Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-cурет. Ергежейлі қара күйе



бет104/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
60-cурет.
Ергежейлі қара күйе

Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сəл қысқалау, иректеліп орналасады. Үрпиген масақшалардағы тығыз, қатты, қара күйелі дəндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.

Бидайдың үнді қара күйесі. Ауру қоздырғышы – Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Телиоспоралар сопақша немесе шар тəрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, тор- лы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-250С температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 ұзынша, сəл иіл- ген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10- 200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клет- калы споридиялар түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде базидио- споралар жəне споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшума- ғы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры – залалданған тұқым жəне топырақ.
Кеселдің ерекшелігі – масақ түгел залалданбай, көбінесе масақ- шаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телио- спора массасына айналады. Ауру өте қатты дамығанда масақша- ның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз, шіріген балық иісті дəндер масақтан топыраққа түседі.
Арпаның тозаңды қара күйесі. Ауру қоз- дырғышы – Ustilago nuda Kell. et Swing. саңы- рауқұлағы (61-сурет). Телиоспоралары шар тə- різді немесе бұрышты, майда, қабығы тікенекті, түсі ашық қоңыр кейде сарғыш (зəйтүн), диа- метрі 4,5-6,5 мкм. Телиоспорадан өнген базидия- да базидиоспоралар түзілмей бірден жіпшумақ дамиды. Ауру 20-250С температура мен 60-80% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды.
Кесел белгісі өсімдіктің сабақтану немесе гүлдеу кезеңінің басында білінеді. Залалданған масақ жапырақ қынабынан шыққанда мөлдір қа- бықшамен жабылған қара споралар массасы кө- рінеді. Соңынан қабық айырылып, споралар ша- шылып, аналық аузына түсіп, қысқа бизидияға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет