ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата02.10.2019
өлшемі39,25 Mb.
#49167
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
b2087
Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы

33

қысқа  гүлдену  кезеңді  жэне 
жаппай  пісетін  өсімдіктер  (би­
дай,  күнбағыс,  зығыр,  т.б.); 
гүл  шоғыры 
сабақтьщ  өсу
нүісгесінің  оқшаулануы  (диф- 
ференциясы)  есебінен  түзіледі 
және 
гүлдегеннен  кейін  өсуі 
тоқтайды;
ұзақ гүлдену  кезенді  жэне  пісуі 
созылыңқы  өсімдіктер  (қара- 
құмық,  асбұршақ,  кант  қызыл- 
шасы, 
бақшалық 
дақылдар 
т.б.):  бұларда  гүл  шоғыры  жа- 
пырақ 
қолтығында 
түзіледі, 
ал  сабақтың  өсу  нүктесі  веге- 
тативті  жэне  генеративті  түрде 
түзіледі да өсіп-жетілудің (веге- 
тациясының)  соңына  дейін  со- 
зылуы  мүмкін  (құрғақшылық 
соққанға дейін немесе бозқырау- 
үсік ұрғанға дейін).
Танаптық  (екпе)  дақылдардың  дамуы  мен  өнімін  басқару 
жөніндегі осы заманғы білім жүйесі көп жылдардағы нақты зерт- 
теулермен  белгіленген  объективті  заңдылықтарды  біріктіреді. 
Ондай заңдылықтарға (заңдарға) мыналар жатады:
1.  Өсімдіктің тіршілік факторларының тепе-теңдік және 
алмастыруга  жатпайтындыгы  заңы.  Оның  мэні  мынада: 
өсімдіктердің  қалыпты  тіршілік  қызметіне  эсер  ететін  фактор- 
лар  тепе-тең  дәрежеде  болады,  белгілі  бір  факторды  (мәселен 
қоректік заттарды) екінші бір фактормен (ылғалмен) алмастыруға
болмайды.
2.  Минимум  немесе  шектеуші  (тежеуші)  фактор  заңы. 
Бұл  заңға  сәйкес  топырақтың  тиімді  құнарлығын  сақтау  үшін
/
-гүлдену
ұзақтығына
қарай
34

өнімді  қалыптастыруға  өсімдіктермен  шығындалған  заттар- 
ды  (элементтерді)  топыракқа  енгізіп  отыру  қажет.  К.  Маркс 
кайтарым  заңының  ашылуын  Ю.  Либихтің  бірден-бір  өшпес 
еңбегіне жаткызды,  ал  К.  А.  Тимирязев  пен Д.  Н.  Прянишников 
бұл заңды ғылымның ұлы жетістігі деп атады.
3. 
Факторлардың жиынтық (қосынды) эсер заңы. Бұл заңға 
сәйкес  өсімдіктердің  жоғары  өнімділігін  әртүрлі  факторлардың 
оңтайлы  ара  қатынасы  ғана  қамтамасыз  етеді,  ал  ол  эр  аймақта 
эртүрлі болуы мүмкін.
Өнім өсімдік тіршілігінің жиынтык нәтижес:.  немесе барлық 
факторлардың қосынды әсерінің интегралды шамасы.
Аталган заңдардан мыналар туындайды:
1.  Кез  келген  дақылдың  жоғары  өнімін  өсімдіктерді  барлық 
қажетті  факторлармен  бір  мезгілде,  үздіксіз  жэне  жеткілікті 
мөлшерде қамтамасыз еткенде алуға болады.
2. Әрбір фактордың (агрошараның) тиімділігі өсімдіктің басқа 
факторлармен жақсы қамтамасыз етілуіне қарай арта береді.
3.  Әрбір  түр  (сорт)  қоршаған  орта  жағдайларына  эртүрлі 
деңгейде  бейімделеді  жэне  жеке  даму  заңдарына  сәйкес  онім 
қалыптастырады,  ал  оның  негізіне  өсімдіктердің  тұкым  қуа- 
лаушылық  жэне  биологиялық  ерекшеліктерімен  тығыз  бай- 
ланысқан озіндік ерекше зат алмасу түрі жатады.
4. Өсімдіктің эрбір түріне (сортына) дамуының эртүрлі кезең- 
дерінде эртүрлі кешенді факторлар қажет.
5.  Өсімдік  шаруашылығында осімдіктердің  қажетсінуін  білу, 
даму  заңдылықтарын  ашу  жэне  оларды  білгірлікпен  пайдалану 
бастапқы  шарт,  басқаша  айтқанда  орта  жағдайларын  агротех- 
никалық  жолдармен  басқару  тетігін  іздеу  (тиісті  сорттарды
таңдай отырып) болып табылады.
Жоғары  сапалы  мол  өнімдерді  кешенді  ғылыми  негізделген 
агротехниканы қолданып алуға алуға болады.  Мұны осімдіктер- 
дің кажетсінуі мен жергілікті жағдайларға сәйкес белгілі бір рет- 
пен тығыз байланысқан дұрыс агрошаралар жүйесін қолдану деп 
түсінген жон.
35

Танаптық  дақылдарды  өсіру  технологиясының  (агротех 
никасының) негізгі элементтері жэне егістікті жинау:
алғы
өңцеу
и  
и
- тыңаитқыш жүиесі;
- тұқьшды себуге (от
жұмыстары
тереңдігі);
- егістікті күтіп-баптау;
- егістікті жинау.
Жоғарыда  аталғандарды  ескере  отырып,  өсімдік  шаруашы­
лыгы  ғылымына  мынадай  анықтама  беруге  болады:  өсімдік 
шаруашылыгы — танаптық (екпе) дақылдардың көптүрлілігі мен 
сорттарын,  олардың  биологиялық  ерекшеліктері  мен  осы  за- 
манғы  жетілдірілген  өсіру  технологияларын  оқытатын  ғьшым 
жэне  мүмкіндігінше  аз  еңбек  шығынын  жұмсап,  өзіндік  құны
төмен жоғары сапалы мол өнім алу.
Өсімдік  шаруашылыгы  басқа  гылымдармен  тыгыз  байланы- 
ста дамиды және гылыми пэн ретінде өзінің зерттеу тәсілдері 
бар:
-  Танаптық  тәжірибе  -   өсіру  технологиясы  шараларының 
(элементтерінің)  іссаналық  маңызын  салыстырмалы  багалауға 
багытталған: топырақ өңдеу, тыңайтқыштар енгізу, алгы дақылды 
багалау,  себу мерзімі,  себу мөлшері ж.б.  (тэжірибелер  -бір,  -екі, 
-көп факторлы болуы мүмкін).  Бұл өсімдік шаруашылыгындагы 
негізгі зерттеу тэсілі.
-  Танаптық  тэжірибенің  түршелері:  лабораториялық  (шагын 
алаңдарда) жэне өндірістік (үлкен алқаптарда) тэжірибелер.
-  Вегетациялық тэжірибе — биологиялық,  физиологиялық, 
агрохимиялық  жэне  көптеген  басқа  мэселелерді  зерттеуге  кол- 
даны лады .
Танаптық  жэне  вегетациялық  тәжірибелердің  нэтижелерін 
түсіндіру  жэне  багалау  үшін  жиі  түрде  топырақтың  құнарлы- 
лық  дэрежесі  мен  ылгалдылыгы,  өнімділіктің  қүрылымы  мен 
алынатын  өнімнің  сапасы  жөнінде  маглүмат  болу  керек.  Мүн- 
дай  жагдайларда  қосымша  бақылаулар  жүргізеді  және  эртүрлі 
зертханалық зерттеулер қол даны лады.
36

Танаптық  (екпе)  дақылдар  өсімдіктеріне  көптеген  ботани-
бұл
сорттары
фологиялық,  биологиялық,  шаруашылық  белгілерімен  және
шаралармен
дақылдардың  алуан  түрлерін
тақ  белгілерін  ескеріп,  топтарға  бөлу  үрдісі  қалыптасқан  (2-ші
кесте).
Кесте  2.
  Танаптық дақылдарды  өсірілген  өнімді  пайдалану  сипа- 
тына байланысты топтау
Өсірілген өнімді 
пайдалану си- 
патына қарай 
дақылдар 
топтары
Биологиялық топтау
1. Дэнді дақылдар  11.  Дәнді  астық  дақыл-
дары 
(жаздық  және
күздік)
2.  Жаздық  астық  жэне 
басқа  тұқымдас  өсім- 
діктер
3. Дәнді бұршақ дақыл- 
дары
Бидай,  қара  бидай,  арпа, 
сұлы
Жүгері,  тары,  шәи  жүгері,
күріш, қарақұмық
2.  Тамыржемістер, 4. Тамыржемістер
Асбұршақ,  атбас  бұршақ, 
жасымық,  ноғатық,  ноқат, 
бадана, 
майбұршақ,  бөрі- 
бұршақ т.б.|
Қант  қызылшасы,  мал  азык-
тү й н ек ж ем істер ,
бақшалық  дақыл-15. Түйнекжемістер
тық қызылша
алмұрты
дар,  мал  азыктық  6. Мал азыктық кырық-1 Мал  азыктық  қырыққабат, 
қырықкабат (орам-1 қабат (орамжапырақ) 
кольраби
7. Бақшалық дақылдар  1 Қарбыз, қауын, асқабақ
бұршақ | Беде, жоңышқа, эспарцет т.б. 
тұқымдас шөптер_____
жапырак)
Ш  
Мал
дакылдар
Көпжылдық  астық  Еркекшөп,  қылтықсыз  арпа-
тұқымдас шөптер
бас,  шалғындық  түлкіқұи- 
ық т.б.
10.  Біржылдық бұршақ  Сиыржоңышқа, 
сераделла, 
қымдас  шөптео 

шалғындық беде және т.б.
37

Кесте 2.  жалгасы
3.  Мал  азықтық 
дақылдар
11.  Біржылдық  астық 
тұкымдас  шөптер
Судан  шөбі,  итконак,  конак 
тары
12.  Көпжылдық  жаңа 
мал  азықтық  өсімдік- 
тер
Сосновский  аюбалдырғаны, 
Вейрих  тараны,  шығыс  коз- 
лятнигі (ешкішөбі) жэне т.б.
13.  Біржылдық  жаңа 
мал  азықтық  өсімдік- 
тер
Мальва, майлы шомыр
4. 
Майлы 
жэне 
эфирмайлы дақыл- 
дар
14.  Майлы дақылдар
Күнбағыс,  мақсары,  кыша, 
рапс, арыш, майкене, күнжіт, 
майлы  зығыр,  жер  жаңғағы, 
перилла, ляллеманция
15  Эфирмайлы  дақыл- 
дар
Кориандр,  анис,  тмин,  бұ- 
рышты  жалбыз,  мускатты 
шалфей
5.  Талшықты  (то- 
қыма) дақылдары
16.  Талшықтары  тұқы- 
мында түзілетін дақыл
Мақта өсімдігі (қауаша)
17.  Талшықтары  саба- 
ғында түзілетін дақыл- 
дар
Зығыр,  қаракұрай,  кендір- 
шөп
6.  Темекі,  қара  те- 
мекі
18.  Есірткілі дақылдар
Темекі, қара темекі
38

1-тарау.  Т¥ҚЫМТАНУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен
сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық
бақылау қызметінің дамуы
Тұқымтану -  тұқым туралы ілім.  Алайда, ботаника мен өсім- 
дік  шаруашылығындағы  «тұқым»  түсінігі  (термині)  бір  мағына
бермейді.
Ботаникалық ұғымда тұқым -  қосарлана ұрықтанудың  нәти- 
жесінде  дамыған  дэн  болып  табылады.  Ол  үрықтан,  қоректік
заттар қорынан жэне қабықтан тұрады.
Өсімдік  шаруашылығында тұқым деп  жоғары  өнім  алуға  ар-
налған эртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды. 
Танаптық (екпе) дақылдарда тұқымдық  жадығат ретінде тө-
мендегідей түзілімдер пайдал аныл ады:
-  нағыз тұқымдар  (бұршақ,  қырыққабат,  зығыр тұқымдас  да-
қылдар, мақга өсімдігі ж.б.):
-  жалаңаш  жэне  қабықты  жемістер  (қоңырбастар  тұқымда-
сының дәндері -  бидай, арпа, судан шөбі ж.б.; күнбағыс пен мақ-
сары шекілдеуіктері, карақұмық жаңғақшасы т.б.);
-  жеміс  шоғырлары  (мысыққұйрық  масақшалары,  қызылша
домалағы);
- түйнектер (картоп, жер алмұрты).
Тұқымдар  -  өсімдіктердің  биологиялық  жэне  шаруашылық 
кұнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың са- 
пасы  алынатын  өнім  мен  оның сапа көрсеткіштеріне  айтарлық-
тай эсер етеді.
Ауыл  шаруашылыгы  дақылдарының  өнімі  тұқымнан  бастау 
алатыны  ертеден  белгілі  ақиқат.  Танапты  сапасыз  тұқыммен 
сепкенде  жағдайды  ешнәрсе  түзей  алмайды:  топырақ  өңдеу  де, 
тыңайтқыш  та,  егістікті  күтіп-баптау  да,  жауын-шашын  да.  Қа- 
сиеттінің қасиеттісі — тұқымдық қамбаға қол  созғаннан  гөрі  аш
39

отырғанды  қалаған  тікелей  немесе  жанама  бабаларының  амал- 
дарынан  көпшілік жүздеген  мысалды  келтіре алады.  Осыны  Ре- 
сейдің бұрынгы  Н.  И.  Вавилов  атындағы  Бүкілодықтық өсімдік 
шаруашылыгы  ғылыми-зерттеу  институты  ғалымдарының  ерлі- 
гі  де  дәлелдей  түседі:  олар  ¥лы   Отан  соғысы  жылдары  (1941- 
1945  жж)  қоршаудағы Ленинградта (қазіргі  Санкт-Петербургта) 
аштықтан  өліп  жатса  да,  бүкіл  планетадан  жиналған  эртүрлі 
дақылдардың  қол  сүғылмайтын  бірыңғай  түқым  коллекциясын 
көздің қарашыгындай сақтаған. Еуропадан Орал сыртына, Сібір- 
ге  жэне  Қазақстанға  қоныс  аударған  көш аенді-шаруалардың 
қиын да алыс жолдарын еске түсірген абзал:  олардың түйіншек- 
тері  тапшы  болғанымен,  эрбір  арбада  немесе  шанада  қасиетті 
(асыл) түқымы бар дорбаларын мүқият күзеткен; осы қарапайым 
бір уыс дәннен элі игерілмеген жерлерде жаңа егістік жайқалды.
Түқымның  керемет  рөлі  жөніндегі  көпжылдық  тәжірибе- 
лерге  сүйеніп  халық  дана  эрі  тура  мақалдар  қүрастырган:  «Не 
сепсең,  соны  орарсың»,  «нашар  түқымнан  жақсы  өнім  күтпе», 
«қалай себілсе, солай үшырылады» жэне т.б. Ауыл шаруашылыгы 
өндірісінің пәрменді дамыған қазіргі уақыттың өзінде, егіншілік 
осы  заманғы  техника  мен  дамыған  ғылыммен  қаруланғанда  да 
шаруалардың  аталған  ақиқаты  өзінің  мэнін,  маңызын  жойған 
жоқ.  Керісінше,  өсімдік  шаруашылығының  қарқындылығы  ға- 
сырында  түқымдық  дэннің  рөлі  айтарлықтай  жоғарылады. 
М. К.  Фирсова жэне басқа галымдардың деректері бойынша жо- 
ғары  сапалы  тұқым  қатардағы  түқымға  қарағанда  егін  өнімін 
ешқандай қосымша шығынсыз  15-20 % арттырады.
Түқым үш топ сапа көрсеткіштерімен сипатталады:
себу (егістік) сапасы -  олардың себуге жарамдылық дәрежесін 
анықтайтын түтас түқымдық қасиеттері;
сорттық  сапасы  -   сорттық  тазалығына,  репродукциясына 
жэне тегіне (типіне) қойылатын талаптарына сэйкес келуі;
өнімділік  сапасы  -   нақты  жағдайларда  белгілі  бір  деңгейде 
өнім  беру  қабілеті.  Аталған  тұқым  сапаларының  көрсеткіштері 
бір-бірімен тығыз  байланысты,  бірақ жекелеген  пәндердің зерт- 
теп,  оқып-үйрену  объектісі  болып  табылады.  Егер  түқымның
40

сорттық сапасын тұқым  шаруашылығы  окытса,  онда  оның себу 
сапасын -  тұқымтану пэні оқытып, үйретеді.
Алғашқы  кезде  тұкым  жөніндегі  деректер  ботаниктермен 
жинақталды,  кейіннен  тұқым  сауда-саттық  объектісіне  айнал- 
ды да,  оның сапасын анықтау қажеттігі туындады, ал мұның өзі 
тұқымның қасиеттерін зерттеуді талап етті.
Бұрынғы  Одақ  аумағында  тұқымды  алғаш  рет  Ресейде  1864 
жылы  Рига  политехникалық  институтында  талдап  зерттей  ба- 
стады.  Мұның  өзі  тұқымтану  саласының  пайда  болған  кезеңі 
болып  табылады.  Алайда  алғашқы  ғылыми  мекеме  «Тұқым 
сынау  стансасы»  1977  жылы  А.Ф.  Баталиннің  басшылығымен 
Санкт-Петербургте  Бас  Ботаника  бағында  пайда  болды.  Бұл 
мекеме  Одақта  тұқымдық-бақылау  қызметінің  дамуына  көп 
эсер  етті,  алайда  қаражат,  құралдардың  жеткіліксіздігінен  ол 
өзінің  жұмысын  жан-жақты  дамытып  әкете  алмады.  Станса 
сол  кезде  негізгі  көңілді  тұқымды  ғылыми  зерттеуге  аударды, 
өйткені  тұқымдық  бақылау  қызметінің  көптеген  мэселелері  элі 
түсініксіз  болды,  ілімдік  тұрғыда  негіздеуді  жэне  шешуді  та­
лап  етті.  Стансаның  үлкен  мүмкіндіктері  Қазан  революциясы- 
нан  кейін  туындады.  Ол  түқымтану  жэне  тұқымдық  бақылау 
қызметінің  ғылыми  орталығына  айналды.  Түқымдық  бақылау 
стансаларының  әдістемелік  орталығы  болды.  Мүнда  тұқым- 
дык  бақылау  қызметкерлері  және  одақтың  басқа  өңірлерінен 
тұқымдық  бақылау  үйымдарының  болашақ  жетекшілері  ілім- 
дік  (теориялық)  жэне  іссаналық  дайындықтан  өтті.  Кейіннен 
станса  құрылымдық  өзгеріске  үшырап,  кеңес  Одағы  ғылым 
академиясының  Бас  Ботаникалық  бағында  тұқымтану  бөлімі 
құрылды  (бүрынғы  Ленинградта),  аталған  тұқымдық  мекеме- 
нің  жэне  К.  А.  Тимирязев  атындағы  Мәскеу  ауыл  шаруашы- 
лығы  академиясының  тұқымдық  бақылау  стансасы,  Бүкіло- 
дақтық  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының 
«Түқымтану»  бөлімі,  Украинада тұқымдық  бақылау  қызметінің 
қарқынды  дамуы,  Қазақстанда  бұрынғы  Бүкілодақтық  астық 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) атал- 
ган салада ірі көлемді жүмыстар атқарылды.
41

XX  ғасырдың  70-жылдарында  тұқымдык-бақылау  лаборато- 
риялары  мемлекеттік  тұқым  инспекциялары  болып  кайта  ку­
ры лымдалды.  Әрбір  Одақтық  Республикаларда,  оның  ішінде 
Қазақстанда мемлекеттік тұқым инспекциялары (Республикалық, 
аумақтық, облыстық, аудандық) құрылып қызмет жасады.
Олардың  барлығы  кезінде  бірыңғай  одақтық-республикалык 
бағыныстағы  тұқымдық  бақылау  қызметін  атқарды  жэне  олар- 
ды Одақтық ауыл шаруашылыгы министрлігі жанында құрылған 
«Мемлекеттік  тұқым  инспекциясы»  бір  орталықтан  мемлекет- 
тік тұқым инспекцияларына эдістемелік және үйымдастыру  мә- 
селелерінен жетекшілік жасап отырды.
Мелекеттік тұқым инспекцияларының алдына үлкен, эрі жау- 
апты  міндеттер  жүктелді:  тұқымды  себуге дайындау,  өсіру,  оны 
сақтау,  шаруашылықтармен,  ғылыми-зерттеу  мемлекеттерімен 
жэне  дайындау  ұйымдарымен  ауыл  шаруашылыгы  дақылда- 
рының  тұқымдарына  мемлекеттік  үлгіқалыптардың  (стандарт- 
тардың)  сақталуын,  сонымен  қатар  осы  дақылдардың  түқым
сапасын тексеру.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы 
Одақтық  нүсқалар,  талаптар  деңгейінде  тұқымдық-бақылауды
іске асырды.
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  «Мемлекеттік  түқым  инспекция- 
ларының»  орнына  «Мемлекеттік  тұқым  сапасына  сараптама 
жасау лабораториялары»  қызмет жасауда жэне түқымдық бақы- 
лаудың  екі  түрі  бар:  мемлекеттік  және  иіаруашылыц-ішілік
бақылау.
Мемлекеттік  тұңымдъщ  бақылау  «Мемлекеттік  түқым  са­
пасына  сараптама  жасау  лабораториялары»  арқылы  іске  асы- 
рыл ады.  Еліміздегі  барлық  ауыл  шаруашылыгы  нысандары 
(агрофирмалар,  акционерлік  қоғамдар,  жауапкершік  шектеулі 
серіктестіктер,  үжымдық  шаруашылықтар,  шаруа  қожалықтары
ж.б.)  Мемлекеттік  «Түқым  сапасына  сараптама  жасау»  лабора- 
торияларында  өздерінің  барлық  түқым  қорларын  дер  кезінде 
тексертіп  отыруға  міндетті.  Тексеру  нәтижелері  бойынша 
лабораториялар  шаруашылықка  тиісті  қүжат  береді:  мұнда
42

тұкымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талапта-
рына жеткізу үшін, қандаи өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет
екендігі көрсетіледі.
Қазіргі  кезде  тұқымтану  ботаника  пәнінің  шағын  бөлімінен 
өсімдік  шаруашылығының  ірі  саласына  айналды.  Әуелде  тұ- 
қымтануда  түқымның  аналық  өсімдікте  пайда  болуы,  дамуы, 
олардың себу сапасы  мен анықтау тәсілдері зерттелді.  Кейіннен 
аналық  өсімдіктегі  тұқымның  даму  үдерісі,  егін  жинаудан  сеп- 
кенге  дейін,  «себу-көктеу»  кезеңінде  өсімдіктердің  автотроф- 
ты  қоректенуге  көшкенге  дейінгі  үдерістер  зерт~елді.  Одан  эрі 
тұқым  сапасына  экологиялық,  агротехникалық  жағдайлардың 
эсері зерттелді. Сонымен тұқымтану осы заманғы үғымы бойын-
ша нені оқытады?
Тұқымтану-мәдени  өсімдіктердің  тұқымдарын,  олардың  құ- 
рылысы  мен  аналық  өсімдікте  пайда  болу  жағдайларын,  тұ- 
қымдағы  физиологиялық  үдерістерді,  қоршаған  орта  мен  аг- 
ротехникалық  шаралардың  түқымның  қалыптасуына  әсерін, 
тұқымның  егістік  (себу)  сапасын  анықтау  тэсілдерін  оқытатын 
ғылым.  Тұқымтану  ғылымының  басты  зерттеу  объектісі  -   тұ- 
қымдық  жадығат  (материал),  негізгі  мақсаты  -   оның  сапасын 
арттыру.  Ол  өсімдік  шаруашылығының  құрамдас  бөлігі  бо­
лып  табылады.  Бір  айта  кететін  жэйт,  түқымтану  ғылымын 
түқым  шаруашылыгы  ғылымынан  ажырата  білген  жөн:  тұқым 
шаруашылығының  негізгі  міндеті  -   сорттық  тұқымды  зерттеп, 
көбейту  жолдары  жүйесін  жасап,  таза  қалпында  сақтау  жэне 
шаруашылықтарды олармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл 
екі құрамдас бөліктер бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тұкымтанудың  мәнін,  оның  түқымдық  бақылаумен  байлан- 
ысын И. Г. Строна төмендегіше түйіндеген (1-ші сурет).
Тұқымтану  пэні  танаптық,  көкөніс,  эсемдік,  шалгындық- 
жайылымдық  дақылдардың,  жеміс  жэне  орман  өсімдіктері  мен 
жабайы  өсімдіктер  дүниесі  түқымдарының  биологиясы  жэне 
олардың  физикалық-механикалық  қасиеттерін,  физиологиясы 
мен  биохимиясы,  микробиологиясы  мен  фитопатологиясын, тұ- 
қымның эртүрлі сапалығын,  физикалық эсер ету арқылы тұқым
43

сапасын  өзгерту  мәселелерін  оқытады,  ал  тұқым  шаруашылы- 
ғы  пәні  негізінен  тұқымтану  пэнінің  дақылдарынан  (жабайы 
өсімдіктер  дүниесінен  басқаларын)  бастапқы  жадығат,  агротех­
ника, механизация, апробация, тұқымды өңдеу жэне сақтау, эко­
номика жэне ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталган 
екі пэн бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.
Тұқымтану гіэні  1-  суретте  көрсетілгендей  жоғарыда  аталған 
дақылдардың  нақты  сұрақтарын  тереңірек  оқытып  болашақ 
мамандарға толыққанды білім алуға мүмкіндік береді.
Тұқымдық  қасиеттерді  қалыптастыруда  тұқым  қуалаушы- 
лықтың  шепгуші  рөлін  мойындай  отырып,  дамып  келе  жаткан 
тұқымға  эртүрлі  сыртқы  факторлардың  қуатты  әсерін  есепке 
алмай  болмайды.  Толыққанды,  жоғары  өнімді  тұқым  өндіру 
құпиясын  ашуда  биологиялық  жэне  экологиялық  жағдайларды 
жан-жакты  біліп-үйрену  ғана  мүмкіндік  береді,  эрі  тұқымдык 
алқаптарда  өсіру  технологиясының  шараларын  айқындауга
көмектеседі. 
’ 
‘ 
'  ' '  
4
Қолданыстағы оқулықтарда, тұқымтану жөніндегі оқу құрал- 
дарында,  агрономиялық  анықтамаларда  аймақтық  деңгейде, 
әсіресе  -   Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  тұқымтану  мэселе- 
лері  жеткіліксіз  түсіндірілген.  Айта  кету  керек,  мұнда  соңғы
2-3  онжылдықта  ғылыми  ұжымдармен  тұқымтанудың  бірқатар 
сұрақтары  бойынша  айтарлықтай  зерттеулер  жүргізілді.  Ту- 
ындыгерлер  бұрынғы  Целиноград  АШИ,  БАШҒ  И,  басқа  да 
ғылыми  мекемелер  жүргізген  зерттеулердің  бір  бөлігін  талдап 
қорытындылады жэне осы тарауда нәтижелерін келтіріп отыр.
1.2 Тұқымның даму кезеңдері
Өсімдіктердің  гүлдену  кезеңдерінде  тозандану  үрдісі  жүреді 
де іле-шала ұрықтанады. Қосарлана ұрықтанғанда еркек жыныс- 
ты  бір  спермий  ұрғашы  жынысты  жұмыртқа  клеткасына  (жа- 
сушасына)  құйылады,  басқа  біреуі  екіншілік  ядроға  қосылады. 
Соның  нәтижесінде  ұрықтанған  жұмыртқа  клеткадан  ұрық  да- 
миды,  ұрықтанған  екіншілік  ядродан  эндосперм  қалыптасады.
44

Өсімдік  шаруашылыгы
і
►  к  тұқым шаруашылыгы
түқымтану
Тұкымдық бақылау
Генетикалық  Экологиялық  Матрикалдық
Тазалау 
және 
іріктеу (сорттау)  |  Кеппру  |  Сақтау
Микробтар дүниесі
Биологиялық  I  Метеорологиялық 
Эдафикалық 
факторлар 
I  факторлар______  
факторлар
Гистохимия  Өнгіштігі  Тыныс 
Стимуляторлар
алуы 
ингиоиторлар
Химиялық
қүрамы
Эмбриологиясы  1 Морфологиясы  I  Анатомиясы
1-ші  сурет.
  Тұкымтанудың  мәні,  оның  тұқым  шаруашылыгы  мен  тұ- 
қымдық бақылау арасындағы байланысы (И.  Г. Строна бойынша)
45

Ұрықтан тұқым, ал түйіннен (завязь) жеміс дамиды. ¥ры қ пайда 
болғаннан толық піскенге дейін — қалыпты өскін беру қаблетіне 
ие болғанға дейін -  бірқатар күрделі өзгерістерге ұшырайды, бір 
күйден  жетілдірілген  басқа  күйге  айналады,  басқаша  айтқан- 
да  тұқымның  даму  кезеңдері  өтеді.  Бүл  күрделі  қүбылыс  жэне 
дэнді  дақылдарда  барынша  тыңғылықты  зерттелген,  эрі  алты 
кезеңге  бөлінгең  (Н.  Н.  Кулешов,  И.  Г.  Строна):  тұқымньің 
түзілуі  (эмбрионалды  кезеңі),  қалыптасуы,  толысуы,  пісуі, 
егін  жинаганнан  кейінгі  пісіп-жетілуі,  толық  пісуі.  Аталған 
кезеңдер  жалпы  түрде  басқа  да  дақылдарға  тэн,  алайда  эрбір 
дақыл түқымдары мен жемістерінің даму кезеңдері  мен  сатыла-
рында өзіндік жекелеген ерекшеліктері де оаиқалады.
1.  Тұқымның  түзілуі  немесе  пайда  болуы.  Бүл  кезең  ұрык- 
танғаннан  өсу  нүктесінің  (үрықтың)  пайда  болу  аралығын 
қамтиды. Аналық өсімдіктен ажыратқанда үрық әлсіз өскін бере 
алады  жэне  бұл  кезеңнің  үзақтығы  дақылдарға  қарай  эртүрлі: 
күздік бидайда -  7-9 тэулік,  жаздық жұмсақ бидайда -  7  тэулік, 
жаздық қатты бидайда -   10, ал жүгеріде -  10-15 тәулік ж.б.
2.  Түңымның  (дәннің)  ңалыптасуы  -   үрықтың  пайда  бо- 
луынан  сортқа,  буданға  тэн  дэннің  түпкілікті  үзындығына 
жеткенге  дейінгі  кезең.  Бүл  кезеңнің  үзақтығы  ауа  райына, 
дақылдарға,  сорттарға т.б.  байланысты  шамамен  10-14 тэулікке 
созылады.  Бүл  уақытта  тұқым  (дэн)  негізінен  үзындығына 
өседі,  дэннің  барлық  қүрам  бөліктері  қалыптасады  да үрықтың 
оқшаулануымен  аяқталады.  Дэннің  ішіндегісі  сулы  жағдайдан 
сүтті  күйге  айналады,  өйткені  эндоспермде  крахмал  дәндері 
болады  жэне  хлорофилдің  молаюынан  дэн  қабығы  жасылда- 
нады.  Қарастырылып  отырған  кезеңде  түқымда  ажырамай- 
тын  су  мөлшері  көп  те  құрғақ заттар  аз,  кезеңнің соңына қарай 
толық  пісудің  15-35%  құрғақ заттары  жинақталады.  Тұқым  ыл- 
ғалдылығы  қалыптасуының  бас  кезінде  80  %  шамасында,  ал 
соңына қарай 65 %-ға дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес 
бұл  кезеңді  екі  сатыға  бөлуге  болады:  қоймалжың-сүйық  жэне 
сүттену  алдындағы  күйлері:  қоймалжың-сүйық  күйінде  дәннің 
ылғалдылығы 80 %, ал сүттену алдында 1 6 5  %-ды қүрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет