ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата02.10.2019
өлшемі39,25 Mb.
#49167
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
b2087
Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы

12

орташа жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 300-350 
мм,  ал  оңтүстігінде  — 170-200  мм-ден  аспайды.  Жылы  кезеңде 
түсетін  ылғал  эркелкі,  басым  бөлігі  жаздың  екінші  жартысына 
(негізінен  шілде  айына)  сәйкес  келеді.  Қысы  суық,  үзақтығы  5 
айға  дейін  созылады,  аз  қарлы,  күшті  желдермен  ерекшелене- 
ді.  Қар  қабатының  жүқалығынан  топырақтың  тоңазуы  терең. 
Облыстың  топырақтары  эртүрлі:  қаратопырақты  типтері  кэ- 
дімгі  орташа  қара  шірікті  жэне  шамалы  қарашірікті  оңтүстік 
каратопырақты аймағына, қара қоңыр топырақты типтері күңгірт 
қара  қоңыр  жэне  ашық  қара  қоңыр  топырақ  аймағына,  қоңыр 
(құба)  топырақ  типтері  Солтүстік  шөлейт  топирақ  аймағына 
ажыратылады.  Облыстың  ылғалдануы  немесе  гидротермиялық 
коэффициент!  (ГТК)  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  азая  бе- 
реді  (0,9-0,3  аралығында),  белсенді  температура  жиынтығы 
2100°С-дан (облыстың солтүстігінде) 3200°С-ға дейін (облыстың 
оңтүстігінде)  өзгереді,  ылғалдану  жағдайларына  қарай  облыс
аумағы 3 аймаққа бөлінеді:
1.  Құргақшылықты  аймақ  жылумен  қамтамасыз  етілуіне
байланысты екі ауданға -  орташа жылы аудан жэне жылы аудан
-   деп  ажыратылады;  қүргақшылықты  орташа  жылы  аудан- 
да  ГТК  -  0,8-0,9  және  белсенді  температура жиынтығы -  2100- 
2200°С,  жылы  кезеңде  155-205  мм.  ылғал  түседі  (Қарабалық, 
Ұзынкөл  аудандары  жэне  Мендіғара,  Федоров,  Денисов  әкім- 
шілік  аудандарының  солтүстік  бөлігі).  Бүл  агроклиматтық  ау­
дан  ылғалмен  барынша  қамтамасыз  етілген,  жылу  жағдайлары 
жаздық бидай, тары, дэнді бұршақ жэне т.б. дақылдарды өсіруге
қолайлы.
Құргақіиылықты  жылы  агроклиматтық  ауданда  ГТК
-  0,7-0,8,  белсенді  температура  жиынтығы  -   2200-2400°С,  ве- 
гетациялық  кезенде  орташа  көпжылдық  ылғал  мөлшері  — 135- 
180 мм. (Қарасу, Қостанай, Жетіғара аудандары ж.б.). Бұл өңірде 
егіншілік  каркынды  дамыған  жэне  дэнді  дақылдар,  күнбағыс
және т.б. дақыпдар өсіріледі.
2.  Өте құргақшылықты  аймақ,  ГТК-0,7  (солтүстігінде)0,5-
ге (оңтүстігінде) дейін, белсенді температура жиынтығы -  2300- 
2600°С  (Қамысты  ауданы,  Таран  ауданының  оңтүстік  жарты-
13

сы,  Науырзым  ауданының  солтүстігі  ж.б.).  Бұл  агроклиматтык 
аймақтың  бүкіл  аумағы  құрғақ  далалы  табиғи  аймақтың  шең- 
берінде  орналасқан,  мұнда  ылғалдану  ережесі  қатал,  вегета­
ция  кезеңінде  түсетін  ылғал  мөлшері  125-170  мм,  жылумен 
қамтамасыз  етілуі  орташа  жэне  ортадан  кеш  пісетін  бірқатар 
дақылдар,  оның  ішінде күнбағысты тұқымға,  сорттарын  өсіруге 
әбден жеткілікті.
3. Қүргаң аймақ жылуға  байланысты  екі  ауданға -  өте жылы 
жэне орташа ыстық—бөлінген. Қүргақ өте жылы агроклиматтық 
аудан  жартылай  шөлейтті  аймақ шеңберінде  орналасқан,  ГТК -
0,4-0,5  белсенді  температура  жиынтығы  -у2600-3000°С,  жылы 
кезеңдегі  түсетін  ылғал  мөлшері  -   100-135  мм.  (Наурызым  ау- 
данының  оңтүстік  жартысы  Жангелді  ауданының  солтүстігі, 
Амангелді  ауданының көп бөлігі).  Мүнда егіншілік тек қана су- 
армалы  жағдайда  жүргізілу  мүмкіндігі  бар.  Құргақшылықты 
орташа  ыстық  ауданда  ГТК  -   0,3-0,4,  белсенді  температура 
жиынтығы  -   3000-3200°С,  жылы  кезеңдегі  жауын-шашын  мөл- 
шері - 70-110 мм.  (Амангелді ауданының оңтүстік батысы, Жан- 
гелді ауданының оңтүстігі), негізінен мал шаруашылықты өңір.
Солтустік-Казакстан  облысы.  Облыс  аумағы  Батыс  Сібір 
ойпатының  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан,  негізінен  рельефі 
жазықты  жэне  кэдімгі  қара  топырақты  өңір,  ылғалдану  жэне 
жылумен  қамтамасыз  етілу  жағдайлары  бойынша  облыста  екі 
аймак  ажыратылған:  орманды  дала  солтүстік  (ГТК  -  >1,0) 
жэне  оңтүстік  (ГТК  -   0,8-1,0)  орманды  дала  жэне  орташа 
қургақшылықты  далалы  аймақ  (ГТК<0,8).  Облыс  климаты 
континенталды, қысы суық, қар қабаты орта есеппен 5 айға дейін 
жатады,  күшті  желді,  жазы  ыстық.  Орташа  жылдық  жауын- 
шашын 317 ден (Петропавл маңы) 340 мм-ге дейін (Булаев маңы) 
жэне  барынша  көп  мөлшері  салыстырмалы  түрде  біркелкі  түсе 
отырып жазғы кезеңге сәйкес келеді. Алайда облыстың оңтүстік 
аудандарында  300  мм-ден  кем  ылғал  түседі  де  құрғақшылыққа 
ұрындырады.  Түрақты  қар  қабаты  қараша айының  бірінші  жар- 
тысында  калыптасады  жэне  орташа  қалыңдығы  20-30  см-ден 
аспайды,  ауа бозқырауы  15-25  мамырда аяқталады,  алайда мау- 
сым  айында  да  қайталануы  ықтимал.  Аязсыз  кезең  ұзақтығы  -
14

110-130 тэулік. Жауын-шашынның барынша көп мөлшері жазғы
ЛЖ
кезеңге  сэйкес  келеді,  ең жоғарғы  деңгейі  шілде  айында  (59-81 
мм) байқалады.
Айта  кету  керек,  кұрғақшылық  жылдары  жауын-шашын 
мөлшері күрт азайып кетеді,  ал жауынды жылдары — көпжылғы 
орташа көрсеткіштен үш есеге дейін, тіпті одан да көп мөлшер- 
де түседі.  Алғашқы күзгі бозқыраулар эдетте қыркүйектің орта- 
сына  қарай,  жекелеген  жылдары  тіпті  тамыз  айында  түседі. 
Ерте  күзгі  бозқыраулар  астық  дақылдарының  толысу  кезеңінде 
дэнді  аяз ұрып,  оның сапасын  күрт төмендетуі  мүмкін  (клейко­
вина  мөлшерінің  азаюынан).  Ауыл  шаруашылыгы  дақылдарын 
ойдағыдай өсіріп,  мол өнім алу жолында климат ерекшеліктері- 
мен  қоса,  топырақ  жағдайларының  да  рөлі  зор.  Жоғарыда  атап 
өтілгендей,  Солтүстік  Қазақстан  облысында  кэдімгі  қара  то- 
пырақтар кең тараған.  Мүнда топырақ түзуші жыныстарға ауыр 
саздақтар  жатады.  Кэдімгі  топырақтар  типшелерінің  арасын- 
да  карбонатты  жэне  сортаңды  түршелері  ажыратылады.  Бұл 
топырақтар  суөткізгіштігінің  аздығымен,  нашар  аэрациясымен 
және  жоғары  су  сиымдылығымен  ерекшеленеді.  Бұл  қасиеттер 
коктемгі  кезенде  жыртынды  жерлердің ұзақ уақыт  сазды  күйде 
болуына үрындырады да себу алдындағы жэне себу жүмыстарын 
дер  кезінде  жүргізуге  кедергі  келтіреді.  Топырақты  себуге  да- 
йындағанда дақылдардың аталған ерекшеліктерін  ескеруге тура
келеді.
Солтүстік  Қазақстан  облысында  бұрынғысынша  негізінен 
жаздық  бидай  өсіріледі,  ал  соңғы  жылдары  диверсификация 
нәтижесінде майлы дакылдар егістігі (оның ішінде майлы рапс, 
күнбағыс) жэне басқа дақылдар кеңінен өсірілуде.
Павлодар  облысы  үш  агроклиматтық  аймақты  біріктіреді: 
орташа құрғақшылықты, қүргақшылыкты жэне құрғақ.
1. 
Орташа  құргаңшылықты  аймақта  ГТК>0,8,  жауын-ша- 
шын орташа бір жылда -  260-310 мм, жылдың жылы уақытында 
220-245  мм,  ал  пәрменді  вегетация  кезеңінде  (мамыр-шілде  ай- 
лары) -   120-140 мм.  ылғал түседі.  Оң температура жиынтығы -  
2200°С дейін, аязсыз кезеңнің ұзақтығы -  3,5 ай, қыстың соңына 
қарай  қар  қабатының  қалыңдығы  -   20-25  см.  (Ертіс,  Өспен
15

аудандарының солтүстігі,  Железин жэне  Қашыр  аудандары;  бұл 
аймаққа  Баянауыл  ауданының  таулы  бөлігі  де  кіреді,  ал  мұнда 
аязсыз  кезең  ұзақтығы  4  айға  жетеді,  белсенді  температура 
жиынтығы — 2450°С,  жылдық орташа жауын-шашын  мөлшері -  
300-310  мм.  жэне  жылы  кезеңде  оның 240-245  мм,  ал танаптық 
дақылдардың  пәрменді  вегетациясы  кезеңінде  -   120-125  мм. 
ылғал түседі).
2.  Құргақшылықты  аймақтың  жылдық  орташа  жауын-ша­
шын  мөлшері  -   230-260  мм,  жылы  кезеңде  -   180-220  мм,  ал 
пәрменді вегетация кезеңінде (мамыр-шілде) -  90-120 мм ылғал 
түседі.  Оң температура жиынтығы  (>0°С) -   2200-2450°С, аязсыз 
кезең -  4 ай, қыстың соңына қарай қар қабатының қалыңдығы -  
15-20  см  (Ертіс  ауданының  оңтүстік  бөлігі,  Актоғай  ауданының 
солтүстік жартысы, Қашыр жэне Өспен аудандарының оңтүстігі, 
Павлодар ауданының солтүстігі,  Шарбақты, Лебяжье аудандары 
мен Баянауыл ауданының орталық бөлігі).
3. Құргаң аймақ (Ақтоғай, Павлодар аудандарының оңтүстігі, 
Ақсу жэне  Май  аудандары,  Баянауыл  ауданының солтүстігі мен 
шығыс  бөлігі).  Орташа  жылдық  жауын-шашын  мөлшері  -  230- 
190  мм,  жылы  уақытта  —  145-180  мм,  ал  ауыл  шаруашылығы 
дақылдарының  пәрменді  вегетация  кезеңінде  (мамыр-шілде)  -  
70-90 мм. ГТК - <0,5, аязсыз кезең 4 айдан артық, қар қабатының
қалыңдығы  15 мм-ден төмен.
Облыстың  жер  бедері  (рельефі)  екі  бөлікті  —  Солтүстік- 
шығыс  жэне  Оңтүстік-батыс  -   біріктіреді;  Солтүстік-шыгыс 
бөлігі  терең  жэне  көптеген  қазан-шұңқырлы  көлдері  бар 
кэдімгі  жазықтықпен,  еңкіш  төбешіктер,  қырлармен  сипаттала- 
ды  жэне  облыстың  бұл  бөлігі  Ертіс  бойы  жазықтықты  түзеді, 
оның  теңіз  деңгейімен  есептегендегі  биіктігі  негізінен  100-ден 
120-150  м-ге  дейін  өзгереді;  Оңтүстік-батыс  бөлігі  қазақтың 
үсақшоқыларына  жатады  жэне  теңіз  деңгейінен  200-250-ден 
300-350  м-ге  жоғары  жатыр.  Топырақтары  4  аймақшаға  (под­
зоны) бөлінген:  бірінші  аймақша облыстың ең солтүстік бөлігін 
алып  жатыр,  ол  өзіне  аздау  қарашірікті  карбонатты  жэне  сор- 
таңдау  қаратопырақтарды  біріктіреді;  оңтүстігіне  қарай  шама- 
лы  қарашірікті  сортаңдау  күңгірт  қара-қоңыр  топырақтардың
16

екінші  аймақшасы  (подзона)  орналасқан,  олар  негізінен  орташа
К-*
жэне  жеңіл  саз  топырақтар;  одан  әрі  қараи  шамалы  қарашірік- 
ті  тереңірек  қайнайтын  (вскипающая)  қүмдақ  нашар  дамыған 
қара-коңыр  топырақтар  (үшінші  аймақша)  жалғасады  (Ертіс 
өзенінің  сол  жағалауы);  ашық  қара-қоңыр  топырақтардың  төр- 
тінші  аймақшасы  Май  ауданының  солтүстік  бөлігін  қамтиды. 
Бұл  облыста  барынша  құнды  жэне  құнарлы  топырақтарға  қара 
жэне  қара-қоңыр  топырақтар  жатады  (бірінші  жэне  екінші  ай- 
мақшалар).  Ол  жерлерде  дэнді  дақылдарды  (бидай,  арпа,  сұлы, 
қарақұмық,  тары)  ойдағыдай  өсіруге  болады.  Үшінші  жэне
төртінші  аимақшалар  топырақтарының  механикалык  кұрамы  -  
жеңіл, кұндылығы шамалы, құнарлығы төмен.
Онтүстік Казакстан. Алматы облысы бұл аймақтың негізгі 
өңірінің бірі. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. 
Ауылшаруашылық  жерлері  8,2  млн.  гектарды  немесе  бүкіл 
аумағының 37% алып жатыр, оның ішінде жыртынды өнделетін 
жерлер  962  мың  га.  (12%).  Табиғи-климат  жағдайларының 
эртүрлілігі  облыс  аумағын  алты  табиғи-шаруашылық  аймаққа 
жіктеуге  мүмкіндік  береді:  (нивалды)  аймақ,  биік  таулы,  таулы 
жэне  аласа  таулы,  таулы-далалы,  тау  етегілі  (предгорная)  шө- 
лейтті дала жэне шөлейтті аймақтар. Егіншілік бағытында олар- 
дың төртеуінің маңызы бар.
Таулы  жэне аласа  таулы  аймақ.  Бүл  өтпелі  ылғалмен  қам-
тамасыз етілген аимақ, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 
380-640 мм, негізінен таулы кара топырақтар, күңгірт жэне ашық 
қара-қоңыр  биік  таулы  беткейлер,  шалғынды  қара-қоңыр  жэне 
таулы  ашық  қара-қоңыр топырақтары  кең тараған,  бүл  аймақта 
масақты дэнді дақылдар жэне т.б. ойдағыдай өсіріледі.
Таулы-далалы  аймақ  суармалы  және  тәлімі  егіншілік  айма- 
ғы  болып  табылады.  Мүнда  орташа  жылдық  атмосфералық 
ылғал мөлшері  340-540 мм.  Бұл аймактың топырақ бедері меха­
никалык  кұрамы  эртүрлі  болып  келетін  топырақ  типтерімен 
ерекшеленеді.  Орташа  қарашірікті  жэне  шамалы  қарашірікті
таулы қара топырақтар дэн (зернистой) 
~  
___
тамасыз етілген тэлімі  жерлер топырактррЧтйед^й^ҢШіЗДІ
нымен қатар таубеткейлі күңгірт жэне а
2-615
17
Мірро-ф Бцйр?
атындағы  ғылыми
К ІТ А П Х А Н А О

шалғынды,  топырақтар  де  біршама  тараған.  Бұл  өңірде  масак- 
ты  дэнді  дақылдар,  техникалық жэне т.б.  ауылшаруашылық да- 
қылдары кеңінен өсіріледі.
Тау  етегі  шөлейтті  дала  аймагы  суармалы  жэне  тәлімі 
егіншілікті  өңірге  жатады,  орташа жылдық жауын-шашын  мөл- 
шері  220-400  мм,  ашық  қара  қоңыр,  сұр  жэне  шалғынды  сұр 
топырақты.  Суармалы  егіншіліктің  негізгі  өсіретін  дақылдары 
күздік  жэне  жаздық  бидай,  жүгері  астыққа,  қант  қызылшасы 
және т.б.
Шөлейтті аймақ өңірдің тау беткейлі жолағының Солтүстік 
бөлігін  алып  жатыр,  орташа  жылдық  жауын-шашын  айтар- 
лықтай  емес  жэне  120-200  мм.  аралығында  өзгереді.  Мүнда 
шөлейтті формацияға тэн -  сұрғылт-қоңыр, қоңыр, тақыртектес, 
сортаң жэне сор топырақтар кең тараған. Бүл аймақта ауыл шар- 
уашылық  дақылдарын  суарылмайтын  жағдайда  өсіру  мүмкін 
емес.  Аздаған  суармалы жерлерде дэнді дақылдар  (арпа,  бидай, 
сүлы)  жэне  т.б.  Бүл  аймақта  күріш  өсіруге  көп  көңіл  бөлінеді. 
Қаратал,  Ақдала суармалы  өңірлерінде оның егістігі 20 мың га­
га дейін жетеді.
Агроклиматтық  аудандастыру  бойынша  (вегетациялык  ке- 
зеңнің  ылғалмен,  жылумен  қамтамасыз  етілуіне  қарай)  облыс 
аумағы бес аймаққа ажыратылады:
1.  Өте  құргақ,  ыстық  жазықты  аудан.  Мүнда  гидротер- 
миялық коэффициент -  0,3-тен төмен. Климатының негізгі ерек- 
шеліктері -  қысы суық, жазы аптап құрғақ, ыстық, жауын-шашын 
мөлшері өте аз деңгейде жэне біркелкі түспейді, көктемде небәрі
20-30  мм,  ал  күзде -   15-20  мм.  ғана,  түрақты  қар  қабаты  80-95
тэулік қана сақталады, күшті желдер жиі  болып түрады.  Аязсыз 
кезең үзақтығы -   135-165 тэулік.
2.  Құргақ,  ыстық  жазықты  аудан  (ГТК -   0,3-0,5).  Облыс- 
тың  үлкен  аумагын  қамтиды.  Климаты  континенталдығымен 
жэне  құрғақшылығымен  ерекшеленеді.  Жылдық  орташа  жа­
уын-шашын  мөлшері  200-250  мм,  одан  ауаның  температурасы 
10°С-дан  жоғары  кезеңде  түсетіні — 100-150  мм.  Оң температу­
ра жиынтығы  3200-3500°С  аралығында  өзгереді,  орташа  аязсыз 
кезеңнің  үзақтығы  -   140-170  тэулік,  қар  қабаты  80-100  тэулік
18

сақталады. І-ІІ -  аймақта орташа көп жылғы көктемгі соңғы боз-
қыраудың байқалуы — 15.04-05.05.
3.  Өте  құргақшылықты  тау  беткейлі  -   жазықты  ау­
дан  (ГТК  -   0,5-0,7)  таулы  беткейлер  мен  етектерін  қамтиды, 
түрақсыз  климат  жағдайларымен  сипатталады,  оң  температура 
жиынтығы  3000-3500°С,  осы  кезеңде  150-200  мм  ылғал  түседі, 
қар қабатының жиынтық ылғалы 35-70 мм-ден аспайды. Аязсыз 
кезең ұзактығы -   150-180 тэулік,  көктемгі соңғы  аяз  (бозқырау) 
сэуірдің  15-30 аралығында байқалады.
4.  Құргақшылықты  таубеткейлі аудан  (ГТК -  0,7-1,0).  Бұл 
салқын,  ылғалмен қамтамасыз  етілген  аудан.  Белсенді темпера­
тура (10°С-дан жоғары) жиынтығы 2100-2300°С жэне осы кезең- 
де түсетін ылғал мөлшері  175-250 мм, аязсыз кезеңнің ұзақтығы
-   120-150  тэулік,  ал  жылдық  жауын-шашын  -   350-550  мм,  қар 
қабаты 85-105 тэулік сақталады жэне оның ылғал мөлшері -  45- 
80 мм. Соңғы көктемгі бозқырау 15 сәуір -  15 мамыр аралығында 
байқалады да, аязсыз кезеңнің ұзақтығы -  125-180 тэулік.
5.  Таулы  аймақ  (ГТК>1,0).  Вегетациялық  кезеңде  түсетін 
ылғал  мөлшері  175-тен  300  мм-ге  дейін  өзгереді  жэне  тау 
биіктігі  артқан  сайын  одан  да жоғары.  Тұрақты  қар  қабаты  100 
тәуліктен  аса  жатады,  ал  мұндағы  ылғал  мөлшері  60-210  мм 
аралығында өзгереді. Соңғы көктемгі бозқырау (көпжылғы орта­
ша көрсеткіш) 20-мамырда және одан кешірек байқалады да, аяз­
сыз кезең ұзақтығы  130 тэулікті құрайды.
Жамбыл  облысы.  Облыста  ауылшаруашылығының  негіз- 
гі  саласы  өсімдік  шаруашьшығы  болып  табылады.  Тәлімі  жер- 
лерде дэнді дақылдар кеңінен  өсіріледі,  алайда барынша бейім- 
делгені  —  күздік  бидай.  Ол  облыстың  барлық  аудандарында 
өсіріледі. Сонымен қатар облыс аумағында жаздық бидай, жүгері 
астыққа,  тары,  майлы  дақылдар  жэне  басқалары  да  өсіріледі. 
Агроклиматтық  аудандастыруға  байланысты  облыс  аумағы  бес 
аймаққа  -   шөлейтті,  тау  бөктерлі  шөлейтті  -   далалы,  тау  бөк- 
терлі  далалы  жэне  таулы  далалы,  таулы  жэне  аласатаулы,  биік-
таулы аимақтар -  деп оөлінген.
1. 
Шөлейтті  аймақ  өңірдің  солтүстік  бөлігін  алып  жатыр 
(Сарысу,  Талас  ж.б.).  Шөлейтті  формациялардың  топырақтары
19

(ашық  тақырлы  сұр,  сортаң  жэне  сор  топырақтар,  (ГТК  -   0,1-
0,2)  кең тараған,  белсенді  температура  жиынтығы  3200-3400°С,
орташа жылдық жауын-шашын мөлшері  120-170 мм ғана, аязсыз
кезеңнің  ұзақтығы  -   140-160  тэулік.  Мұнда  негізінен  тұрақсыз
сипаттағы  суармалы  егіншілікте жаздық дэнді  дақылдар,  күздік
бидай,  жүгері  (астыққа),  қант  қызылшасы  (зауыттық)  және  т.б. 
өсіріледі. 

и 
н
2.  Таубөктерлі  шөлейтті дала  аймагы  таубөктерлі  жазык- 
тықты  қамтиды  (Жамбыл,  Бидайық,  Шу  жэне  т.б.  аудандардың 
негізгі  жер  аумағы),  ГТК -   0,2-0,3,  негізінен  ашық  қара  коңыр, 
сұр  жэне  шалғынды  сұр  топырақтар  кең  тараған,  суармалы 
егіншілік  аймағы  жэне  мұнда  жаздық,  күздік  бидай,  жүгеріні 
астыққа,  зауыттық  қант  қызылшасын  ж.б.  дақылдарды  өсіреді. 
Белсенді температура жиынтығы -  3000-3500°С, орташа жылдық 
жауын-шашын  мөлшері  — 250-300  мм,  аязсыз  кезең үзақтығы  — 
150-180 тэулік.
3.  Таубөктерлі далалы  жэне таулы  далалы  аймаң  суарма­
лы  және  тэлімі  (богарное)  егіншілік  аймағы  болып  табылады. 
Әртүрлі механикалық қүрамы түрлі топырақ типтері таубөктерлі 
күңгірт  жэне  ашық қара-қоңыр,  шалғынды  қара  қоңыр,  күнгірт 
шалғынды  топырақ  түршелерімен  тараған.  Аймақ  негізгі  егін- 
шілік  аумағын  алып  жатыр,  ГТК — 0,3-0,5,  белсенді  температу­
ра  жиынтығы  -   2400-3000°С,  орташа  жылдық  атмосфералық 
жауын-шашын  320-540  деңгейінде,  ал  аязсыз  кезең  ұзақтығы 
|   130-170 тэулік.  Дэнді  (күздік жэне  жаздық бидай,  арпа,  тары, 
жүгері  астыққа),  техникалық  (зауыттық қант  қызылшасы)  жэне 
т.б. дақылдар өсіріледі. 

і
4.  Таулы  және  аласатаулы  аймақ  өңірдің  оңтүстік-шығыс 
бөлігінде  орналасқан  (Жуалы  ауданы,  Мерке  ауданының  оңтүс- 
тігі  жэне  т.б.).  Бүл  аймақ  салқын,  ылғалмен  қамтамасыз  етіл- 
ген  күңгірт  сүр,  ашық  қара  қоңыр  жэне  шалғынды  қара  қоңыр 
топырақтарда  орналасқан.  Мүнда  басқа  аймақтарға  қарағанда 
жыл  бойы  жэне  өсімдіктердің  вегетациясы  кезеңдерінде  ылғал 
көп  түседі  жэне  орташа жылдық мөлшері  380-640  мм-ді  құрай- 
ды,  ал оң температура жиынтығы 2000-2700°С-дан жоғары,  аяз­
сыз кезең үзақтығы  100-130 тэулік, ГТК>0,7. Қолайлы жағдайлар
20

жаздық дэнді  дақылдардан,  қант  қызылшасы  мен  басқа дақыл- 
дардан жоғары өнім алуға мүмкіндік береді, оның үстіне жазықты 
аймақтарға қарағанда суару саны аз қажет етіледі.
Кызылорда  облысынын  климаты  күрт  континенталды,  жа- 
зы  ыстық  жэне  үзақ,  аязсыз  кезең  үзақтығы  -   160-205  тэулік,
құрғақшылықты  жылдық  орташа  жауын-шашын  мөлшері  100- 
150  мм-ден  аспайды,  оның жартысынан астамы қыс-көктем ке- 
зеңіне  сәйкес  келеді,  қар  қабаты  70-90  тэулік  сақталады  және 
орташа қалындығы  10-25 см, ал оның ылғал қоры 30-60 мм. Об- 
лыс бойынша төрт агроклиматтық аймақ ажыратылады.
1.  Өте  қургақ және  ыстық  аудан  облыстың  негізгі  бөлігін
алып  жатыр,  ГТК  жэне  ылғалдану  коэффициенті  -   0,1-0,3, 
белсенді  температура  жиынтығы  3400-4000°С.  Аязсыз  кезеңнің 
орташа  ұзақтығы  -   160-205  тэулік.  Соңғы  көктемгі  бозқырау 
сәуір  айының  бірінші  онкүндігінің  соңы -  үшінші  онкүндігінің 
басында  тоқтайды.  Аймақтың  жылу  ресурсы  көптеген  а.ш.  да- 
қылдарының  пісіп  жетілуіне  мүмкіндік  береді,  алайда  оларды 
өсіруді ылғал жетімсіздігі шектейді.
2.  Сырдария  ауданы маңы -  негізгі  егіншілікті  аудан, ГТК -
0,1-0,3, көктемгі бозқырау сәуірдің екінші онкүндігінде аяқтала- 
ды, аязсыз кезең ұзақтығы -   175-200 тэулік. Жазы ыстық, ылғал 
аз түседі жэне ауыл шаруашылығы дықылдарының белсенді өсу 
кезеңдерінде  35-75  мм-ден  аспайды.  Облыс  климаты  суармалы 
жағдайда  күріш  және  басқа  а.ш.  дақылдарын  өсіруге  барынша 
қолайлы.
3.  Өте  құргақшылықты  және  өте  ыстық  аудан  -   негізгі 
малшаруашылықты  өңір,  мүнда  атмосфералық  жауын-шашын- 
ның  аздығынан  егіншілікті  жүргізу  өте  қиын,  ГТК  -   0,1-0,3, 
белсенді температура жиынтығы -  4000-4300°С.
4.  Құргақ  таубөктерлі  аудан  тэлімі  жерлерде  де,  суарма­
лы  егіншілікте  де  климат  жағдайлары  бойынша  көптеген  ауыл 
шаруашылығы  дақылдарын  өсіруге  қолайлы,  ГТК  -   0,3-0,4, 
белсенді температура жиынтығы 3700-3800°С.
Онтүстік  Казакстан  облысы.  Облыста  төмендегідей  егін- 
шілікті аймақтар бөлінген:
21

1.  Шөлейтті  аймақ  (Созақ,  Отырар,  Шардара  аудандары- 
ның  аумағы).  Климатының  негізгі  ерекшелігі  -   күрт  континен- 
талды, атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы, ауаның 
құрғақтығы,  пәрменді  булануы  мен  өте  жоғары  күн  сәулесінің 
қуаттылығы  (инсоляциясы).  Белсенді  температура  жиынты- 
ғы  3500-3800°С-дан  (Бетпақцала,  Мойынқұм  шөлдері)  4200- 
4600°С-ға  дейін  (Қызылқұм  өңірі)  өзгереді.  ГТК  -   0,14-0,30,
аймақ типшелеріне  байланысты  орташа жылдық жауын-шашын
мөлшері  135-150-ден  165-200  мм-ге  дейін  өзгереді,  аязсыз 
кезең  ұзақтығы  -   165-190  тэулік.  Аймақтың  топырақтары  -  
тақыртектес сұр, сортаңды, ашық сұр жэне шалғынды сұр түрде 
болып келеді.  Өсімдік шаруашылығы саласында Қызылқұм мен 
Сырдария  өзенінің  арасындағы  кеңістік  суармалы  жағдайда, 
әсіресе мақта өсіруде, келешегі зор аймақ.
2.  Суармалы  егіншілік  аймагы  (Сарыағаш,  Ордабасы,  Түр- 
кістан аудандарының басым бөлігі). Мүнда негізінен мақта өсім- 
дігі  өсіріледі.  Жазы  ыстық  жэне үзақ,  жылы  кезеңнің үзақтығы
-  175-215 тэулік, белсенді температура жиынтығы -4300-4500°С
қүрайды,  жылдық  орташа  жауын-шашын  мөлшері  180-200-ден 
200-300  мм-ге  өзгереді.  Ашық жэне кэдімгі  сүр топырақтар  кең 
тараған. Аймақтың ерекшелігі -  жылудың, су көздерінің, суаруға 
қолайлы  үлкен  аумақтың  молдығы.  Бүл  аймақ  мақта  өсімдігін 
жэне басқа жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге қолайлы.
3. Таулы-қыратты аймақта (Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәй- 
дібек  аудандары  жэне  т.б.)  суармалы  егіншілік  күшті  дамыған. 
Аймақ  қыстың  қысқалығымен,  жаздың  ыстық  жэне  ұзақтығы- 
мен  ерекшеленеді,  ГТК -  0,5-тен жоғары,  белсенді температура 
жиынтығы  — 3200-4200°С.  Жылдық  жауын-шашынның  мөлше- 
рі  аймақ  ерекшеліктеріне  байланысты  400-900  мм  аралығында 
өзгереді,  ал  аязсыз  кезең  үзақтығы  -   185-200  тэулік.  Аймақта 
тэлімі  (богарное)  егіншілік  дамыған  жэне  біршама  суармалы 
егіншілік  жүргізіледі,  ашық  сұр  жэне  оңтүстік  сүр  топырақтар 
басымдыққа ие.
4.  Мырзашөл  аймагы  Мақтарал  ауданының  игерілген  суар­
малы  жерлерін  қамтиды.  Климаты  күрт  континенталды,  жазы 
ыстық, ылғал аз түседі, аязсыз кезеңнің үзақтығы -  200-230 тәу-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет