Тестің түрлері:
1) Толықтыруды қажет ететін тест:
мәтінде, сызуда, формуланың
жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын
қалдырылады.
2) Еске алушы тест:
тест сұрағына жауап қандай бір факті, заң мағынасы,
ережелер түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты жауап
берілуі тексеріледі.
3) Балама жауаптары бар тест:
қандайда бір шешімнің дұрыс немесе
бұрыс екенін табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немесе «-» белгілері
қойылады не «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады.
4) Таңдамалы тест:
бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады,
жауаптар саны үшеуден кем болмауы тиіс.
5) Сәйкестік (салыстыру) тест:
тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен
мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді
табуға құрылған.
6) Реттілік-бірізділікке негізделген тест:
көлем, атау және т.б.
көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға,
ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады.
7) Құрама тест:
құрылымы бойынша онда тестін әр түріндегі сұрақтары
болуы мүмкін, бұл тестің тапсырмалары мәтін немесе кесте, формула, сызбалар
жиыны түрінде берілуі мүмкін. Деңгейі бойынша бұл тест аса сыйымды әрі
өзгермелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |