Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет32/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
Тетродотоксин
және
 
сакситоксиндер
жүйкеге 
паралитикалық әсері бар улар, олар нейрон мембранасындағы Na+ 
арналарына әсер етіп, потенциалдың түзілуін бұзады.
Тетродотоксин теңіз балықтарының кейбір түрлерінде түзіледі. 
Олардың ең қауіптілері- ит-балық және тетродон.
Балықтарда 
түзілетін 
басқа 
улармен 
салыстырғанда, 
тетродотоксин белоктарға жатпайды. Әсері курареден 10 есе, 
стрихниннен 400 есе, кокаиннен 160 мың есе күшті.
Нерв импульсінің берілуін таңдамалы тежеу қасиетіне қарай, 
тетродотоксин күшті тыныштандырғыш зат. Ертіндіде еріген
түрінде медицинада невралгия, артрит, т.б. ауруларда анальгетик 
ретінде пайдаланылады.
Жапондықтар қазіргі таңда тетродотоксинді ауырсынуды 
басатын препарат ретінде қолданады. Шығыста бұл улы препаратты
астманы, бас ауру, жөтел, сіреспе спазмасы, алапестің кейбір 
сатыларын емдеуге пайдаланады. 
Тетродотоксинге қарсы антидот анықталмаған. Сакситоксинді 
теңіз динофлагеляттары синтездейді. Устрицалар мен крабтар 
сакситоксинге сезімтал емес, бірақ олар өздерінің бұлшық еттеріне 
жинақтайды, яғни тағам ретінде пайдаланатындарға қауіп тудырады.
Азиалық жасыл кобраның уындағы 
дендротоксин
K
+
каналдарын ингибирлейді.
Тубокурарин
кураренің активті 


31 
компоненті және жылан уының екі токсині 
карботоксин
және 
бунгаротоксин
ацетилхолин рецепторларын тежеу арқылы иондық 
түтікшелердің ашылуына жол бермейді. Нерв жүйесінен келген 
импульстің бұлшықетке өтуін тежейді. Бұл токсиндер сал ауруын 
тудырады немесе өлімге ұшыратады.
Тубокураринді ота жасау кезінде қаңқа бұлшықетінің 
релаксациясын 1 сағаттан астам уақыт ұстап тұру үшін 
қолданылады. Кейбір гүлді өсімдіктерден стероидты гликозидтер 
бөлініп алынған, олар аз дозада жүрек жұмысын күшейтеді.
Дигиталис гликозидтері Na
+
, K
+
-ATP-aзa активтілігін 
ингибирлеп, 
кардиомиоциттердің 
цитозоліндегі 
натрийдің 
концентрациясын 
жоғарылатады. Қоршаған 
ортаның 
әртүрлі
факторлары клетка мембранасы мен клетка компоненттері 
ультрақұрылымының, 
ақпараттық 
процестердің, 
клетка 
репродукциясының бұзылыстарын тудырады. Бұл кезде клетка 
ішінде Na
+
, H

(цитоплазма ацидозы), Ca
2+
,
H
2
O, АДФ, АМФ, 
бейорганикалық фосфор, бірақ клетка ішіндегі АТФ-ің мөлшері 
азаяды. Бұл патология алдымен клетка, сонан соң организм 
деңгейінде көрініс табады.[21].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет