Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет37/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.
0211-3is-mdk0301-lr3, 256-257 Алгоритмизация и программирования спецификация, РУП КМ06 , Курсач, Windows 10 сақтық көшірмесін қалай жасауға болад1, Доки по практике, Лабораторная работа

Растрлық кескіндер


Растрлық кескіндер – нүктелерден (растрлардан) тұратын кескін, нүктелердің түстерінен сурет пайда болады. Жүйе растрлық сурет файлын оқып, оны сызбада түрлі-түсті тӛртбұрыш ретінде қояды.

2.37-сурет


2.38-сурет


Растрлық кескіндермен жұмыс істеу үшін IMAGE (ИЗОБ) командасы қолданылады. Бұл команда Insert (Вставка) құлама мәзіріндегі Image Manager
(Диспетчер изображений) пунктінен шақырылады. Команда диалогтық терезені шақырады (2.37-сурет). Бұл терезеден Attach батырмасын басқанда экранда Select Image File (Выбрать файл изображения) диалогтық терезесі пайда болады (2.38 –
2.39-сурет
сурет). Бұл терезеде қажетті кескінді таңдаймыз, мысалы Домик. Енді осы кескінді ӛзіміздің сызбаға қоюға болады.
Ол үшін ОТКРЫТЬ батырмасын басамыз. Экранда келесі терезе ашылады: Image (Изображение) (2.39 - сурет).
Барлық параметрлерді енгізгеннен кейін ОК батырмасын басамыз. Сонда экранда кескін пайда болады.
2.40-сурет

    1. Ӛлшемдер

AutoCAD-та ӛлшемдер бір блокқа жинақталған бірнеше элементтерден құралады.
Бұл блокқа келесі элементтер кіреді:
ӛлшем мәтіні,
ӛлшем сызығы,
бағыттаушылар,
шығарма сызықтар.
Блок деп AutoCAD объектілерінің бір немесе бірнеше тобын айтады, олардың ортақ бір аты болады және бір объект ретінде қарастырылады.
Ӛлшемдердің негізгі түрлері:

  • Сызықтық ӛлшемдер,

  • Ординаттық ӛлшемдер,

  • Радиус,

  • Диаметр,

  • Бұрыштық,

  • Базалық,

  • Ӛлшем тізбегі,

  • Лездік шығарма сызық,

  • Шек,

  • Центр маркері,

  • Лездік ӛлшем.


2.41-сурет
Ӛлшемдік стиль деп AutoCAD-та ӛлшем блогының кескінін анықтайтын ӛлшем айнымалылары бекітілген топтарын атайды. Ӛлшем стиліндегі анықталатын ӛлшем айнымалылары тӛмендегідей параметрлермен басқарылады:

      • Ӛлшем және шығарма сызықтардың пішімі мен орны,

        • Ӛлшем сызықтарындағы стрелкалардың түрі мен ӛлшемдері,

        • Ӛлшем мәтінінің түрі мен ӛлшем сызығына қатысты орналасуы,

        • Ӛлшем бірліктерінің пішімі мен дәлдігі,

        • Ӛлшем элементтерінің глобалдық масштабы,

        • Шек мәндерін және оның параметрлерін енгізу және т.б.

Ӛлшемдік стильдерді жасау үшін және оларды ӛзгерту үшін Рзмстиль (dimstyle) командасы қолданылады. Бұл командамен экранға Dimension Style Manager (Диспетчер размерных стилей), яғни Ӛлшемдік стильдердің диспетчері атты диалогтық терезе шақырылады.(2.41-сурет). Осы диалогтық терезе арқылы ӛлшемдік стильдер жасалып және оларға ӛзгерістер енгізуге болады.


Ӛлшемдерді қою командаларын Dimension (Размеры) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасынан шақыруға болады.

2.42-сурет


AutoCAD жүйесінде барлық ӛлшемдер бастапқыда ассоциативті етіп орнатылады, яғни егер негізгі объектіні ӛзгертетін болсақ, онымен байланысты ӛлшемдер де ӛзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет