Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет283/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Бухгалтерлік пайда
– айқын шығындарды төлегеннен кейінгі 
фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік 
пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік 
(айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.
2. Экономикалық пайда
– сатудан түскен жалпы түсім мен 
фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы 
айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы.
3. Қалыпты пайда
– сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың 
жалпы шығындарының теңесуін білдіретін нөлдік пайда.
4. Шекті пайда
– өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен 
қосымша түсім мен шекті шығындар арасындағы айырмашылықты 
білдіретін фирманың қосымша таза пайдасы.
Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:
Бірінші ереже:
фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды 
салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар 
арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы 
мейлінше артады.
Екінші ереже:
фирма шекті табыс пен шекті шығындарды 
салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:
- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе, 
онда ол өнім өндіруді қысқартады;
- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса, 
онда ол өнім өндіруді арттырады;
- егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда 
ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап жалпы пайдасын 
максималды деңгейге жеткізеді:
MR = MC.
Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды 
шарты болып табылады.


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет