Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет27/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
Пассивті тасымалдану
энергия жұмсалмастан жүреді. 
Пассивті тасымалдану қарапайым диффузия түрінде өтеді. Бұл 
процестің жылдамдығы өте төмен. Мембрана арқылы тасымалдану 
пассивті және активті тасымалданатын заттар концентрациясы 
градиентіне тәуелді болады. Заттар жоғары концентрациядан 
төменге қарай аталған өнімнің концентрациясы теңескенге дейін 
жылжиды. [13]. 
Диффузия 
белокты тасымалдаушылардың көмегімен жүзеге 
асады. Тасымалданудың бұл түрі 
жеңілдетілген диффузия
деп 
аталады. Тасымалдаушы – липидті матрикске тіркеліп, бейімделіп 
орналасатын жоғары молекулалы белоктар болып табылады. Олар 
молекуланың липидті матрикс арқылы өтуін қамтамасыз 
етеді.Тасымалдаушы белоктардың бірнеше түрлері бар: 
1-шісі - айналатын белоктар субстратты мембрананың беткі 
жағынан қосып алып, айналу арқылы қозғалғанда тасымалданушы 
заттар биқабат арқылы клетканың ішкі жағына өтеді. 
2-шісі - қозғалғыш келеді, яғни тасымалдаушының


26 
конформациясы өзгереді, нәтижесінде тасымалданатын зат клетка 
ішіне енеді, яғни мұндай белок 2 конформациялық күйде бола 
алады. Жеңілдетілген диффузия кезінде тасымалдаушы белоктардың 
конформациясын өзгерту үшін энергия қажет болуы мүмкін. 
Егер тасымалдану процесі үшін АТФ энергиясы жұмсалатын болса, 
ондай тасымалдану
 активті
деп, - аталады. 
Тасымалданатын заттардың қозғалыс күші табиғатына қарай 
біріншілік және екіншілік активті тасымалдану болып бөлінеді. 
Біріншілік 
активті 
тасымалдану
кезінде 
заттарды 
тасымалдау үшін тікелей АТФ энергиясы жұмсалады. 
Екіншілік активті тасымалдануда 
заттарды тасымалдау үшін 
кейбір иондардың электрохимиялық градиенті қолданылады. Бұл 
градиент олардың мембрана арқылы тасымалдануында АТФ 
энергиясы есебінен пайда болады. 
Иондық насос
- деп аталатын активті тасымалдану – 
мембрананың интегралды белоктарымен жүзеге асады. Бұл 
интегралды белоктар бір мезгілде фермент қызметін атқара алады, 
яғни фермент болып табылады. Бұларға тасымалдаушы АТФ-аза 
жатады, яғни бұл ферменттер АТФ –тің гидролизін катализдеп ғана 
қоймайды сонымен қатар бөлінген энергияны иондардың 
транслокациясы үшін пайдаланады. Насостың 2 түрі белгілі: 
1. Н
+
-АТФ-аза фосфорлануды қажет етпейді бір бағытта жүргізеді. 
2. Nа



, Са
2 + 
- АТФ – азалар 2 бағытта жұмыс істейді.
Мұндай жағдай міндетті түрде фосфорлану және дефосфорлану 
арқылы өтеді. Бұл кезде белоктар құрылымдық өзгеріске ұшырайды.
Анықталған насостың басым көпшілігі электрогенді болады. 
Себебі, мембраналық потенциал пайда болады. Nа

К

- насосы 
жақсы зерттелген, бұл белок ферменттің де, насостың да, қызметін 
атқарады. Оның екі орталығы бар – сыртқысы К

ионына, ал ішкісі 

+
ионына арналған. Гидролитикалық орталық ішкі жағында 
орналасқан. Бұл сорушы каналдардың ашылып жабылу принциптері 
бойынша жұмыс істейді. Мембраналарда тұрақты каналдар жүйесі 
болатыны 
белгілі. 
Олар 
мембрана 
матрикскіндегі 
белок 
макромолекуласы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет