Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-кесте Ауру қоздырғыштардың залалдайтын өсімдіктері



бет87/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
8-кесте
Ауру қоздырғыштардың залалдайтын өсімдіктері

ʋ

Ɍɭɵɫɬɚɪɵ

Ɍԛɪɥɟɪɿ

Ⱥɭɪɭɥɚɪɵ

ɋɵɪɬԕɵ ɛɟɥɝɿɥɟɪɿ

1 P

seudomonas

Ps. syringae

ɋԛɣɟɤɬɿ ɠɟɦɿɫɬɿɥɟɪ – ɧɟɤɪɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

Ps. lachrymans

Ԕɢɹɪ –
ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

Ps. phaseolicola

Ԛɪɦɟ ɛԝɪɲɚԕ – ɛԝɪɵɲɬɵ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

Ps. glycinea

Ɇɚɣ ɛԝɪɲɚԕ- ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

Ps. tabacum

ɒԝɛɚɪ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

2 X

anthomonas

X. campestris

Ʉɚɩɭɫɬɚ – ɬԛɬɿɤɬɿ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɫɨɥɭ

X.malvacearum

Ɇɚԕɬɚ – ɝɨɦɦɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

X.vesicatoris

Ȼɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ԕɚɪɚ ɞɚԕ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

X. beticola

Ɍɭɛɟɪɤɭɥɟɡ

ɿɫɿɤɬɟɪ

X. translucens

Ȼɢɞɚɣ – ԕɚɪɚ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ

ɞɚԕɬɵɥɵԕ

3 E

rwinia

E. amylovora

Ȼɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ɤԛɣɿɤ (ɤɚɪɚɧ- ɬɢɧɞɿ ɚɭɪɭ)

ԝɥɩɚ ɧɟɤɪɨɡɵ ɠԥɧɟ ɫɨɥɭ

E. carotovora

Ʉԧɤԧɧɿɫ, ɤɚɪɬɨɩ
– ɫɭɥɵ ɲɿɪɿɤ

ɫɭɥɵ ɲɿɪɿɤ

E. aroidae

4 C

lavi bacter

C.
sepedonicum

Ʉɚɪɬɨɩ –
ɫɚԕɢɧɚɥɵ ɲɿɪɿɤ

ɫɨɥɭ, ɲɿɪɿɤ

C.michiganense

Ԕɵɡɚɧɚԕ –
ɛɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ɪɚɤ

ɫɨɥɭ, ɞɚԕɬɵɥɵԕ

5 A

grobacterium

A. tumefaciens

ɀɟɦɿɫ- ɠɢɞɟɤɬɟɪ – ɬɚɦɵɪ ɿɫɿɝɿ

ɿɫɿɤɬɟɪ

6 B

acillus

B. mesentericus

Ⱥɫԕɚɛɚԕ ɬԝԕɵɦ- ɞɚɫ – ɛɚɤɬɟɪɢɹ- ɥɵ ɲɿɪɿɤ

ɲɿɪɿɤ

Бактериоздардың инфекциялық қоры жəне таралу жолдары


Бактерияның əртүрлі инфекциялық қоры болады. Фитопато- генді бактериялар тұқым, тамыржеміс, түйнек ішінде немесе сыр- тында сақталуы мүмкін. Соған байланысты отырғызылатын немесе тұқымдық материалдардың ішкі жəне сыртқы инфекциясы болып бөлінеді.


Сыртқы бактерия инфекциясы өнімді жинау кезінде залалдан- ған өсімдік ұлпасының бір бөлігі немесе тұқым, тамыржеміс жəне түйнектің бактериямен жанасуы арқылы жұғады.
Ал ішкі инфекция вегетациялық кезеңде өсімдіктің тұқым, жеміс түзуші мүшелерін қоректендіруші түтіктеріне бактерияның еніп, оны залалдау нəтижесінде пайда болады. Залалданған тұқым жəне басқа да материалдарды отырғызғанда, одан ауру өсімдік өсе- ді. Сондай-ақ, бактериоздар басқа жерлерге отырғызуға арналған материалдармен таралады.
Бактериоздардың инфекциялық қоры өсімдік қалдығында да сақталады. Бірақ табиғаттағы қалдықтарды шірітетін микроор- ганизмдер əсерінен өсімдік қалдығындағы фитопатогенді бакте- риялардың тіршілігі жойылады. Сондықтан бактериоз қоздырғы- шының өсімдік қалдықтарында сақталу мерзімі, қалдықтың ыдырау уақытына байланысты болады.
Көптеген фитопатогенді бактериялар топырақта ұзақ уақыт өмір сүрмей тіршілігін тоқтатады. Топырақтағы антогонистер – саңы- рауқұлақтар, актиномицеттер, бактериялар сияқты биологиялық факторлар немесе топырақтың физикалық қасиеттері (топырақ бө- ліктерінің көлемі, топырақ температурасы жəне ылғалдығы) фито- патогенді бактерияларға қолайсыз жағдайлар туғызып, олардың жойылуына себеп болады. Ал өсімдік қалдығында бактериялар топырақта ұзағырақ, яғни өсімдік қалдығы шірігенше сақталады.
Кейбір фитопатогенді бактериялар топырақта ұзақ уақыт сақ- талады. Мысалы, өсімдіктің солу ауруының қоздырғышы – Pseu- domonas solanacearum жəне тамыр рагының қоздырғышы – Agro- bacterium tumefaciens бактерияларының инфекция қоры топырақта сақталады.
Табиғатта кейбір бактериоз қоздырғыштары насеком денесінде сақталады. Пияз жəне капуста шыбындары денесінде сулы шірік тудырушы бактериялардың сақталатындығы анықталған. Көп-
теген топырақ насекомдары фитопатогенді бактериялардың тара- тушылары болып табылады. Мысалы, сымырлар.
Бактерия жауын тамшысы жəне ағын су (жайып суару кезінде) арқылы да өсімдіктен өсімдікке таралады.
Фитопатогенді бактерияларды анықтау əдістері:

  • аурудың сыртқы белгілері бойынша;

  • жасанды қоректік ортада бактериоз қоздырғышын жекелеу жəне таза культураның патогенділігін анықтау;

  • қоздырғышты микробиологиялық зерттеу, яғни бактерияның морфологиялық, культуралық, биохимиялық ерекшеліктерін талдау. Өсімдік ауруын қоздырушы актиномицеттер. Соңғы жүйелеу (Берджи, 1974 ж.) бойынша актиномицеттер бактерияларға топтас- тырылған. Бірақ, өздерінің морфологиялық жəне биологиялық ерекшеліктері бойынша актиномицеттер саңырауқұлақтар мен бак-

териялар арасындағы аралық топ болып саналады.
Бактериялар сияқты актиномицеттер прокариотты организмдер жəне сілтілі ортада жақсы дамиды (актиномицеттер мен бактерия- ларға қолайлы орта рН - 6,8-8,0).
Актиномицеттердің (көпшілігінің) вегетативті денесі саңырау- құлақ сияқты жіпшумақ (мицелий) деп аталады. Ол жан-жаққа сəуле тəрізді таралған, диаметрі 0,2-2,0 мкм жіңішке жіпшелерден тұрады. Актиномицеттер жіпшумақ үзіндісімен немесе оның жеке бөліктерге бөлінуі арқылы (оидиялар түзу) немесе негізгі жіпшу- мақтан таралған спора тасушы жіпшелерде түзілген споралар ар- қылы көбейеді (49-сурет).



1 2 3 4 5


49-сурет. 1, 2, 3, 4 – актиномицет спора тасушылары, 5 – ауру белгісі

Спора тасушы жіпшелер иректелген, бұралған (спираль) неме- се тік болады. Тік спора тасушылар, əдетте, қысқа, тікенек тəрізді, ал иректелген жəне бұралып түзілетіндері ұзын болады. Пішіні


сопақша, дөңгелек жəне таяқша тəрізді споралар спора тасушы жіпше бойында бір мезгілде түзіледі.
Актиномицеттердің түсі əртүрлі түске боялған немесе түссіз. Олардың ішінде көк, күлгін, қызыл-сары, сары, жасыл, бурыл кейде қара, т.б. түстерге боялғандары кездеседі. Жіпшумағы түссіз түрлерінің спора тасушы жіпшелері сұр, ақ, қызғылт, жасыл-көк, қоңыр немесе əртүсті болуы мүмкін.
Актиномицеттер гетеротрофты организмдер. Қоректік зат ре- тінде қанттар, органикалық қышқылдар, майлар, белоктар, амин қышқылдары жəне басқа да қоспаларды қолданады. Сондай-ақ, құ- рамында азоты бар заттар – нитраттар, аммоний тұздары, нитрит- тер, мочевина, т.б. қоректенеді.
Актиномициттердің көпшілігі топырақта, сабанда, көңде сап- рофитті өмір сүреді. Табиғатта өсімдік, жануарлар қалдығын ыды- ратады. Олардың қатарында өсімдік ауруын тудыратын қоздыр- ғыштардың белсенді антагонистері бар. Кейбір актиномицет түрі стрептомицин, биомицин, тетрациклин сияқты антибиотиктер алуда фармакологияда қолданылады. Адам мен жануарларда ауру туғызатын актиномицеттер де кездеседі.
Фитопатогенді Steptomyces scabies түрі картоп, қызылша, сə- біздің кəдімгі таз-қотырының қоздырғышы. Залалданған бөлікте ал- ғаш жара пайда болып, кейін беті бұдырланып қабыршақтанады.
Құмды, сілтілі, шірімеген сабаны мол көңде, ыстық ауа райы, мол ылғалдылықта қоздырғыштың зияндылығы артады.
Пысықтау сұрақтары

  1. Бактериялардың құрылысы, көбеюі жəне таралу түрлері.

  2. Фитопатогенді бактериялар топтарға қандай қасиетіне байла- нысты бөлінеді?

  3. Бактериялардың өсімдікке ену жолдары жəне оны залалдауда ферменттердің рөлі.

  4. Бактериоздарда түзілетін ауру белгілері.

  5. Бактериялардың инфекция қоры қайда сақталады?

  6. Актиномицеттердің вегетативті денесі жəне көбеюі.

  7. Актиномицеттердің саңырауқұлақтар мен бактерияға ұқсастығы.

  8. Актиномицеттердің өсімдікте туғызатын аурулары, олардың сыртқы белгілері жəне фармакологиядағы маңызы.

  9. Актиномицеттердің дамуына қолайлы жағдай жəне оның инфек- ция қоры.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет