сіз ІХ ғ. ойлап табылған буындық жазумен қоса сақтаған жалғыз мемлекет. Камбун жазуындағы «Кайфусо» деп аталатын ең алғашқы өлең­дер жинағы 751 жылы құрас­тырылған. Негізінде, YІІІ ғ. Ака­хито, Яманоэ, Окура сынды ұлы ақындардың шығарма­шылығы жапон әдебиетінің тарихи жүйесіне бастау болады. Дәл Нара кезеңінде көзқарасының терең­ді­гімен, жанашырлығы, талғамы­ның нәзіктігімен сипатталған жапон поэзиясының негізі қаланады.

Буддизм мен конфуций ілімі Жапонияда YІ ғ. бастап кең тарала бастайды. Сол уақытта Корея мемлекетімен мәдени қарым-қатынасы нығайып, Қытаймен миссия алмасу үдерісі жүргізіліп жатты. Жапония қытайлық конфуций ілімінің әлеуметтік схемасын қабылдай отырып, өзінің мемлекеттік тәжірибесінде жапон қоға­мын­дағы таптық бөлініске шек қойыл­майтындай етіп оның бастап­қы негізіне өзгерістер енгізеді. ҮІІІ ғ. өзінде жапондықтар қытай поэзиясын, кейінірек корей поэзиясын да өте жақсы білген. «Кайфусо» пайда болуынан бір­не­ше жыл өткен соң, өзінің әдеби күшінің ерекшелігі және өлең шумақтары саны жағынан өзгеше, өткен ғасыр­лардағы жапондық өмірдің энциклопедиясына айнал­ған, жапондық поэзияның ұлттық антоло­гия­сы «Манъесюдің» пайда болуы да таңқаларлық құбылыс емес. Ортағасырлық корей және въетнам­дық әдебиетте алғашқы орынды иеленген иероглифтік /ханмун-ханван/ поэзия­сына қара­ғанда, камбунның ықпалымен тек Жапонияда ғана кең тараған өлең үлгісі танка басым орынға ие болады.

Х ғ. Микадоның бұйрығы бойынша «Манъесюдан» кейін «Кокинсю» антологиясы құ­рас­тырылған болатын. «Кокинсю» жина­ғын­да жапондық өлең үлгісі танка дамудың шарық­тау шегіне жетсе де, «Манъесюдағы» өлеңдермен салыс­тыр­ғанда өзіндік ерекше әсемді­гін жоғалтып алады.

Корея мен Жапония секілді Вьетнам да ежелгі мәдениет орта­лығы саналға­нымен, онда­ғы әдеби «санақ» салыстырмалы түрде кеші­рек, яғни Х ғ. вьетнам­дықтардың тәуелсіздік алып, өзіне тиесі­лі мәдени мұраны бөлуге мүмкіндік алғаннан кейін басталады. Феодалдық Вьетнам мемлекеті Ли (1010-1225 ж.) - Чан (1225-1400 ж.) дәуірі деп аталатын төрт ғасыр аралығында негізі қаланып, нығая түседі. Ли-Чан кезіндегі әдебиеттің өзінде вьетнам әде­биетінің тарихында белгілі бір маңыздылыққа иеленуге мүмкіндік беретін сыртқы және ішкі ерекшеліктері бар. Бұл көбінесе ханван жазуы­мен жазылған әдебиет. Ал ұлттық жазу (ном) әдебиеті кейі­ні­рек ХІІІ ғ. пайда болады. Ханван жазуының номнан кейін де, ХYІІ ғ. енгізіл­ген латындық жазудан кейін де өз құндылығын жо­ғалт­па­ға­ны атақты Хо Ши Миннің ханван жазуымен жазылған өлеңдерінен байқалады.

Соғыстарда өз тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында үлкен ба­тыл­­дық көрсеткен Вьетнам тарихы мәдени құндылықтардың сақта­лып қалуына өз септігін тигізген жоқ. Вьетнамға Ли-Чан кезеңінде, ХІІ ғ. қытайлық Сун әскерлері, ХІІІ ғ. моңғолдардың қол астында болған Қытай­дың юань әскері басып кіреді. ХY ғ. басында Қытай­дың мин әскерінің жаулаушылық соғыстары нәтиже­сінде жоғарыда аталған басқыншылар кезінде сақталып қалған мәдени құндылық­тардың көбі жойылып кетеді. Осылайша Вьетнам әдебиетіндегі шығармалар мен өнер құртылып, қолжаз­балар түрінде сақталып келген бірең-сараң ескерткіштер әлі күнге дейін толық табыл­маған. Қолда бар шығармалар ортағасырлық вьетнам қоғамының өмірі мен күрестері, рухани айқындылық пен халықтың сана-сезімі, ішкі жандүниесі мен өмірге көзқарасын биік дәрежеде жеткізушілер (авторлар) жайлы айтарлықтай мағлұмат береді.

Көбінде буддистік монахтар болған авторлар тегі жағынан жай қарапайым халықтан, жоғары тап өкілдерінен, әскер басылары, басшылар мен мырзалардан шығуы әбден мүмкін. Мұнда да Корея немесе Жапониядағыдай монахтар мемлекеттің ең алғашқы ақын­дары болған. Буддизм Вьетнам территориясына ІІ–ІІІ ғ. Үнді елінен Қытайға баратын діни адам­дар арқылы тараған, олардың арасында санскритті жақсы меңгергендері де болған делінеді. Олар Қытай және Үнді монахтарына аудармашылық қызмет көрсеткен, Х ғ. өзінде-ақ Тхиен (қытайша-чань, жапонша-дзэн) буддистік мектебі жұмыс істей бастаған. Монахтар патша­лардың кеңесшілері болған, ал патшалар мен олардың мұра­герлері монах бола бастайды. Мо­нах­тар өлеңдері буддистік уағыз бен ақыл-кеңестер ретінде қолда­нылған. Олар нәпсіге салынбауды және даосизмдегі жалғызда­ну­ға да шақырған. Бірақ поэзияның өзі және оның образдық жүйесі монах­ты табиғатты тамаша­лауға жетелеп, тамаша сәттерді көркем ой тәлке­гінен өткізуге итермелейді. Осы кезде буддизм мен дао­сизмнің заңдылық­тарынан тыс вьет­намдық поэтикалық суреттеме­лер мен зиялы қауымның шығар­ма­лары пайда болады.

Жапония, Корея мен Вьетнамға қарағанда иероглифтік жазуды басқа жазумен алмас­тырмай, тек буындық әліпбиді ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар Жапония Корея мен Вьетнамға қарағанда, айтарлықтай ерте кезден камбун жазуымен жазылған шығарма­лар­ды төл әдебиетінен кейінгі екінші орынға қояды. Бұл құбылыс, әсіресе, прозада ерекше байқа­лады. Камбуннан бөлініп шыққан, ең алғашқы және ең керемет үлгілер Х ғ., яғни фольк­лорлық негізде қалып­тастасқан ең алғашқы «Такэтори моногатари» атты ұлттық повестьтен екі жүз жылдан кейін пайда болған. Жапондық проза­ның ерекшелігі де осыда. Ауқатты тап өкілдерінің ішінде ер адам­дар камбун жазуымен жазып, танка өлеңдерін шығарған, ал жа­пон­­дық көркем проза қытай мәдениетінің ықпалымен әйелдерге тиесілі болған.

Осылайша, жанры бойынша «қытайлық нақыл сөздерге» туыс­тас жапон әдбиетіне тән танымал шығармалар, оның ішінде Сей Сенагонның «Жастық астындағы хаттар» еңбегі пай­да болды. ХІ ғ. басында сарайдағы ақсүйектер қатарына жататын Мурасаки-Сики­бу атты әйел­дер жазған Жапон классика­сының ұлы кітабы «Гэндзи моногатари» романы жарық көреді. «Гэндзи моногатари» өзінің бақылау нәзіктігімен және өмірге деген шынайы көзқара­сымен кейінгі әдебиеттің жетістігі ретінде оқырмандарды тамсан­дырған. ХІІ ғ. бастапқы кезе­ңінде «Кондзяку моногатари» атты әңгімелер жинағы кеңінен таралады. Бұл жапон әдебиетінде демократиялық тендециялардың көрініс тапқанының бірден бір белгісі бола оты­рып, тек қана сауатты қауым емес, қара­пайым халық та қол жеткізе алатын әнгімелерді қам­тиды. Кейін осы шығар­маның халықара­лық құндылығы да мойындалады. ІІІ-ХІІІ ғ. аралығы Корея мен Вьетнам үшін поэзия­ның ең гүлденген дәуірі болады.

Келесі ғасырларда осы мәдени аймақтарда әдебиетте Қытайда юань жан­рын­дағы дра­маның және ханмун мен ханван иероглифтік прозаның, Жапонияда дзуйхицу жанры мен Но маскалар театрына арналып жазылған бір актылы поэтикалық драмалар және камбун жазуымен жазылған шығармалардың дамуы сияқты жаңа құбы­лыстар орын алады.

794-795 ж. 80 жылдан астам уақыт бойы Нара қаласында орна­ласқан Жапония астанасы, император және зиялы Фудзивара тегінің басшылығымен оның жанындағылардың мекеніне айналған басқа (Киото) қалаға көшіріледі. Жаңа астана Хэйан («бей­біт­шілік пен тыныштық») деп аталған және сарай ақсүйектерінің басшылық еткен ХІІ ғ. соңына дейінгі кезең жапон тарихында Хэйан дәуірі деп аталады. Осыдан соң билік басына әскери-фео­далдық тап пен ел басқару ісі әскербасының (Сегун) қолына көшеді. Осы кезеңде пайда болған әдебиет жапон мәдениетінде классикалық кезеңді құрайды.

Хэйан дәуірінде жапондық көркем әдебиетінің пайда болуын­да, әсіресе, әйел авторлар үлкен рөл атқарады, бірақ олар қытайлық ақындық мәдениетпен жақсы таныс болғанымен, конфуций ілімінің әдеби қағидаларымен байла­ныстары айтарлықтай күшті болмайды. Ал ер адамдардың көбі шығармаларын әлі де қытай тілінде жазады. Осы әйелдер «легі» Х-ХІ ғ., яғни жапон ортағасырлық әдебиеттің жоғарғы дамыған кезеңіне жатқызылады.

X-XI ғ. Хэйан дәуірінің әдебиеті сарай және аристократиялық ортамен байланысты болады. Хэйандық сарайлар әр түрлі діни салт­тардың, салтанатты әрі сәнді ақсүйек өмірі мен түрлі ойын-сауықтардың, оның ішінде кото аспа­бында ойнаудан музыкалық жа­рыс­тар өткізу мен сурет салу өнерінің ордасы болады.

Хэйан дәуіріндегі буддизмге Нара кезеңіндегі аскетизм, мемле­кет өміріне және мәде­ниетіне деген қызығушылық тән. Хэйан дәуіріндегі жапон ұлттық буддизмі формасының барлық қасиет­тері (синкритизм, пантеизм, адамзатқа Жаратушы күштің әсері бар екендігін мойындау, діни шыдамдылық, эстетизм) әдебиет пен мәдениеттің дамуына әсер етіп, өзінің тарихи маңызы жағынан адам тұлғасының эмансипациясының элементтерімен, батыс еуро­па куртуаз­дық мәде­ниетінің діни догматикасынан бастап салыс­тыруға болады.

Буддизм (барлық тіршілік иесіне деген жанашырлық және карма идеясы, яғни осы және өткен өміріндегі амалдары үшін жа­уап беру) мен синтоизмнің (пантеизм, аграрлық магия мен табиғат күштері) және конфуций ілімінің (пайдалы білімнің көзі, әдеп нормаларының жүйесі) кейбір элементтерінің бірігуі Хэйан мәде­ниетінің идеологиялық негізін құрайды. Өмірді синтоисттік тұрғыда қабылдау, табиғаттың негізі мен буддистік көзқарастардың қиы­лы­сында хэйандық әдебиеттің негізгі эстетикалық тұжы­рым­дамасы пайда болады. Ол атақ­ты формула «моно но аварэмен» («баурап алушы») белгіленеді.

Хэйан дәуірі поэзияның одан әрі дамуына әсер етуін тоқтат­пады, дегенмен бұл дәуір әдебиет­тегі баяндау жанры арқылы, әсіресе өлеңдер мен нақыл сөздерге бай шығарма­лары­мен белгілі болған. Бұл әдебиет түрі көбінесе моногатари деп аталатын нейтралды атаумен ата­ла­ды. Көбінесе ертегілік сюжеттерден бастау алатын денки-моногатари (сиқырлы по­весть) архаикалық сөздерге бай және еркін стильде жазылған. Одан кейін ута-моногатари пайда болады, яғни өлең жолдары арқылы бірте-бірте өрби түсетін әнгіме.

Көркем проза ІХ ғ. авторы белгісіз «Такэтори моногатари»22 («Қарт Такэтори туралы по­весть») атты повестен кейін пайда болды.

Жапондық прозаның тағы бір шығармасы «Отикубо монога­тари»23 («Отикубо сұлу жайлы») да фольклорлық негізден бастау алады. Оның авторы деп Минамото-но Ситагауды (903 ж. қ.б.) айта­ды. Повесте халық арасында кең таралған қатал өгей анасының сұлу және ақкөңіл қызын тығырыққа тіреу мотиві қолданылған. Қызды лас киіндіріп, еденсіз қараңғы шағын бөлмеге (отикубо) қамап қояды. Осыдан қызды «Отикубодан шыққан ару» деп атап кетеді. Шығарма­ның атауы да осыған байланысты шыққан.

Ертегілерден бастау алатын фантастикалық жанрдағы шығар­ма­лар қата­рына Х ғ. соңында жарық көрген «Уцубо моногатариді» («Қуыс туралы повесть») жатқызуға болады. Онда сарай өмірі көркем суреттелген. Атақты Фудзивара отбасынан шыққан Тосика­ге Қытайға жіберіледі. Жол­да кейіпкер кеме апатына ұшырап, түрлі шытырман оқиғаларға тап болады. Құдайлар мен мейірімді рухтар­дың көмегімен сиқырлы котоны (музыкалық аспап) үйіне әкеледі. Ол қайтыс болған соң, артынан қалған жалғыз қызы қараусыз қал­ған үйде бір өзі өмір сүріп, котода ойнайды. Сол жерден қызды министрдің баласы Вакако-Кими көреді. Қыз одан бір ұлды дүние­ге әкеліп, ұлымен бірге ағаш қуысында өмір сүреді, оларға мейі­рім­ді маймылдар көмекке келеді. Оқиға соңы сәтті аяқталып, бас кейіпкер аңшылық кезінде ғашығы мен ұлына кез болып, оларды аста­наға алып келеді. Кейін оларға арнап зәулім сарай тұрғызады.

Осы туындыда ең алғаш рет шығарманың бөлімдері «Тоси­ка­ге», «Атэмия» және «Күздің баста­луы» сияқты атаулармен аталады. Шығарманың бөлімдерін атаудың бұл тәсілі кейінірек атақты «Гэндзи моногатари» романында қолданылады.

ІХ ғ. соңындағы ғажайып повестермен қатар өлеңдік циклдегі повестер де пайда болады. Осы сынды шығармалар «аристокра­тиялық» әдебиетпен байланысты. Бұл бағыттың пай­да болуы­на түрткі болған «Исэ моногатари». Бұл шығарманы кейде «өлеңді повесть» деп те атайды, себебі оның 125 кішкене бөлімдерінің әр­қа­йсысы бір немесе бірнеше танкадан жә­не аз ғана проза­лық мәтіннен құралған. Повесте атақты ақын Аривара Нарихиронның махаб­бат хикаялары, тарихы мен өмірбаяны баяндалады. Өлеңдер оның отбасылық жинағынан алынғандықтан, автобио­графия жан­рын­дағы повестің авторы Нарихара деген көзқарас туын­дады. «Исэ моно­гатари» беттерінде, танка және қысқаша прозаикалық мәтін­дерде уақыт­та­рын эстетикалық рахат­тану, музыкамен айналысу, өлең жазу, табиғат сұлулығын тамашалау­мен өткізетін адамдар образы суреттеледі. Ерлер мен әйелдер арасындағы нәзіктік, жақсы талғам, сұлулыққа ұмтылыс алға қойылады. Аривара Нарихараның өзі махаббат романының үлгілі кейіпкері, ол тек қана ақын емес, сонымен қатар махаббат өнерінің майталманы, сымбатты бозбала ретінде де бейне­ленеді, әдеби дәстүр де сол бейнені сақтап қалады.

«Исэ моногатари» және Х ғ. пайда болған әңгімелер жинағы «Яматао моногатари» әлі бас­­тапқы сатыда болғанымен, хэйан дәуі­ріндегі әдебиетке тән сипаттарға ие болады. Бұл сипаттар күнделік жанры мен көлемді романдарда айқын білінеді.

Хэйан дәуірінің атақты ақыны Ки-но Цураюки (865-945 ж.) өзінің «Тоса никки» («То­садан жеткен саяхат күнделігі», Х ғ.) атты шығар­масын «Күнделік­терді ер адамдар жазады деген пікір қалып­тас­қан. Ал қазір бұл іске әйел адамдар да талпынуда» деген сөздер­мен бастайды. Неліктен автор өзін «әйел» ретінде бейне­легісі келеді? Мүмкін Ки-но Цураюки шығармасының бұл жанр­дағы басқа шығармалардан айырмашылығын мойындағандықтан шығар. Өйткені ол сарайдағы әдет бойынша күнделікті болған істі жазып отырған жоқ, ол лирикалық хаттарды жазған. Ки-но Цураюки 930-935 ж. аралығында губернаторлық қызмет атқарған Таса провин­ция­сынан (Сикоку аралы), Киото астанасына қайтып келеді. Саяхат кемемен жүзеге асырылады, жолаушылардың көз алдында табиғат­тың керемет көріністері өтіп жатады, бірақ «күнделік» мұң мен зарға толы, өйткені Тосада ақынның кішкентай қызы қайтыс бола­ды. Жолаушылардың ақынның көңілін көтеру үшін айқан әзілдері, қойған ойын-сауықтары, құрастырған өлеңдеріне қарамастан, Ки-но Цураюкидің ойынан қайғылы оқиға кетпейді.

Х ғ. соңында тағы да осындай шығарма «Кагэро никки» («Баян­сыз өмір күнделігі») пай­да болады. Авторы сұлулығымен даңқы көк­ке шыққан хэйандық дәуірдің ұлы ақыны болға­нымен, оның нағыз аты белгісіз. Ол шамамен 60 жасында, 995 ж. қайтыс болған. Оны әдетте Митицуна-но хаха, яғни «Митицу­наның анасы» деп атайды. Автордың күйеуі атақты Фудзивара әулетінен шығып, импе­ра­тор сарайын­да министрлік қызмет атқарған, бірақ ақын отбасылық өмірде бақытсыз болып өтеді. Күйеуі мен басқа әйел­­дер­дің ара­сындағы махаббат ойынынан шаршаған ақын өмірінің көп бөлігін жал­ғыз­дықпен өткізеді.

21 жылға (954-974 ж.) созылған уақыт аралығында болған оқиғалар баян­далған бұл күн­делік өлеңдерге толы және онда автор­дың өмірдің баянсыздығы туралы мұңды ойлары кел­­тірілген. Ақынға қоршаған орта «түсініксіз» болып көрінеді, барлығы да тұман­мен қап­тал­ғандай көмескі, ал өткен жайды еске алу, күйеуі­мен бірге өткізген шақты еске алу тек көз жасын жамбырдай жау­дырады. «Барлық дүниенің қаншалықты тұрақсыз екендігі жай­лы ойлана бастасаң, оның бар-жоқтығын түсінбей қаласың» сөздер­мен «Дегелек күнделігі» жазылған.

Біз көптеген көлемді үлкен күнделіктердің авторлары атақты ақындар, әсі­ре­се әйел ақындар болғанын көре аламыз. Олардың күнделіктері өлең үстеме­леріне бай және осы арқылы хэйандық күнде­ліктің лирикалық сипатын арттыра түседі. Осылайша, қарас­тырылып отырған кезеңдегі Жапон әдебиетінде түрлі жанрлар дами түседі. Тұрмыстық жайларға негізделіп жазылатын повесть ертегі­ден бөлініп шығады. Жеке адамның өміріне, ішкі сезімдеріне, толға­ныс­тарына деген қызығушылықтың нәтижесінде лириканың бай тәжірибесін өзіне сіңірген күнделік жанры пайда болады. По­вес­термен қатар күнделіктер де кейіннен романның пайда болуына жол ашады.

ХІ ғ. басында Мурасаки Сикибу «Гэндзи моногатари»24 романын жазып бітіреді. Асқан әдеби шеберлігімен таң қалдыратын бұл шығарманы тек жапон­дық әдебиеттің ғана емес, бүкіл әлемдік әде­бие­ттің де керемет құбылысы деп санаған жөн. Ол батыстық әдебиет немесе тарихи батылдық повестер (Қытай) сияқты ортаға­сырлық дәстүрлі батырлар жырын аттап өту арқылы емес, кері­сінше, өзінің пайда болуына дейінгі жапон әдебиеті жинақтаған тәжірибенің синтезі ретінде пайда болады. «Гэндзи моногатаридің» Еуропаның куртуаздық рома­нында да, Таяу және Қиыр Шығыстың романдық эпосында да теңдесі жоқ шығарма.

Жапон ғалымдарының бірнеше жылдарға созылған зерттеу жұмыс­тарына қарамастан, жазу­шы Мурасаки Сикибудың өмірбая­ны туралы нақты мәліметтер жоқ. Тіпті, автордың шын аты да белгісіз болғанымен, бірнеше пайымдаулар бар. Жазушыны өзінің бас кейіпкері Мурасакидің атымен атайды. Ал Сикибу деген сарай­да қызмет ететін әйелге берілетін атақ. Романның пайда болған уақыты да нақты көрсетілмейді. Мурасаки өз еңбегін шамамен 1010 ж. аяқтаған (кейбір нұсқаларда 4-5 жыл ерте көрсетіледі).

Мурасаки атақты Фудзивара әулетінің төменгі тармағынан шыққан. Оның арғы аталары әдебиет жағынан талантты адамдар болған, тіпті оның әкесі Фудзивара Тамэтоки атақты ақын болған. Оның өлеңдері Фудзиваралардың бірі құрастырған «Поэзияның отыз алты да­ныш­паны» атты антологиясына енген. Оның арғы атасы Фудзивара Канэскэ хэйань дәуірінің соңғы кезеңін­де белгілі болған «Цуцуми тюнагон моногатари» атты әңгімелер жинағының авторы болған. Мураса­ки бала кезінен түрлі ғылымдарға жақын болып, керемет есте сақтау қабілетімен көзге түседі.

Жазушының туылған жылы да шамамен 978 ж. деп айтылады. Өзінің айту бойынша, 22 жасында алғаш болып өзінің әдеби жазу­шы­лық таланттын байқаған Фудзивара Нобутакаға күйеу­ге шыға­ды. Екі жылдан кейін күйеуі қайтыс болып, кішкентай қызымен жалғыз қала­ды. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін де ол бастаған романын аяғына дейін жазып бітіру үшін еңбек­те­неді және сарай­лық қызметке келген уақытында ол талантты жазушы және қытай әдебие­тінің білгірі ретінде танымал болады. Сондықтан Мурасаки жай ғана фрейлина болған жоқ, ол жас патшайымының жетекшісі ретінде де қызмет атқарады, онымен бірге қытай өлең­­дерін оқумен айналысады. 1013 ж. жазушы сарайлық қызметтен бас тартып, 1014 ж. қайтыс болады.

Хэйан қоғамына тән сипаттар осы дәуірдегі атақты «Жастық астындағы хаттар» («Ма­кура-но соси», ХІ ғ.) атты шығармада көрі­ніс тапқан. Оның авторы Мурасакидің замандасы - Сэй Сенагон.

Сэй Сенагонды бір қарағанда қарапайым әрі әдеттегідей болып көрінетін заттар мен құбы­лыс­тар қызықтырғанымен, жазушы олар­дан таңғажайыптық пен ерекшелік көреді, олар­ды тосын сыйлық ретінде қабылдай отырып, өзіне жаңа әлем ашады. Тіпті, шығар­мадағы әр бөлім­нің атауы да жаңалықты нұс­қайды. Сэй Сенагон болмашы нәрселерді де өз назарынан тыс қалдыр­­майды. Сэй Сенагонның «Хаттар» атты шығармасы формасы жағынан тамаша туынды. Бірақ жазу­шы өз шығармасында батыл түрде хэйандықтарға тән сипат­тардан толық бас тартады. Тіпті өзі­нің «Хаттар» шығармасының соңында «бас­қа­лар жамандайтын нәрсені мақтап, ал оларға мақта­ған нәр­сені жаман­дағаны» айтылады. Сол дәуірде Гэндзи туралы роман халық арасында кең қолдау тапса, Сэй Сенагонның «Жастық астындағы хаттар» туындысы әдеби шығарма ретін­де үлкен сынға ұшырады. Ол поэтикалық сезімдерді үлгі етпейтін, керісінше әрбір нәрсенің теріс жағын көрсететін, ирония мен скептицизмге толы шығарма деп айыпталған. Хэйан қоғамындағы күнделікті, үйреншікті әрекеттердің бірі танка құрас­тыру болды. Онсыз табиғатты бақылау да, ғашықтық қатынастар да, тіпті қарапайым сарай қызметін де жүргізу мүмкін емес етін. Сол уақыттарда шағын өлең шумағы танка адамның қуа­ны­шы мен жанкүй­зелі­сін, өмірдегі келеңсіз жайттар мен филосо­фия­лық ойларды көркем жеткізу тәсілі болады. Осы дәуір­де сарайларда поэтикалық жарыстар ұйымдасты­рылып, бірнеше поэзия­лық анталогиялар құрылып жат­ты. Олардың ішіндегі ең ауқым­дысы Х ғ. басында Ки-но Цураюки және тағы да басқа үш ақын­ның көмегімен құрас­тырылған «Кокинсю»25 (толық аты «Кокинвакасю» - «Жаңа және ескі жапон өлеңдер жинағы») шығармасы.

Хэйан дәуірінің кейінгі кезеңдерінде тағы да бір көлемді шығар­ма пайда болады. Ол – аңыз­дар мен ертеден келе жатқан ертегілер жинағы – «Кондзяку моногатари»26. Оның авто­ры белгісіз. Алайда ол туындыны құрушылардың бірі Удзи (Киото жанында) жерінде туыл­ған Минамото-но Такакуни (1001-1007) болған деген пікір бар. Ол әрбір жолаушы мен сая­хат­­шыны өзіне шақы­рып, олардан естіп білгендерін әңгіме етіп жазып, кітап құрастырады. Такакунидің дайна­гон (үкі­меттің ірі шенеунігі) шені болады. Оның бастапқы жинағының аты «Удзи-дайнагон моно­га­тари» («Удзи­ден шыққан дайнагон туралы повесть»). Бірақ бұл жинақтағы әрбір әңгіме «Қазір емес ерте кезде» (кондзяку) деп басталады. Сондықтан тұтас кітапқа «Кондзяку монога­тари» аты берілген.

Хэйан ақсүйектерінің билік ету кезеңі 4 ғасырға созылады. Ақсүйектердің сарай өмірі­мен ғана тұйықталып, шектелуі олардың тарих сақынасынан кетуіне әкеліп соқтырады. Оған қоса ақ­сүйектер тарапынан қанауға ұшырап, ел дамуының экономикалық негізі болған ша­руа­лар елдің солтүстік-шығысында пайда болған жеке жер иеліктеріне қарай жаппай көше бастайды. Бұл жерлерде самурайлардың әскери-феодалдық табы қалыптаса бастайды. «Бей­біт­­шілік пен тыныш­тық» дәуірі деп аталған Хэйан дәуірі, шын мәнінде, билік басындағылар мен шаруалар арасын­дағы қырқыс­тар­ға толы болады. Орталық билік пен феодалдар ара­сындағы қарым-қатынаста қиын жағдайда еді. ХІІ ғ. соңында самурайлар ежелгі ақсүйек­тердің билігін жойып, Жапония билігін өз қолда­рына алады.

Қоғамдағы осындай аласапыран оқиғалар мен түбегейлі өзге­ріс­тердің нәижесінде әде­биет те айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет