Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Вирусты инфекцияның таралуы



бет90/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Вирусты инфекцияның таралуы


Вирустар өсімдікке тек қана зақымданған ұлпа арқылы енеді. Вирусты таратушы түрлі насекомдар (біте, цикада, трипс, қандала) нематодалар мен саңырауқұлақтар.


Вирустың тасымалдаушылар мен таралуын векторлық таралу дейді. Бұл табиғатта кең таралған əдіс. Тасымалдаушы организмінде вирустың инфекциялылығы белгілі уақытта ғана сақталады. Вирозға шалдыққан өсімдікпен қоректеніп одан кеткен соң да инфекцияның тасымалдаушыда сақталуын персистенттілік дейді. Персистент- тілік үш түрге бөлінеді:

  • персистентті емес;

  • жартылай персистентті;

  • персистентті.

Персистентті емес таратушыда вирустың инфекциялылығы
4 сағатқа дейін сақталады. Жартылай персистенттілерде инфек- циялылық 10-100 сағат аралығында сақталады. Персистентті тасы- малдаушыларда вирустың инфекциялылығы 100 сағаттан аса неме- се өмір бойы жойылмайды.
Персистентті емес тасымалдаушылар ауру өсімдіктен 0,5–2 минут аралығында қорек алып (вирофорлы болып), бірден сау өсімдікті залалдайды. Кейін олардың залалдау қасиеті жойылады. Бұл вирустар əдетте бітелермен таралып, өсімдіктің паренхимасын- да орнығып, мозаикаларды қоздырады. Мысалы, қызылша, үрме бұршақ, алма мозаикалары.
Персистентті таралу түрінде ауру өсімдіктен тасымалдаушылар ұзақ уақыт (30 минуттан аса) қоректеніп вирофорлы болады. Олар ауруды басқа өсімдікке бірнеше күннен немесе аптадан кейін таратуы мүмкін. Цикадалармен таралатын кейбір вирустар насе- ком денесінде көбеюімен қатар оның инфекциялылығы жұмыртқа арқылы ұрпақтарына беріледі, оны трансовариалды таралу дейді. Мысалы, күріштің ергежейлілігі, картоптың сары ергежейлілігі т.б.
Жартылай персистенттілер ауру өсімдікпен ұзақ қоректенгенде вирус таратушы организміне еніп, онда 3 күнге дейін сақталады. Бұл вирустар əдетте өсімдік флоэмасында топтасып, ауру туғызады.
Кейбір вирустар түйнектер, пиязшық, тұқым, өсімдік тозаңы, шырмауықпен жəне т.б. тарайды.
Вирус аурулары моно жəне полициклды болады. Егер вирустар өсімдік генерациясының біреуінен екіншісіне тарайтын болып, ал бір генерациядағы өсімдік арасында тарамаса – моноциклды бола- ды. Насекомдармен таралған аурулар – полициклды. Олар ауруды бір генерациядан екіншісіне таратып қана қоймай, осы генерация- дағы өсімдіктер арасына да таратады.
Вирустардың өсімдік арасында таралу жылдамдығы таратушы насекомға жəне ауа райына байланысты. Ауру 2-5-тен 10-20-ға дейін қайталануы мүмкін. Егер вирус өсімдіктің вегетативті бө- ліктерімен немесе тұқымымен жəне қосымша вегетация кезеңінде насекомдармен таралса, онда эпифитотия болуы мүмкін. Ондай жағдайда өсімдік өнімі төмендейді.
Өсімдіктің вегетативті көбею материалдарымен таралса – бу- дандастыру, қалемше, түйнек, пиязшық, тамыржеміс отырғызу ар- қылы вирустар аналық өсімдіктен келесі ұрпаққа тарайды. Барлық жеміс-жидек, əсемдік ағаштар бүршікпен, будандастырумен, қалем- шемен, ал ауылшаруашылық дақылдар, гүл өсімдіктері – түйнек, пиязшық, сұлатпа сабақ арқылы көбейіп, олардағы вирустар жаңа өсімдікке таралады. Егер өсімдіктердің тамыры біріне-бірі жақын болса, тиіп тұрған жерден вирус бір өсімдіктен екіншісіне өтеді.
Жиі отырғызылған өсімдіктердің жапырақтары бір-біріне тиіп тұрса, паренхима ұлпасының жарақаттануы арқылы бір өсімдік- тің шырыны екіншісіне тиіп залалданса, онда оны вирустың меха- никалық таралуы дейді. Қатты желден немесе агротехникалық жұмыс кезінде ұлпалардың жарақаттануы арқылы да ауру жұғуы мүмкін.
Сонымен қатар вирустың 100 жақын түрі тұқым арқылы та- райды. Бұл жағдайда залалдану өсімдік қасиеті мен вирустың даму циклына байланысты болады. Мысалы, темекінің сақиналы дағын қоздыратын вирус май бұршақтың тұқымы арқылы 100% таралады, ал арпаның жолақ мозаикалы вирусы 50% тарайды.
Тозаңмен таралу. Тозаңмен тараған вирус тек қана тұқым мен одан өнген өскінді ғана залалдап қоймай, сонымен қатар тозаңдан- ған гүл арқылы аналық өсімдікке де тарайды. Бұл құбылыс өте сирек кездеседі.
Насекомдармен таралу өте жиі кездеседі. Сорғыш насекомдар (біте мен өсімдік жəне жапырақ бүргелері) вирусты өздерінің сти- леттерінде тасиды. Бұл насекомдар ауруға шалдыққан өсімдікпен қоректенгенде стилеттеріндегі вируспен жаңа өсімдікті залалдайды. Кейде бітелер вирусты бірден тарата алмайды, бірнеше сағаттан кейін ғана тарады, ал вирустың жұғу үдерісі бірнеше күнге созылуы мүмкін.
40-қа жуық вирустар жапырақ бүргесімен таралады. Вирустар флоэ-маға өтіп, оның бұзылуына себеп болады. Бұлардың кейбіреулері тасымалдаушы насекомда көбейіп, оларда əрбір даму фазасында сақталып, жұмыртқалаған кезде жұмыртқамен таралады. Сонымен бұл насекомдар өзінің өмірі бойы ауру қоры болады.
Кенелер 9 шақты вирустарды таратады. Олардың ішінде би- дайдың жолақ мозаикасы, шабдалы мен інжір мозаикасы бар. Бұл
кенелер белгілі өсімдік түрлерінде ғана таралады. Кейбір вирустар кене стилетімен, ал басқа біреулері насекомдардың тіршілік кезеңі бойы таралып отырады.
Нематодалармен таралатын вирустар саны 20-ға жуық. Олар вирустарды ауру өсімдіктің тамырынан сау өсімдік тамырына жеткізеді. Нематода дернəсілі де ауру таратушы болып табылады. Мысалы, Longidorus жəне Xiphinema түрлеріне жататын нематода- лар темекі, қызанақ, таңқурайдың сақина дағын, шиенің жапырақ бұйрасын, жүзімнің буынаралық қысқару ауруын қоздыратын ви- рустарды таратады. Trichodorus жəне Paratrichodorus нематода түр- лері асбұршақтың ерте қоңырлану ауруын қоздырады.
Вирустар саңырауқұлақтармен де таралады. Olpidium туысына жататын саңырауқұлақтар өсімдік тамырында дамып, темекі мен қияр некрозының вирусын, темекінің ергежейлі вирус ауруын таратады. Polymyxa туысына жататын саңырауқұлақтар бидай мозаикасының, қызылшаның сары ауруының вирустарын тара- тады. Кейбір вирустар саңырауқұлақ денесіне (ішке) еніп, ал енді біреулері тынышталған спораның жəне зооспораның бетіне орнала- сып, өсімдікті залалдағанда вирусты да енгізеді. Көптеген вирустар сары шырмауық арқылы бір өсімдіктен басқасына тарайды.
Вирус ауруларының белгілері 5 топқа бөлінеді:

  • өсімдіктің өсуінің саябырлауы;

  • түрлі органдар түсінің өзгеруі;

  • органдар деформациясы;

  • некроздар;

  • репродуктивті қызметінің бұзылуы.

Өсімдіктің негізгі сабағының өсуі тежеліп, ергежейленіп жана- ма сабақтардың пайда болуы (сұлының қуыршақтануы), өркеннің жоғарғы буынаралығының қысқаруы (картоптың сыпырғышта- нуы).
Өсімдікте мозаика белгісі болған жағдайда жапырақ түсі өзге- ріп əшекейленіп, ашық-жасыл ұлпалар жасыл түспен араласып оты- рады. Мозаика жапырақ алақанының жүйке аралығында жүйкені бойлайды. Егер жапырақ түсі ашық-сары немесе ақ болса оны ау- куба мозаика, ал жапырақ беті түгел сары болса, онда сары мозаика дейді, сонымен қатар жолақ мозаика да болады (51-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет