59-cурет. Бидайдың тозаңды қара күйесі Бидайдың тозаңды қара күйесі. Ауру қоз- дырғышы – Ustilago tririci Jens. саңырауқұлағы (59-сурет). Телиоспоралары шар, кейде сопақ- ша немесе бұрышты, түсі зəйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы тікенекті. Телиоспоралар ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобази- дияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспер- мінде сақталады. Залалданған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоз- дырғышымен алғашқы (бірінші) залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңырауқұлақ тіршілігін 3 жылдан аса сақтайды.
Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өнген бидай өскінін қайталап (екінші) залалдайды. Қоздырғыш жіпшелері өсімдіктің барлық бөлігіне (сабағына кейде жапырағына) тарала- ды. Өсімдіктің масағы құрыла бастағанда жіпшумақ қатты дамып, жуандап пішінсіз массаға айналып, кейін одан телиоспоралар тү- зіледі.
Өсімдіктің гүлдеу кезеңіндегі жауын-шашын ауаның жоғары ылғалдылығы (60-80%) жəне қолайлы температура (20-250С) за- лалдану интенсивтілігін арттырады. Кеселдің белгісі өсімдіктің масақтану кезеңінде білінеді. Масақтың өзегінен басқа бөліктері түгел залалданады. Масақ соңғы жапырақ қабатынан шыға бас- тағанда оның орнына қара, тозаңды спора массасы көрінеді.