Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. Монотрихтар, лофотрихтар, перитрихтар



бет85/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
46-сурет. Монотрихтар, лофотрихтар, перитрихтар

Кейбір фитопатогенді бактериялар өсімдіктің залалданған бө- лігінде шырыш (экссудат) түзеді. Оның түзілу себебі, кейбір фи- топатогенді бактериялар клеткасының сыртында шырыштанған (капсула) қабат пайда болады. Ол қабат бактерияны шашыраңқы жəне тік түскен күн сəулесінің əсерінен сақтайды.


Бактериялар өздерінің белгілері жəне ДНҚ-ның морфология- лық-биологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеледі (гомология).
М. В. Горленко бойынша (1966) бактериялар 4-5 қатарға бөлі- неді. Олардың ішінде маңыздысы (ауыл шаруашылығынды) Euba- cteriales қатары. Бұл қатардағы бактериялардың пішіні шар, бұрал- ған (спираль), таяқша тəрізді болып, бірнеше тұқымдасқа бөлінеді.

  1. Микобактериялар – Mycobacteriaceae – қозғалмайтын, талшы- ғы жоқ (Corynebacteriun, Aplanobacterium туыстары).

  2. Псевдомонадий – Pseudomonadiaceae – талшықтары қарама- қарсы орналасқан (Pseudomonas, Xanthomonas туыстары).

  3. Түйнекті – Rhyzobiaceae – таяқша тəрізді, талшықтары пери- трихиалды орналасқан (Rhyzobium, Agrobacterium туыстары).

  4. Кəдімгі бактериялар – Bacteriaceae – спора түзбейтін, тал- шықтары перитрихиалды орналасқан (Erwinia, Pectobacterium, Chro- mobacterium туыстары).

  5. Бацилла – Bacillaceae – спора түзетін, жылжымалы, таяқша тəрізді (Bacillus, Clostridium туыстары).

Фитопатогенді бактериялардың көпшілігі спора түзбейді. Спора түзетін бактериядан Baccillus mesentericus белгілі. Ол асқабақ, өрік, картоп, жүгері жəне басқа дақылдардың шірік ауруын туғызады.
Басқа бактериялар сияқты фитопатогенді бактериялар трифе- нилметан (үш фенилметан) қатарындағы бояуыштармен əртүрлі қа- тынаста болады. Бұл əдіс бактерияларды «Грам» бойынша бояу деп аталады (Грам ғалым, бактериолог). Фитопатогенді бактериялар- дың көпшілігі Грам бойынша боялмайды – оларды грам теріс (-) деп атайды.
Бактериоз қоздырғыштарының Грам (+) бойынша боялатын 30 түрлері белгілі – оларды грам оң (+) бактериялар дейді. Бұл топқа көбінесе Clavibacter туысының бактериялары жатады.
Фитопатогенді бактериялар жасанды қоректік ортада майда, жарқырайтын, шырышты, шеті тегіс кейде иректелген колониялар түзеді. Колониялардың түсі фитопатогенді бактериялардың бояуына (пигмент) байланысты болып, ақ немесе ақшыл-сұрдан сары түстің əртүрлі реңдеріне дейін ауытқиды. Соған байланысты фитопато- генді бактериялар боялмаған (ақ) жəне боялған болып ажыратылады. Барлық фитопатогенді бактериялардың өсімдік ұлпасы құра- мындағы белок, көмірсулар, хлорофилл, клетка жəне басқа да зат- тарды ыдырататын ферменттері болады. Көмірсуларды (глюкоза, сахароза, мальтоза, галактоза, крахмал) бактериялар ферменттері- мен газ жəне органикалық қышқылдарға дейін, сонымен қатар
клетчатканы (целлюлаза), хлорофилды (хлорофиллаза) ыдыратады. Кейбір фитопатогенді бактерияларда целлюлаза ферменті бол-
майды. Сондықтан олар жарақаттанбаған қабық арқылы өсім- дікке ене алмайды. Бұл жағдайда бактериялар өсімдікке оның та- биғи жолдары (көзшелер, леп саңлауы т.б.) немесе механикалық жарақаттар арқылы енеді.
Бактериямен залалданған өсімдік бөлігінде түсі ашық майлы дақтар түзіледі. Мұндай белгі бактерия енген бөлікте өсімдік хлоро- филы хлорофиллаза ферментінен ыдырауы нəтижесінде пайда бо- лады.
Бактериоздардың сыртқы белгісі əртүрлі (47-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет