Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата21.10.2019
өлшемі5,06 Mb.
#50418
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
ТілМəдШешӨнер


103-жаттығу. Кестені толтырыңыздар. Өз ойларыңыздың сөз әдебі нор­
маларын сақтауына ден қойыңыздар.
1. Әдептілік пен тәрби ені 
тек  кітаптан  ғана  алуға 
болады.
1.  Әрине,  кітап,  әдебиет  әдептілік  пен 
тәрбиеге үйретеді. Дегенмен, бұнымен 
шектеуге болмайды. Тәрбие басы – от­
басы, туыс­туғандар, араласқан көрші, 
таныс,  жолдас,  достардың  да  ықпалы 
бола тынын естен шығармаған жөн.
2.  пәнінде  бізге  қажетті 
жоқ заң, ереже тіпті 
де көп.
2.
3. 
3. Көп тіл білген дұрыс. Бір тіл білген 
кісі  –  бір,  екі  тіл  білсең,  екі  адамға 
теңсің деген сөз бар ғой. Қазіргі қоғам 
бізден жан­жақты білімді болуды талап 
етеді. Десек те, ең бірінші өз ана тіліңді 
жетік  білмей  тұрып,  басқаға  қол  созу 
артық.  Ана  тіліңдегі  бар  байлықты 
игере  алмасаң,  өзге  тілді  терең  білуге 
ұмтылу бос әурешілік...
3.  Қазіргі  кезде  соңғы 
сәнмен киінген адам ғана 
өз ортасын таба алады. 

115
4.
4. Дұрыс айтасың, Нұржанның бойында 
өзің  айтқандай  өрескел  мінездер  бар. 
Бірақ,  оның  көп  білетіндігі  мен  ақ 
көңілділігін де ескеру керек. Біз жаман­
сың  деп  араласпай  қойғанмен,  оған 
жақсы­жаманын айтатын жолдас тар ке­
рек екенін де ұмытпайық.
5.
104-жаттығу. 
– Үйірмеде жақсы баяндама жасаған достарыңызға;
– Кешкі асқа дәмді тамақ пісірген әже, ана, әпкелеріңізге;
– әдемі киім сатып алған іні, қарындас сіңлілеріңізге;
– табиғаттың бір сәтін тамаша сурет етіп салған жолдаста ры­
ңызға;
– байқаудан І орын алған топтастарыңызға көңіл көтеру лебізін 
(комплимент) айтыңыздар.
105-жаттығу
Құттықтау сөз көбіне­көп үлкен дастарқан басында айтылады. 
Дастарқан басында айтылатын жақсы сөздің де өз ереже, шарттары 
бар. Жиналған қауым тамақ ішу үшін емес қуанышты шын ниет­
тен қабылдап, игі тілекпен келеді. Бұл жерде әркім өзін мазалаған 
ойын, жеке шеше алмай жүрген ісін немесе біреулерге деген өкпе­
ренішін айтпайды. Жақсылыққа келген жұрт барлығына ортақ 
қуанышты, көңілді кезді еске алады. Ұнатпаған, бұрыннан ренішті 
адамдармен жолыға қалса, ішкі сырын сыртқа шығаруға, не бол­
маса ұнатпағанын білдіріп сөйлеу мәдениетсіздік болады. Бұрын 
көрмеген адамдармен танысып, ортақ тақырып тауып әңгімелесуге 
тырысқан жөн.
Төмендегі жағдайлардың әрқайсысына бірнеше сөйлем құра­
ңыздар.

116
1. Туған күн
Баласы – әкесіне
Сыныптас – сыныптас жолдасына
Ағасы – інісіне
2. Марапаттау
Спортшы – жаттықтыруға
Ғылыми жетекшісі – шәкіртіне
Оқушы – ұстазына
3. Тіл ашар тойы
Достары – ата­анасына
Туысқандары – балаға, атасына
4. Мерейтой
Қонақтар – мерейтой иесіне
Мерейтой иесі – қонақтарға
5. Мекеменің ашылуы Директор – қызметкерлерге
Басқа бір мекеме өкілі – директорға, 
мекеме қызметкерлеріне
106-жаттығу. 
Абай  әкесінің бұнымен сөйлесер сөзі жоқ екенін білгендіктен, 
күн бойы үнсіз отырды. Сөз қозғалса, ол тек Құнанбай мен Қаратай 
арасында. Меккеден алғаш келген күндерінде Құнанбайдан Қара­
тай көп нәрселер сұраған еді. Ондағы Құнанбайдың айтқаны 
барыс­қайтыс жол жайы болатын. Өзі тілесе кімді болса да сөйлете 
білетін орамды, епті Қаратай, Құнанбайды қазір де сөйлете ба­
стады. Дәл осы халге орынды болған, діндәр адамдар әрқашан 
ықыласпен айтуға парыз саналатын бір жайларды сұрайды. Онысы 
Мәдине мен Мекедегі Құнанбай хажы зиярат қылған әруақтардың 
қабырлары туралы болатын. Құнанбай қолына тәсбихын алып, 
соны тарта отырып, «Мәдинеде кімдер қабыры бар?» дегенге жа­
уап айтты.
– Мәдинеде Рәсулалланың, хазреті Әбубәкір, Ғұмардың және 
хазреті Фатиманың жатқан жайларын зиярат қылдым! Кейін тағы 
бір күндерде – хазрәті Ғаббас, хазреті Хәмзә, хәзреті Ғұсман 
қабырларын зиярат қылдым! – деді.
Қаратай ынталы, діндәр мұсылман жүзіне еніп:
– Ол жерде бұл аталған әруақтардан басқа, сахабалардан жан 
бар ма екен? – деді.

117
Құнанбай бұл сөзіне не ынталы бейілмен жауап қатты: 
– Сағды бин Уақас, Ғабдырахман бин Ғауф және хәзіреті 
Ғайша да сонда жай тапқан екен. Бұларды пайғамбарымыздың 
дос жарандарының жайлары дейді, – дегенде, Ғабитхан молда, 
құраннан бетін бұрмай отырып:
– Ғашраи – мұбашшара десе лазым! – деді де, құранын ауда­
ра берді.
Құнанбай, молдаға тағзым еткендей бас иіп: «дұрыс айтасыз, 
молда, мен өзіміздің тілімізде айтып жатырмын», – деді.  
Абайлар аттанар кезде Қаратай тысқа шығып кеткен­ді. Құнан­
бай күн ұзынғы мәжілісінің артын қорытқандай боп, Ұлжанға 
қарап:
– Оқымаған қазақта Қаратай көкірегіндей жүйрік көкірек аз­ау. 
Сұрап отырса да, сол мен көрген көп жайды өз көзімен көргендей, 
көкейіне қондырған! – деді.
Ұлжан Қаратайдың сөз бастап, бүгін қажыға көп жайларды 
айт қызғанына іштей алғыс айтып отырған. Қазір ерінің сөзін 
қостады.
– Тілеуің бергір жүйріктігінің пайдасын жаңа көрдім. Сіздің 
бізге көп шешіліп айтпайтын әңгімелеріңізді айтқызды. Сонша­
ны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз. Қоймадағы 
теңдей, көңілде жүргенініңзді айтқызып, сізді де жадыратты ғой! 
– деді. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтіннен ұлттық әдептің қандай үлгілерін байқадыңыздар.
2. Басқамен сөйлескісі келмеген Құнанбай қажыны Қаратай әңгімеге 
қалай тартты?
3. Қаратайға мінездеме беріңіздер.
4. Отырған жұрттың барлығына бірдей жаққан сөздің артықшылығы 
неде?
5. «Жүйрік көңіл», «сөйлесер сөз жоқ», «көкейге қондыру» тіркестерінің 
сөз мәдениетіне, сөз әдебіне, тыңдаушы мен айтушы арасындағы түсіністікті 
жасаудағы орнына қарай талдау жасаңыздар.

118
Тіл тазалығы
Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде 
назарға алынатын тұс – тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде әдеби 
тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін бұзатын артық­ауыс 
сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз.
Әдеби тіл – өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің 
барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу 
дегеніміз ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, 
сөйлеуші халық тіліне алыс­жақындығына қарай аламыз. Тілдің 
қызметі халықтың қоғамдық­өндіріс, қоғамдық­саяси, сондай­ақ 
рухани байлығын көрсете, аша алуында.
Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, 
қажеті мәнсіз орны белгісіз сөздермен әуестенбеуді талап етеді. 
Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қордан да шығарып 
тастай алмаймыз. Десек те, оны қолданудың орнын, ретін тапқан 
жөн. әрине, көркем әдебиетте белгілі бір ортаның ерекшелігін ашу 
үшін қаламгер басқа тілден енген сөздерді, диалектілер мен вар­
варизмдерді пайдаланады. Бірақ, бұның өзі шығарма шырайын  
ашса ғана мақсаттың өтелгені.
Көпшілік алдында неғұрлым әдеби тілде жинақы, ретті сөйлеу 
қажет болса, жазуда да әдеби тіл нормасына жатпайтын (диалект, 
варваризм, булгаризм, дисфемизм, былапыт сөздер  т.б.) сөздерді 
жөнсіз қолданудан аулақ болған жөн.
Тіл тазалығы, тілдік нормадан ауытқымау дегеніміз – тілді бір 
ізбен қолдану емес, көркемдік тәсілдердің орнын тауып, қисынын 
келтіріп  сөйлеу немесе жазу. Сөз қайталау, сөйлем құрылымын 
ретсіз қою, жекелеген сөздердің мағынасына терең талдау жасамай 
қолдана салу немесе орынсыз бір­бірімен тіркестіру тіл тазалығын 
бұзады. Сөйлемдегі сөздердің мағынасы анық, әрі өз орнына 
қойылуын, сөйлем ішіндегі сөздермен лексика­грамматикалық, 
стильдік жоғынан сәйкес келіп, ойды ашуға қызмет етуін назарға 
ұстау керек.
Сөздердің бір­бірімен тіркесу мүмкіндігін ескеру – тіл таза­
лығын сақтаудың шарты. Тілдегі синонимдер мағынасы жуық, 

119
бір сөз табына қатысты, түрлену сипаттары да ортақ болып келеді. 
Бірақ, олар бірін­бірі үнемі ауыстыра бермейді. Мысалы, әдемі 
ойыншық әдемі сөз дегенде әдемі сын есімі ойыншық, сөз есім­
дерімен тіркескенімен әдемі жылқы, әдемі тіл деу сөзді бұзады. 
Сол сияқты қаламы жүйрік дегенімізбен қарындашы жүйрік деп 
айта алмаймыз.
Сөз, тіл тазалығы – әр сөздің қолданылу аясын, стильдік реңін, 
бояуын, басқа сөздермен тіркесу қабілетін, мағына­мәнін қызметін 
ескеру.
– Лексикалық  норма: сөздің мағынасын: тура және ауыспалы 
мағына жасау мүмкіншілігін;
– морфологиялық норма: сөзге қосымша жалғау ретін, сөзден 
жаңа жасау ерекшелігін;
– синтаксистік норма: сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, 
инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау – сауатты да білімді, 
мәдениетті адамның ісі.
107-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден тіл тазалығына нұсқан  
келтірер орындарды табыңыздар.
1. – Кімге сенеміз, ата? Қарсылап жатуан кім бар бізді? (М. Сүн­
детов). 2. Бұл жерде үсініп өлемін деп қорықпайсың, ә?  – дейді 
(Қ. Сегізбаев). 3. Бұл сабап жатса, астындағысы таңқылдап күліп 
жатыр (С. Оразбек). 4. Кішкентайымыздың екі күннен бері ма­
засы кетіп шікірттеніп қалғаны да, оны бағып­қоғамын деп 
Күләйханның жөнді ұйқы көрмегені де – бәрі рас. (Б. Нұржекеев). 
5. Бәлкім, бірер сағаттан соң байырғы өміріне, жазсыз жүрген 
жалғызбасты жас әйелдердің күйігі де, күйбеңі де мол  мігірсіз 
тірлігіне қайта аралатынын есіне алған шығар. 6. Бір есептен: тым 
болмаса сыпайлық үшін «ал, біздікіне жүр! Үйді көріп кетерсің» 
демес пе екен деген әлі бір жымысқы ойы да (айырылысар сәт 
жақындаған сайын) ашық тілекке айналып, жанын тызықтырып 
жіберді (Қ. Мұхаметқалиев).

120
Жазба тіл
Баспасөз тілінің 
мәдениеті
Сөйлеу тілінің 
мәдениеті
108-жаттығу. Сөйлемдердегі қатені тауып, түзетіп жазыңыздар.
1. Қолма­қол есіне алды. 2. Көмектесу үшін не қажеттің бәрін 
істейміз. 3. Өзіңді әрқашан қолға ұста. 4. Тырнақтап есіне әрең 
түсірді. 5. Үміттен бас тартпаймыз. 6. Жеңіліс тапты. 7. Қөзқарасын 
кеңейтті. 8. Күтінген ел. 9. Жиылыс одан әрі өткізілуде. 10. Сала­
лы аяқтарына қарады.
109-жаттығу. Төмендегі сөздермен бірнеше сөз тіркестерін жаса­
ңыздар.
Ауыл, мектеп, кітап, қалам, шешен, көйлек, қайрат, күш, көз.
Үлгі: 
110-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыздар. Аудармада қандай өзгешелік 
байқадыңыздар?
 
1. Свежий (­ое; ая) хлеб, мясо, газета, воздух.
2. Искренний (­ое; ­яя) душа, оценка, человек.
3. Исполнительный (­ое; ­ая) орган, мальчик, работа.
4. Плотный (­ое; ­ая) газ, бумага, человек, обед.
5. Разбитый (­ое; ­ая) довод, книга, сад, надежда, голова.

121
111-жаттығу. Мақал­мәтелдерді жаттап алыңыздар. Қажетті жерде пай­
далана алуға үйреніңіздер.
1. Көп сөйлеген білімді емес, 
    Дөп сөйлеген білімді.
2. Көлді жел қозғайды,
    Ойды сөз қозғайды.
3. Аз сөйлеп, көп тыңда.
4. Білмесең – үндеме,
    Білгенді күндеме.
5. Ашуың келсе – 
    қолың тарт,
    Айтпас жерде – тілің тарт.
6. Адам көңілінен азады,
    Тілінен жазады.
7. Шешеннің сөзі – мерген,
    Шебердің қолы – мерген.
8. Көп сөйлеген көптен 
    айырылар.
9. Кесірлі ауыздан,
    Кесапатты сөз шығар
10. Сөз сағасы – бұлақ.
      Сөз сағасы – құлақ.
11. Ми ойлағанды
      Тіл тындырады.
12. Мақал – сөздің атасы, 
      Уәде – ердің опасы.
112-жаттығу
Көркем әдебиетте әрбір сөздің өз тұрпаты сақталуға тиісті. 
Тілге бай, тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз тауып, 
сонысымен бай, сонысымен көркемдікке жетпейді. Халқының 
тіл байлығында бар сөздерді дұрыс тұрпатымен пайдаланып, 
сол қордан алынған сөздерден жаңа теңеулер, жана бейнелеулер 
арқылы тілге бай, тілге шебер деп аталады. Әсіресе, дауысты ды­
быстар мен дауысты буындарды кескілеу сөздін тұрпатын бұзумен 
бірге сөйлемнің ішкі ырғағын да бұзады. Ат жорғалап келе жатып 
шауып кетсе, желіп келе жатып сүрініп кетсе, қалай көрер едік? 
Сөйлемнің ырғағын бұзу да соған ұқсайды.  
 
Тіліміздің қорында бар сөздерге жаңа мағына беру жолындағы 
табыстарымызға мен Ісләм Жарылғаповтың (көрермен, оқырман, 
аялдама) деп қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мұхтар 
Мағауиннің «ірінді суы» да сондай, белгілі түсініктің мағынасын 
дәл береді.
Бізде қақа аталатын, шалшық су, жайдақ су деп аталатын 
сулардың бәрін де ірінді су деген дұрыс көрінеді.

122
Біраздан бері жалпы мағынасындағы искусство дегенді өнер деп 
атап келеміз. Ана тілімізде сақина­білезік соғуды да өнер дейміз. 
Арба­шана істеуді де, үй жонуды, етік тігуді де өнер дейміз. Туын­
дысы – өнерші. Дұрысында искусствоны басқа өнерлерден айы­
рып – көркем өнер деуіміз керек. Оның ішіне сурет, музыка, сах­
на, экран, би өнерлері ғана кіретін болсын. Көркем әдебиет деген 
сияқты көркем өнердің де өзінің асыл тегін көрсетіп тұратын ата­
уы болғанды дұрыс.
(Ғ.Мүсірепов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
2.  Жазушының  көркем  әдебиет  тіліне  қояр  талаптары  қандай? 
Атаңыздар.
3. Бүгінгі күн талабымен, қолданысы тұрғысынан өз пікірлеріңізді 
жинақтаңыздар.
4. «Жаһандану және ұлт тілінің өзгерістері» тақырыбында баяндама жос­
парын жазыңыздар.
113-жаттығу. Төменде берілген тақырыптар бойынша эссе, мақала, 
шығарма әзірлеңіздер.
1. «Ұлттық сөйлеу әдебі», «Мен оқыған шығарма» (эссе).
2. «Дәстүр – мәдениет өзегі», «Жаңа технология және тілдік 
терминдер» (мақала).
3. «Мақал­мәтелдер  халық қазынасы» (шығарма).
Қайталау
113-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.
Тым сыпайы 
түрі
Бейтарап сыпайы 
түрі
Ауызекі сөйлеу 
тілінде
Үлгі: Кешіріңіз
аялдамаға қалай баруды 
айтпас па екенсіз?
Аялдамаға 
қалай баруды  
айтыңызшы?
Аялдама 
қайда?

123
Мазалағаныма кешірім 
өтінімен, кітапхананың 
қай жерде екенін 
көрсетпейсіз бе?
Мархабат етіңіз, маған 
тұмауға қарсы дәрі керек 
еді.
Қарсы болмасаңыз, 
сізден өтінерім, мына 
шұжықтан 200 г.  өлшеп 
беріңізші.
Ғафу етіңіз, мені өткізіп 
жібермес пе екенсіз!
114-жаттығу. Бала, көз, шаш, сөз, су сөздері қатысатын тұрақты тіркес­
терді жазыңыздар.
Үлгі: су­мойнына су кету, су жүрек...
115-жаттығу. Көрсетілген тұрақты тіркестердің синонимдерін тұрақты 
тіркестермен беріңіздер.
Қуанышы қойынына сыймау, қырғи қабақ болу, төбе шашы 
тік тұру, қас қаққанша, мойнына су кету, жүрегі тас төбесіне 
шығу,  инемен құдық қазғандай, сөзі түйеден түскендей, ит арқасы 
қиянда, ат шаптырым, соқырға таяқ ұстатқандай.
Үлгі: қуанышы қойнына сыймау – төбесі көкке жету
116-жаттығу. Тұрақты тіркестердің антонимдерін тұрақты тіркеспен 
жазыңыздар.
Тайға таңба басқандай, біреудің ала жібін аттамау, жүрек 
жұтқан, таяқ тастам, көзі ашық, тонның ішкі бауындай.
Үлгі: тонның ішкі бауындай – айырылар. 

124
117-жаттығу
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген.
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. 
(Абай)
Уыс  –  қолдың  саусақтарын  жымдастыра  бүккендегі  алақан 
аясының іші;
махрұм – құр, бос;
басқа шауып, төске өрлеу – бағы, атағы, мансабы өсу;
дес бермеу – жол бермеу, теңдік бермеу;
медресе – діни оқу орны;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
2. Өлең оқу техникасы талаптары тұрғысынан талдау жасаңыздар.
2.1. Ритмикалық топтарды бөлектеу.
2.2. Бунақ екпіндерін жіктеу.
2.3. Сөз екпіндерін көрсету.
2.4. Акустика­артикуляциялық өзгерістерді анықтау.
2.5. Логикалық екпінді айқындау.

125
118-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық.
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның кірген ақ орда
Бұзуын ойлап кеңестік.
Аламанға жел бердік,
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік.
Өздеріңдей хандарды,
Қарны жуан билерді
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қан
Ат бауырына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат артына өңгердік.
Аса жұртты меңгердік.
  (Махамбет)
Аламан: 
1) 100 шақырымға дейін шабатын бәйге;
2) ұсақ кеміргіштер тобына жататын тышқан түрі;
3) бүркіттің ақиығы;
4) бұл жерде: көпшілік бұқара 
аса жұрт – көп жұрт, қалың ел
өңгеру – ердің алдыңғы жағына көлденең салу
119-жаттығу. Адам аттарының мағынасына назар аударыңыздар, көшіріп 
жазыңдар.
1. Абзал ар. (араб тілінде) – ардақты, құрметті.
2. Ахмет, ар. – мақтаулы.
3.  Әбунасыр,  ар.  –  абу  –  әке+наср  –  1)  жәрдем  беруші, 
көмекші.
4. Әди, ар. – басшы, жетекші.
5. Әли, ­ Ғали ар. – биік, аса зор.
6. Әлішер, Әли  + шерар – арыстан.
7. Әмір, ар. – ізгі, құрметті.
8. Әзиза, ар. – ұлы, мәртебелі.

126
9. Әлия, ар. – құны, бағасы артық.
10. Жамал, ар. – сұлу, көрікті.
11. Ділда, ар. – алтын ақша.
12. Зағипа, ар. – дос, жолдас.
13. Жандос, ир. – жан біткеннің досы.
14. Зейнұр, ар. – нұр, көркем рең.

127
ІІІ бөлім. Іскерлік қарым-қатынас тілі
Бүгінгі қоғам білім мен қабілетті, мінез бен мәдениетті, еңбек 
пен ақылды орнымен қолдана алатын іскер маманды қажет етеді. 
Іскерлік қарым­қатынастың өзіне тән ерекшеліктері: қалыптасқан 
әдеттері мен қолданар сөз, сөз орамдары, тұрақты құжаттары 
бар. Өз ортасы талаптарына қарай мәдениетті игеру мен бірге сөз 
әдебін қолданудағы сауаттылық та – басты шарт. Сауаттылық іс­
керлік қатынастағы жазба тіл үшін де, ауызша сөйлеу тілі үшін де 
қажет. 
Іскерлік қарым­қатынас тілі – белгілі бір мекеге, кәсіпорын, 
өндірісте қолданылатын қызметтік пікірлесу, келіссөз жүргізу, 
келісімшарт жасау, құжаттар алмасу іс қағаздарын жүргізу, рес ми 
кеңес жиналыс, мәжілістер өткізуде қолданылатын тіл. Іскерлік 
тіл қажет ететін көркем әдебиет тілінен гөрі маманнан тиісті тіл 
даярлығын, жүйелі білімді, біліктілікті талап етеді. Қызмет ортасы­
на қарай, кездесетін, пікірлесетін орнына байланысты сәлемдесу, 
жұмыс жайын таныстыру, жоспарын қысқаша баяндау, ұсыныстың 
мән­маңызын түсіндіруге әдеп пен мәдениет, іскерлік білім мен 
білік қажет.
Талқыға түсетін мәселе жөнінде жан­жақты хабардар болу, сол 
салаға қатысты терминдерді  орнымен қолдану, сұраққа нақты, 
жүйелі жауап беру де іскерлік қарым­қатынастың талаптары. 
Көп сөзділік, пікірлесушінің көзқарасымен  санаспай, жөнсіз 
бірбеткейлік көрсету, уәжді байламға тоқтауға дәрменсіздік 
келісімде тек қана кедергі болады.
Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарға талдау, сараптама жасау, 
жұрт алдында белгілі бір мәселе төңірегінде терең мәнді ой айта 
білудің түрлі әдіс­тәсілдері, әдістері мен қыр­сыры бар.
Қоғамдағы басты міндеттердің бірі – құжат пен іс қағаздарын 
ана  тілінде  жазу.  Ана  тілімізде  ресми  іс  қағаздарының 
қалыптасқан тілдік орамдары, тұрақты үлгілері бар. Тілдің та­
рихын зерттеушілер қазақ тілінде ресми іскерлік қарым­қатынас  
тілі ертеден бар екенін айтады. Оған мысал ретінде билер сөзін 
алуымызға да болады. Белгілі бір дауды шешерде қолданар өз 
лексикасы болды. Тіл көркемдігін билер сөзі жарқырата, жан­

128
дандыра түсті. Нақты мысал ретінде «Қазақ әдеби тілінің тари­
хы көздері» кітабынан мысал келтірген жөн:  «Қазақтың көне 
әдеби тілінің негізгі көздерінің бірі – ХVІІІ ғасырда жазылып, ар­
хивтерде сақталған қазақша іс қағаздары. Бұлардың тіл тарихы 
үшін айрықша құндылығы – сол кезеңнің мұрасына жататын өзге 
жазба нұсқалардың жоқтығы немесе тым аздығы. Ал сөз еткелі 
отырған документтердің  көбі ХVІІІ ғасырдың 30­жылдарында 
қазақ жерінің Россия қол астына өз еркімен қосылуымен байла­
нысты жасалған еді. Атап айтқанда, олар – қазақ хандары мен 
сұлтандарының орыс әкімшілігіне әр түрлі мақсатта жолдаған хат­
тары». 1733 жылы Кіші, Орта жүз қазақтарын өз қол астына алуын 
сұрап патшаға жазған Әбілқайыр ханның өтініші бар. Онда ресми 
документтерге тән стиль сақталған.  Патшаның барлық лауазым­
дарын санау, көп мадақтау жоқ, «ұлұғ бек мархаматлу импиратор 
падишаһ ағзам хазіретлеріне мағлұм қыламыз» деп, әрі қарай айта­
тын сөзіне кірісіп кетеді. Бұдан кейін «патша» сөзі кездескен жер­
де оған «рақымлы»,  «хұрметлу» деген эпитеттерді ғана қосады, 
көбіне оны да пайдаланбайды. Қорыта айтқанда, хат тексінде 
қазіргі әдеби тіл нормасынан ерекшеленетіндей көне формалар, 
араб және парсы сөздері тым сирек. Біздің есептеуімізше ондағы 
180 сөздің (қайталауларын қоса есептегенде) 120­сы, яғни 67 пай­
ызы – қазақтың төл сөздері, 20 (яғни, 36 сөз) пайызы – араб, парсы 
сөздері, қалған 13 пайызы орыс сөздері мен ономастикалық атау­
лар үлесіне тиеді. Хатта қазіргі қазақ тілінде жиі кездесетін рахым 
қылу, пайда табу, тәуба қылу, құл болу, көптен­көп дұғай сәлем, 
есен­аман сияқты тіркестер ұшырайды.
Сонымен қатар хат тілінде түркі жазба әдеби тілінің орфография 
мен грамматика заңдылықтарының дәстүрі молынан сақталған» 
(«Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері» Алматы, «Ғылым», 1989, 
210­215 беттер).
Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі
Іскерлік қарым­қатынастағы маңызды, тұстың бірі – ауызша 
ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай 

129
сөйлеу білу. Бұның басты шарты өзің баяндағалы немесе кеңеске, 
келісімге, талқыға салар тақырып жайында кең білімің болуы әрі 
осы мәселені алдын ала ой елегінен өткізіп, зерттеп алғаның жөн. 
Келесі бір көңілге тоқыр талдап, өз пікіріңді, ой түйіңіңді дайын­
дап ортаға салуға әзірленген, жағдайда іс дұрыс шешімін таба­
ры сөзсіз.
Іскерлік қарым­қатынастағы ауызша жүргізілетін істердің ерек­
шелігі – ресмилігі мен қолма­қол шешім шығарып, сол мәжіліс, 
жиналыс, кеңесте істің нәтиже, қорытынды, түйінін анықтау 
қажеттігінде. Маманның шеберлігі, білім, білігі, әдеп, тәрбиесі 
анықталады.
Іскерлік қарым­қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі 
ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен 
талқылау мәселерін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке 
бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны 
дұрыс.
Ауызша сөйлеу тілі: 
–  баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;
–  істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен ал­
масу;
–  жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;
–  мәселеге қатысты таңдап алынған ой­пікір шешімдерді ірік­
тей білу.
Кеңес, жиналыс, мәжілістің міндеті белгіленіп, алдын ала кіріс­
пе сөз әзірленсе, сондай­ақ қатысушыларға күн тәртібі мәселесі, 
өтетін уақыты туралы алдын ала хабарлап, жиналыс өтетін жер­
ді әзірлеп, қажетті көрнекі, техникалық құралдармен жабдықтап, 
әр  сөйлеуші  сөзінің  тезисі,  баяндама,  хабарлама  мазмұны, 
шешімнің жобасы даярланған жағдайда жиналыс, мәжіліс, келісім 
жоспарланғандай өтері сөзсіз.
Іскерлік қарым­қатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:
–  тақырыптың нақтылығы;
–  ортақ тақырып  – әңгімелесушілердің тақырып байланысты 
мәліметтері болуы;
– ортақ мақсат – міндетті белгілей білу,
– ортақ шешімге келе алу қажет.

130
Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым­қатынас 
ыңғайына қарай:
1. Пікір алған әсер жаңалық туралы ой бөлісу.
2. Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір  білдіру.
3. Жиналыс, мәжілістен баяндама, жарыс сөз.
4. Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау деп жіктеуге 
болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет