Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Мелиоративтік жүйенің негізгі қағидасы



бет43/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Мелиоративтік жүйенің негізгі қағидасы

А.Н. Костяков «Ауылшаруашылық гидротехникасы, арнайы жоға- ры оқу орнының ғылым пəні жəне оны оқыту» еңбегінде «Барлық гидротехникалық құрылыстарды жəне суғару əдісін тарату механизмі ретінде қарастыруға болады, оның негізгі атқаратын ісі əйтеуір бір су көзінен (өзен, су қоймасы жəне басқалар) суғару керек болған жағдайда, суғару талабына сай суды жеткізіп, оны біртегіс тарату арқылы топырақ қабатында өсімдікке қажетті мөлшерде қамтамасыз ету» деп суғару жүйесінің атқаратын қызметін толық көрсетті.

А.Н. Костяковтың ілімнің негізгі жағдайы, ауылшаруашылық, гидротехникалық жəне ауылшаруашылық гидротехникалық мелио- рацияны негізінен мына тізбекте бір-бірінің арасын жалғастырушы бөлшек ретінде, яғни «өсімдікке қажетті топырақ ылғалы – ағын суды – табиғи су қорлайтын ыдыс ретінде» қарастырады.

Осының негізінде А.Н. Костяковтың «... мелиоративтік жəне ауылшаруашылық шаралардың бір-бірінен үзіліссіз қарастыру ке- рек» – деген ілімі терең теориялық зерттеуді талап етеді.

Ғылым, əрине шындықты іздеу, ал бірақ ол ізденіс барлық уақытта бір табиғи құрылымды зерттеген кезде, жүйелі талдауды қажет етеді. Бұның өзі зерттеудің неден тұратынын жəне қасиетін анықтау емес, əрбір суғару жүйесінің бөлшегінің атқаратын қызметін жəне оның табиғи жүйедегі орнын анықтау. Осылардың табиғи ортадағы ор- нын түсіне отырып, ондағы болатын құбылыстарды түсіну арқылы олардың негізгі қасиеттерін талдауға мүмкіндік алу. Түсіну – ол өте күрделі нəрсе, себебі күрделі экологиялық қозғалыс құбылысын білу, ол ойдың білмеуден білуге немесе толық білмеуде, одан əрі толық білуге қарай ұмтылуынан туындайды. Ойлау құралының арқасында табиғаттағы атқарылатын қызметтерді түсіну, олардың арасындағы нақты байланыстарды анықтау, барлық уақытта өндіріс саласының тапсырмаларын шешу үшін олардың мақсатын бірге қарай отырып, біртұтас немесе бірге қарастыруды талап етеді. Оның ішінде, мелиорация саласындағы тапсырманы сапалы шешу дəрежесі, тек қана мелиоративтік басқару жүйесін жетілдіріп қой- май, мелиорацияланған жерлердегі ауылшаруашылық өндірісін бас- қаруда жетілдіруді қарастыру туралы сұранысты тудырады.

Ғылымның дамуы барлық уақытта техника жəне технология са- ласына терең өзгерістер енгізе отырып, өндірістік затқа жəне оны басқару мақсатына өзгеріс енгізуі. Сондықтан табиғи нысаналар суғармалы егістік жердегі суғару жүйесінің негізгі бөлшегі бол- ғандықтан, оны басқару табиғи-техникалық құрылым ретінде қа- рауды талап етеді, себебі суғармалы жерде гидротехникалық жүйе- лер суғару кезеңінің біртұтас технологиялық жағдаймен тығыз байланысты.

Ғылым жəне техниканың дамуы кезеңінде суғармалы егістік жүйесінде экологиялық негіздеудің орны барлық уақытта өсіп, оларға өзімізге қажетті мақсатқа қол жеткізу үшін ондағы «топырақ-өсімдік- атмосфера» биожүйесіндегі бағытын реттеп отыруды талап етеді. Бұл жағдайда, су табиғи жағдайдағы болатын құбылыстарға əсер ететін негізгі құрал жəне құбылыс болғандықтан, ол барлық уақытта суғару жүйесінің бөлшектерінің арасындағы табиғи қалыптасқан динамикалық жағдайларға қарама-қайшылық тудыруы мүмкін.

Біз білетіндей, табиғи ортаның уақыт аралығындағы өзгеру қарқыны, ретсіз болатын табиғи құбылыс. Сондықтан мелиоративтік құрылымдар, өсімдіктің өсіп-өнуіне жəне топырақтың дамуына ың-

ғайлы жағдайды тудыратын, оның себепкер шарттарын басқару не- месе реттеп отыруды, уақыт аралық кезеңде іске асыруға болады. Бұның өзі топырақтың жəне өсімдіктің тіршілік етуіне əсерін тигі- зетін себепкер шарттарды уақыт жəне кеңістік өлшемінде реттеу- ге мүмкіндік беретін суару жүйелерін жобалау қажет екендігін көрсетеді.

Ауылшаруашылық мелиорация саласындағы жəне мелиорация- ланған жерлердегі ауылшаруашылық өндірісінің арасындағы табиғи құбылыстардың арасындағы тарихи қайшылықтар, ландшафттың бір бөлігі ретінде қарастыруға болатын, жетілдірген суғару жүйелері құрылымдық құрылысы арқылы іске асырылады.

Сондықтан өсімдіктің өсіп-өнуі кезінде жəне топырақтың се- бепкер шарттарын басқару арқылы белгілі бір бағыттағы дамуын қамтамасыз ететін жəне оны тəжірибе жүзінде жүзеге асыратын, топырақты, өсімдік жəне тіршілік əлемін, судың жəне ауа қабатының ластануынан қорғайтын, əртүрлі біртұтас гидротехниканың құры- лыстардан тұратын гидромелиоративтік жүйенің ерекше қасиеті оның қызметін басқарып жəне реттеп отыруға мүмкіндік беретінді- гінде. Суғару дегеніміз – «топырақ-өсімдік-атмосфера» жүйесінде өсімдіктің физиологиялық даму қарқынына арттыруға жəне топы- рақтың эволюциялық заңдылықтарға сай тіршілік етуін қамтамасыз етуге қажетті биологиялық жəне геологиялық су жəне химиялық заттардың айналымын, егістік жерге су беру арқылы байланыстыру. Ол егіншіліктің негізгі мына заңдарын: «өсімдіктің өсіп-өнуі үшін барлық себепкер шарттары бірдей жəне оны ешқайсысымен, яғни оңтайлы себепкер шарттарын жəне басқаларын алмастыруға болмай- тынын» түсіну жəне дұрыс пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бұл заңдарды білу жəне өсімдіктің өсіп-өнуі кезіндегі оның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жəне топырақтың да- муы туралы мəліметтер суғару жүйесін жобалауға қажетті негізгі мəліметтер болып табылады.

Адамзаттың негізгі мақсаты өзінің қызметінің арқасында суғару жүйесіне жобалау туралы мəліметтер алу. Сонымен, мелиоративтік жүйе – ол «су-топырақ-өсімдік-атмосфера» жүйесіне адамның əсер етуі арқылы табиғи жүйені қайта құру жəне оның қорын тиімді пайдаланудың нəтижесінде, топырақтың эволюциялық бағытта да- муын жəне ауылшаруашылық дақылдарынан жыл сайын қажетті мөлшерде өнім алу үшін қажет, ғылымдық жүйеге негізделген, біртұтас инженерлік-техникалық құрылыс.

      1. Мелиоративтік жүйенің түрлері

Мелиоративтік жүйе, гидромелиорациялық тұрғыдан қарағанда, топырақтың құнарлығын арттыруға жəне табиғи ыңғайсыз жағдайды жақсарту арқылы ландшафттың экологиялық жағдайына кері əсер етпейтіндей дəрежеде табиғи қорды тиімді пайдаланудың негізінде, өсімдіктен жоғары өнім алу мақсатында құралған, суармалы егістік жерден, су көзінен жəне əртүрлі гидротехникалық құрылыстардан тұрады.

Агроөндірістік көзқараста мелиоративтік жүйені ауылшаруашы- лық өндірісін сумен қамтамасыз ететін біртұтас өндірістің бөлігі. Бірақ мелиоративтік жүйені дұрыс пайдалану үшін суғармалы егіс- тік өндірісіндегі қазіргі жəне болашақтағы олардың түрлеріне көз жүгіртіп қарастырсақ, онда ол күрделі жəне қиын ізденісті, зерттеуді жəне жобалау жұмыстарын талап ететін болғандықтан, оны топқа бөлуді қажет етеді.

Мелиоративтік жүйелерді өндіріс үшін түрге бөлу суғармалы жерлердегі ауылшаруашылық өндірісінің негізін жəне құрылымдық құрылысы жəне суару əдісінің мақсаты бойынша шешілуге тиісті. Су- ғару тəжірибесінде мелиоративтік жүйелерді мынадай түрге бөледі:



  • көп рет суғаруға арналған мелиоративтік жүйе – өсімдіктің суды қажет етуіне жəне суғармалы егістік жердегі топырақты өңдеу- ге қажетті агротехникалық шаралардың мезгілінде орындалуын, өсімдіктің өсіп-өнуіне жəне топырақтың дамуының ықтималды жағ- дайын тудыруды, одан мол өнім алуды жəне табиғат қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

  • суғару жүйесі – жоғарғы өнімді мал шаруашылығын жəне мазалықтың суармалы егістікті дамытуға, су жетпейтін аудандардағы шаруашылықты жəне тұтынысты, жергілікті су көздерін жəне жерас- ты суларын пайдалану арқылы қажетті сумен қамтамасыз ету;

  • құрғату жүйелері – топырағы батпақтанған жəне жоғары дəре- жеде ылғалданған жерлердегі ауылшаруашылық дақылдарынан жəне шабындықтардан мол өнімді алуды қамтамасыз етуге арналған, гидротехникалық құрғату, ылғалдандыру жəне басқа да құрылым- дардан тұратын біртұтас құрылыс жүйесі;

  • арнайы мелиоративтік жүйелер – өндірістік жəне тұтыныстан шығаратын қайтарма сулардың құрамындағы химиялық жəне қорек- тік заттарды жыл бойы топырақ қабатына қорлау арқылы табиғи ор- таның ластанбауын болдырмай, ландшафтардың экологиялық жағ- дайын бұзбауға арналған, біртұтас инженерлік құрылыс.

Сонымен, құрылымдық-жүйелік талдау көзқарасында мелиора- тивтік жүйе ландшафттың ішінде орналасқан, геологиялық жəне биологиялық су жəне химиялық заттар айналымын реттеу жəне басқару арқылы суғармалы егістік жердің өнімділігін жəне топыра- ғының эволюциялық бағытта дамуын бірігіп басқаруға жəне реттеу- ге арналған, бір-бірімен байланысты, біртұтас инженерлік құрылыс- тардың жиынтығы деп түсінуге болады.

Сондықтан мелиоративтік жүйені құрылымын талдау генетика- лық-өндірістік негізде жүзеге асырылуы тиісті:



  • мелиоративтік жүйенің бейнесі – өсімдіктің өсіп-өнуіне жəне топырақтың дамуына əсер ететін себепкер шарттардың көрсеткіш- терін реттеу арқылы табиғи жағдайлары бір-біріне ұқсас жерлерде ауыл шаруашылығының дамуын немесе жергілікті жердің өнді- ріске ыңғайсыз жағдайын жақсартуға бағытталған, суғару жəне кəріз-коллекторлық желілерден құралған, біртұтас инженерлік жəне гидротехникалық құрылыстардың жиынтығы. Бұл жағдайда мелиоративтік жүйені топқа бөлудің негізі ретінде табиғи жүйенің құрылымының құрылу жəне басқару жағдайы кейбір географиялық кеңістік көлемінде қайталанатын болғандықтан, жүйенің құрылы- мының «қайталану заңын» алуға болады. Жалпы бұл заңдылық- тың жеке жағдайдағы қалыптасуына Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің «қайталану заңы» жəне Н.И. Вавиловтың «гомоло- гиялық қатар заңы» мысал бола алады:

мелиоративтік жүйенің түрі бір-бірінен топырақтың эволюция- лық дамуының негізгі жəне қосымша жүретін табиғи құбылыстарын реттеуге арналған суғару жəне кəріз-коллекторлық желілерден тұра- тын, өзара байланысты инженерлік жəне гидротехникалық құры- лыстардың жиынтығы;

  • мелиоративтік жүйенің түрі инженерлік-техникалық құрылы- мының айырмашылығы бойынша анықталған инженерлік жəне гид- ротехникалық өзара байланысты біртұтас құрылыстың жиынтығы.

Сонымен, белгілі бір ауылшаруашылық өндірісінде жобаланған өнімді алуға арналған мелиоративтік жүйенің технологиялық бір- бірімен байланысты қоры мелиоративтік жүйенің бірнеше түрі- нің құрылымдық құралуының негізі болып табылады. Мұндай мелиоративтік жүйенің құрамдық желісін негіздеу ауылшаруашылық өнімін өндіру жəне топырақтың дамуы жағдайын қалыптастыра оты- рып, олардың бір-бірінің арасындағы құрылымдық жəне өндірістік байланыстарды анықтауға мүмкіншілік береді. Кез келген уақытта мелиоративтік жүйенің үш түрлі қызметін анықтауға болады

(Л.М. Рекс): C – табиғи қор; – өндіріс құралы; Т – еңбек қоры. Бұлардың мақсаттық өзгерісі ауылшаруашылық өнімдерін шығаруды (CXII) қамтамасыз ететін, өндірістік кезең (П) болып табылады (142-сурет).






142-сурет. Мелиоративтік жүйенің құрылымдық сұлбасы (Л.М. Рекс)

Еңбек қоры (Т) жəне өндіріс құралы (СП) арқылы өндірістік- технологиялық байланыстың нəтижесінде, яғни инженерлік жүйе- лердің көмегімен, геологиялық жəне биологиялық айналымның негізінде, табиғи қорларды ауылшаруашылық өніміне айналдыру.

Сондықтан инженерлік жүйенің тиімді қызмет атқаруы қор- шаған ортада (СО) жүруінің қарқынына жəне жағдайына тікелей байланысты. Сонымен суғару жəне кəріз-коллектор желісінен тұра- тын, мелиоративтік жүйенің негізгі мақсаты өсімдіктердің өсіп- өнуі мен топырақтың ылғал жəне тұз тəртібін оның қызмет атқару кезеңінде реттеу арқылы ыңғайлы жағдай жасау. Бұл жағдайда, гидромелиоративтік жүйенің негізгі мақсаты «топырақ-өсімдік- атмосфера» жүйесіндегі су алмасу жолын реттеу арқылы өсімдіктің физиологиялықөсуқарқыныментопырақтыңэволюциялықбағыттағы даму жағдайын байланыстыру. Бұның өзі гидромелиоративтік жəне ауылшаруашылық өндіріс жүйесін біртұтас біріктіре отырып, олар- мен мелиоративтік жүйенің арасындағы байланыстың бар екенін көрсетеді.

Сонымен, суғару, құрғату жəне суландыру жүйесі қазіргі кез- дегі ғылым жəне техникалық дамуы кезеңіне сай, суғармалы егіс- тік жердің генетикалық-өндірістік белгісі арқылы анықталатын инженерлік құрылыстың бейнесі, түрі жəне түршесі арқылы, суғармалы егістік жердің өнімділігін арттыру жəне топырақтың ыңғайлы дамуын қамтамасыз етуге арналған, суды беру жəне алып кету секілді күрделі тапсырмаларды шешуге арналған.



      1. Мелиоративтік жүйені топтастыру

Мелиоративтік жүйені топтастыру – оларды пайдалану, жобалау жəне құру маңызы бойынша əртүрлі белгілері арқылы жеке түрге, топқа жəне сатыға бөлу.

Мелиоративтік жүйені топтастырудың мақсаты – мелиоративтік жүйені пайдаланудың ғылыми негізделген технологиясын тарату жолдарын қарастыру жəне ауылшаруашылық дақылдарын өсіру кезінде агроландшафттар жəне қоршаған табиғи ортаның қызметінің экологиялық сенімділігін сақтау арқылы мелиоративтік жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Мелиоративтік жүйесінің құрамына (143-сурет) мынадай бөлшек- тер құрылымдар кіреді: су қоймасы немесе су көзі, су көздеріндегі суалғыш жəне балықты қорғайтын табиғи жəне мəдени құрылымдар, тұндырғыш, сорғы бекеті, суғару, су тастағыш-қашыртқы жəне кəріз желілері, желідегі құрылымдар, суғару жəне жаңбырлатқыш машиналар, қондырғы жəне құрылымдар, басқару құралы, жердің мелиоративтік жағдайын бақылау, эклектермен жабдықтау жəне бай- ланыс, топырақтың шайылуына қарсы құрылымдар, қызметкерлерге арналған өндірістік жəне тұрмыстық ғимараттар, жол, орман жолақтары жəне үйінділер.

Мелиоративтік жүйені топтастыру мынадай ерекшеліктерді ескере отырып іске асырылады: əртүрлі құрылымдық шешімдерді негіздеуді талап ететін мелиоративтік жерлердің табиғи-климаттық жағдайы, функциялық жəне шаруашылық қызметі.

Қазіргі кезде, суғармалы егістік аймақтарға қызмет ету сипатама- сына, жер бедерінің геоморфологиялық ерекшелігіне, су көздерінен суды алуға арналған құрылымдардың түрлеріне байланысты суғару жүйелерінің əртүрлі түрлері бар.

Мелиоративтік жүйе – «табиғи ылғалдану жетіспейтін жағдайда суғармалы егістік жердің топырағының өсімдік жүйесінің тамы- ры орналасқан қабаттың ыңғайлы су жəне тұз тəртібін сүйемелдеу

арқылы ауылшаруашылық дақылдарынан орнықты жəне жоғарғы өнім алуды жəне топырақтың даму қарқынын жəне бағытын эволю- циялық заңдылықтың шеңберінде қамтамасыз етуге арналған құ- рылым, құрылыс жəне қондырғылардың бір-бірімен байланысқан кешені».






  1. сурет. Мелиоративтік жүйесінің құрамдық бөлшектері (СНиП 2.06.03-

85. Мелиоративные системы и сооружения)

А.Н. Костяковтың тұжырымы бойынша мына құрылымдық бөлшектер мелиоративтік жүйенің құрамына кіреді жəне олар бөлшек-желі сұлбасында 144-суретте көрсетілген:



    • мəдени құрылымдар – суғару жүйесіндегі су ағынын басқару жəне реттеуді қамтамасыз ететін, барлық суғару арықтарындағы білектерді сипаттайды;



  1. сурет. А.Н. Костяковтың тұжырымы бойынша мелиоративтік жүйенің сұлбасы




    • сутастағыш желі – суғару арықтары жапқан кездегі, апатта жəне қарғында, суғармалы егістік жерлердегі пайда болатын жəне жер асты сулары жақын орналасқан суғармалы егістік жерлерге кəріз желісін құрғандағы артық суларды, егістік алқаптан алып кетуді қамтамасыз етеді;

    • үлкен суғару телімдеріндегі уақытша суғаруды реттегіш желі- лері, олар егістік танаптарға суғару суын тарататын жəне суғару кезінде топырақтың ылғалын қажетті деңгейге келтіретін, жүйек жəне атыздардағы оқ арықтардан тұрады;

суды егістік жүйесіне тарату реттеу арықтары бас арықтардағы су ағынын барлық шаруашылық суғару жүйесіне таралуын қамтамасыз ететін шаруашылық аралық арықтардан жəне шаруашылықтарға суды жеткізіп беретін шаруашылық арықтарынан құралады;

    • бас арық – су көзінен суғару алқаптарына суды тасымалдап жеткізіп беретін желі, яғни су көзінен суалғыш бас құрылымнан егістік жерлерге су тарататын арықтарға дейін бос жұмыс атқаратын арықтар желісінен тұрады;

    • бас құрылым – су көзінен, суғармалы егістік жүйесінің суды пайдалану жоспарына байланысты суғару қажетті су көлемін қажетті уақытта қамтамасыз етуге арналған;

    • су көздері суғармалы егістік алқаптардағы суғару жүйесіне

24–1125


369

қажетті сумен қамтамасыз ететін табиғи немесе жасанды су қой- масынан тұрады.

Б.Б. Шумаковтың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйе – ол суғармалы егістік жерлердегі гидромелиоративтік жүйе жəне ол суғармалы егістік жерде бірлесіп қызмет ететін құрылым жəне техникалық құралдардың кешені, яғни өзен, суалғыш құрылыс, бас арық, тарату арықтары, бас арықтардың тармақтары, бас сорғы бекеті (35-кесте).



Мелиоративтік жүйені топтамалау (Б.Б. Шумаков)

  1. кесте


Таптамалаудың белгісі

Суғару жүйесінің түрі

Құрылымдық ерекшелігі

1

2

3

Геоморфологиялық орналасу жағдайы

Тау етегінде

Суалғыш бөгетсіз жəне бас арықтар жер көлбеуінің еңештігінің бойымен сүйір бұрышпен орналасқан

Өзен аңғарында

Суалғыш бөгетті немесе механикалық қуатпен көтеріледі жəне бас арық өзеннің аз еңештік жағына еңештікпен алыстайды

Өзен арнасының етегіндегі жазықтықта

Суалғыш механикалық қуатпен жəне бас арық екіжақты басқарумен су таралу бағыты бойынша орналасады

Суғару жүйесінің құрылымы

Ашық

Суғару жүйесінің барлық құрылымдық бөліктері ашық арықтар

Жабық

Суғару жүйесінің барлық құрылымдық бөліктері арынды жəне арынсыз құбырлар

Аралас

Суғару жүйесі ашық арықтар жəне жабық құбырлармен байланыстырылған

Суды егістікке беру

Өздігінен ағатын

Су көзінен егістік алқапқа су өздігімен ағады

Механикалық қуатпен

Су көзі суғармалы егістік алқаптан төмен орналасқан жəне су алқапқа сорғы бекетімен беріледі

Өздігінен- арынды

Суғармалы алқапқа су жабық құбырмен жер бедерінің еңештігінен туындайтын арынның есебінен өздігінен ағады

Іргелілік дəрежесі

Тұрақты

Суалғыш құрылым, сорғы бекеті, суғару желісі жəне суғару техникасы тұрақты орныққан

1

2

3

Іргелілік дəрежесі

Жартылай тұрақты

Суалғыш құрылым, сорғы бекеті, суғару желісі тұрақты орныққан, ал суғару техникасы суғару үдерісі кезінде танаптан танапқа ауысып отырады

Жылжымалы

Суғару жүйесінің барлық құрылымдық бөлшегі, яғни сорғы бекеті жəне суғару желісі құрастырмалы жəне суғару техникасы суғару үдерісі кезінде бір орыннан екіші орынға ауысып отырады

Мелиоративтік энциклопедия бойынша мелиоративтік жүйе мынадай құрылымдық бөлшектерден тұрады: су көзіндегі суды да- йындау қондырғысымен бірге суалғыш жəне арынды құратын түйін, реттеуші білектермен жəне гидротехникалық құрылымдармен құ- бырлар арқылы жалғасқан суды тасымалдау жəне тарату желісі, жаңбырлатқыш (суғарғыш) қондырғы, нысандарды басқару арнасы жəне құралдары (145-сурет).




145-сурет. Мелиоративтік жүйенің сұлбасы (Н.Ф. Носенко)
Г.А. Сенчуковтың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйенің құрамдық бөлшектеріне, яғни құрамына мыналар кіреді (146-сурет):

    • су көзі, оған табиғи жəне реттелген жағдайдағы өзендер, жергі- лікті жер бетінің ағындарынан толтырылған тоған, жерасты сулары, төкпе, қашыртқы жəне коллектор кəріз сулары;

    • суғару алқаптарында ұйымдастырылған шаруашылық аралық жəне шаруашылықтың ішкі жерлерін суғару жүйесінің негізгі құры- лымдық бөліктері болып табылады жəне оның құрамына жəне сапа- лық жағдайына, оның құрылымдық құрамы, бөлшектерінің саны жəне құрылымына байланысты;

    • суғару желілері су көзінен суғармалы егістік алқаптарына суды тасымалдайтын жəне су қорларын шаруашылықтың бөлімшілеріне,



146-сурет. Г.А. Сенчуковтың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйенің құрылымдық бөлшектері

ауыспалы егістіктің танаптарына жəне телімдерге тарататын тасы- малдау желілерінен жəне негізгі мақсаты танаптарға су тарату жəне оны топырақ ылғалына айналдыратын, реттеу желілерінен тұрады;



  • бас суалғыш құрылым, су көзінен суды алуға жəне суғару желілеріне суды беруге арналған;

  • су жинағыш жəне қашыртқы желісі, суғару желісіндегі сулар- ды, егістік танаптардағы артық суларды жинау, апаттық жəне соңғы қашыртқылардағы сужинағыш əртүрлі деңгейдегі арықтардағы, суғармалы егістік жерлерді жоғарғы орналасқан жерлерден түсетін су ағындарынан жинайтын беткей етегіндегі арықтардан тұрады;

  • коллектор-кəріз желісі суғармалы жүйенің аймағындағы артық жерасты суларын алып кетуді қамтамасыз ететін, шаруашылық аралық жəне ішкі шаруашылық коллектордан жəне кəріз-жинағыштан тұрады;

  • желідегі гидротехникалық құрылымдар суғару арықтарындағы судың деңгейін жəне өтімін реттеуді қамтамасыз ететін, мəдени жəне табиғи кедергілерден суды тасымалдауға арналған суөткізгіш құрылымдардан (акведук, дюкер), арықтардағы үйлестіру құрылым- дарынан – құлама жəне тезағардан тұрады;

  • орман жолақтары жəне жолдар, яғни орман жолақтары желдің жылдамдығын төмендетуге, қыс кезеңінде қарларды жинауға жəне егістікті аңызақтан қорғайды.

В.И. Ольгаренконың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйені мынадай белгілермен топтастырылуы мүмкін: негізгі арналу жағ- дайы, геоморфологиялық орналасуы, құралдары, суғару желісінің

құрылымы, су айналым қағидасы, күтуші ауданы, техникалық жағ- дайының деңгейі (147-сурет).






147-сурет. В.И. Ольгаренконың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйені топтастыру

Сонымен, А.Н. Костяковтың, В.Ф Носенконың, Б.Б. Шумаковтың, Г.А. Сенчуковтың жəне В.И. Ольгаренконың мелиоративтік жүйесі туралы түсініктемесіне жүйелік талдау жасай отырып, олардың су- ғару жүйесінің құрылымдық бөлшектерін толық қарастырғанын, бірақ олардың бір-бірінен айырмашылығы суғару жүйесінің бөлшек- тік құрамдарын айқын сипаттай білгендігінде жəне олардың жиын- тығын одақтастық түрде жинақтауында. Мелиоративтік жүйелерінің құрамдық бөліктерін одақтастық тұрғыда негіздеу, техникалық, ай- мақтық негізгі арналу жағдайы жəне басқа да белгілері бойынша жиынтығын қамтамасыз ететін қағидасы ретінде қарастыруға болады. А.Н. Костяков жəне Г.А. Сенчуков өздерінің құрылымдық топ- тастыруларында ішінде топтастыру деңгейінің төменгі дəрежелері- нің болатындығын түсіндіреді, яғни суғару жүйелерінің əртүрлі құрылымдық бөлшектерінің суғармалы егістік жердің геоморфоло- гиялық жағдайына, суғару жүйесін пайдаланудың техникалық сипат- тамасына, құрылымдық ерекшеліктеріне жəне ұйымдастыру əдісіне

байланыстығын көрсетеді.

Жалпы мелиоративтік жүйенің құрылымдық бөлшектеріне тал- дау жүргізе отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, яғни суғару жүйесінің қалыпты жұмыс атқаруына жауап беретін негізгі бөлшектері, тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігін анықтайтын, нысанның техникалық, технологиялық жəне аймақтық жиынтығын бейнелейді.

Техникалық нысан ретінде суалғаштардың əртүрлі түрлері жаң-

бырлатқыш машиналар жəне қондырғылар, желідегі гидротехника- лық құрылымдарды, əртүрлі қызмет атқаратын арықтардағы білектер деп түсінуге тиістіміз.

Технологиялық нысан ретінде мелиоративтік жердің жағдайын бақылайтын ұжымды, суғару жүйесінің нысандарының арасындағы байланысты қамтамасыз ету, автоматтық құралдармен басқаруды түсінген жөн.

Аймақтық нысандарға, тікелей суғармалы егістік жерлер жəне суғару арықтарының геоморфологиялық орналасу жағдайын жатқы- зуға болады.

Жоғарыда келтірілген түсініктеменің негізінде, суғару жүйесін табиғи жағдайға белсенді жəне тұрақты түрде əсер етуші инженерлік құрылымдардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда ол таби- ғи жүйенің экологиялық орнықтылығын жəне тиянақтылығын да қамтамасыз ету керек. Бірақ суғару жүйесінің құрамында, оның құрамдық бөлшектерінің ішінде кəріз-коллектор желісі келтіріледі де, ал одан шықан сапасы төмен қайтарма суларды экологиялық тұрғыда қауіпсіз жою мəселесі қарастырылмайды.

Осы тұрғыдан қарастырғанда Л.М. Рекс ұсынған мелиоративтік жүйенің құрылымдық сұлбасы құрамында кəріз-коллектор суларын экологиялық тұрғыда қауіпсіз жоюға арналған желісі болуға тиісті секілді (148-сурет).

Мелиоративтік ғылымда жəне тəжірибеде қажетті денгейде мелиоративтік жүйсінің негізгі түсініктемелік қағидасы айқындалды, ол су көзінен суғармалы егістіктің тұтынуына қажеті суды алу, оны егістік жерлерге жеткізу жəне тарату, суғармалы егістік жердің ылғалдану жəне тұздану тəртібін реттеу арқылы топырақ жүйесінің ыңғайлы қарқында жəне бағытта дамуына жағдайды қамтамасыз ететін, егістік алқаптардан шығатын сапасы төмен кəріз-коллекторлік қайтарма суларды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған инженерлік құрылымдар жүйесі.

Осы тұрғыдан қарастырғанда, мелиоративтік жүйесінің құрам- дық бөлшектеріне, яғни құрамына мыналар кіреді (149-сурет): су көзі (өзен, көл, жер асты сулары), суғару алқаптарында ұйымдастырылған суғармалы егістік, суғару желілері (бас арық, шаруашылық аралық арық, шаруашылық арық, ауыспалы егістік арықтары, тарату арық- тары, уақытша арық, оқ арық, суғару жүйектері), бас суалғыш құры- лым (бөгеттер, сорғы бекеттері), су жинағыш жəне қашыртқы желісі, коллектор-кəріз желісі, желідегі гидротехникалық құрылымдар (су- алғыш, сутастағыш, суөлшегіш), орман жолақтары жəне жолдар, кəріз-коллекторлік қайтарма суларды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған желісі.





148-сурет. Мелелиоративтік жүйенің жетілдірілген сұлбасы (Ж.С. Мұстафаев)




149-сурет. Ж.С. Мұстафаевтың көзқарасы бойынша мелиоративтік жүйенің құрылымдық желісінің сұлбасы

Сонымен, мелиоративтік (суғару) жүйелерін топтастыру, ол туралы ұғымның тиянақты нысанасын жəне мелиоративтік (су- ғару) жүйесінің құрамдық бөліктерінің алуантүрлілігін айыра білуге, сондай-ақ мелиоративтік жүйені топтастыру белгісінің əрқайсысы бойынша ақпараттық іздеуді жүргізудің тиімділігін анықтауға мүмкіншілік береді. Топтастыру, мамандардың өндірістік жұмыстарды атқару кезіндегі біртұтас түсінушілігін қамтамасыз ететін, əртүрлі құрамдық бөліктерді, құрылымды жəне атқаратын қызметтерді сипаттайтын, мелиоративтік жүйенің құрылымдық бөліктерінің бейнесін белгілі ретте тағайындау болып табылады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет